Ет өнімдерінің жаңа технологиясы бойынша патенттік зерттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Ет өнімдерінің жаңа технологиясы бойынша патенттік зерттеу
Орындаған : Байғалиева Г. Қ.
Тексерген : Нургазезова А. Н.
Семей 2015
Жоспар
- Республикамыздағы ет өндірісі
- Ет өндіру технологиясын арттыру
- Ет өнімдерінің жаңа технологиясы бойынша патенттік зерттеу
Ет өнімдерінің жаңа технологиясы бойынша патенттік зерттеу
Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор. Ет құрамында экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты организмге қажетті заттар болады. Адам организімінің өсуі мен қалыпты өмір сүруі үшін құнды белоктар өте қажет . Экстрактивті заттар әзірленген тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.
Біздің елімізде халық қажетін өтеуге және ет өндіруді арттыруға баса назар аударылады.
Республикамыздың фермалары мен шағын мал шаруашылығында және құс фабрикаларында жоғары сапалы ет өндіруді шұғыл арттыруға қажетті жағдайлар жеткілікті. Көптеген шаруашылықта мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдары, оларды жайып семіртетін недәуір мол жайылым бар.
Бір сыпыра шаруашылықтарда бордақылау алаңы салынған. Онда ересек мал бордақыланады. Біраз шаруашылықта мал шаруашылығы өнеркәсіптік комплексінің құрылысы аяқталуға жақын.
Алайда республикамызда ет өндіруді арттыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әліде болса толық қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған. Фермалар мен шағын мал шаруашылықтарының мал мамандары малды өз төлі есебінен өсіруі, арзан жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану.
Мал бордақылау және тағы басқа маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән берілмей келеді.
Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құстың тірідей салмағын және олардың қоңдылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыра отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет. Төлді, ересек малды және құсты өнеркәсіптік негізінде қарқынды түрде бордақылау, өнімі төмен сиырларды етті тұқымының жоғары өнімді бұқалармен өнеркәсіптік будандастыруды істе қолдану керек.
Сонымен бірге табындардағы селекциялық жұмыстарға шаруашылықтың барлық резервтерін пайдалана білу қажет. Ет өндіруді арттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғылыми зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін арттыру жөнінде бірсыпыра тиімді әдістерді зерттейді. Осы әдістерді өндіріске енгізу белгіленген жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін өтеуге мүмкіндік береді.
Ет өндіруде және оны сатып алуда республика бойынша сиыр етінің үлес салмағы 85%, ал қалған 15% шошқа етінің, жылқы етімен құс етінің үлесіне тиеді. Бірақ республикамыздың кейбір облыстарында (Алматы, Жамбыл, Шымкент, Атырау) қой етінің үлес салмағы 55%-тен сәл-ақ асады. Бұл міндетті орындау үшін қой шаруашылығын да ет өндіруді арттырудағы ең ірі резерв- қозыны туған жылы жоғары қоңдылықта етке өткізу болып табылады. Қазақтың құйрықты қойының қозылары алғашқы жылы, әсіресе сүттеніп жүрген кезінде тез өсіп жетіледі. Саулықтардан бөлген уақыт, яғни 4-4, 5 айлығында қозылардың салмағы ересек мал салмағының 60%-на, ал жайып және бордақылап семірткеннен кейін 9-10 айлығында 73%-ға жетеді.
Ұшасының, майы мен басқа да мүшелерінің шығыны бойынша қозы ересек малдан қалыспайды. Қозыларды туған жылы етке өткізу жоғары саплы ет алуға ғана емес, сонымен бірге оның өзіндік құныны арзандатуға мүмкіндік береді.
Ет өнімдерін өндірістік жағдайда өңдеу білімге экономикаға сәйкес қазір ұсақ шағын шаруашылықтарда мал санын көбейтіп, оларды тұрғылықты жерлерде малды сою және алғашқы өңдеуден өткізу пунктеінде өңдеу кеңінен дамып келеді.
Ет өнеркәсібінің негізгі мақсаты: ет өнімдерінің сапасын жақсарту, яғни технологиялық процесстерді үнемі толық жетілдіріп, өндірісті күшейту болып табылады.
Қазақстан Республикасында ет өндіру ауыл шаруашылығының негізгі бағытының бірі. 1980 жылдың аяғында ет өндірісінің жылдық көлемі адам басына шаққанда 86 кг-нан артты, одақ көлемінде - 66 кг. 1991-1997 жылдары мал басының күрт азаюына байланысты ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыстары тоқтап қалды; көптеген ірі және орташа кәсіпорындар мүлдем істемей қалды.
Етті өндіретін ірі аймақтар: Қостанай облысы- 126, 1 мың немесе 18, 7%; Алматы облысы- 91, 1 мың немесе 14, 2%.
Бұл облыстарда шығарылатын еттің көлемі оған деген сұраныстан көп; 168-170%. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстары етпен өздерін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ет және ет өнімдерін сату мен қолдануда алғашқы орын алатын ірі қалалар Алматы мен Астана. Өндірілетін ет структурасының 46, 1% - сиыр еті, 27% - шошқа етін құрайды, ал қой мен ешкі еті 13, 8%.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz