Зияткерлік меншік объектілері жайлы


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: Зияткерлік меншік объектілері
Орындаған:Қазтай А. Қ
Топ:АУ-209
Тексерген:Кундызбаев Д. К
Семей 2015ж
Жоспар:
- Зияткерлі меншік ұғымы
- Зияткерлік меншік иегерлері
Зияткерлі меншік - азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік - материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.
Зияткерлік меншік нысандарына:
- өнертабысқа‚ жаңалыққа‚ оңтайландырма ұсыныстарға‚ селекциялық жетістіктерге‚ пайдалы үлгілемелерге‚ өнеркәсіптік үлгілерге‚ т. б. берілген құқықтар;
- ғылым‚ әдебиет‚ өнер туындыларын жасаушы ақыл-ой адамдарыныңкітаптар‚ спектакльдер‚ опералар‚ музыкалық туындылар‚ сызбалар‚ тәсімдер‚ формулалар‚ т. б. түріндегі зияткерлік жұмысының жемісі болып табылатын шығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлық құқықтар;
- фонограммалар жасаумен‚ орындаушылықпен‚ телерадиоэфир арқылы хабарлар берумен‚ клиптермен‚ т. б. байланысты сабақтас құқықтар;
- заңды тұлғаларды және олардың өнімдерін дараландыру құралдарына (фирмалық атаулар‚ логотиптер‚ тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері‚ тауарлардың шыққан жерлерінің атауы) құқықтар;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтын құқықтар; ноу-хауға берілген құқықтар;
- зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық құпия‚ оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар‚ ішкі фирмалық нұсқаулар‚ ережелер‚ т. б. ) құқықтар жатады.
Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.
Бұл бөлім зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен мәлімет ұсынады. Тізілім зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілгеннен кейінгі Кодекстің 436-бабының талаптарына сәйкес зияткерлік меншік объектілерінің тізілімін қамтиды. Тізілім Кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен жүргізіледі.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін қалыптастыруға мыналар кіреді:
- зияткерлік меншік объектісін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу;
- зияткерлік меншік объектісін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен шығару;
- зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне қосу кезінде құқық иеленушімен мәлімделген мәліметтердің өзгеруі жағдайларында зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне өзгерістер енгізу.
- Зияткерлік меншік объектілеріне патент беру мемлекет көрсететін қызметтердің жылдан жылға талап етілетін түріне айналды. Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанның өнертапқыштарынан патентті алу үшін берілген 1362 өтініш қабылданған болатын. «Осы көрсеткіш жыл сайын өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда ол бізде 2 есе ретке өсті, селекциялық жетістіктерге алынатын патенттер саны орта есеппен 3, 5-ке өсті, тауарлық белгілерді алуға келіп түсетін өтініштер санының өсуі қарқынды емес, алайда өсу байқалады», - деді Шолпан Әбдіреева. Зияткерлік меншік ұғымы авторлық құқық ұғымымен салыстырғанда кеңірек болып табылады. Саз және көркем шығармалары, ЭЕМ арналған бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы жөніндегі жобалардан басқа осы ұғым ойлап табулар, пайдалы өнімдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралды микросхемалар топологияларды да қамтиды. Зияткерлік меншіктің әрбір түрі үшін заңнамада патентті әзірлеудің, патенттерді алуға өтінімдерді қарастырудың түрлі мерзімдері қарастырылған. Атап айтқанда, осы мерзім шығармалар үшін 18 ай болса, тауарлы белгіге берілетін куәлікті Сіз өтініш тапсырған күннен бастап 12 ай ішінде ала аласыз. Авторлық құқыққа қатысты ол ғылыми, әдеби, өнер шығарма туындаған сәттен бастап пайда болады. «Менің барлық атап өтілген шығармаларды әзірлеушілерге менің бір өтінішім бар: міндетті түрде копирайт белгісін қоюларыңыз керек. Осы белгі бір дөңгелек ішінде қойылады, сонан кейін өзінің тегі немесе ұйымыңыздың атауы мен осы шығарма әзірленген жыл жазылуы тиіс», - деді Шолпан Әбдіреева. Сондай ақ ол авторлық құқық туралы заңмен қорғалынатын объектілерді атап өтті: «Егер де, мысалы, журналист меншік тергеуін жүргізіп, белгілі бір өзекті мәселені зерттеп, ол туралы мақала туралы жазатын болса, немесе бір адамнан сұхбат алса және де осының бәрін ол өз еңбегімен тауып жатса, ол өйткені адам оның бәрін өз еңбегімен әзірлеп, толықтырады. Аталған еңбек адам еңбегі болғандықтан оның нәтижелері авторлық құқықтуралы заңнамамен қорғалатын болады». Өте жиі өтініштерді қарастыру үрдісі ұзаққа созылады. Ол өтініш берушінің дұрыс емес іс әрекеттерінің нәтижесі деуге де болады. «Бүгінгі күні біз келесі өзекті мәселені кезіктірудеміз. Мысалы, сәулет объектісін тіркеуге өтініш берілді дейік. Ал тіркеу үшін алмның төленгендігі жөніндегі құжатта автордың емес, басқа бір жеке тұлғаның мәліметтері көрсетілген» - деген мысал келтірді зияткерлік меншік комитеті төрағасының орынбасары. Алайда Салық кодексіне сәйкес төлем тек осы тіркеуге тікелей қатысы бар тұлғадан түсуі керек. Енді тағы да бір маңызды жайт: кейде өтініш берушілер төлем реквизиттерін ауыстырып жатады. Осындай жағдайларда құжатар жиынтығы қайта өңделуге жіберіледі. Ақпаратық кеңістіктің дамуына жіне де жаңа технологияларды енгізуге байланысты интернет желісінде зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі ерекше маңыздылыққа ие. Веб - қордың өзі көптеген авторлық және аралас құқықтары бар объект болып табылатындығы бәрімізге мәлім. Егер де Сіз сайтыңызды құру барысында қолданған бағдарламаны тіркегіңіз келсе, комитетке келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет: өтініш, осы бағдарланы бір данасын, жеке куәліктің көшірмесін және авторлық құқықты тіркеу үшін алымның төленгендігін растайтын құжат пен Сіздің өнертабысыңызды жіне оның әрекет ету механизмін толығымен сипаттайтын реферат. Веб сайттың дизайнын әзірлегілері келетін өтініш берушілер де осындай құжаттар пакетін тапсыруы тиіс. Егер де осы өнім жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша әзірленген болса, қосымша осы шығарма қызметтік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz