Әртүрлі өндіріс орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған: Құнанбаева А

Тексерген: Бейсебаев Ш

Семей қаласы

2015 жыл

Жоспар: 1. Әртүрлі өндіріс орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары. 2. Ғимарат арасындағы өрттің таралуын шектеу. 3. Ғимаратты түтіннің таралуынан қорғау. 4. Өрт кезінде құрылымдардың тем-пературасын төмендету әдісімен оларды оттан қорғау. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құрамына және функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптар

Ғимарат, құрылым және құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің функционалдық сипаттамалары, сондай-ақ ғимарат, құрылым мен құрылыстың инженерлік жабдығы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады.
Көп қабатты, көпшілік адамдар болатын ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстардағы, сондай-ақ балалар және қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар тобы болатын ғимараттар мен құрылымдардағы жеке өрт қатері бірінші кезекте өрттің алдын алу жүйесімен және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың өртке қарсы қорғау жүйелері адамдарды қауіпсіз аймаққа қауіпті өрт факторларының шекті рұқсат етілген мәндері болғанға дейін эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ғимараттың құрастырылымдық шешімдерінде өрт және өртті сөндіру кезінде адамдарды құтқару үшін қажетті уақыт ішінде оларға жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін құралдар (басқыш шабақтары, өртке қарсы қабырғалар, өрт сөндіру лифтілері, сыртқы өрт сөндіру сатылары, апаттық люктер) қарастырылуы керек.
Ғимараттар мен құрылымдардың электр жабдығы олар орнатылған жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жанғыш қоспаларының санаттары мен топтарына сәйкес болуға тиіс.
Ғимараттар мен құрылымдарда электрлік қабылдағыштарды қоректендіру:
1) өртті байқау, өрт кезінде адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйелері;
2) эвакуация жолдарында апаттық жарық түсіру;
3) апаттық желдету және түтінге қарсы қорғау жүйелері;
4) автоматты өрт сөндіру жүйелері;
5) ішкі өртке қарсы су құбыры;
6) өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер өрт кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа толық эвакуациялау және өртті сөндіру үшін қажетті уақыт көлемінде қамтамасыз етілуге тиіс.
Резервтік қоректену көздерінің трансформаторлық қосалқы стансаларынан бастап енгізу-тарату құрылғыларына дейінгі кабельдер бөлек отқа төзімді арналарда төселуге немесе оттан қорғанышы болуға тиіс.
Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың үй-жайларын электрмен жабдықтау желілерінің электрлік қабылдағыштар бұзылған кезде, өрттің пайда болуының алдын алатын қорғанышты сөндіру құрылғылары болуы керек. Қорғанышты сөндіру құрылғысын орнату ережелері және параметрлері "Қазақстан Республикасында электрлік қондырғыларды орнату ережелерінің" және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы қажет.
Тарату қалқандарында оның шектерінен жанудың әлсіз ток бөлігінен күші ток бөлігіне немесе керісінше таралуын болдырмайтын құрастырылымы болуы керек.
Қабаттық тарату қалқандарынан бастап үй-жайларға дейін кабельдер мен сымдарды тарту, жанбайтын құрылыс құрастырылымдарынан жасалған арналарда немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін бойлық арқаулықта іске асырылуы керек.
Ғимараттар мен құрылымдарда электрлік кабельдер мен сымдарды төсеуге арналған көлденең және тік арналардың өрттің таралуынан қорғауы болуға тиіс. Отқа төзімділік шегімен нормаланған құрылыс құрастырылымдары арқылы кабельдік арналардың, қораптардың, кабельдер мен сымдардың өтетін жерлерінде отқа төзімділік шегі осы құрастырылымдардағы отқа төзімділік шегінен төмен болмайтын кабельдік өткелдер қарастырылуы қажет.
Ашық төселген кабельдер жануды таратпайтын болуға тиіс.
Автономды қорек көздері болатын эвакуациялау жолдарында апаттық жарық түсіретін шырағдандар негізгі қорек көзін сөндіретін елестету кезінде олардың жұмыс қабілеттілігін тексеруге арналған құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек. Автономды қорек көзінің жұмыс қоры эвакуациялау жолдарында адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға есептелген уақыт көлемінде апаттық жарық түсіруді қамтамасыз етуге тиіс.
Жарылыс-өрттен қорғау құралдары болмайтын электр жабдығын ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жарылыс қауіпті, жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларында жанғыш ортада жану көзінің пайда болу қаупін болдырмауға бағытталған қосымша шараларсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.

Ғимараттарда, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінде өрттің таралуын шектеуге қойылатын талаптар

234. Ғимараттар, құрылымдар, өрт сөндіру бөліктері, сондай-ақ функционалдық өрт қауіптілік кластары әр түрлі үй-жайлар бөліктері өзара отқа төзімділік шектері және құрастырылымдық өрт қауіптілік кластары нормаланған қоршау құрастырылымдарымен немесе өртке қарсы кедергілермен бөлінген болуы керек. Өртке қарсы кедергілердің осындай қоршау құрастырылымдары мен типіне қойылатын талаптар үй-жайдың функционалдық өрт қауіптілігі, өрт жүктемесінің шамасы, ғимараттың, құрылымның, құрылыстың, өрт сөндіру бөлігінің отқа төзімділік деңгейі және құрастырылымдық өрт қауіптілік класы ескеріліп белгіленеді.
235. Өртке қарсы кедергілер қызметін орындайтын құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектері және типтері, ойықтар мен тамбур-шлюздарды толтыратын олардың тиісті типтері осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
236. Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырудың тиісті типтеріне арналған отқа төзімділік шектері осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасының 2-кестесінде берілген.
237. Әр түрлі типтегі тамбур-шлюздардың элементтеріне қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 15-қосымшасының кестесінде берілген.
238. Өртке қарсы қабырғалар ғимараттың, құрылымның барлық биіктігіне салынып, өрттің аралық өрт сөндіру бөлігіне, оның ішінде өрт ошағы жағындағы құрастырылымның бір жақты қирауы кезінде таралмауын қамтамасыз етуге тиіс.
239. Өртке қарсы қабырғалардың, аражабындар мен бөлгіштердің ғимараттың, құрылымның, құрылыстың, өрт сөндіру бөліктерінің басқа қоршау құрастырылымдарымен жанасатын жерлерінде жанасатын кедергілердің отқа төзімділік шегінен кем болмайтын отқа төзімділік шегі болуы керек.
Өртке қарсы қабырғалардың ғимараттар мен құрылымдардың басқа қабырғаларымен жанасу орындарының құрастырылымдық атқарылуы өрттің осы кедергілерді айналып таралу мүмкіндігін болдырмауы керек.
240. Өртке қарсы кедергілерде терезелер ашылмайтын, өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер мен клапандардың өздігінен жабылуға арналған құрылғылары болуға тиіс.
Ашық күйінде пайдаланыла алатын өртке қарсы есіктер, қақпалар, перделер, люктер мен клапандар олардың өрт кезінде автоматты жабылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталған болуы қажет.
241. Өртке қарсы кедергілерде ойықтардың жалпы ауданы олардың ауданының 25 %-ынан аспауға тиіс.
242. А және Б санатты үй-жайларды басқа санаттағы үй-жайлардан, дәліздерден, басқыш шабақтарынан және лифтілік холлдардан бөліп тұратын өртке қарсы кедергілерде үнемі ауа тіреліп тұратын тамбур-шлюздар қарастырылуы керек. Жалпы тамбур-шлюздарды А және Б санатындағы екі және одан артық аралық үй-жайларда орнатуға тыйым салынады.
243. Өртке қарсы кедергілердегі тамбур-шлюздарды А және Б санатты үй-жайларды басқа санаттағы үй-жайлардан немесе өртке қарсы кедергілердегі өртке қарсы есіктерден, қақпалардан, перделерден, люктер мен клапандардан, В1 - В4 санатты үй-жайларды бөліп тұратын басқа үй-жайларда орнату мүмкін болмаған кезде, аралық қабаттар мен үй-жайларға өрттің таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар кешені қарастырылуға тиіс.
244. Өртке қарсы қабырғалар мен аражабындарда өртке қарсы есіктермен немесе қақпалармен жабыла алмайтын ойықтарды жобалаған кезде В1 - В4, Г және Д санатты аралық үй-жайлар арасында қатынасу үшін, осы ойықтар орындарында тамбурдың 1 м 2 еденінде 1 л/с судың көлемді шығыны болатын, ұзындығы 4 м учаскеде автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған, ұзындығы 4 м кем болмайтын ашық тамбурлар (есіктерсіз немесе қақпаларсыз) қарастырылуы керек. Тамбурдың қоршау құрастырылымдары RЕІ 45 отқа төзімділік шегі болатын өртке қарсы болуға тиіс.
245. Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтыру жанбайтын материалдардан орындалуға тиіс.
246. Өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер мен клапандар осы құрастырылымдардың отқа төзімділік шегінің нормативтік мәнін қамтамасыз етуге тиіс.
247. 1-типті өртке қарсы қабырғалар мен аражабындарды арналармен, шахталармен және жанғыш газдарды, ауа-тозаң қоспаларда, сұйықтықтарды, өзге заттар мен материалдарды тасымалдауға арналған құбыр желілерімен кесіп өтуге тыйым салынады. Осындай өртке қарсы кедергілерді арналармен, шахталармен және түтінге қарсы жүйелердің арналарын қоспағанда, жоғарыда аталғандардан ерекше заттар мен материалдарды тасымалдауға арналған құбыр желілерімен қиып өтетін жерлерде жану өнімдерінің арналар, шахталар және құбыр желілері бойынша таралуының алдын алатын автоматты құрылғыларды қарастыру қажет.
248. Басқыш шабақтарынан және лифтілердің машиналық бөлімшелерінің (төбеде орналасқандарынан басқа) үй-жайынан, сондай-ақ коммуникацияларды төсеуге арналған арналар мен шахталардан тыс орналасқан лифті шахталарының қоршау құрастырылымдары өртке қарсы 1-типті аражабындарға және 3-типті бөлгіштерге қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Лифті шахтасы мен лифтінің машина бөлімшесі арасындағы қоршау құрастырылымдарының отқа төзімділік шегі нормаланбайды.
249. Лифті шахталарының қоршауларында басқыш шабақтарынан басқа, олардан дәлізге және басқа үй-жайларға шығатын есік ойықтары отқа төзімділік шегі ЕІ 30 кем болмайтын өртке қарсы есіктермен немесе отқа төзімділік шегі ЕІ 45 кем болмайтын жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қорғалған болуы керек, лифті шахталарының өрт кезінде автоматты жабылатын есік ойықтары, не ғимараттағы, құрылымдар мен құрылыстардағы лифті шахталары дәліздерден, басқыш шабақтарынан және басқа үй-жайлардан өртке қарсы 1-типті аражабындары және 3-типті бөлгіштері болатын тамбурлармен немесе холлдармен бөлінуге тиіс.
250. Биіктігі 28 м және одан артық ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда олардан шығатын жерлерде ауа тіреліп тұратын тамбур-шлюздары болмайтын лифті шахталары өрт кезінде лифтінің шахтасында артық қысым жасау жүйесімен жабдықталған болуы керек.
251. Автоматты өрт сигналын беру немесе өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда лифтілердің кабинасының қозғалысының өрт кезінде негізгі төмен түсіру алаңына автоматты түрде оралуын, кабина есіктерінің ашылуын және шахтаның ашық күйінде ұсталуын қамтамасыз ететін жүктемесі мен бағытына тәуелсіз бұғаттауы болуға тиіс.
252. Басқыштардың және басқыш шабақтарының көлемдік-жоспарлық шешімдері мен құрастырылымдық атқарылуы өрт кезінде адамдарды ғимараттан, құрылымдар мен құрылыстардан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге және өрттің қабаттар арасына таралуына кедергі жасауға тиіс.
253. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың цокольдық және жер асты қабаттарында лифтіге кіру өрт кезінде ауаның артық қысымы болатын 1-типті тамбур-шлюз арқылы іске асырылуы керек.
254. Ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстардың және өрт сөндіру бөліктерінің, өрт сөндіру бөліктерінің аудандарының отқа төзімділігі және ғимарат пен құрылым ішінде өрттің таралуының алдын алудың басқа тәсілдері олардың функционалдық өрт қауіптілік кластарына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Өндірістік объектілерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары 3. 4. 1. Өндірістік объектілерге арналған өрт қатерінің нормативтік мәндері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимарат арасындағы өрттің таралуын шектеу шаралары
Электрмен, газбен пісіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету жолдары.
Мұнай химиясы өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау
Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Ток шектейтін реакторлардың түрлері
Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау
Құбыр арқылы тасымалдаудан гөрі танкер арқылы тасымалдаған жеңіл
Автокөлік жолдарына жөндеуді ұйымдастыру туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz