Платонның жан мен тән туралы ұғымы


Платонның жан мен тән туралы ұғым.
Платон (көне грекше: Πλάτων, б. з. д. 427 - 347) - ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі - Аристокл.
Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды. Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі. Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі.
Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.
Жан - адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік. Жанның заттық қасиеттері жоқ болғандықтан, оны ғылым жолмен тану мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан жан туралы дінде, мифологияда, философияда әртүрлі түсініктер қалыптасқан. Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы - Құдай. Бұл барлық діндерге ортақ түсінік. Демек жан иесі - Құдай. Ислам философиясында жан- Алланың нұры немесе Алланың нұрынан жан пайда болады. Қалай болғанда да жан адамға қатысты емес, ол Алла әмірімен болатын іс. Жанның тәнге тұрақтаған кезі “жалған” өмір болса, тәннен бөлініп “ұшып” кеткен соң, ол “мәңгілік”. О дүниеде жаратушы сұрақтарына жауап беретін де жан Философия тарихында жан туралы көптеген ғұламалар пікір айтқан. Аристотель жан тәннің формасы деген. Грек философы Плотин жан тәннің формасы емес, ол - ақыл иесі дейді. Оның айтуынша ақыл тәнде емес, жанда. ибн Сина өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген. ибн Сина дүниетанымында ақылсыз жан деген - түйсік, яғни хайуандар жаны, ал ақылды жан иесі - адам. Мұндай жағдайда өсімдік жанның хайуан жанына, одан адам жанына өтуі, немесе керісінше болуы мүмкін емес. Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы будда дініндегі түсінік қалыптасты Жан мифологияда, көркем өнерде түрлі образдарға негіз болған.
Жанның мәңгілігі;
Жанның даралығы, жан туралы жазушылар оның даралығын мойындайды.
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «ди-алектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырды. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталды. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі - Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
Платонның пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағыныштықатынастарда болады.
Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т. б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1) себептілік; 2) заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; 3) заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - «хораны» (материя) кіргізді. Хора-материя - көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті.
Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол - бейболмыстың бір түрі. Матери көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз - от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материялық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады.
Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух немесе космос рухы Жан - бар нәрсеге тән, тіпті өсімдік, жануар, тасқа, сол сияқты өлген денеге де, бірақ онда жанның аз бөлігі ғана болады. Демокриттің ойынша ауру негізінен атомдар өлшемінің өзгеруінің ұшырауынан болатын құбылыс деген. Сезім органдарында ұсақ атомдар сыртқы әлемге жақын келеді, сондықтан да олар сыртқы қабылдауға үйір келеді. Әсіресе жеңіл не ауыр атомдардың жақсы қатынастары мида, олар жоғары жан қызметінің орны, яғни танымдылық қабілетін көрсетеді. өте жақсы сезім тудыратын орган жүрек, жаугершілік және қалау сезімдерін тудырушы - өкпе деген. Осылайша Демокрит жанға табиғи түсініктеме берген. Мұнда жан алғашқы принцип емес, дене құрылымының өнімі ретінде. Ол денеден тыс өмір сүре алмайды. Антикалық материализм жан тек қана денемен бірлес емес, сонымен қатар өзі дене болып келеді дейді
Платонның айтуы бойынша жан қандайда бір денемен байланысқа түспек бұрын бар болады. Ол өзінің алғашқы ретті жағдайында әсемдік жанның бөлігін құрайды, кеңістікке айнала отырып мәңгілік идеяларды бөліп, ол жерде шындық пен бар болу бірігіп, тіріні өлтіруге кіріседі. Сондықтан да жан табиғаты идеялар табиғатымен бірлес. Платонның ойынша жан тәннен өте жоғары сондықтан аяқсыз оған барлығын жүргізе алады, ал тән оның қозғалыстарына бас июі керек. Тән өздігінен өте пассивті сондықтан ол бар шындықты тек рухани бастамадан ала алады. Сонымен қатар жан мен тәннің байланысы жайлы айтады: олар бір біріне сәйкес келу керек дейді. Платон бойынша адам жанының үш бастамасы бар. Алғашқысы жануар және өсімдікке тән. Бұл дұрыс емес бастама. Осы қасиетке ие барлық тіршілік иесі өзінің де тәндік қасиеттілігін рахаттандыруға тырысады: мақсатқа жеткенде рахатты сезінеді, ал жетпесе қайғырысқа ұшырайды. Негізінде осы жанның бөлігінен адамдар ғашық болады, қарны ашады, шөлдейді т. б. әрбір адам жанның көп бөлшегін алады. Басқа ақылды бөлігі жаугершілік бастамаға қарсы келеді. Ал үшінші бастама- ызалы жан. Осы бөлікпен адам ашуланады, дірілдейді, ол өзінің жақсы ұмтылыстарынан бас тартады тек қана өздігіне жету үшін немесе өлу үшін. Ақыл-ой бастамасына бұйрық берер кезде осы жан бөліктерінің барлығы бірлескен болуы керек. Осы гармонияның бұзылуы қайғыруға әкеп соғады да, олардың қайта орнына келуі - рахаттануды тудырады. Платонның дене өлгеннен кейінгі жанның тағдыры туралы түсінігі мәндік этикалық формада және мемлекеттік-педогогикалық мақсатта болып келеді. өмір сүре отырып адамдар адам өлгеннен кейін жан тәнге жауапты екеніне сенуі керек. Жанның өлшейтін деген идеясында тағы да бір мағына бар, ол рухани тіршілік адаммен бірге өлмейді, ол мәңгі. Ақыл - ой немесе ақыл идеялардың қандай да бір сезімнен айрылуы. Осы жерде Платон ғылымға, диалектика түсінігін енгізген. Диалектика термині түсініктер арқылы тануды айтады. Осы процесті Платон талқылау деп атаған және оны іштегі бір белгісіз адаммен диалог деген. Ол жан ойлау арқылы талқылайды, өзінен өзі сұрайды және соған дұрыс не келіспей жауап береді деген. Қабылданатын обьект жайлы идея болмайды, олар тек идеялардың копиясы, себебі идеялар мен түйсік бөлшегінің нағыз көзі бола алмайды. Платон бойынша біз сыртқы әсерлер сияқты оларды оймен ұстап аламыз. Оларға керегін, яғни көз бізге ең шын болып келетін идеяны ұстап алуға керек болуы мүмкін, себебі біздің жанның аспанда көргенін ұмытып қалуға себепкер болады. Платон бойынша еске түсіру термині мынадай мағынада қолданылады, яғни оны ес процесі ретінде қарайды. Оның суреттеуінде ассоцияция механизміне жүгінеді. Егер бір заттың түрі саған басқа бір заттың түрін еске түсіретін болса ол еске
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz