Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары. Стратегиялық жоспарлау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

  1. Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары. Стратегиялық жоспарлау.
  2. Стратегиялық жоспарлаудың мүмкіндіктері, әлсіз және басым жақтары.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер.
  1. Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары. Стратегиялық жоспарлау

Аймақтағы өзгерістер стратегиялық жоспардың жүзеге асырудың маңызды нәтижесі болуға тиіс, атап айтқанда:

  • өндірісті, құрылысты, жоғары технологиялар мен қызметтер индустриясын қолдау және дамуына ықпал ету;
  • білім, денсаулық сақтау, мекемелерін қызметтер мен демалыс саласының дамуы;
  • көлік пен байланыстың дамуы;
  • жұмыспен қамту проблемасын шешу және жұмыссыздық пен кедейліктің деңгейін төмендету;
  • тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым мен көркейту ісін дамыту;
  • қоршаған ортаны жақсарту;
  • қоғамдық жұмыстардың дамуы;
  • халықтың әлеуметтік қорғауды дамыту бағдарламалары;
  • құқық қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Аймақ деңгейіндегі стратегиялық жоспарлау - аймақтағы барлық ұйымдар мен олардың басшыларының ұжымдық күш - жігерінің нәтижесі. Сондықтан оны жүзеге асыру үшін жоспарлаушыларға аймақтық келешегін айқындауға мүмкіндік беретін механизмдер мен күш-жігерді қамтамасыз ететін тиісті ұйымдастыру алғы шарттары болуға тиіс.

Стратегиялық жоспарлаудың міндеті - аймақтын дамуы приоритеттер мен мақсаттарын анықтау, сондай-ақ дамуының міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік беретін ресурстарды бөлу.

Стратегиялық жоспарлау процесі үш бөлімнен құралады:

1. Мақсаттары, міндеттері, объектілері - аймақтың мақсат еткені.

2. Стратегияның амалдары - мақсатқа жеткізетін тиімді жолдары.

3. Құралдар - мақсатқа жету үшін кім, не, істеп жатыр, қашан, қандай ресурстары бар.

Басты мақсат - аймақ нені мақсат тұттады - мына мәселелерді шешуді талап етеді. Аймақ өз міндеттерін қандай жағдайда шешеді:

  • сыртқы жағдайлар: мүмкіндіктер мен проблемалар;
  • ішкі жағдайлар: әлді және әлсіз тұстары.

Приоритетті міндеттер мен оперативтік мақсаттар: сол мақсат пен сол жағдайда міндеттерді қандай шектеулі санын орындау және қандай тактикалық мақсатқа жету керек?

Стратегия: мақсатқа жеткізетін амалдарды таңдап алу.

Іс-әрекеттердің жоспары /тактика/: алдыға қойылған мақсатқа жеткізетін жұмысты ұйымдастыру.

Орындалуын бағалау: мониторинг ұйымдастыру және нәтижелер қойылған мақсаттардан өзгешеленетін болса іс-әрекеттерді анықтауын қайта қарау.

Стратегиялық жоспарға мына бөлімдер кіру керек:

  1. Аймақтың бүгінгі таңдағы жағдайын бағалау.
  1. Мақсатты анықтау /миссияны/.
  1. Қызметтің приоритеттері.
  1. Жағдайлар және қойылған мақсатқа жету мүмкіндерін талдау.
  1. Ресурстар.
  1. Алдыға қойылған мақсаттарға жету стратегиясы.
  1. Жүзеге асыру кезеңдері.
  1. Іс-әрекеттер жоспары.

«Бүгінгі таңдағы жағдайын бағалау бөлімінде аймақтың экономикасына баға беру қажет: кәсіпорындарың қаржы жағдайы, бюджеті, әлеуметтік саласы, құқық және т. т. Баға нақты қалыптасқан жағдайды көрсетуге тиіс.

Миссия /басты мақсат/ аймақтық дамудың мақсаттары мен стратегиясын анықтау үшін бағыттармен бейімделулерді қамтамасыз етеді. Мысалы, экономиканың тұрақты дамуы негізінде аймақ халқының тұрмысын арттыру.

Миссия негізінде аймақ ресурстары шоғырлануға тиіс қызметтің приоритеттерін белгілеп алуға тиіс.

Приоритеттердің саны 3-5, ал кейбір аймақтарда 7 аспауға тиіс. 3 приоритеттің болуы - тиімді олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Приоритеттерді белгілеу мақсатты болып қойылған бастапқы жағдайларға - ресурстар және талдау - баға берумен тығыз байланыста болуға тиіс.

Талдау барысында әзірлеу кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайларды жүйеге келтіріп, стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға ықпал ететін әлсіз және әлді тұстарды, кемшіліктер мен мүмкіндіктерді айқындау керек.

«Ішкі талдау. Әлді және әлсіз тұстары» тарауында аймақтардың әлді және әлсіз тұстарын айқын суреттелуі тиіс.

1998-2000жж. аймақтық стратегиялық жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды аудандардың қызмет саласы көптүрлі болады және жіктеуге келмейді.

  1. Стратегиялық жоспарлаудың мүмкіндіктері, әлсіз және басым жақтары.

Сонымен қатар стратегиялық жоспардың тарауы бойынша сипаттамалар жиынтығы ұсынылады.

Әлді тұстарына;

  • реформалардың аймақта өтуі және нәтижелігі;
  • сыртқы ортадан тәуелділігі төмен, өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
  • қолдау және бағалар жөніндегі артықшылықтар /оны мүмкіндіктер бойынша да көрсетуге болады/;
  • тиісті құқықтық және нормативтік қамтамасыз ету;
  • мықты менеджмент;
  • кәсіби шеберлігі жоғары және жақсы ұйымдастырылған басқару аппараты;
  • интеллектуалды ресурстар мен ғылыммен қамтамасыз етілуі;
  • ресурстардың қажетті мөлшері және қорды жұмылдыру /жер, су, қаржы және т. т. /;
  • жеткілікті деңгейдегі әлеуметтік қызметтер және т. б. жатады.

Әлсіз тұстары - ол:

  • айқын стратегиялардың немесе жоспарлардың болмауы салдарынан реформалардың баяу жүруі;
  • аппараттың нашар ұйымдастырылуы және кәсіби деңгейінің төмен болуы;
  • құқықтық негізінің әлсіз болуы;
  • апаратпен нашар қамтамасыз етілуі;
  • технологиялар деңгейінің төмен болуы;
  • экологиялық проблемалар;
  • көлік пен коммуникациялардың дамымағандығы.

Егер әлсіз және әлді тұстарды талдау барысында басты назар аймақтың ішкі факторларына аударылатын болса, онда мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалағанда аймақтың сыртқы факторларына назар аударылуы тиіс.

Мүмкіндіктер мен қауіптер қатарында мысал ретінде мынаны атауға болады /осы тізбе толық, міндетті емес/.

Мүмкіндіктер:

  • табиғи ресурстардың болуы /жер, су, пайдалы қазындылар және т. б. /;
  • басқа аймақтармен бірігу;
  • жергілікті жерде баға мен шығындарды азайту мүмкіндігі;
  • мемлекеттің қолдауы;
  • күшті қоғамдық келісімді ұйымдастыру;
  • аймақтың дамуына қоғамдағы жағымды өң тенденцияларының ықпалы;
  • сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін өндірістің болуы /ұйымдастыру мүмкіндігі/;
  • көлік пен коммуникациялық қолайлылығы;
  • халықты қамтамасыз ететін жергілікті өндірістерді, қоғамдық жұмыстарды қызмет салаларын арттыру.

Қауіптер:

  • оппоненттер тарапынан қысым;
  • ресурстардың жоқтығы /жеткіліксіздігі/;
  • сыртқы нарықтардың жабықтығы;
  • ішкі және сыртқы нарықтарды жоғалту қауіпі және т. т.

Осы стратегиялар приоритеттерері бойынша ал алдыға қойылған ақ мақсаттарға неғұрлым тез жеткісізетінен бастап орындалу мүмкіндігі төменіеніне қарай тізіледі. Әдетте, мүмкіндігі жоғары стратегиялар қомақты қаржы ресурстарын талап етеді және энеергияны, уақытты, саяси басқару мен энтузиазмды аз талап етеді.

Ресурстар болмаса ешқандай стратегия жүзеге аспайды, және ең аллдымен, қаржы ресурстары. Нақты орындалатынын стратегияларды таңдап алу мақсатымен стратегиялар мен ресурстар матрицасы құрылады.

Стратегиялардың әрқайсысы қаржы ресурстары мен резервтері көлемін анықтау үшіні жан-жақты қаржы талдауынан өтеді. Қ. ажетті ресурстар әдетте операциялық /ағымымдағы/ шығындар және де даму үшін қажет инвестициялық қаржыны /күрделі/, өсіру, ұдайы өндірісі деп бөлінеді.

Оперативтік мақсаттар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызметтегі стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
Стратегиялық жоспарлау мәні
Бюджетаралық қатынастар
Шағын бизнес және оның құрылуы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі
Қазақстан тұқтылық және жаңару жолдары
Жоба ұғымының анықтамасы
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Бизнес - жоспарды жасау дәне оның нарық жағдайындағы қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz