Деректер базасы және оның объектілері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Автоматика және элекротехника» кафедрасы»

СӨЖ

Тақырыбы: Деректер базасы және оның объектілері

Орындаған: Кусманов А. Қ.

Тобы: АУ-301

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Семей 2015 ж.

Мазмұны:

1 Негізгі бөлім . . . 2

1. 1. Деректер қорды жасау . . . . . . 3

1. 2. Деректер қорында индекс дегеніміз . . . 4

1. 3. Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ) . . . 5

Қорытынды. . 5

Әдебиеттер. . . 5

Негізгі бөлім

Деректер базасы - бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*. mdb) сақталынатын файл (құжат) . Деректер базасын басқару жүйесі - бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар - жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны - 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.

Кестелер - жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді.

Сұраныстар - толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады.

Формалар - кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т. б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.

Есептер - бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы. Макростар - бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады. Модуль - бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа.

1. 1. Деректер қорды жасау

Деректер қоры екі тәсілмен жасалады: Enterprise Manager утилитасы арқылы немесе Create Database командасы көмегімен. Databases тобында қолданылатын серверді таңдап, Action менюіндегі New Database командасын орындау қажет. Содан кейін ДҚ файл параметрлерін анықтайтын сұхбат терезесі мен транзакция журналы шығады:

- Name - жасалатын деректер қордың атауы;

- Automatically grow title - ДҚ-дың өлшемінің автоматты өсуіне рұқсат бермейді: in megabytes - мегабайтқа ауысуына нұсқау береду, by percent - пайызда көрсетеді;

- Restrict File growth - мегабайтта бір мәндерге байланысты ДҚ-дың өсуін шектейді;

- Unrestricted file growth - ДҚ-дың өлшемін тексеретін режимді сөндіреді.

3. Кестелермен жұмыс

Реляциялық деректер қорында мәліметтер базалық кестеде сақталады. SQL Server-дің бір деректер қорында мәліметтер екі миллиардқа дейін жетуі мүмкін. SQL Server-де кестені не SQL Server Enterprise Manager көмегімен, не Transact-SQL тілінде CREATE TABLE командасы арқылы. Бұл командада келесі опциялар бар:

- құрылған кестесі бар деректер қор атауы;

- кесте қолданушысы;

- кесте атауы;

- 1-ден 1024 баған аралығында спецификациялар;

- бірінші кілтті шектеу (қажет емес) ;

- 1-ден 250 шектеулер (қажет емес) ;

- сыртқы кілттің 1-ден 253 шектеулер (қажет емес) ;

- кесте сақталатын файлдар тізімі (қажет емес) .

Бағанның әр анықтамасында оның атауы мен мәліметтер типі бар болу керек. Кейбір мәліметтер типтері үшін ұзындық пен дәлдік берілуі қажет. Сонымен қатар, decimal мәліметтер типі үшін үтірден оң жағынан қарағанда мәндер саны берілуі қажет.

Кестені құру үшін Action менюінде New Table командасын таңдау қажет. Содан кейін, жасалатын кестенің атауы сұратылады. Келесі опциялары бар кестенің дизайнері ашылады:

  • Column Name - баған атауы;
  • Data Type - берілген өріс типі. Length - типті таңдағаннан кейін өріс өлшемі автоматты түрде беріледі;
  • Precision - типті таңдағаннан кейін ондық өлшемі автоматты түрде беріледі;
  • Default Value - үнсіз келісім бойынша өріс мәндері беріледі;
  • Allow Null - жалаушаның белгісі берілген өрісте бос мәнді беруге рұқсат береді;
  • Scale - типті таңдағанда мәліметтердің сандық типі дәл беріледі;
  • Identity - кестеге жаңа жазбаны енгізген сайын өріске берілген шамамен автоматты түрде өсіріледі: Identity Seed - бастапқы мән, Identity Increment - санауыштың өсуі.

Кесте дизайнеріне Action менюіндегі Design Table командасы арқылы не контексті меню арқылы жүзеге асыруға болады. Enterprise Manager арқылы кестеге ақпаратты енгізу үшін Open Table Return All Rows командасын орныдау қажет. Жазбалардың санын Open Table Return Top командасы арқылы шектеуге болады.

1. 2. Деректер қорында индекс дегеніміз

Индекстер мәліметтердің реттеп шығаруын және таңдауын ұйымдастыру үшін қолданылады. Индекс болмаса SQL Server сұранысты орындау үшін кестені сканерлеу керек, яғни кестенің барлық жазбаларын қарастыру керек. Егер кестенің өлшемі көлемді болса, онда серверге үлкен жұмыс жүктеледі. Индекстер қажет мәліметтерге нұсқау болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқару
Деректер базасы теориясының даму тенденцияларын зерттеу
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Деректер базасының өрістерінің қасиеттері
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
Деректер базасы
Мәліметтер базасы объектілері. Мәліметтер базасының объектілері
Мәліметтер базасына арналған SQL сұраныстарын әзірлеу
Мәліметтер базасы туралы түсінік
Құқық бұзушылықты тіркеудің ақпараттық жүйесін құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz