Жалпыланған түрдегі технологиялық операцияларды жобалау мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Жалпыланған түрдегі технологиялық операцияларды жобалау мәселелері

Орындаған: Мұратов Е. Е

Тексерген: Курушбаева Д. Т

Семей 2015

Кіріспе

1946 ж. алғаш пайда болған ЭЕМ -дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, бұл өте үлкен, көлемді электрондық жабдық болатын. 1948 ж-ры электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталғанмен, көлемі 100 есеге дейін төмендеді. 1970 жылдардың соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады. Ал 1971 жылы бірінші микропроцессор 4 разрядты бір интегралды схема түрінде Intel фирмасында пайда болды және осы күнге дейін микропроцессор шығару облысында алдыңғы орында келе жатыр. 1976 жылы АҚШ-та тұңғыш Дербес Компьютерді APPLE фирмасы шығарды. 1978 жылы Intel фирмасы жаңа 16 разрядты микропроцессор жасап шығарды. Осы микропроцессордың негізінде 1981 жылы Intel фирмасы өздерінің тұңғыш IBM PC атты дербес компьютерін жасады. Осы кезеңде дербес копьютерлердің көптеп шығарылуы адамзат қызметінің барлық саласында төңкеріс жасаған еді. Сонымен Intel фирмасы 1993 жылы 64 разрядты жаңа микропроцессор Pentium -ді жасап шығарды. Осы аталған процессорлардың барлығын 80х86 атты класқа жатады, себебі кіші моделінде жазылған бағдарламаны ешқандай өзгеріссіз келесі үлкен кез-келген моделінде орындауға болады. Дербес компьютер- бұл өзара бір-бірімен байланысқан, әрі әрқайсысы өзіндік белгілі бір қызмет атқаратын электрондық құрылғылардың жиынтығы. Бұларды функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлуге болады. Олар: Жүйелік блок және сырттық құрылғылар.

Қазіргі таңда Ассемблер (Assembler) бағдарламалау тілі бағдарламалаудың кең таралған, әрі әйгілі жүйелі тілі болып табылады. Ассемблер - машина тілінің символикалық ұғымы. Машинадағы барлық процестер төмен аппараттық деңгейде тек машина тілінің нұқсауы арқылы жүзеге асады. Осыдан әрбір компьютер тілінің өзіндік Ассемблер тілі болатыны белгілі. Бұл, ассемблерде жазылған бағдарламаның сыртқы көрінісі және тілге қатысты. Шын мәнінде ассемблерді білмей аппаратураға қатысты мәселені шешу мүмкін емес. Бағдарламалаушы немесе өзге де пайдаланушы кез келген жоғары деңгейдегі құралдарды пайдалана алады, алайда барлық нұсқауларды компьютер машина тілімен орындайтынын байқамауы да мүмкін.

Зертханалық жұмыстарға арналған бағдарлама үлгілері Турбо-Ассемблер тілінде көрсетілген. Бұл әдістемелік құрал жүйелік бағдарламалау пәні бойынша зертханалық жұмыстарды студенттер өзінше орындауға көмек береді. Әрбір зертханалық жұмысқа қажетті ұсыныстар беріліп, Турбо -Ассемблер тіліндегі бағдарлама үлгілері қарастырылған. Әрбір бөлімнің соңында материалды игеруін бақылауға арналған бақылау сұрақтарының тізімі берілген. Материалды сапалы игеруі үшін дәріс курсынан басқа, қосымша әдебиетті пайдалануы керек. Әдебиет тізімі әдістемелік нұсқаудың соңында келтірілген.

2: Жобалау процестері.

1. Жобалау процесінің мәні

2. Күрделі жүйелерді жобалаудың мәселесіне жүйелік әдістеменің методалогиясы.

3. РЭҚ- болашақтағы бірліктік, сериялық немесе массалық өндірісі

1. 1 Жобалау процесінің мәні

РЭҚ-ты жобалау процесінің мәні талап ететін жағдайларға оларға бекітілген функцияларды минималды шығындармен және максималды тиімділікпен орындалуы қажет болатын жаңа радиоэлектронды құралдар өндірісінің конструкцияларымен технологиялық процестерін дайындауға негізделеді.

Кез-келген технологиялық объекттің жобалануы әлі пайда болмаған объекттің кескінін қабылданған пішімінде жасалуы, түрленуі және көрсетілуі болып табылады. Объекттің немесе оның құрамды бөліктерінің кескіні адамның қиялында шығармашылық процесінің нәтижесінде жасалуы немесе адам мен ЭЕМ-нің өзара әрекеттесу процесінде кейбір алгоритмдерге сәйкес генерациялануы мүмкін. Кез-келген жағдайда инженерлік жобалану РЭҚ өндірісінің объекттері, өнеркәсіптік бұйымдар немесе процесстер бола-алатын кейбір техникалық объекттерге қоғамның қажетті тұтынушылығы бар болған кезде басталады. Жобалау осы қажеттіліктерді бейнелейтін техникалық ұсыныстар және техникалық тапсырмалардан (ТТ) сонымен қатар жобалау құжаттары түріндегі ТТ-ны іске асырудан тұрады.

Әдетте ТТ-ны кейбір құжаттар түрінде көрсетеді және ол объекттің бастапқы (бірінші) суреттемесі б. т. Ережеге сай, жобалаудың нәтижесі берілген жағдайларға объекттерді дайындауға арналған жеткілікті мағыналардан тұратын құжаттардың толық жинағының қызметін атқарады. Осы құжаттар жоба болып келеді, нақты айтқанда, объекттің қорытынды суреттемесі б. т. Демек, жобалау-зерттеушілік, есептеушілік және конструкторлық сипаттағы жұмыстардың кешенін орындаудың негізінде объекттің бастапқы суреттемесінің қорытынды суреттемесіне түрленуі мен алынуына қорытындалатын процесс.

Күрделі процестердің жобалануы бірқатар теориялар мен негізделеді. Айтарлықтай жалпы әдістемесі күрделі жүйелерді жобалардың әр түрлі әдістерімен негізделген идеялары бар жүйелік әдістеме б. т. Жаңа физикалық құбылыстары мен принциптерін қолданудың, айтарлықтай жетілген элементті фазасы мен құрылысшының жақсартылған конструкциялары мен озық техналогиялық процестердің арқасында өзінің аналогтары мен прототиптерінен анағұрлым жоғары тиімділігімен ерекшеленетін жаңа айтарлықтай жетілдірілген РЭҚ-тар жасалады.

Жобаланатын бұйымдардың жаңалығының дәрежесіне қарай жобаланудың келесі тапсырмаларын бөлуге болады.

• бұрынғы және жаңа тапсырмаларды тиімді шешу үшін сапаның бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің салыстырмалы үлкен емес жақсартылуын(бірнеше ондаған пайыздар) қамтамасыз ететін жұмыс істеп жатқан РЭҚ-тың бөліктік модернизациялануы (оның параметрлерінің құрылымының және конструкцияларының өзгерісі;

• Сапа көрсеткіштерінің (бірнеше есе) айтарлықтай жақсартылуын білдіретін маңызды модернизацияланады.

• Бұрынғы және айтарлықтай жаңа тапсырмаларды шешу кезіндегі сапа көрсеткіштерінің (бірнеше рет) кенеттен жоғарлануы үшін әрекеттердің, констукторлаудың және өндірістердің жаңа принциптеріне негізделген жаңа РЭҚ-тардың жасалуы;

Жобалауды мамандардың үлкен ұжымдары бүкіл институттар мен ғылыми-өндірістік ұйымдар, сондай-ақ дайындалған аппаратураны пайдаланатын тапсырыс берушілердің ұйымдары қатыса алатын күрделі көп сатылы процесс б. т.

Орындау кезектіліне қарай жобалаудың негізгі сатыларын бөліп қарастыруға болады:

• жәтижесі техникалық ұсыныс (аван жоба) болып табылатын алдын-ала жобалау. Бұл саты айтарлықтай дәрежеде ғылыми ізденістің, теориялық есептелулердің тәжірибелік зерттеулердің элементтерімен қаныққан олар әдетте зертқаналық макеттердің жасалуымен аяқталады.

• Нәтижесі эскиздік жоба болып табылатын эскиздік жобалану осы сатыда қарастырушылардың күш-жігері көп жағдайда тиімді конструкторлық шешімдерді іздеуге бағытталады. Ол сондай-ақ теориялық ізденістер мен күрделі есептеулердің үлкен көмегімен байланысады және жобаланатын бұйымның тәжірибелік үлгісінің жасалуымен және олардың мұқиатты тәжірибелік зерттеулерімен аяқталады.

Барлық схемалық, конструкторлық және техникалық шешімдердің мұқиятты жасалуымен орындалу кезіндегі техникалық жобалау. Техникалық жобалау сатысында дайындалатын аппаратурараға және оның өндірісінің рпоцустеріне техникалық құжаттар жасалады. Қорытындысы қажетті құжаттардан тұратын техникалық жоба мен эксплутацияның нақты жағдайларында жан-жақты сынақтардан өткен бұйымдардың тәжірибелік үлгісі б. т

РЭҚ- болашақтағы бірліктік, сериялық немесе массалық өндірісі орын алатын негізіндегі техникалық құжаттардың жасалуы өте ерекше қиын процесс б. т.

• Жобалау мақсаттарының таңдалуы мен қалыптасуы, бастапқы мәліметтердің негізделуі және жүйе құрылуы принциптертерінің анықталуы кезіндегі жүйелік техникалық жобалау. Мұнда әдетте функционалды аяқталған блоктар болып табылатын жобаланатын объекттердің құрылымы, оның құралуы бөліктері қалыптасады, құрамды бөліктердің арасындағы энергетикалық және ақпараттық байланыстар анықталады. Нәтижесінде объекттің жеке техникалық тапсырмалар қалыптастырыла беледі.

• РЭҚ-ке қатысты схемасы техникалық деп те аталатын функционалды жобалау жүйенің құрамды бөліктерінің (кешендердің, қондырғылардың, тораптардың) аппаратуралық іске асырылу мақсатына ең жақсы функционалуды және тиімді өндірісті қамтамасыз ету көзқарасынан (схемалардың құрылымдық және параметрлік синтездін жасайды) элементтік базаны, принципиалды схемаларды таңдайды және параметрлерді оптимизациялайды. Элементтік базаны таңдағанда және схемалардың синтезі кезінде конструкторлық-технологиялық талаптарды ескеруге тырысады;

• Техникалық жобалау деп те аталатын конструкторлау схемалардың жинақтау, РЭҚ үшін барлық деңгейлердегі (модульдердегі, ұяшықтардағы, блоктардағы, шкафтағы) баспаға шығару және өткізгішті қосылыстарын жасау мәселелерін, сонымен қатар жылу бұрғыштың, электрлі беріктіктік, сыртқы әсер етулерден қорғаудың мәселелерін шешеді. Мұнда конструкторлы - технонологиялық, экономикалық және эксплуатациялық көрсеткіштертері бойынша қабылданатын шешімдердің оптималдауға тырысады. Жобалаудың осы сатысында РЭК-ты дайындау мен эксплутациялауға қажетті техникалық құжаттарды жасалады.

• өндірістің техникалық дайындығы бөлек блоктар мен жалпы барлық жүйе жасалуының техналогиялық процестерін дайындауды қамтамасыз етеді. Жобалаудың осы сатысында алдыңғы нәтижелердің негізіндегі техналогиялық құжаттар жасалады. Жобалаудың әрбір сатылап РЭҚ-тың жасалуы мен жұмысының әр түрлі иеархиялық деңгейлері мен аспекттеріне жататын жобаланатын РЭҚ суреттелуінің қалыптасына алып келеді.

• Жобалау сатылары жеке жобалық шешімімен аяқталатын бөлек жобалық процедуралардан тұрады. РЭҚ үшін жобалаудың типтік процедуралары әр түрлі деңгейлері мен аспекттері суреттемелерінің талдануы мен синтезі б. т.

Талдау процедурасы берілген (немесе таңдалған ) суреттеменің қасиеттерін анықтаудан тұрады. Осындай процедуралардың мысалдары электронды схемалардың жиіліктік немесе өткізгіштік сипаттамаларын есептеу берілген әсер етуге схеманың реакциясын анықтау бола алады. Талдау жобалық шешімнің берілген талаптарының қанағаттандыру дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Және оның жарамдылығын да бағалай алады.

Синтез процедурасы берілген талаптарға, қасиеттеріне және шектеулерге қарай жобалық шешімінде (суреттемені) жасауға негізделеді. Мысалы, жиіліктік немесе уақыттық облыста оларға берілген сипаттамалары бойынша электорнды схемалардың синтез процедуралары РЭҚ-ты жобалауда кең қолданылады. Сондай -ақ синтез процесінде қажетті сипаттамаларды (параметрлік синтез) қамтамасыз ететін берілген схема элементтерінің параметрлерін анықтауға немесе схема құрылымын (құрылымдық синтез) жасауға болады. Жобалау процесіндегі талдау мен синтез процедуралары өзара тығыз байланысқан өйткені олардың екеуі де қолайлы немесе тиімді. Жобалық шешімді жасауға бағытталған. Типтік жобалық процедураға тиімді жобалық шешімге (белгілі бір критерий бойынша) алып келетін оптималдандыру б. т. Мысалы, жүйеліктік сипатамалардың берілген сипаттамаларға айтарлықтай жақындау мақсатымен электтронды схемалар параметрлерінің оптимизациялануы кең қолданылады. Оптимизациялану процесі схеманың параметрлері берілген сипаттамаларына қанағаттандыратын жақындауға дейінгі мақсатты өзгеру кезіндегі көп еселі талдаудан тұрады. Оптимизациялану жобалық шешімді жасауды (синтез) қамтамасыз етеді, алайда сипаттамалардың сатылы бағаланунан (талдау) тұрады.

Жобалық процедуралар жеке жобалық операциялардан тұрады. Мысалы, РЭҚ-тың математикалық мщдельдерінің талдау процесінде дефференциялды және алгебралық теңдеулерді шешуге, матрицалармен операцияларды жасауға тура келеді. Осындай операциялар ерекше сипатқа ие болуы мүмкін, бірақ жалпы түрде олар біріккен жобалық процедураны түзеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ
Илемдеу режимінің дамуы
Оқыту технологиясын жаппай ендіру
Мехатрондық жүйенің көмегімен құрылыстар мен ғимараттарды зиянды тербелістің әсерінен қорғауды жобалау
Оқу залының жұмысын жеңілдететін автоматты басқару жүйесін жасау атты дипломдық жұмысқа арналған патенттік-ақпараттық зерттеулер
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Бухгалтерлік қызмет
Курстық жобаның тақырыбы
Түкті жүн маталарының қасиеттері
Квалиметрия дайын өнім сапасын сандық бағалау әдісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz