Жермен байланысу және нөлдеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Жермен байланысу және нөлдеу
Орындаған: Жумабекова Г. К.
Тобы: АУ-301с
Тексерген: Секербаева А. Б.
СЕМЕЙ 2015
Жоспары:
1. Жерге тұйықтау және электр қауіпсіздігін қорғау шаралары Жалпы ережелер1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы - электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Электр қауіпсіздігінің шарттары бойынша электр қондырғылары Қағидаларда 1 кВ дейінгі электр қондырғылары және 1 кВ жоғары (кернеудің қолданыстағы мәні бойынша) электр қондырғылары болып бөлінеді;
2) ашық немесе сыртқы электр қондырғылары - ғимаратты атмосфералық әсер етуден қорғамайтын электр қондырғылары.
Тек қана қалқамен, торлы қоршаулармен және т. с. с. қорғалған электр қондырғылары сыртқы электр қондырғылары ретінде қаралады;
3) жабық немесе ішкі электр қондырғылары - атмосфералық ықпалдан қорғайтын ғимараттың ішінде орналастырылған электр қондырғылары;
4) электр үй-жайы - білікті қызмет көрсетуші персонал үшін ғана қолжетімді электр қондырғылары орнатылған үй-жай немесе үй-жайдың оқшауланған бөлігі;
5) құрғақ үй-жайлар - ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-дан аспайтын үй-жай. Осындай үй-жайларда 1-тармақтың 9) - 11) тармақшаларында келтірілген жағдайлар болмаған кезде олар қалыпты деп аталады;
6) ылғалды үй-жайлар - бу немесе конденсатты ылғал аз мөлшерде тек қысқа уақытта ғана бөлінетін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-дан астам, бірақ 75 % аспайтын үй-жайлар;
7) сызды үй-жайлар - ұзақ уақыт бойы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75 %-дан асатын үй-жай
8) өте сызды үй-жайлар - ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 %-ға жақын (төбе, қабырға, еден және үй-жайдағы сызданған құралдар) үй-жай;
9) ыстық үй-жайлар - түрлі жылу шығару әсерінен температура үнемі немесе анда-санда (1 тәуліктен аса) + 35
о
С-тен асатын үй-жай (құрғатқыштары, құрғататын және күйдіретін пештері бар бөлмелер, қазандықтар және т. б. ) ;
10) тозаңды үй-жайлар - өндіріс жағдайында технологиялық тозаңның соншалықты көп бөлінуінен, олардың сымдарға, машиналардың, аппараттардың және т. б. ішіне тұрып қалуы мүмкін үй-жайлар.
Электр қауіпсіздігі шараларына қатысты электр қондырғылар былайша бөлінеді:
1) тікелей жерге тұйықталған немесе жерге тиімді тұйықталған бейтарабымен желілерде 1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғылар;
2) доғасөндіргіш реактор немесе бейтарап резисторы арқылы оқшауланған немесе жерге тұйықталған 1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғылары;
3) тікелей жерге тұйықталған бейтарабымен 1 кВ дейінгі кернеудегі электр қондырғылар.
Электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктері кездейсоқ жанасу үшін қолжетімді болмауы, ал жанасуға қолжетімді ашық және бөгде өткізгіш бөліктер электр қондырғыларының қалыпты жұмысы кезінде, сондай-ақ оқшауламаның бүлінген кезінде электр тогымен зақымдану қаупін келтіретін кернеу астында болмауы тиіс. Қалыпты режимде электр тогымен зақымданудан қорғау үшін тікелей жанасудан қорғаудың мынадай шарттары жекелей немесе үйлесімді қолданылуы тиіс:
1) ток өткізгіш бөліктердің негізгі оқшауламасы;
2) қоршаулар мен қабықшалар;
3) бөгесіндерді орнату;
4) аймақтан тыс орналастыру.
146. Оқшаулама бүлінген жағдайда электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жанама жанасу кезінде қорғаудың келесі шарттары жекелей немесе үйлестіріле қолданылуы тиіс:
1) қорғаныстық жерге тұйықтау;
2) қоректендіруді автоматты ажырату;
3) әлеуетті теңдестіру;
4) әлеуетті деңгейлестіру;
5) екі қабатты немесе күшейтілген оқшаулама;
6) аз кернеу;
7) тізбекті қорғаныстық электрлік бөліктеу;
8) өткізбейтін (оқшауланған) үй-жай, аймақтар, алаңдар.
Электр тогынан зақымданудан қорғау шаралары электр қондырғыда немесе оның бөлігінде қарастырылуы, болмаса жекелеген электр қабылдағыштарға қолданылуы және электр құрал-жабдықтарын дайындау кезінде, болмаса электр құрал-жабдықтарын монтаждау үрдісінде, болмаса осы жағдайлардың екеуінде жүзеге асырылуы тиіс.
Электр қондырғыларда екі немесе одан көп қорғаныс шараларын қолдану әрқайсысының тиімділігін төмендететін өзара ықпал етпеуі тиіс.
Жанама жанасу кезінде қорғаныс егер электр қондырғыларда кернеу 42 В ауыспалы және 110 В тұрақты токтан аспаса барлық жағдайда орындалуы тиіс.
Қауіптілігі жоғары, аса қауіпті панажайларда және сыртқы электр қондырғыларында жанама жанасу кезінде қорғанысты жасау Қағидалардың тиісті тарауларының талаптары болса және неғұрлым төмен кернеулерде талап етіледі.
Егер электр құрал-жабдықтары потенциалды теңдестіру аймағында орналасса, ал ең жоғары жұмыс кернеуі қауіптілігі жоғары емес панажайларда 25 В ауыспалы және 60 В тұрақты токтан аспаса және барлық жағдайда 6 В ауыспалы және 15 В тұрақты токтан аспаса тікелей жанасудан қорғау талап етілмейді.
Электр қондырғыларды жерге тұйықтау үшін жасанды және табиғи жерге тұйықтағыштар қолданылуы мүмкін. Егер табиғи жерге тұйықтағыштарды пайдаланған кезде жерге тұйықтағыш құрылғының кедергісі немесе жанасу кернеуі ұйғарынды шамаға ие болса, сондай-ақ жерге тұйықтағыш құрылғыда қалыпты шамасы және табиғи жерге тұйықтағыштарда ұйғарынды ток тығыздығы қамтамасыз етілсе, онда 1 кВ дейінгі электр қондырғыларда жасанды жерге тұйықтауды орындау міндетті емес. Жерге тұйықтағыш құрылғы ретінде табиғи жерге тұйықтағыштарды пайдалану қысқа тұйықталу токтарының олармен өту кезінде олардың бүлінуіне және олармен байланысты құрылғылар жұмысының бұзылуына әкеліп соқпауы тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz