Өнімдердің пестицидтермен ластануы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Өнімдердің пестицидтермен ластануы.

Орындаған: Нуканова М. С.

Тексерген : Қабденова А. Т.

Семей 2015ж

Жоспар:

  1. Пестицидтер туралы жалпы түсінік
  2. Пестицидтер классификациясы
  3. Өнімнің пестицидтермен ластануы
  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:

  • акарецидтер- кенелермен күресу үшін;
  • альгицидтер- балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін

құрту үшін;

  • антисептиктер- бейметалл материалдарды

микроорганизмдерден қорғау үшін;

  • бактерицидтер- өсімдіктердің бактериалды ауруларымен

және бактериялармен күресу үшін;

  • зооцидтер- кемірушілермен күрес үшін;
  • инсектицидтер- зиянды жәндіктермен күресу үшін;
  • лимацидтер- әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
  • нематоцидтер- жұмыр құрттармен күресу үшін;
  • фунгицидтер- топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу

үшін.
Негізінен пестицидтер ауыл шаруашьшығында кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді қорғау, егін өнімділігін арттыру үшін әзірше кең таралған және бұл арзан химикаттар болып саналады. Сондықтан пестицидтерді өндіру кеңінен арттырылуда. Пестицидтерді қолдану - топырақ, су қоймаларын, жерді, ауаны ластандырады, тұрғындардың тығыз қатынаста болуына әкеледі. Пестицидтер биологиялық белсенді қосылыстар болғандықтан пайдасыз бен пайдалы жануарлар мен құрт - құмырсқаларға және адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Пестицидтерге балалар мен жасөспірімдер және қарт адамдардың организмі өте сезімтал келеді. Әсіресе жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің осы улы заттармен қарым - қатынаста болуы өте қауіпті. Өйткені, бұл заттар организмге түскенде плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың дамуына әсерін тигізеді жәж ана сүтімен өтіп баланы уландыруы мүмкін. Көптеген пестицидтерге жалпы токсикалық эмбрион-гонадо - токсикалық (жасушаның және жыныс бездерінің өзгеруі мен жасушаның шоғырлануы), мутагендік - хромосомдық бұзылыс, канцерогендік (қатерлі ісіктік) және аллергендік қасиеттер тән. Пестицидтер әсері жиі өндірісте істейтін жұмысшылар пестицидтермен жанасуында әртүрлі заттарды іздеп табатын, тасымалдайтын, сақтайтын, тарататын, егін - өсімдіктерге себетін және үй шаруашылығында қолданылатын жұмыстармен тікелей байланысты. Әсіресе адамдар ұрықтар мен дәндерді қолданғанда, топыраққа сепкенде (фумигациялағанда) және өсімдіктерге, ағаштарға шашқанда немесе пестицидтерді өңдейтін орындарда ұзақ уақыт қатынаста болғанда, әсіресе санитарлы - гигиеналық нормативтік талаптарды сақтамағанда жұмысшылар улануға ұшырайды Организмге түсуінің негізгі жолдары, ол тыныс органдары, тері, ас қорыту жолдары. Патогенезі. Карбамин қышқылдары туындыларының әсер механизмі мускарин және никотин тәрізді әсерімен холинэстеразаның белсенділігінің тежелуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ, тотығу - тотықсыздану үрдістерінің, соның нәтижесінде нуклеин қышқылдары алмасуының бұзылуы маңызды орын алады. Паренхиматозды ағзалардың, қан жасаудың, эндокринді бездер мен орталық нерв жүйесінің зақымдануы, генеративтік (ұрық) қызметіне әсер беретіні тән. Клиникалық көрінісі Жедел улану тез дамуымен сипатталады. Парасимпатикалық нерв жүйесінің тітіркену симптомдары пайда болады: қарашықтың тарылуы, аккомодациялық спазмалар, брадикардия, түкіріктің көп шығуы, тершеңдік, бұлшықеттің фибриллярлы тартылуы. Ас қорыту жолы жағынан: құсу, іштің ауруы, іш өту. Кейде бронхтың түйіліп жиырылуы (бронхоспазм) және өкпе ісінуі дамиды. Уланудың басында нерв жүйесінің зақымдану симптомдары: қозу, сонан соң есінің шатасуы, тырысу пайда болады. Карбаматтар теріге, шырышты қабаттарға тітіркендіруші әсер ететіннен дерматит, есекжем, ринит, коньюнктивит Квинке ісінуі т. б. аллергоздар көріністерін жиі береді. Ерекше айқын жергілікті тітіркендіруші әсері бар, ол - ТМТД. ТМТД-мен уланғандар алкоголді көтере алмайды, себебі ТМТД организмде алкоголдің тотығуын тежеп, токсикалық аралық қалдық заттардың жиналуына әкеледі. Созылмалы улануда улану симптомдары аз және олар біртіндеп көрінеді. Субатрофиялық ринит, бронхит, әрі қарай вегетативтік - қантамырлы дистониялық және неврастениялық синдромдар, миокардиопатиялар дамиды. Бұл кезде жиі аяққолдың полиневриттік бұзылыстары мен нейроэндокриндік өзгерістері табылады. Кейде гастродуоденит, колит симптомдары және тік ішектік полипозы дамиды. Шеткі қанда аз дәрежелі гипохромды анемия, лейкопения және тромбоцитопения көріністері байқалады. Емі. Бұл улануда антидоттық және симптоматикалық терапия жүргізіледі. Антидот ретінде холинолитикалық препарттар, әсіресе атропин ұсынылады. Уланудың жеңіл дәрежесінде бұлшықетке 1-2 мл 0, 1%-дық атропин сульфаты енгізіледі. Уланудың айқын түрінде оның мөлшерін 5 мл-ге дейін өсіруге болады. Инъекцияны әрбір минут сайын бронхспазма және өкпе ісігі, миоз тиылғанша, тіпті атропиннің дозадан асып кету белгілері пайда болғанша (шырышты қабаттардың құрғауы, көрудің уақытша бұзылуы) қайталайды. Сондай-ақ тері астына 1 мл 0, 05% прозерин ертіндісі, ішке тропацин таблеткасын (0, 01г) . Сонымен қатар, венаға 40%-тік 20 мл глюкоза ертіндісі, 5% - 4:5мл аскорбин қышқылымен және В тобындағы витаминдер қолданылады. Жүрек қантамыр препараттары тағайындалады: жүрек гликозидтері, 1 мл 10% кофеин ертіндісі, 2 мл 25% кордиафш немесе сульфакамфокаин ертіндісі және оттегі мен карбоген. Созылмалы улануда холинолитиктер витаминдермен, седативті заттармен және физиотерапиялық шараларды қабаттастыру тиімді. Нитрофенолдық пестицидтермен улану. Бұл пестицидтер фунгицид, гербицид, инсектицид ретінде қолданылады. Ең көбірек қолданылатыны ДНОК-4, 6-динитроортокрезол (синокс, селинон), жоғары токсикалық ашық сары ұнтақ және каратан (аратан, кротонат), қоңыр сұйықтықтар, суда ерімейді, токсикалылығы орташа. Негізінен тыныс ағзаларымен, зақымдалмаған тері арқылы организмге түседі. Бүйрекпен шығарылады. Патогенезі. Барлық нитрофенолдық пестицидтер жақсы метгемоглобин түзуші болып саналады, паренхиматоздық мүшелер мен нерв жүйесін зақымдайды. Нитрофенолдар жасушаларда тотығу үрдісін жоғарылататын, фосфорилендіру үрдісін тежейтін қабылеті бар. Олар және тері мен шырышты қабаттарды тітіркен-діреді. Әсіресе ыстық күнде улану қауіпті, өйткені тері мен шырышты қабат арқылы оның сіңірілуі жақсарады. Олардың токсикалық әсерінің негізінде, жоғарыда келтіргендей жасушалардың тотығу үрдістерін ынталандыратыны, ал фосфорилендіруді төмендететіні жатыр. Бұнда жылу өндіру үрдісі күшеюінен жылуды реттеу бұзылады. Сондықтан нитрофенолдармен жедел улану "жылу өту" (тепловой удар) сияқты жүреді. Патологиялық - анатомиялық көрінісі. Тез арада бұлшықет - тердің сақайып қатып қалуы, терінің, тыныс алу жолдары шырышты қабаттарының сарғыштануы, май тінінің қоңырлау түске боялуы, ішкі ағзалардың құрғауы байқалады. Өкпе мен мидың ісінуі анықталады. Жүректе, бауырда, бүйректе, көкбауырда толақандылық, қантамырларының кеңеюі байқалады. Клиникалық көрінісі. Жедел улану у мен қатынастан кейін бірнеше күн өткен соң дамуы мүмкін. Жедел уланудың негізгі симптомдарына әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруы және жүрек айну, құсу, іштің ауруы, іш қату диспепсиялық бұзылыстар жатады. Дене қызуы 38-390С-ға дейін көтеріледі, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, гипотония. Орта дәрежелі улануда гемолиз бен метгемоглобин түзу үрдісі қарқындырақ жүреді. Бауыр, бүйрек зақымдану симптомдары орын алады (токсикалық гепатит, токсикалық нефрит), тершеңдік. Ауыр түрде уланғанда қатты қызба, "жылу өту" көрінісі, есінің бұлыңғырлануы, тахикардия, ентігу, эйфория анықталады. Бірақ улану кезінде де зардап шегушінің шағымдары аз болады. Метгемоглобин түзілуі тері жабындыларының диффузды цианозына