Инвистицияның тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаны негіздеу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Инвистицияның тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаны негіздеу
Тексерген: Тоқсеитова А. С.
Орындаған: Закариянов М. С.
Семей 2015
Инвестициялардың тиiмдiлiгiн анықтау жөнiндегi мәселе iс жүзiне келгенде әрбiр компания мен әрбiр инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсiпорынына басқа капитал енгiзу жөнiнде шешiм қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдiсiн бiлу шарт. Бiздiң кәсiпкерлерiмiздiң бұрын-соңды нарықтық экономикада өмiр сүрмегендiгi, ендi ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлiм. Соған орай олар бұл әдiстеменi бiлмейдi. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткiлiктi мөлшерде тәжiрибе жинақтағандығын ескерсек, бiз осы тәжiрибенi пайдалана бiлуiмiз қажет. Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық инвестицияларды тарту болып келеді. Мемлекеттік және жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемі осы заманғы экономиканың жылдам өсіп отырған:
- қайтарым уақыты ( Т қай )
- инвестициялардың рентабельдігі ( ИР ), табыс индексі ( ТИ )
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді. Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз. Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткіземіз.
- инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- Жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту;
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т. б. Сондай-ақ пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады. Кәсіпорын мен фирма тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің бағасы, өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі. Осындай кезде экономикалық тиімділікті есептеу үшін мынадай көрсеткішті қолданады:
- жаңа техника үшін күрделі қаржыны (инвестиция) қайтарым мерзімі . Егер қайтарым мерзімі біркелкі болса, онда бұл кездесалыстырмалы вариант тәсілі көрсетілген шығындар бойынша қолданады. Сондай-ақ күрделі қаржы тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді, оқуды инвестициялау арқылы қол жеткізеді. Бүгінгі инвестиция ең жаңа өндіріс құрал-жабдығының, ең жаңа ғылым мен техниканың негізінде еңбек өнімділігінің артуына негіз болады.
Сондықтан да бүгін өндірілген нәрсенің көп бөлігін сақтап, инвестицияласақ, онда біздердің ертең тұтынатын мүмкіндіктеріміз мол болмақ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері - инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері. Қаржы-экономика критерийлер - бизнес-жоспарда айқындалатын жобаның құны‚ ағымдағы таза пайда‚ пайда мен пайдалылық (инвестициялардың қайтарымы) ‚ тиімділіктің ішкі коэффициенті‚ өтелімділік кезеңі‚ тағы басқалар. Нормативтік критерийлерге құқықтық талаптар (ұлттық жәнехалықаралық құқық нормалары) ‚ стандарттардың‚ конвенциялардың талаптары‚ экология талаптар‚ патент қабілеті және зияткерлік меншік құқықтарын сақтаудың өзге де шарттары жатады. Ресурстық критерийлер жобаның іске асуының әлеуеттік мүмкіндігін айқындайды және олардың мынадай топтарын қамтиды: ғылым-техника ресурстар (қажетті ғылым-техника бөлшектердің‚ тиісті кәсіптегі және біліктіліктегі мамандардың болуы) ‚ өндірістік ресурстар (өнімді өндіру үшін қуаттардың болуы) ‚ технология баламалар‚ қаржы ресурстарының көлемі мен көздері‚ тағы басқалар. Ғылым-зертхана және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуын жеделдетуден болатын нәтижені есептеудің де елеулі мәні бар‚ өйткені бір жағынан‚ зерттеулер мен талдамалдар үдерісін жеделдету жобаны іске асырудың осы саласында айтарлықтай шығын жұмсауды талап етеді‚ екінші жағынан‚ жаңа тиімді өніммен (тауармен‚ бұйыммен) рынокқа ертерек шығу мүмкіндігі пайда болады. Әрбір әлеуетті жоба оның елдегі саяси‚ әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуге‚ олардың өзгеруі мүмкін екендігі тұрғысынан да бағалануға тиіс. Күрделі жұмсалымды бағалаудың ең кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс‚ пайданың жай нормасы әдісі‚ қаражатты‚ ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Олардың көбісі ЮНИДО-ның өнеркәсіптік техника-экономика зерттеулерді дайындау жөніндегі оқу құралында (БҰҰ басылымы) көрініс тапқан. Соның негізінде әзірленген бағдарламалар пакеті КОМФАР (COMFAR - Computer Model for Feasіbіlіty Analysіs und Reportіng немесе инвестиция жобалардың техника-экономика негіздемелерін әзірлеудің компьютерлік үлгісі деп аталады. Алайда бағалау әдістері мен критерийлерін таңдау жобаның ерекшелігіне‚ оларда жаңа енгізілімдердің болуына‚ сала тұрпатына‚ басқа да бірқатар факторларға байланысты. Түпкілікті шешімді тапсырыс беруші (кәсіпкер) қабылдайды‚ инвестормен‚ серіктестермен‚ контрагенттермен‚ басқа да мүдделі тұлғалармен келісіледі Барлық дамыған елдер үшiн қабылданып, бүгiнгi таңда, қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау белгiлерi мен жоспарлау әдiстерi, әр түрлi елдердiң инвесторлары мен кәсiпкерлерiнiң ортақ түсiнiсу әдiсiне, тiлiне айналған. Бұларға дүниежүзiлiк банк, Европалық банк секiлдi iрi халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемелерiн жатқызуа болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдiсiне негiзделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптерiне сүйенедi. Ағылшын тiлiндегi Кэш-Флоу деген түсiнiк барлық дамыған елдердiң экономистерiнiң лексиконына енiп, әрi маркетинг көбiрек пайдаланылады. Бүгiнгi таңда Кэш-Флоу талдауын өз инвестициялық қызметiнде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың классикалық әдiстерiне негiз болып және инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерiнде, қолданылатындығына байланысты болып отыр. Инвесстицияларды бағалаудың тиімді әдістері, өзіне дисконттауды қоспайды. Ағымдағы әдістердің құны мен ішкі пайданың нормасының салыстырылуы. Әлеуметтік жобаның құны. Лизинг пен инновацияның тиімді құндылықтары. Тәуекелділік факторлардың есебі және инвестициялық өткізудің айқынсыздығы. Операциондық левередж бен тәуекел. Жобалық тәуекелдің құны. Портфелдің ішіндегі тәуекел. Инвестициялық жобалардың мүмкіншілік анализі. Инвестициялық тиімділіктің салық пен амортизация әсері.
Инвестициялық кезіндегі инвестицияның тиімді бағалануы. Инвестициялық жобалардың бағалану әдістері. Инвестицияны тарту, қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру, кәсіпкерліктің дамуы - кез-келген мемлекет үшін өзекті сұрақтар болып табылады. Елдің экономикасына инвестицияны тарту және оны қолдану қазіргі үрдістердің жаһандануының анықтаушы сипаттамасы болып саналады. Тұтастай, Қазақстан Республикасында
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz