Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі



1. Ежелгі дәуір тіл білімі
2. Араб тіл білімі дамуы
3. Араб тіл білімінің грамматикасы.
4. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі – атау, ат қою теориясы да, екіншісі – грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.
Мұның біріншісінде – зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер – философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология – герк сөзі, мағынасы – сөзді сүю).
Қытай – мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған.
1. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007
2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа., 2008
3. Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын, 2008
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011
5. Рамазанова, Ш. Қазақ тілі: оқу құралы / Ш. Рамазанова; Әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық университеті. – А: Қазақ университеті, 2012
6. Исаев , С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі

Орындаған: Тарпамбай Ә.С
Тексерген: Самекбаева Эльмира Мақсұтқызы
Қя-319 с

Семей-2015 ж

Жоспар
1. Ежелгі дәуір тіл білімі
2. Араб тіл білімі дамуы
3. Араб тіл білімінің грамматикасы.
4. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология - герк сөзі, мағынасы - сөзді сүю).
Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы).
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі - көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі - иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі - фонология.
Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған Веда деп аталатын жазба ескерткіштері болған.
Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІҮ ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын ҮІІ-ХІІ ғасырлар шамасы.
Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтіи Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер.
Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған.
Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі - Сибавейхи), әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөлді. Арабтар тіл білімінде өзіндік тың жол салған пікірлер айтқан. Араб тіл ғалымдарының тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдері де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан өзгеше болды, өзіндік дәстүр қалыптастырды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын Құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де, көп жағдайда, сөйлеу тілі нормасына сүйенеді, соны зерттеді. Бұл Ежелгі дәуір тіл ғылымының ешқайсысында да кездеспеген жаңалық.
Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған "Ал китаб" деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. Араб тіл ғалымдары қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған Еврей тіл ғылымына да елеулі әсерін тигізген. Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Әл-Фируза-бади деген лингвисі "Хомус" (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған. Араб тілді ғалымдар М. Қашқари сөздігінен кейін де бірсыпыра сөздіктер, грамматикалық еңбектер жазып қалдырған.
Тілдің даму тарихы сол елдің тарихымен тығыз байланысты болуы тиіс. Бұл оймызды мына пікірмен қуаттаймыз: История языка и история народа переплетаются самым тестным образом. Язык должен изучаться в неразрывной связи с исторей народа, которому принадлежит данный язык..
Араб тіл білімі дамуы дінмен байланысты. Құранды зерттеп, мұсылман халықтарына насихаттаудан басталады. Араб лингвистикасы өз бастауы VII ғасырдан алады. Осы тұста Араб жерлері халифатқа бірігіп, ислам діні күллі Орта Азияға таралды.
Дәстүрлі араб тіл білімі теория ретінде басрлық (Басра қаласы), куфалық (Куфа қаласы), бағдаттық (Бағдат қаласы), анадолы (Испания) және сирия-мысырлық мектептерде қалыптасты. Басра мен Куфа мектептерінің арасында араб тіл білімінің грамматикасы жөнінде өткір полемикалар болды. Басра өкілдері классикалық Құран тілін қолдаса, Куфалықтар синтаксис саласында біраз өзгерістер мен түзетулерді қалады. Кейін уақыт өте келе Араб халифатының мәдени орталығы Бағдатқа ойысты. Бағдаттық грамматика зерттеулерінде алғашында Куфа мектебінің қағидалары үстемдік етсе, кейін Басралық мектептің ұстанымдары келді.
Араб тіл білімінің дамуына тек қана араб елінің үлесінде болмады. Сонымен қатар халифат құрамына кірген елдердің мәдениеттің дамуына белгілі бір деңгейде өз ықпалын тигізді. Арабская культура явилась результатом активного взаимодействия многих цивилизованных народов халифата, которые восприняли язык как орудие культурного творчества. Соның ішінде араб ғалымдарының басым көпшілігі араб емес. Араб халифатында ғылым мен мәдениеттің ең дамыған алтын дәуірі Аббаситтер билеген дәуірге сай келеді. Ағылшынның атақты шығыс зерттеуші ғалымы Е.Браунның көрсетуінше, осы дәуірде дүниеге танылған 45 араб ғалымдарының 30-ның ұлты араб емес, басқа халықтардың өкілдері болған. Міне, араб тіл білімі дамуына үлес қосқан түркілік ғалымдар жайында сөз болмақ.
Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Нәсір әл-Фараби. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі жайлы
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Ежелгі Кытай тіл білімі
Ежелгі дәуір тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Пәндер