Этика терминінің мәні мен мазмұны туралы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы:
1. Этика терминінің мәні мен мазмұны;
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы;
3. Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминдерінің тарихы;
4. Әл -Фараби этикасының негізгі нысаны;

Орындаған: Төлеубекова Дина

Жу-301

Тексерген: Абеуханова Е. Б

Семей, 2015

Жоспар:

1. этика терминінің мәні мен мазмұны;

2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы;

3. Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминдерінің тарихы;

4. Әл -Фараби этикасының негізгі нысаны;

1. Этика терминінің мәні мен мағынасы. Біз күнделікті өмірде қоғаммен қарым - қатынасқа түскенде, кез -келген жағдайда этиканы сақтаймыз. Былайша айтқанда этика сөзі қоғамда өзін өзі ұстау деген мағнаны білдіреді деп ойлаймыз. Бұл пікірімізде қате емес. Дегенменде этика термині грек тілінен аударғанда әдет-ғұрып, дағды деген мағнаны білдіреді.
Этиканың зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі 3мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм - ілім мәнінде, мораль - оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д. Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Этиканың құрылымы үш бөліктен тұрады:
1. теориялық этика;
2. нормативті этика;
3. эмпириялық этика.

Теориялық этика - этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика - негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т. б. қарастырады.
Эмпириялық этика - белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны.
Мысалы, жомарттық, - "малшашпақ" пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык - "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык - "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі және т. б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын күлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжактылыіына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады.
"Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" - әсем, сұлу және "agathos" - ізгі, мейірімді) қосындысынан шыкқан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Гедонизм - грек тілінің "ләззат іздеу, кызыққұмарлык" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты - өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм - көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны - адамның бақытқа жетуі.

3. Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминдерінің тарихы. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқаң идея - жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүнйедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің қепілі - Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқаңда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай бол- са, бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алға- шқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм жөне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы - үшінші анықты ұсынады:
«Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар омір
Ар ілімі оқылса».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этика және мораль
Этика
Этика термині
Этиканың мәні мен мазмұны
Этика термині туралы
Философия мен этика
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Этика термині жайлы
Этика термині жайлы мәлімет
Этикалық ізгіліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz