Уланудың жағдайлары және себептері


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Уланудың жағдайлары және себептері
Тексерген: Байгазакова Ж. М
Орындаған: Ешенова Ж. Д
Тобы: АГ - 313
Мамандық : Агрономия
Семей 2015 ж
Жоспар:
1 . Жасанды төзімділікке жалпы сипаттама
2. Жасанды төзімділіктің түрлері
3. Уланудың жағдайлары мен себептері
4. Қолданылған әдебиеттер
Жасанды төзімділік құбылысы негізіне түрдің жоғары төзімділік қабілеті бар генетикалық гетерогенді популяциясын жинау жатады. Мұндағы пестицид жинап алынатын фактор болып табылады. Мұндай жинаудың тиімді әсері бастапқы материалға (жәндіктерден, кенелерден және т. б. ), өңдеу санына, пестицид дозасына және генетикалық гетерогендікке тәуелді болады. Неғұрлым зиянкес ағза мезгіліне көп ұрпақ берген сайын, неғұрлым гетерогендік жоғары және препарат дозасы төмен болған сайын, соғұрлым тезірек ерекше төзімділік пайда болады. Бірақ, зиянкестің жинап алынған нәсілі көп жағдайда өмір сүру жағдайына баяу бейімделген және химиялық өңдеуді тоқтатқаннан кейін, біраз уақыт өткен соң популяция бастапқы күйіне келеді. Бірақ сол препаратпен өңдеуді жаңартқанда төзімділік тез пайда болады. Жасанды төзімділік жекеше, топтық және айқас болуы мүмкін.
Жекеше төзімділік (тек бір пестицидке ғана) сирек кездеседі және улы затты бұзатын аз қамтылған ферменттердің белсенділіктерімен ескертіледі. Мысалы, жәндіктердің карбофосқа төзімділігі осы пестицидтің төзімді жәндіктердің ағзала-рында малатионоксидаза ферментімен тез бұзылатындығымен түсіндіріледі.
Топтық төзімділік - бұл осы топтың препаратын қолдан-ғаннан кейін пайда болатын, бір топқа жататын, құрылымы және әсер ету механизмі бойынша ұқсас, екі немесе бірнеше пестицидтерге тән төзімділік. Мысалы, жәндіктерді ГХЦГ препаратымен өңдегеннен кейін барлық хлорорганикалық инсектицидтерге төзімді зиянкестердің нәсілдері пайда болады. Жәндіктердің немесе кенелердің топтық тұрақтылықтары келесі себептермен шартталған:
-ағзаға уыттың баяуырақ енуі меноның тезірек шығарылуы. Тұрақты түрлер сезімталдарға қарағанда 2-3 есе көп у бөледі;
-ферменттердің жоғары активтілігі салдарынан уытты заттардың тез детоксикациялануы немесе ерекше энзимдердің пайда болуы.
Фосфорорганикалық қосылыстарға төзімді нәсіл жәндіктерінің алиэстераза мен фосфатазасының активтілігі сезімталдарға қарағанда жоғары. Нәтижесінде инсектицид тез бұзылады. Жәндіктердің кейбір түрлері инсектицидтерді бел-сенді ыдырататын ерекше ферменттер жиынтығына ие (карбо-фосқа төзімді - малотионоксидаза) ;
Жүйке жүйе қабықшаларының әртүрлі өткізгіштігі. Төзімді жәндіктердің ағзаларында инсектицид жүйке жүйесі жасушала-рына нашар енеді (полихлорциклодинедер үшін) ; Төзімді түрлер денесінде липидтердің көп мөлшерде болуы. Бұл липидтерді ерітетін уыттардың майлы қабатта айтарлықтай мөлшерде ұсталынып тұратындығына әкеледі және әсер ететін ауқымда шығарылады.
Әртүрлі төзімділік - бұл бір препаратты қолданғаннан кейін пайда болатын, химиялық құрылымы және әсер ету механизмі бойынша әртүрлі топтарға жататын екі немесе бірнеше пести-цидтерге тән төзімділік. Мұндай төзімділік сирек кездеседі және аз зерттелген. Бұған ұқсас құбылыстар бұрын қолданыл-ған инсектицид майлы дененің эндоплазматикалық жүйесінің ерекше спецификалық емес ферметтерінің активтілігін жоға-рылатумен түсіндіріледі. Сондықтан да, жаңа препарат улы емес өнімдерге дейін тез ыдырайды.
Зиянкес ағзалардың төзімді нәсілмен күресуі үшін және пестицидтерге төзімділікті тудыруы үшін препараттардың шығын нормасын және оларды қолданудың жарамдылық мерзімін ұқыпты бақылау керек. Жасанды төзімділікпен күресудің негізгісі болып мезгіл бойы, сондай-ақ жыл бойынша әсер ету механизмі әртүрлі пестицидтердің кезектесуі болып табылады. Осылайша, бақтарда алма көбелегіне қарсы бірінші өңдеуге фозалон, ал келесілеріне - севинді қолдану ұсынылады. Кенелермен күресу кезінде акрексті қолдануды пликтранмен өңдеу арқылы кезектеседі.
Жасанды төзімділікті пестицидтерге препараттардың әсерін күшейтетін зат - синергистерді қосуға болады. Ерекше төзім-ділікпен күресуде өсмдіктерді қорғаудың интегралды әдісі тиімді, бұл әдіс пестицидтерге зиянкес ағзалардың төзімділі-гінің тууын болдырмайды, энтомофагтардың бүлінуінің қауіпін төмендетіп және сыртқы ортаның пестицидтердің улы қалдық-тарымен ластануын азайтады.
Өсімдіктерді қорғауға қолданылатын пестицидтер-бұлар биологиялық белсенді заттар. Олар өсімдіктерді қорғауға қолданылғанымен, қоршаған ортамен адам өміріне қауіпті. Пестицидтерді қолданғаннан кейін қоршаған ортаның нысандарында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Кейбір химиялық препараттар сыртқы ортадан қоректік заттар арқылы жануарлар мен адам өміріне, яғни экожүйеге, биоценозға, ландшафтарға үлкен қасірет алып келуі мүмкін. Елімізде ауылшаруашылық дақылдарының бәрі осы пестицидтермен өңделеді. Олардың қалдық мөлшерлері ауада, суда, топырақта және өсімдіктер мен жануарла организмдерінен табылады. Сондықтан, ауылшаруашылығында қолданылатын осы химиялық заттарды қолдану үшін, олардың гигиеналық нормативтерін сақтаған жөн.
Пестицидтердің қолдану гигиенасының басты мақсаты-препараттың тиімді мөлшерін қолдану және сыртқы орта әсіресе, атмосфералық ауаның, тамақ өнімдерінің, су көздері мен топырақ құрамындағы химикаттардың мөлшері адам өміріне зиянды болмауы керек. Пестицидтердің сыртқы ортаға таралу себептері мен мөлшерлерін анықтай отырып, гигиенашылар препараттардың қауіпті екенін болжап, улануды болдырмайтын әдістер жасауда. Қазіргі таңда пестицидтерді қолдану гигиенасы бойынша көптеген ғылыми-зерттеу институттары мен санитарлық-эпидемиологиялық стансалар да зерттеулер жүргізеді. Сондықтан, ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтердің бірде-біреуі терең зерттелмейінше қолданылмауы тиіс.
Уланудың жағдайлары және себептері
Адамзат пен жануарлар пестицидтермен өңделген тамақ өнімдерін қолданғанда улануы мүмкін. Уланудың өзі кәсіби және тұрмыстық болып екіге бөлінеді.
Кәсіби улану-бұл пестицидтермен жұмыс жасайтын, яғни бақтарды, егістіктерді, тұқымдарды пестицидтермен өңдеген кездегі улану. Сонымен бірге, қондырғыларды жөндегенде пестицидтердің кездейсоқ шашырауы, ішетін суға пестицидтер өсімдіктерге қолданылғаннан кейін егістіктерде отау, кесу жұмыстары кезінде улануы мүмкін. Кәсіби уланудың себептері аяқ астынан болады.
Кәсіби улануды болдырмау үшін пестицидтермен жұмыс істеу ережесін дұрыс пайдалану, препараттарды дұрыс сақтау және тасымалдау керек.
Тұрмыстық улану. Пестицидтер сақталған ыдыстарды азық-түлікке қолданса, үй бөлмелерінде сақтсас-бұл тұрмыстық улануға әкеледі. Тұрмыстық улануды болдырмау үшін пестицидтерді сақтаудың, қолданудың, тасымалдаудың қатаң бақылау шаралары болуы керек. Жылықанды жануарларды уланудан сақтау керек, өйткені мал уланса, адамның да улануы сөзсіз. Химиялық заттарды дұрыс қолданбаудың әсері малдан адамды, суға түскен улы зат дәнді-дақылдарды улайды, осының бәрі қоршаған орта мен адам өміріне, құстар мен судағы балықтардың өміріне өте қауіпті.
Сондықтан, осы химиялық улы заттармен жұмыс ісьеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.
Адам мен жануарлардың денелерінде осы химиялық заттардың болуы пестицидтердің мөлшерден көп бүркілуі және басқа факторлардың әсері болуы мүмкін. Ағзаға пестицидтер кіргеннен кейін, ол денегн түгелдей тарайды, ақуыздар мен жасушаның басқа да құрағыш заттарымен байланысып, ағзадан шығады.
Фосфорорганикалық қосылыстар, карбамин қышқылдары туындылары(севин), ароматты нитроқосылыстар (ДНОК) тірі ағзалардың әртүрлі терілерінен бірнеше минуттан кейін табылған. Осы пестицидтердің максималды концентрациясы ішкі терілерде 0, 5-6 сағат бойы жүреді. Пестицидтердің мөлшері СД50-бір рет қайталануда ағзадан 24-96 сағатта шығады. Хлорорганикалық пестицидтер ағзаға баяу енеді, олардың максималды концентрациясы 25 күннен кейін ғана шығады. Осы пестицидтер көбінесе бауырда, бүйректе және жүректе көп сақталады. Олардың аз мөлшері миға да кіреді. Кейбір терілерде хлорорганикалық пестицидтер майлы жерлерге тез енеді. Сонымен қатар, дене терісіне жабысқан химиялық зат қанға да өтуі мүмкін. Пестицидтердің ағзада сақталуы метаболизмді тудырады немесе ағза белсенділігін төмендетеді. Улы заттар бүйрек, ішек-қарын, өкпе, тері, сүт бездері арқылы шығады. Пестицидтердің улылық механизмі жұтылумен, тасымалданумен, метаболизммен және ағзадағы зат алмасуымен анықталады. Препараттардың улылығы әртүрлі. Олардығң кейбірі жасуша құрылысын өзгертеді, өмірлік маңызы бар заттардың тотығуы мен фосфорлану процестерін бұзады. Пестицидтермен жұмыс істегенде тиген жерінде олар теріге әсер етуі мүмкін. Олар денені тітіркендіріп, қышытады және көздің жасаурауы мен өкпенің қабынуына әкеледі. Хлорорганикалық пестицидтер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, тыныс алу ферменттерін істен шығарады, бауыр, бүйрек, жүрек қан тамырларының жұмыс істеу процестерін бәсеңдетеді. Кейбір пестицидтер тері ауруларына шалдықтырады және тыныс алу мүшелеріне де әсер етеді. Сонымен қатар, біршама препараттар денеде ісіктің пайда болуына әкеледі, оның ішінде жазылмайтын ісіктерді, құрсақтағы сәбиге және ұрықтандыру процестеріне әсері өте көп, мутация жасауы да әбден мүмкін. Осы пестицидтердің адам мен жануарларға кері әсерінің механизмін зерттеу, олар әсер ететін негізгі буындарды анықтау, пестицидтердің улылық әсерін бәсеңдедетін және өсімдікті қорғаудың химиялық құралдары әсеріне ұшыраған адамдарды емдеуде болашағы бар уға қарсы заттардың мақсатты бағытталған ізденісіне негіз болады. Ондай заттар табылған және кеңінен қолданылып келеді. Осылайша, фосфорорганикалық қосылыстар тобы пестицидтерімен уланған кезде дипироксим сияқты(ТМБ-4), холинэстераза реактиваторларын қолданады. Табиғи қосылыстардың сульфидрилді топтарына әсер ететін препаратпен уланған кезде, антидот ретінде унитиол қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz