Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау



І Кіріспе
1.1. Р.Тоқтаров «Абайдың жұмағы»роман.хамсаның жазылуы.Романның тарихилығы
ІІ Негізгі бөлім
2.1Тарихи роман және оның бүгінгі бейнесі.
2.2 Әдебиеттегі тарихи шығармалардың ерекшелігі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әдебиет әлемі терең тұңғиыққа тамырын жайып, көптеген белестерге жетіп, өз орнын тапты. Тарихи романдар саны ұлғайып бүгінгі таңда біршама дәрежеге жеткен. Оқырман қауымда тарихилықтың, тарихи шығарманың қандай болатындығына көз жеткізетіндей болды. Тарихи шындықты жазуда жазушыларымызда алдына жан салмайтын, ерекше жазу үлгілерін шығара бастады.Жазушылар саны да ұлғайып, түрлі шығарма, романдар дүниеге келтірді.Тарихи шындықты көркем жинақтаудың биік үлгісі – Мұхтар Әуезовтің жаһанға әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы. Абайдай дана тұлғасын бейнелеген туындыда қазақ халқы ұлттық бет-әлпеті ерек, жан жүрегі жарқын поэзияға бөленген халық екені терең де тебірентер шыншылдықпен суреттелді. Социалистік реализмнің таптық принципімен санасуға мәжбүр болып, Құнанбайдай алыпты жағымсыз герой санатына жатқызып, мейірімсіз қаталдығын айыптағанымен, ұлы жазушы бұл кейіпкерінің асқақ, айбарлы, ауқымды характерін көкейден кетпейтіндей етіп кескіндеді.
Ұлы ақынды заман туғызады.Абай туралы сөз қозғағанда, ол өмір сүрген орта, қоғам, қоғамдық-әлеуметтік жағдайға міндетті түрде назар аударылады. Өйткені, Абайдың өмір тарихына, заманына, өскен ортасына зер салмай шындық шешілмейді. З.Ахметов осы мәселеге байланысты ұлы Абай туралы: «Адамзаттың перзенті» атты мақаласында: «Заман, қоғамдық жағдай – ақын, жазушы творчествосының өмірлік негізі, түп тамыры» дей келіп, келесі бір тұста: «Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, міне, осылардың түйісіп келуі шарт» – деп пайымдаған еді.
1.Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. – Алматы: әл-Фараби, 1999. – 752 б.
2.Ахметов З. Адамзаттың

перзенті // Кітапта: Дала даналары. – Алматы, 2001. – 640 б.
3.Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. – Алматы: Алатау, 2006. – 352 б.
4.Абай және архив. – Алматы, 1995. – 216 б.
5.Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография. – Алматы: Арда, 2009. – 392 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың Абайдың жұмбағы романына әдеби талдау

Орындаған: Тұрарбек Талшын

Семей 2015ж

Жоспар:
І Кіріспе
1.1. Р.Тоқтаров Абайдың жұмағыроман-хамсаның жазылуы.Романның тарихилығы
ІІ Негізгі бөлім
2.1Тарихи роман және оның бүгінгі бейнесі.
2.2 Әдебиеттегі тарихи шығармалардың ерекшелігі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әдебиет әлемі терең тұңғиыққа тамырын жайып, көптеген белестерге жетіп, өз орнын тапты. Тарихи романдар саны ұлғайып бүгінгі таңда біршама дәрежеге жеткен. Оқырман қауымда тарихилықтың, тарихи шығарманың қандай болатындығына көз жеткізетіндей болды. Тарихи шындықты жазуда жазушыларымызда алдына жан салмайтын, ерекше жазу үлгілерін шығара бастады.Жазушылар саны да ұлғайып, түрлі шығарма, романдар дүниеге келтірді.Тарихи шындықты көркем жинақтаудың биік үлгісі - Мұхтар Әуезовтің жаһанға әйгілі Абай жолы роман-эпопеясы. Абайдай дана тұлғасын бейнелеген туындыда қазақ халқы ұлттық бет-әлпеті ерек, жан жүрегі жарқын поэзияға бөленген халық екені терең де тебірентер шыншылдықпен суреттелді. Социалистік реализмнің таптық принципімен санасуға мәжбүр болып, Құнанбайдай алыпты жағымсыз герой санатына жатқызып, мейірімсіз қаталдығын айыптағанымен, ұлы жазушы бұл кейіпкерінің асқақ, айбарлы, ауқымды характерін көкейден кетпейтіндей етіп кескіндеді.
Ұлы ақынды заман туғызады.Абай туралы сөз қозғағанда, ол өмір сүрген орта, қоғам, қоғамдық-әлеуметтік жағдайға міндетті түрде назар аударылады. Өйткені, Абайдың өмір тарихына, заманына, өскен ортасына зер салмай шындық шешілмейді. З.Ахметов осы мәселеге байланысты ұлы Абай туралы: Адамзаттың перзенті атты мақаласында: Заман, қоғамдық жағдай - ақын, жазушы творчествосының өмірлік негізі, түп тамыры дей келіп, келесі бір тұста: Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, міне, осылардың түйісіп келуі шарт - деп пайымдаған еді.
Р. Тоқтаров Абайдың өмірге келген уақыты мен өмір сүрген дәуірін тарихи шындыққа сай суреттеуді көздеген. Романнан Абайдай дананың дүниеге келуінің өзі уақыты жетіп, әбден толысып, піскен толғақ екенін, ол бір ғана Ұлжан ананың емес, ол - заман мен дәуір толғағы, сол кезеңнің толғағы деп есептеуге болатынын байқаймыз. Романдағы Халық қасиетін жоймау үшін дана тууы керек деген Кенесарының сөзі Абайдай дананың дүниеге келуінің өзін кездейсоқ құбылыс емес, тарихи заңды құбылыс екенін көрсетеді.
М.Әуезов роман-эпопеясында Абайдың балалық бейнесін он үшке шыққан кезінен бастап суреттесе, Р.Тоқтаров өз роман-хамсасында ұлы ақынның дүниеге келуінен бастап өрбітеді. Әлі қырқынан шықпаған қызылшақа жаңа туған нәрестенің бесікте жатып, киіз үйдің түндігінен аспанға қарап тілдесуінің тегін емес екендігі, кішкентай кезінен-ақ бастап ұлылыққа тән қасиеттер байқалғандығы романда сыр береді. Әй, Абай-ай, тар төсек бесігіңде осындайсың, ер жеткен соң кең дүниеге сыймай жүрмесең болды-дағы деп нәресте Абайдың өскенде кең дүниеге қалай сыйып жүрерін уайымдаған сөздерді кездестіреміз. Данышпанның сәби кезінен басталған өзіндік дара ерекшеліктері қиыстыра суреттелген.
Абайдай дананың әкесінің де жай адам болуының мүмкін емес екендігі өзінен-өзі белгілі. Құнанбай баласының терең білім алуын, жастайынан ел ісіне араласып, алғыр, зерек болып өсуіне көп үлес қосқан. Қатал әке Абайды кішкентайынан өз жанынан тастамай, дау-дамайларға қатыстырып, әділ баға беруін, жеке ойы мен жеке көзқарасын қалыптастырып, би болуын қалайды, осылай ұлынан үлкен үміт күтеді. Сондықтан да Р.Тоқтаров өз туындысында Құнанбайды жан-жақты білгір, ақылды би етіп суреттейді.
Абайдың әдеби бейнесін толығырақ аша түсу үшін, сол заманда өмір сүрген игі жақсылар мен халық даналарының тигізген әсерлері де нанымды суреттеледі. Тарихи тұлғалардың өз есімдерімен енуі - Абайдың жұмбағы роман-хамсасының негізгі ерекшелігі. М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бастапқы Ақын аға нұсқасында Долгов, кейін Павлов деп түрлі себептерге байланысты өзгертіліп берілсе, Абайдың жұмбағында аты-жөндері ешқандай өзгертусіз сол қалпы сақталған. Р. Тоқтаров романында Долгополов бейнесі Абайдың пікірлесі, қамқоршысы, ақыл-кеңесшісі, бағыт берушісі ретінде суреттеледі. Дулат ақынның есімі де осындай тоталитарлық идеологияның салдарынан М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясында Барлас есімімен берілгені бәрімізге де аян. Роман-эпопеяда кездесетін таныс бейнелермен қатар, жаңа бейнелердіжәне тарихи шындыққа сәйкес келетін фактілерді суреткер тиімді пайдаланады.
Ұлы ақын айналасындағы халық мұңын жоқтаған ақын-жырауларымыз жайында, қол бастаған батырлар, ел басқарған хандар, сол кезеңде өмір сүрген ғалымдар мен ірі дарын иелері турасында Р.Тоқтаров өз романының Толғақ, Жұлдыз, Құрбандық, Қызғаныш, Хақиқат мекені, Нұрсипат деген бес кітабында кеңінен суреттеп, заман бейнесін толық ашып көрсетуді мақсат еткен. Аты-жөндері кезінде аталмай қалған, немесе тоталитарлық саясат желеуімен бұрмаланған, өмірде болған адамдар жөнінде көптеген мағлұматтармен қатар, көркем суреттелген шындықты көруге болады. Қаламгер өз шығармасын жазу үстінде жинаған, оқыған, зерттеген, қорытқан фактілерін, тарихи деректерді көңіл елегінен, талғам таразысынан өткізіп барынша мол қамтыған. Соған орай жаңа кейіпкерлер санаты да романда мейлінше көп. Кенесары хан, Наурызбай, Ағыбай батыр, Үмбетей жырау, Тәттімбет күйші, сұлтан Шыңғыс Уәлиұлы, Мұса Шорманов, Ахмет-Риза хазрет, Абаймен тұстас өмір сүрген замандастары - Шоқан, Ыбырай, Достоевский, Құдайберді, Долгополов, Михаэлис, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, тағы да басқа тарихи тұлғалар "Абайдың жұмбағы" роман-хамсасының кейіпкерлері болып табылады.
Ұлы ақын өмір сүрген заман, қоғамдық жағдай Ресей империясының дәуірлеу кезеңімен тұстас келді. Осы тұста патшалық билік орындарының тапсырмасымен келген немесе патша үкіметіне қарсы шығып қазақ даласына айдалып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)жайында
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
Пәндер