Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Филология факультеті

Казақ әдебиеті кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: “Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы ”

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Қорғауға жіберілді

Кафедра менгерушісі:

«»20__ж

Мазмұны

І Кіріспе3 -7

Бірінші тарау:

«Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат» шығармаларының жанрлық сипаты 8-37

  1. «Үміт үзгім келмейді» хикаят - монологының сюжеттік-композициялық желісі
  2. «Ұлыма хат» эссесінің сюжеттік- композициялық желісі
  3. «Үміт үзгім келмейді » хикаят-монологындағы көтерілген проблемалар.

Екінші тарау:

«Үміт үзгім келмейді » хикаят - монологындағы образдар жүйесі. 38-65

  1. Автордың (Ержанның) өз бейнесі.
  2. Дәрігерлер бейнесі.
  3. Ақылбек пен Мейіркүлдің махаббат хикаясы.
  4. Бәкір бейнесі.
  5. Ержан достарының бейнесі.

ІІІ Қорытынды66-67

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 68-69

І Кіріспе

Зертеу жұмысының өзектілігі.

Немат Келімбетов - түрколог, ғалым, ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер, шебер аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың иегері. Түрколог ғалым сақтар мен ғұндар дәуірінің әдеби жәдігерліктерін тілдік, модельдік, әдеби, тарихи тұрғыдан терең зерттеу арқылы қазақ әдебиетінің қайнар бастаулары осыдан 27 ғасыр бұрын ғұмыр-кешкен сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген әдеби туындыларда жатқанын дәлелдеп берді. Бұл сөзімізге ақынның әр жылдары жарық көрген «Шәді ақын» (1974), «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» атты т. б. ғылыми еңбектері айғақ бола алады. Сондай-ақ Н. Келімбетов қаламынан көптеген көркем әдеби шығармалар туды. «Үміт үзгім келмейді», «Жарлы емеспін, зарлымын», «Ұлыма хат», «Қариялар» шығармаларында жарық дүниеге құштарлығын, ел мен халыққа деген махаббатын, ұлттық рух пен ұлттық құндылықтар, адамзаттық, азаматтық асыл мақсат-мұраттар туралы сөз болады.

Ол біраз уақыт көркем аударма жасаумен де шұғылданды. Атап айтар болсақ, Леонид Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент», (повесть, Алматы, 1977), Украин қаламгері Василь Козаченконың «Найзағай», (повесть, Алматы, 1979 ж), өзбек жазушылары Саид Ахмадтың «Көкжиек» (роман өзбек тілінен аударылған), Пірімқұл Қадыровтын «Жұлдызды түндер» ( роман өзбек тілінен аударылған Алматы, 1986), романдарын қазақ тілінде сөйлетті. Бұл жайында филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Қасымова былай дейді:

“Немат Келімбетов - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы туралы және ежелгі дәуір жәдігерлері жайлы өте құнды да бағалы еңбектер жазған ғалым.

Немат Келімбетовтің тағы бір ерекшелігі - ол жазушылық қыры. Ол өз

өмірінде қиыншылықты көп көрген адам. Аударма жасады. Сондықтан оның өмірі жастарға үлгі болары хақ”.

Ғалым жазушы Немат Келімбетовтің өзі айтады: “Жазғанымыздың барлығын «іштен шыққан шұбар жылан» деп жатамыз ғой. Оған бөліп-жарып баға беру де қиын. Дегенмен «Ежелгі дәуір жәдігерліктері» деп аталатын зерттеуімнің жаңалығы көбірек болды-ау деп ойлаймын. Біз бұрын «Қазақ әдебиетенің қайнар бастаулары» түрік қағанаты тұсында өмірге келген «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» деп аталатын жырларда жатыр деп келдік. Соңғы жылдары түркология ғылымы едәуір алға басты. Сол ғылыми жетістіктердің арқасында тың пікірлер айтуға қол жеткіздік. VII ғасырда өмір сүрген ата-бабаларымыз - сақтардың «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр» сияқты қаһармандық дастандары алғашқы қалпына келтірдік. Сонымен қатар ғұндар дәуірінің «Атилла», «Көкбөрі», «Ер-гөнекен» секілді ерлік дастандарын да толықтырылған жаңа нұсқасын жасадық, ”-деп жазды

Шындығында солай сақтар мен ғұндар және көктүріктер дәуірінен бізге жеткен қаһармандық дастандар мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы мазмұндық, тілдік, стильдік т. б. ұқсастықтарды яғни көркемдік дәстүр жалғастығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шыққаны үшін Немат Келімбетовке «Филология ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі және «Күлтегін» атындағы сыйлық берілді.

Ташкент қаласындағы қазақ тілді «Дидар» телеарнасының аға редакторы Замира Жиенбаева айтады: Немат ағаның «Жарлы емеспін, зарлымын» атты хикаяты маған қатты әсер етті. Кітап авторымен кездесіп, сұхбаттассам деп армандадым. Бір күні «Немат Келімбетов Сарыағашта демалып жатыр екен» деген әңгімені құлағым шалды. Дереу түсіру тобын ұйымдастырып, Сарыағашқа жеттік. Аты аңызға айналған ата туралы 20 минуттық хабар жасадым. Эфирге шықпастан бұрын бастықтарым көрді. Олар өзбек ұлтынан

еді. «Замира, сен бұл хабарды эфирден бір емес, төрт рет көрсет. Өйткені бұл хабардың ұрпақ тәрбиелеуге тигізер әсер-ықпалы зор» деді. Солай болды да,

хабар эфирден өтісімен біздің редакция хаттың астында қалды. Телефон соғушылар да өте көп болды. Олардың бәрі хабарды қайталап көрсетуді сұрады. Сондай-ақ осы тәріздес хабарларды көбірек дайындау қажеттігін айтты. Сөйтіп, мен осы хабар арқылы бүкіл Өзбекстанға қазақтың кім екенін таныттым”.

Жазушы Немат Келімбетов айтады: « . . . Тағдырыма ризамын. Мен күн сайын қаламгер және ғалым ретінде ел кәдесіне жарағаныма, менің азды-көпті еңбегімді ел-жұртым ескеріп, бүгін мені соншалықты ұлықтап жатқанына, қазақ қауымына екі ұл, бес немере тәрбиелеп бергеніме, ұлдарымның елге танымал азаматтар болып, халқына қызмет етіп жүргеніне, өмірлік досыма, айналамдағы адамдарға бәріне ризамын». [17, 1-2] .

Зерттеу барысында Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасын сюжеттік- композициялық ерекшелігің талдау, жазушы қолтаңбасына тән ерекшелік, хикаят- монолог, эссесінде көтерілген проблемалар, имандылық, адамгершілік мәселелерін ашып көрсету өзекті орын алады.

Әдебиет көз алдыңда болып жатқанды бейнелі тілмен баяндайтын көркем жазылған күнделік емес. Ол-адамзаматтың әлі күнге көзін байлап келе жатқан беймәлімдік дүниесіне үздіксіз жасалып тұратын шабуыл. Ол не атымен белгісіз жайттарды паш етеді, не белгілі деп жүрген жайттардың атымен беймәлім, соңы қырларын ашып береді. Оның көркем әдеби мұрасы төл әдебиетіміздің пайымдық - парасаттық денгейін тереңдеткен көркемдік - бейнелеушілік денгейін биіктеткен сүбелі үлес болды.

Н. Келімбетов туындылары бүгінгі заманның ең зәру тебіреністерімен үстірт үндеспейді, тұнғиықтан жалғасып жаттатын жер асты ағындарындай әрі астарлы, әрі жұмбақты жүйелестік танытады.

Оқушысының аузына дайын ас ұсынбай, ойына тосын сауалдар ұялатып, жанын жаңа ізденістерге құлшынтады. Адамға адамнан жұмбақ ештеңе жоқ екенін ұқтырады.

Оған өз ұлытының күллі адамзатпен тарихи тағдырластығын, рухани өзектілігін жетік пайымдаған суреткер ғана жете алады. Н. Келімбетов бүгінгі әдебиетіміздегі сол өрге көтеріле алған сирек тұлғалардың бірі.

Суреткердің шығармаларын тақырыптық, идеялық тұрғыдан, сондай-ақ стильдік - көркемдік ерекшелігін жан-жақты танытудың өзі диплом жұмысының маңызын, мәнділігін көрсетпек.

Диплом жұмысының тақырыбы:

«Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы».

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Әрбір қаламгерді өзінше бір әлем десек, оның өзіндік ой тереңділігі, сөз саптау шеберлігі бар. Сол тылсымды тану талмай ізденуді, тапжылмай зертеуді талап етеді.

Ертіс пен Жайыққа, Алатау мен Алтайға бармаған адам қазақ жерін көрдім деп айта алмайтыны сияқты төл әдебиетіміздің Н. Келімбетовтей кемел суреткерінің құнарлы туындыларының тұнығы мен тұнғиығына бойламаған адам қазақ елін, қазақ ұлтын білдім деп айта алмасы хақ.

Дипалом жұмысының негізгі мақсаты- ұлыттық әдебиетімізде өзіндік дара қолтаңбасымен көрініп, прозаның дамуына үлкен үлес қосып жүрген Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасын сюжеттік- композициялық ерекшелігін талдап, мазмұны мен көркемдік құндылығын көрсету, жазушы стилінің өзіндік ерекшелігін айқындау.

Бұл мақсатты орындау үшін алдымызға төмендегі міндеттерді қойдық:

  1. Н. Келімбетовке қатысты материалдар мен деректер жинақтау.
  2. Жазушының тіл ерекшелігінг айқындау, стиліне тоқталу.
  3. Кейіпкерлер әлеміне талдау жасау, жазушының образ жасау

шеберлігін айқындау.

  1. Жазушы шығармашылығы жайлы жазылған пікір, сыни көзқарастарға талдау жасау, ой қорыту.
  2. Жазушының өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдерін саралау.

Зерттеудің дерек көздері:

Еңбекті жазу әрі тақырыпты ашу барысында біздің мақсатымызға сәйкес Н. Келімбетовтің туындыларына талдау жасап, тұжырым түйген баспа сөз беттерінде жарияланған Ә. Нүрпейісовтың, С. Елубайдың, Ә. Нұршайқовтың, Қ. Зарханқызының, З. Жиенбаеваның ғылыми мақалалары, З Қабдоловтың «Сөз өнері», Алпысбаевтың «Көркем шығарманы талдау жолдары», Н. Ғабдуллиннің «Уақыт сыры» деген енбектері пайдаланылды. Сонымен қатар мерзімді баспасөздер, ғылыми журналдар, ғаламтордағы материалдар қарастырылды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Зерттеу барысында талдау, жүйелеу, жинақтау, салыстыру әдістерін қолдандық.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тарау және қорытынды бөлімінен тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

Бірінші тарау

«Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат» шығармаларының жанрлық сипаты .

«Үміт үзгім келмейді» хикаят - монологы мен «Ұлыма хат» эссесі повесть жанрында жазылған эпикалық шығармалар. «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы бір адамның сөйлеуі, сыр шертуі жағынан баяндалады.

« . . . Сонау ауылдан анаңыз өмірден өтті деген хабар келгенде мен жұлын-омыртқама аса күрделі нейро-хирургиялық операция жасатып, төсекте шалажансар болып жатыр едім. Екі аяғым бірдей жансызданып, сал болып, екі қолымның саусақтары дірілдеп, әрең қимылдайтын, өмірден әлі дәмем болса да, қозғалуға дәрменім жоқ. Алыстағы ауыл түгілі, мені дәл мына күйімде осы қала ішіндегі ауруханаға «жедел жәрдем» машинасымен жеткізудің өзі қиямет еді. Алайда қазақ өлікті көп түнетпейді. Міне сол үшін мен анама дәл бүгін жетуім керек деген тас түйін шешімге келдім.

Ақыры мен шалқамнан жатқан күйімде «жедел жәрдем» машинасының зембіліне салып алып әуежайға жеткізді. Не керек сондағы жол азабы маған көр азабынан кем болған жоқ. Ақыры өлдім-талдым дегенде ауылға да жеттік. Анам марқұм табытта жатыр екен. Бетін жауып қойыпты. Туыстарым маған аранайы бөлме дайындаған екен. Алайда мен анамның жанына жатқызуды өтіндім. Сонан анамды жерлеуге алып кеткенше жанында болдым. Бала кезімде осылайша анамның жанында жатуды ұнатушы едім. Ал қазір біріміз табытта, біріміз табыт секілді зембілде жатырмыз. Арадағы бар айырмашылық мен сөйлеймін, анам үнсіз ұйықтап жатқан сияқты. Сол жылы мен анаммен емес, өмірімнің оралмас тұтас бір кезеңімен қоштасқандай болып қайттым. Тағдырыммен егескендей күйге түстім. Енді анам үшін де, өзім үшін де өмір сүргім келді. Өмір үшін, тіршілік үшін, бала-шағаны асырау үшін іштей тістеніп алып, қасірет кітабын жазуға кірістім. Менің «Үміт үзгім келмейді - монологым осылайша өмірге келген еді». [11, 1-2] .

Әдебиет атты киелі әлемге жазушының араласқан кезеңі әр түрлі аталғанымен, ол - өз заманының перзенті, яғни «суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болсын енжар, бейтарап қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Ендеше оның қаламынан туған шығармалар да бір емес,

бірнеше тақырыпқа жазылады, бір емес бірнеше проблемаға құрылады». [16, 106 ] .

Тақырып дегеннен шығады, тақырып пен идея диалектикалық бірлікте, яғни филосифиялық категория екені белгілі. Сондай-ақ тақырыптың үлкен-кішісі, жақсы не жаманы жоқ деп жатамыз. Дегенмен әр дәуірдің өз көркем шындығы бар. Жаңа заманға тән өзіндік эстетикалық идеалы болатыны тағы бар. Мәселен, кешегі Кеңес үкіметінің тұсындағы, тіпті, бүгінге дейін де, алдыңғы қатарда тұрған келелі мәселенің бірі де, осы тақырып болғаны мәлім. Жұмысшы табы, коллективтендіру, тың игеру, өндіріс т. б. күн тәртібінде тұрған тақырыптар туралы жазылса, сол мықты шығарма ең қажет керекті туынды деген көзқарас қалыпасты. Алайда, сол тақырыптың тасасында талай тағдырлар көмескі тартып, көрінсе де екінші планға ығыстырылды емес пе?

Десек те, қарама-қайшылықсыз өмір жоқ. Ендеше сол қарама-қайшылықтан туындап жатқан өмірлік тартыстар, тіпті жеке адам психологиясында болып жатқан ала сапыран, сезімдік күйлер, көре білер, сезе білер суреткерге дайын тақырып емес пе. Олай болса, мәселе тек тақырыпта ғана емес екен. Сол тақырыпты талғай білер талантта бір сөзбен айтқанда сол өмірлік шындықты творчестволықпен игерудегі жазушы танымында, ұсынар идеялық мұратында екен. Ендеше Н. Келімбетовтің әдеби шығармашылығының ерекшелігі неде? Н. Келімбетовті өзге әріптестерінен даралап тұрған қандай қасиет, танымны ең жоғарғы сатысы болып табылатын интеллекті, қабілет-қарымы қандай? Деген заңды сұрақ туады.

Ендеше сол тегеурінді топтың төл баласы Н. Келімбетов туындыларының ішінде ерекше тоқталуды қажет ететін бітім болмысы бөлек дүниесі «Үміт үзгім келмейді» хикаят - монологы. Біріншіден, «Үміт үзгім келмейді»Немат Келімбетовті талантты жазушы ретінде танытып, атағын шығарса, екіншіден «Үміт үзгім келмейді» хикаят - монологын мақтауға да, мақтануға да тұратын кесек дүние. Асыра мадақтап, қызыл сөздің көрігін қыздырудан

аулақпыз. Десек те, мұндай шығармалар қазақ прозасында саусақпен санарлық екені анық. Оның себебі, біздің ойымызша Н. Келімбетов басынан өткен қиыншылықты тақырып тосындығы болса, соған орай көркемдік ізденістің авторлық таныммен шебер қиюласуында жатса керек.

Көркем шығарма арқылы адам жанының небір тылсым сырлары шертіледі, өмір құпиялары ақтарылады. Шығармада суреттелініп отырған замандағы тірлік пен күреске, қарым қатынас пен күрделі қайшылықтарға, әлеуметтік өмірдің өзіне сырттай болса да араласып, соған куә боласың. Себебі, «адам - әдебиеттің жүрегі, адам өмірлік бейнелеуі - әдебиеттің түбегейлі мақсаты . . . » [15, 194 ] .

Ал көркемдік концепция термині бүкіл творчествоға да, белгілі бір жанрда жазылған шығармаға да сондай-ақ шығарма шоқтығын асырып тұрған сапалық ерекшелік - сипаттарға да қатысты айтылып жүргенін ескерсек [11, 73 ] . жазушы шығармаларының бұл қағидаларға қай тұрғыдан да толыққанды жауап беретіні шындық.

«Үміт үзгім келмейді» хикая - монологында шымырлық пен шеберлік сияқты жанр талабына тән қасиеттер бірден көзге шалынады. Автор бас кейіпкері - Ержан арқылы адам санасындағы үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген.

Шіркін-ай, адамның қасында басы аман, бауыры бүтін боп, ауырмай-сырқамай айдарынан жел есіп жүргеніне не жетсін! Алайда, ғұмырында бір

рет те қатты ауырып көрмеген ойда жоқта оқ жыландай орап алған науқас

қыспағынан жаны жарға таянбаған, үрейлі ажалдың өзімен бетпе-бет кездеспеген адам өміріндегі көп жәйттерді терең түсіне де, сезіне де алмайтын шығар. Ондай жандар мына аз күндік өмірдің шынайы қадір-қасиетін, шексіз құндылығын, баға жетпес ләззатын ешқашан пайымдай алмайтыны хақ. Жазушы бұл хикаяттың басты қаһарманы Ержан жұлын-омыртқасына жасалған аса күрледі нейрохирургиялық операциядан кейін

ақырет азабын шегіп, күні-түні ажалмен арпалысып жатқан күйінде бейнелеген. Жазушы Ержан мен Гауһарды монологты түрде сөйлетіп, Ержанның сырқаты қауіпті сырқат екенін көрсетеді. Жазушы мұны былайша береді: « . . . Бұдан кейінгі оқиғаның бәрі өзіңе жақсы мәлім ғой Гауһар. Есіңде ме осы профессормен алғаш әңгімелескеніміз? Қасымда сен бар едің ғой.

  • Доктор, айтыңызшы, операция аяғыма жасалама? - деп сұрадым мен.
  • Жоқ.
  • Енді қалай? Менің аяғым ғой ауратын, доктор.
  • Жоқ. Гәп аяғыңызда емес жігітім.
  • Енді неде?
  • Омыртқада. Дәлірек айтсақ жұлында жатыр.

Сосын мені белаурыма дейін шешіндіріп, етпетімен төсекке жатқызды. Сөйтті де қасыма келіп, отырып, арқама қолын салды. Сосын көк желкеден бастап, құйымшақтың тұсына дейін созылып жатқан омыртқа сүйектің үстінен алақанымен бір сипап өтті де:

-Міне, осы ұп-ұзын қаңқа сүйек омыртқа деп аталады, - деді. - Мұның өзін бүкіл организмді тіреп тұрған ұстын деуге де болады. Сол омыртқа ұстынның іші қуыс кеуек. Бірақ омыртқаның іші бос емес. Омыртқаның ішінде ұзыннан-ұзақ түсіп жұлын жатыр. Жұлын да ми. Ол бас сүйектің ішіне орналасқан орталық мидың жалғасы. Ұқтың ба? Сол жұлын сан миллиардтаған жіп-жіңішке талшықтардан құралған. Әрбір осындай талшық

нервтің жіңішкелігі адам шашынан он мың есе жіңішке. Бірақ осы қылдай талшықтын әрқайсысы адам өмірінде орасан зор қызмет атқарады. Солардың

бірі сәл науқасқа шалдықса адамның көзі жұмылмай қалады, екіншісі нашарласа мына сіз тәрізді аяқтан қала бастайды, тағысын тағылар. Сіздің омыртқаңыздың ішіне кішкене ісік- ет өсіп шыққан. Сол ісік әлгі талшық - нервтің бірін басып, оның өз қызметін атқаруына бөгет болып тұр. Сондықтан қатерлі ісікті алып тастау керек.

- Қалай аласыз? - деппін мен сасқалақтап.

- Қалай дейтіні бар ма?! Омыртқаны кесіп ашамызда, алып тастаймыз . . .

Профессор одан әрі не айтып, не қойғанын естіген де, тындағам да жоқ. «Омыртқаны кесіп ашамыз» дегенде-ақ аз бойым қаза боп кетті . . . » [14, 21-22 ] .

Міне, бұл сырқат сиректе болса, өмірде кездеседі екен. Оны медицинада нейропотологиялық ауру десе, әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, хикаят-монологты оқып отырып, көз алдында өтіп жатқан кинолента куәгердей кейіпкермен бірге қуанасың, бірге қайғырасын, тіпті қорқасың да.

« . . . Өмірлік материалды көп білу, көрген білгенін көңілге тоқып, өмір құбылыстарын зерделеп ұғып, жадында сақтап, оны көркем шындыққа, өнер туындысына, көркем шығармаға суреткерлікпен айналдыра білу - жазушы бақыты . . . » [2, 89 ] .

1. 1. «Үміт үзгім келмейді», хикаят-монологының сюжеттік - композициялық желісі:

Тұтастай алғанда Немат Келімбетовтің жазушылық талантының құдырет күші ең алдымен оның повестерінен айқын танылады.

«Үміт үзгім келмейді» повесть-монолог 1981 жылы жазылған. Негізгі тақырыбы - адамның өмірге деген шексіз құштарлығы.

Идеясы - ауыр науқасқа шалlыққан, жандар үшін өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілілгі , мөлдір махаббаты дәріптеледі.

Повесть арқауы - екі аяғы бірден сал болып, ауруханаға түсіп, бірнеше жыл ауруханада жатқан жанның өмір сүруге деген махаббаты сөз болады. Хикаят-монологтың әрбір бөлімінде Ержанның аурухана табалдырығын аттаған сәттен бастап, сол ауруханадағы жан-тебіренісі, өмірге деген сүйіспеншілігі, қиыншылығы, науқасын жеңген кезге дейінгі бүкіл болмыс - бітімі хикаят-монолог түрінде суреттеледі.

Бірінші бөлімінде: Ержанның ауруханада еріксіз тұтқын болып, төсекке жіпсіз байланып, ой-қиялға шырмалып жатқаны, мұндай қатерлі науқас адамның бойына ғана емес, ақыл ойына запыран зәрін құйып аяусыз улап тастағаны, ауруының өте қатерлі екені суреттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz