Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Жаратылыстану-математика факультеті

Информатика кафедрасы

СӨЖ №1

Тақырыбы: Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары

Орындаған: Т-241 тобының студенті

Қайранова С. М

Тексерген: Каженова Ж. С

Семей қаласы 2015 ж

Жоспар;

I. Кіріспе

Delphi-де мәліметтер қоры

II. Негізгі бөлім

Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдибиеттер

Кіріспе

Мәліметтер қоры қандай да бір пәндік аумақ, яғни адам қызметінің аумағы туралы деректерден тұратын мәліметтерді сақтау және қолдану үшін құрылады. Мәліметтер қорының қосымшалары қандай да бір мәліметтер қорымен өзара байланысу үшін керек. Өзара байланыс деп мәліметтерді алу, оларды қолданушыға тиімді форматта көрсету, жөндеу, өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару сияқты процестерді айтады.

Мәліметтер қорын жобалау келесі пункттерден тұрады:

Мәліметтер қорының ақпараттық қажеттілігін анықтау

Мәліметтер қорында үлгілейтін шынайы әлемнің объектілерін - пәндік аумақты талдау. Бұл объектілерден мағыналарды құрастыру және олардың мінездемелерін беру. (мысалы, “деталь” мағынасының мінездемесі “атауы”, “түсі”, “салмағы” т. б. ) және олардың тізімін құрастыру.

Мағыналар мен мінездемелер арасында сәйкестік жасау - таңдалынған МҚБЖ-не негіздеп кестелер және олардың бағандары (атрибут-өріс) анықталуы керек. (Paradox, dBase, FoxPro, Access, Clipper, InterBase, Sybase, Informix, Oracle және т. б. ) .

Мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сұрақтарды жоспарлау

Мәліметтер қорын құру кезінде басты назар аударатын нәрсе - ол құрылатын қордың қатынастарында қайталанулар санын азайту арқылы жобалауды дұрыс бастау. Егер жоба басынан бастап дұрыс жобаланса, онда оны әрі қарай дамытуға келгенде бөгеттер саны азаяды.

Delphi-де мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.

Негізгі бөлім

Delphi компоненттерінің палитрасында мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын, мәліметтер қорының толық қосымшасын жасай алатын компоненттер жиынтығынан тұратын ADO парағы бар.

Delphi ортасы көптерезелік жүйе деп саналады. Delphi оқиғалар бойынша

басқарылатын объектіге бағытталған бағдарламалау ортасы болып табылады

және жалпы мөлшерде жобалаудың қазіргі құралдарына ұсынылатын жаңа

талаптарға сәйкес келеді.

Delphi бағдарламасы - бағдарламаушысының сапалы жұмысын

қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын

бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе

толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.

Delphi ортасы - көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:

- негізгі терезе (Project 1)

- объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)

- формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)

- кодының терезесі (Unit 1. Pas) .

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге

немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.

Delphi қолданбасы Мәліметтер қорына қатынауды DataBase Desktop арқылы жүзеге асырады. DataBase Desktop өзінен мәліметтерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. DataBase Desktop мәліметтер қорымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Мәліметтер қорына DataBase Desktop арқылы жіберілген сұраныс қолданушы сұратқан мәліметтерді алады. Мәліметтер қорымен жұмыс ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін әдетте Paradox мәліметтер қоры, мінездемелер жиынтығы минималды болады: DataBase Alias - драйвер аты және PATH - мәліметтер қорына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз. STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады. Жергілікті мәліметтер қорына қатынау үшін DataBase Desktop мәліметтер қорының процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті мәліметтер қорын қолданғанда, желіде мәліметтер қорына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда мәліметтер қорының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске асады. Мәліметтер қорын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөле құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, мәліметтер қорының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін (мәліметтер, кілттер, индекстер т. б құрайтын) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын мәліметтер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Мәліметтер қорының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер Мәліметтерін сақтауға негізделген.

Қорытынды.

.

Delphi-дегі мәліметтер қоры - бұл ең дамыған механизм, мұнда мәліметтер қорының бағдарламасын жасауды қамтамасыз ететін кітапханасының күшті қоры құрылып, ол универсалды интерфейс арқылы жүзеге асырылады.

Delphi жұмыс ортасы мәліметтер қорын басқару жүйесінің (МҚБЖ) тура мағынасында болмаса да, МҚБЖ-нің көптеген дамыған мүмкіндіктеріне ие. Delphi-дегі ДҚ-ның объектілері SQL негізінде жасалған және өзіне Borland Database Engine қуатын жинақтаған. Сондай-ақ Delphi құрамына Borland SQL Link те енгізілген, сондықтан да Oracle, Sybase, Informix және InterBase МҚБЖ-лары жоғары қарқындылықпен жүреді. Одан басқа Delphi өзіне InterBase локальды серверін енгізгендіктен кез келген ішкі SQL серверлерде қосымшаларды офлайндық режимде өңдеуге мүмкіндік береді. Локальді машина үшін ақпараттық жүйе құрып отырған өңдеуші ақпаратты . dbf файлдық форматта (dBase, Clipper) немесе . db (Paradox) форматында сақтауға болады. Егер де өңдеуші локальды InterBase for Windows 4. 0-ті қолданатын болса, ол клиент-сервер архитектурасында жұмыс істей береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру
Деректер базасына сұраныстар жасау
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Delphi командасы және мәзір
Мектеп кадр бөлімінің автаматтандырылған акпараттық жүйесін кұру
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
АҚАЖ (ЗАГС) бөлімінің құжат айналымын автоматтандыру
Ақпараттық–коммуникациялық технологияның оқыту процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz