Жоғары оқу орындарында кәсіби-қатысымдық қазақ тілін оқытудың маңызы мен міндеттері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

БӨЖ №2

Тақырыбы: Кәсіби қазақ тілінің маңызы мен міндеттері

Орындыған: Попова А. В.

Т-312

Тексерген: Ахметова Г. С.

Семей 2015ж.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті, білікті, білімді мамандарды даярлау талабы бірінші кезекте тұр. Мемлекеттік тілді білу, оны өз қызмет әрекетіне қарай қолдана білу құзыреті болашақ маманға қойылар талаптардың бірі болмақ. Осы мақсатта бүгінде көптеген игі шаралар атқарылуда. Тілді меңгерту үлгілері жетілдіріліп, жаңғыртылуда.

«Кәсіби қазақ тілі» пәні инновациялық технологияны кең қолдану мақсатында модульдық оқыту жүйесіне сәйкес жүргізіледі. «Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқып-меңгерудің алдында студент «қазақ тілі» пәнін оқып-үйренуі керек, содан кейін модульдық оқыту жүйесі бойынша «кәсіби қазақ тілі» пәнін оқып үйренеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл пәнді жүргізу филолог мамандардың құзырында болғаны жөн. Өйткені, оқытушы маман тіліміздің құдіреттілігіне, шын мәніндегі қасиет тұтар ерекшеліктері - лексикалық ұшан-теңіз байлығына, сан қырлы сөз өрнектерінің сырына, әр сөздің ажарын ашып көрсететін әсем әуеніне, әдеби, көркем, кәсіби сөз құрудағы мол мүмкіндігіне көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар санаулы сөзге салмақты ой сыйдырған арыстарымыздың тапқыр ой, тамаша сөз қолданыстарының інжу-маржанын теру арқылы халқымыздың тарихы, шежіресі, рухани өмірінің үні тілімізді түлетіп, оның әлеуметтік қыз¬метінің кең аясын таныта білуі керек.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің негізгі мақсаты - ком¬муникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құ¬¬зыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын то¬лық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби¬бағдарлы дайындығын қамтамасыз ету болғандықтан, бұл пәнді жоғары оқу орындарында қазақ тілі маманы жүргізуі тиіс.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ КӘСІБИ-ҚАТЫСЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ

Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада тілтанымдық-қатысымдық бағытта үйрету мәселесі, ең алдымен, сөйлесім әрекеті және оның түрлерімен тығыз байланысты. Қазақ тілін меңгерту мәселесіне қатысты сөйлесім әрекетін, оның жеке түрлерін зерттеп, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен тілді меңгерудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, айқындау - қазіргі көкейкесті проблема. Тіл объективті дүние туралы ақпараттың басты құралы екені, қоғам тіршілігіндегі түрлі мемлекеттік қызметтерді: заң қызметін, ғылым қызметін, білім қызметін және ұлтаралық келісім қызметін жүргізіп, жүзеге асыруға арналғандығы адамзат өркениетімен айқындалды.

ХХІ ғасырдың 90-жылдары басынан экономика, саясат, әлеумет салаларында болып жатқан күрделі өзгерістер де өз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім - адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп студентсы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады. «Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі - білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету». Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Сондықтан,

Айтылым үдерісі бойынша:

• әңгімелесу кезінде байланыс орната білу және оны іске асыру;

• ақпаратты хабарлау және оны сұрау;

• серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту;

• пікірін білдіре отырып, серіктесінің жауап қайтару реакциясын туғызу;

• студенттің пікірін қалыптастырып, серіктесінің жауап қайтаруын сұрау;

• әңгімелесу кезінде белгілі бір жағдайларға қатысты көңіл-күйін білу, досының көңіл-күйін білу.

Оқылым үдерісі бойынша:

• мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп оқу;

• мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу;

• мәтіннен керекті не өзін қызықтыратын ақпаратты таңдап оқу.

Тыңдалым үдерісі бойынша:

• күнделікті қарым-қатынас жасау кезіндегі қажетті әдеби-сөйлеу тілін түсіне білу,

• әңгіменің мақсаты не туралы екенін анықтау, түсінбей қалған жағдайда таныс емес сөздердің мағынасын қайталап сұрау арқылы сөйлемді толықтай ұғыну;

• әр түрлі хабарламаларды мәтіндерді есту арқылы түсіну.

Жазылым үдерісі бойынша:

• өз ойын, пікірін, көзқарасын сауатты жаза білу;

• мерекелерге арнап қысқаша құттықтаулар жазу, өзінің тілектерін білдіру;

• сауалнама, бланкілерді, т. б. толтыруды игерту;

• хат, жеделхат, резюме жазуды меңгерту, т. б.

Студенттердің қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыруда басқа да құзіреттіліктерге назар аударған жөн. Бұл оқыту үдерісінде оларды әлеуметтендіруге, олардың танымдық қабілеттерінің дамыту жолдарын, студенттің өмірлік жағдаяттарда тілдік қатысымға түсу түрткілері мен қажетіліктерін түсінуге жәрдемдеседі.

Қазақ тілін оқытуда тілдік құзіреттілігін қалыптастыру маңызды.

Тілдік құзіреттілік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаттары, міндеттері мен құзыреттері
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері
Кәсіби қазақ тілін оқыту: маңызы, міндеттері және әдістемелік ұстанымдары
Жоғары оқу орындарында қазақ диалектологиясын модульдік технология арқылы оқытудың әдістемелік негіздері мен тиімділігі
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуда технологиялық картаны қолданудың әдістемелік негіздері
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы арқылы жоғары оқу орындарында студент тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері мен қатысымдық құзыреттілік моделі
Жоғары оқу орындарында педагогиканы оқытудың әдіснамасы мен әдістемесі
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялық түрде оқыту әдістемесі
Жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұндық-құрылымдық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz