Ауа өткізгіштердің есептелуі және таңдалуы



1. Ауа өткізгіштердің есептелуі және таңдалуы.
2. Ауаны жинауға (соруға) және тазартуға қойылатын талап.
3. Құбыр өткізгіштерді (ауа құбырлары, газ құбырлары) және
ыдыстарды техникалық куәландыру.
1. Компрессормен ауаны жинау (сору) компрессор станциясы ғимаратының сыртында жер деңгейінен кемінде 3 метр биіктікте газсыздандырылған және шаңсыздандырылған жақта күн радиациясы әсерінен қорғалған аймақта жүргізілуі тиіс.
2. Ауа сүзгілерімен жабдықталған өнімділігі 10 м3/мин (қоса алғанда) дейінгі ауа компрессорлары үшін ауаны соруды ғимараттан жүргізуге болады, бұл кезде сорылатын ауа құрамында шаң мен зиянды газдар болмайды.
3. Ауаны жинауды жылу шығарғыш құрылғылар маңайында жүргізуге жол берілмейді.
4. Сорылатын ауаны шаңнан тазалау үшін компрессордың соратын ауа құбыры атмосфералық шөгінділердің түсуінен қорғалған сүзгімен жабдықталады.
5. Сүзгі құрылғысының құрылымы бөлшектеу және тазалау үшін сүзгіге ыңғайлы және қауіпсіз қол жетерлікті қамтамасыз етілуі тиіс.
Компрессормен ауаны сору барысында сүзгі құрылғысының деформациялануына және дірілдеуіне жол берілмейді.
6. Бірнеше компрессор үшін жеке немесе жалпы сүзгі құрылғылары қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда әр компрессор үшін оны ортақ сору ауа ұбырынан сөндіру мүмкіншілігі (жөндеу жағдайында) қаралуы тиіс.
7. Сорылатын ауаның көп мөлшерде шаңдануы бар ұйымдар үшін компрессорлық қондырғылар жобалық құжаттамаға сәйкес сүзгілермен және басқа жабдықпен жабдықталады.
8. Барлық сүзгілер 1000 сағат жұмыс істегеннен кейін, бірақ екі айда бір реттен кем емес, жиналған шаңнан және қатты бөліктерден дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес тазартылады.
9. Сүзгіні тазарту үшін бензин, керосин және басқа да жанатын сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді.
10. Сүзгі торларын тазалау және майлау кезегімен жүргізіледі, әр торды тазалау арасындағы толық кезең 1000 сағаттан аспайтын уақыт аралығымен.
11. Құрғақ ауа сүзгілері сүзгілерді дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес тазартылады.
12. Шеткі тоңазытқыштармен жарақталған компрессорлар тоңазытқыш және ауа жинағыш арасындағы құбыр өткізгіштерде май ылғал айырғыштармен жабдықталады. Шеткі тоңазытқышты және май ылғал айырғышты бір аппаратта бірге орнатуға болады.
13. Тереңнен кептірілген ауаны пайдалану кезінде, шеткі тоңазытқыштардан басқа, компрессорлар кептіру қондырғыларымен жабдықталады. Тоңазытқыш қондырғылар көмегімен ылғалды қатыру әдісімен жұмыс істейтін кептіру қондырғылары компрессорлық қондырғылардан оқшауланған жайларда орналастырылуы тиіс.
1.Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
3.УМКД
4. Интернет желісі.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: Ауа өткізгіштердің есептелуі және таңдалуы

Орындағандар: Тоқаева Н.
Тексерген: Кабулов Б.Б

Семей қ.

Жоспар:
1. Ауа өткізгіштердің есептелуі және таңдалуы.
2. Ауаны жинауға (соруға) және тазартуға қойылатын талап.
3. Құбыр өткізгіштерді (ауа құбырлары, газ құбырлары) және
ыдыстарды техникалық куәландыру.

Ауаны жинауға (соруға) және тазартуға қойылатын талап
1. Компрессормен ауаны жинау (сору) компрессор станциясы ғимаратының сыртында жер деңгейінен кемінде 3 метр биіктікте газсыздандырылған және шаңсыздандырылған жақта күн радиациясы әсерінен қорғалған аймақта жүргізілуі тиіс.
2. Ауа сүзгілерімен жабдықталған өнімділігі 10 м3мин (қоса алғанда) дейінгі ауа компрессорлары үшін ауаны соруды ғимараттан жүргізуге болады, бұл кезде сорылатын ауа құрамында шаң мен зиянды газдар болмайды.
3. Ауаны жинауды жылу шығарғыш құрылғылар маңайында жүргізуге жол берілмейді.
4. Сорылатын ауаны шаңнан тазалау үшін компрессордың соратын ауа құбыры атмосфералық шөгінділердің түсуінен қорғалған сүзгімен жабдықталады.
5. Сүзгі құрылғысының құрылымы бөлшектеу және тазалау үшін сүзгіге ыңғайлы және қауіпсіз қол жетерлікті қамтамасыз етілуі тиіс.
Компрессормен ауаны сору барысында сүзгі құрылғысының деформациялануына және дірілдеуіне жол берілмейді.
6. Бірнеше компрессор үшін жеке немесе жалпы сүзгі құрылғылары қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда әр компрессор үшін оны ортақ сору ауа ұбырынан сөндіру мүмкіншілігі (жөндеу жағдайында) қаралуы тиіс.
7. Сорылатын ауаның көп мөлшерде шаңдануы бар ұйымдар үшін компрессорлық қондырғылар жобалық құжаттамаға сәйкес сүзгілермен және басқа жабдықпен жабдықталады.
8. Барлық сүзгілер 1000 сағат жұмыс істегеннен кейін, бірақ екі айда бір реттен кем емес, жиналған шаңнан және қатты бөліктерден дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес тазартылады.
9. Сүзгіні тазарту үшін бензин, керосин және басқа да жанатын сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді.
10. Сүзгі торларын тазалау және майлау кезегімен жүргізіледі, әр торды тазалау арасындағы толық кезең 1000 сағаттан аспайтын уақыт аралығымен.
11. Құрғақ ауа сүзгілері сүзгілерді дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес тазартылады.
12. Шеткі тоңазытқыштармен жарақталған компрессорлар тоңазытқыш және ауа жинағыш арасындағы құбыр өткізгіштерде май ылғал айырғыштармен жабдықталады. Шеткі тоңазытқышты және май ылғал айырғышты бір аппаратта бірге орнатуға болады.
13. Тереңнен кептірілген ауаны пайдалану кезінде, шеткі тоңазытқыштардан басқа, компрессорлар кептіру қондырғыларымен жабдықталады. Тоңазытқыш қондырғылар көмегімен ылғалды қатыру әдісімен жұмыс істейтін кептіру қондырғылары компрессорлық қондырғылардан оқшауланған жайларда орналастырылуы тиіс.
14. Ылғалды қатты сорбенттермен жұту әдісімен және уытты емес және жарылу қауіпті емес хладагенттерді пайдаланумен жұмыс істейтін кептіру қондырғыларын компрессорлық қондырғының машина залында орналастыруға болады.
15. Компрессорлық қондырғыда сығылған ауа немесе газдың қысым соққысын тегістеу үшін ауа жинағыштар немесе газ жинағыштар (буферлік ыдыстар) қарастырылады.
16. Ауа жинағыш немесе газ жинағыш компрессорлық қондырғы ғимаратынан тыс іргетаста орнатылуы және қоршалуы тиіс.
17. Ауа жинағыштар арасындағы ара қашықтық кемінде 1,5 метр, ал ауа жинағыштар мен ғимарат қабырғасы арасында кемінде 1 метр болуы тиіс.
18. Ауа жинағыш қоршауы жол немесе өткел жағына ауа жинағыштан кемінде 2 метр ара қашықтықта орналасуы тиіс.
19. Май ылғал айырғыштарды және ауа жинағыштарды үрлеп тазарту кезінде жойылатын май және су өндірістік жай мен қоршаған аумақтың ластануын болдырмайтын жабдықталған құрылғыға (жинағышқа) жіберіледі.

Құбыр өткізгіштерді (ауа құбырлары, газ құбырлары) және
ыдыстарды техникалық куәландыру
1.Ыдыстар мен құбыр өткізгіштер оларды пайдалану барасында мынадай техникалық куәландырудан өтуі керек:
1) сыртқы қарау;
2) ішкі қарау (пайдалану барысында);
3) гидравликалық сынау.
Техникалық куәландыруды жүргізу көлемі, әдістері және кезеңділігі Үкіметтің қаулысымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
2. Ыдыс немесе құбыр өткізгіш оларды кезекті техникалық куәландырудан өткізу үшін паспорттарында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс.
3. Жаңадан монтаждалған айдау құбыр өткізгішін сыртқы бақылау кезінде жобаға сәйкестігі тексерілуі тиіс: тіректер, компенсаторлар, арматура, құю, үрлеу және дренаж құрылғысы, бақылау-өлшеу құралдары, сақтандыру құрылғылары және тағы сол сияқты орналасуы.
4. Барлық пісіру қосылыстары қаралуы керек. Қарау кезінде мынадай беттік ақаулар анықталуы мүмкін: жарықшақтар, жырықтар, тіліктер, күйіктер, пісірілмей қалған кратерлер, шикі пісірілімдер, кеуектілік, сынықтар және жалғанатын элементтер осьтерінің перпендикуляр болмауы, жиектердің ығысуы, тігіс формалары өлшемдерінің жобалау өлшемдерінен ауытқуы және басқа да технологиялық ақаулар.
5. Пісірілген қосылыстардың сапасын бақылау әдістері, көлемі және кезеңділігі (бақылаудың бұзылмайтын әдістері, механикалық сынақтар, металлографиялық зерттеулер) жобалау ұйымымен анықталады және компрессорлық станция жобасында көрсетіледі.
6. Жаңадан монтаждалған құбыр өткізгіштер оқшаулауды салғанға дейін сыртқы және ішкі бақылаудан және гидравликалық сынаудан өтуі тиіс.
7. Компрессорлық қондырғыны пайдалану барысында ашық тәсілмен немесе өту және жартылай өту арналарында төселген құбыр өткізгіштерді кезеңдік сыртқы бақылау оқшауландырғышты таңдап аршумен жүргізілуі тиіс.
8. Компрессорлық қондырғыны кезеңдік сыртқы бақылау кезінде мыналар тексеріледі:
1) компрессор мен электр қозғалтқышының күйі;
2) электр аппаратурасы және жермен тұйықталуы;
3) майлау және суыту жүйесінің ақаусыздығы;
4) аралық және шеткі тоңазытқыштар, ыдыстар (май ылғал айырғыштар, ауа жинағыштар, газ жинағыштар);
5) айдау құбыр өткізгіштері (ауа құбырлары, газ құбырлары);
6) үрлеу және дренаж құрылғылары;
7) бақылау-өлшеу құралдары, автоматты бақылау, басқару, дабыл беру, қорғаныс құралдары;
8) сақтандыру және кері клапандар;
9) бекіту және реттеу арматурасы (вентильдер, ысырмалар, крандар);
10) бұрандалы қосылыстарды тарту дәрежесі;
11) ернемек және бұрандалы қосылыстардың ақаусыздығы (термометрлер үшін гильзалар орнату, манометрлер, үш жүрісті крандар және тағы сол сияқтыларды жалғау);
12) техникалық құжаттар және олардың құрамы (паспорттар, өндірістік бақылау туралы ереже, журналдар, сұлбалар, актілер, сызбалар, хаттамалар және тағы сол сияқтылар).
9. Егер сыртқы қарау кезінде адамдар өміріне қауіп төндіретін ақаулар немесе осы қағидаларды және Үкіметтің қаулысымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бұзулар анықталса, онда компрессорды тоқтату керек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барабанды қазандықтың сипаттамасы
Кәсіпорындағы газ тасымалдау компрессорлық станцияларын автоматтандыру, бақыланатын сигналданатын параметрлерді таңдау, автоматтандыру құралдарына спецификация құру, тарылту құралғысының көмегімен газ шығынын есептеу
Ағынды желдетуді қосу
Металлургиялық зауытының электр жүйесі
Ғимараттағы ауа алмасу процесін автоматтандыру жүйесін жобалау
Канализациялық сорап стансасын автоматтандыру
LTE технологиясы көмегімен ұялы байланысты ұйымдастыру
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Радиоэлектронды бақылауыш модулі
«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де №3 цехының электрлік желілерін құрылымдау үшін электрмен жабдықтау жүйесін жасау»
Пәндер