әкеледі, гипоксия күшейеді, тері сарғаяды. Тез арада тырысу, кома дамып кейде өлімге әкелуі мүмін. Қанда арнайы өзгерістердің болуы тән жиі сүт қышқылы мен ацетон пайда болады. Неврит, тері бөртпелері болуы мүмкін. Созылмалы улануда вегетоастениялық синдром тұсында, тез жүдеу, парестезиялар, естудің төмендеуі, кейде катаракта дамиды. Аллергиялық дерматит, гипертермия температураның өте жоғары көтерілуімен және тершеңдік, әлсіздікпен керінеді. Нитрофенолдық туындысы бар өндірісте жұмыс істеушілердің терісі, шашы, коньюнктивасы сары түске боялады. Созылмалы гастрит, гепатоз, кардиалдық синдром, зат - алмасу үрдісі күшейеді. Қанда гипохромды анемия, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, ЭТЖ жоғарлайды. Кей жағдайда Гейнц денешіктері табылады. Емі. У ішке түскенде асқазан - ішекті жуу, іш өткізуші тұзды дәрілері қолданылады. Жедел уланғанда венаға метилкөгі 1% -25-50 мл, 40% 20 мл глюкоза ертіндісі мен 300 мг аскорбин қышқылы венаға жіберіледі. Ауыр уланғанда 250 - 300 мл қанды жіберіп, соңынан венаға 40% 20 мл глюкоза және қан қүю көзде-леді. Гипертермияны азайту үшін салқын сусынды ішу, салқын ванналар қабылдау жөн. Сондай-ақ стероидтық гормондар, фор-сирлеяген диурез, қозу кезінде 0, 5% 2-5мл аминазин бүлшықет-ке, хлоралгидрат клизмасы жасалады. Улануды созылмалы түрінде науқастар диспансерлік тірксуге алынып, керекті база-лық терапия жүргізіледі, оларға да 40%-20мл глюкоза аскорбин қышқылымен (ЗООмг), витамин В1 (50мг) үзақ және қайталанатын, седативті ем жүргізіледі. Майлы тағамдар шектеледі. Профилактикасы. Пестицидтермен улануды алдын алуда мыналар жүргізілуі тиіс: еңбек гигиенасы мен жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау; тағам өнімдерін улы химикаттар түсуінен қорғау; су, топырақ, ауаны санитарлық қорғау органдары бақылау профилактикалық шараларын ылғи жүргізіп тұруы қажет. Осымен қатар, респираторлық қорғаушы көзілдірік, резина қолғаптар мен арнайы киімдер қолданылады Және де күнделікті душ қабылдап, киім ауыстыруға жұмысшы міндетті. Көпшілік профилактикалық шаралар қолайлы метеожағдайларда (желсіз, ылғалды салқын күндері) жүргізілуі тиіс. Жеке пестицидтердің улы қасиеттері туралы және қорғану шаралары туралы міндетті түрде жұмысшылармен инструктаж өткізіп тұру керек. Мыс қосылған пестицидтермен улану Бұл топтағы пестицидтерге мыс купоросы (тотаин), күкіртті қышқыл мыс, бордос сұйықтығы (мыс купоросы мен әк сүті), мыстың хлорлы қышқылы және мыстың үшхлор фенолы жатады. Осы пестицидтерді фунгицит ретінде өсімдіктерге сеуіп, дәнді ұрықты уландыруға қолданады. Патогенезі. Мыс препараттары ағзаларға түсіп, белоктармен қосылып, альбуминаттар жасайды. Бұлар жергілікті тіндеріне және сілекей қабықшаларға тұтастырғыш (вяжущая) және күйдіргіш әсерін береді. Олар жалпы токсикалық, әсіресе гемолитикалық, капилляротоксикалық әсерін тигізеді. Клиникалъщ көрінісі. Удың ағзаға түсу жолына байланысты. Мыс қосылыстары бар пестицидтер тыныс жолына түскенде "мыс улану" безгегі, әлсіреу, аяқ бұлшықетінің ауырғаны, тахикардия және гипотониямен көрінеді. Бұл өзгерістер тыныс жолымен бронхтың шырышты қабаттарының тітіркенуімен, темперетураның көтерілуімен, мұрыннан қан кетуімен ұстама тәрізді жөтел

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық-түлік тауарларының сапасын бақылау. сапа әдістері және деңгейі өнімдердің пестицидтермен ластануы. оларға гигиеналық сипаттама
Фосфор органикалық қосылыстар
Органикалық химиялық қосылыстардың (пестицидтердің) мутагендік әсері
Шикізатты бастапқы өңдеу және тамақ өнімдерін дайындау кезінде санитарлық - ветеринарлық сараптама жүргізу
Малды союға дайындау
Хлорорганикалық қосылыстар және олардың организмге әсерлері
Тағамдық өнімдердің ксенобиотиктермен химиялық ластануы
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Суды тұссыздандыру және тұщыландыру
Пестицидтер туралы жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz