Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері.

ОРЫНДАҒАН: Облысхан. А

Топ: Е-317

ТЕКСЕРГЕН:Тұрғанбаева Б. Ш

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:

І Кіріспе

  1. ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Тренинг және оның мақсаты мен міндеті

2. 2 Тренингті ұйымдастыру жолдары

2. 3 Тренингті өткізу кезеңдері

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тренинг - адамды қандай да бір қабілетті немесе машықты (навык) игеруге жаттықтырудың бір түрі десе де болады. Қалай дегенмен, тренинг әдісі - бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі. Тренингті, бір жағынан, толыққанды оқыту үрдісі деп те айтуға келмейді, өзінің аты айтып тұрғандай, көп жағдайда, тренинг - бұл бар, белгілі ақпаратты адамның игеруіне ыңғайлы формада ұсынудың бір түрі.

Кез келген семинар-тренингті өткізбес бұрын әлеуетті тренер, ең алдымен, алдына қоятын мақсатын айқындап алуы керек.

Семинар-тренингтің мақсатын айқындаған соң, тренер және тренингті ұйымдастырушы сол мақсатқа жету жолындағы нақты міндеттерді айқындайды.

Мысалы:

  • Семинар-тренингке қатысушыларды іріктеудің критерийлерін айқындау.
  • Семинар-тренинг өтетін жерді белгілеу.
  • Семинар-тренингке қатысушыларды іріктеу.
  • Семинар-тренингтің сметасын жасау.
  • Семинар-тренинг өтетін жермен келісім-шарт жасасу.
  • Семинар-тренингтің модулін жасау.
  • Семинар-тренингке қатысушыларға берілетін таратпа материалдарды дайындау.
  • Семинар-тренингті өткізуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
  • Семинар-тренингке қатысушылардың тамақтанатын орнын белгілеу.
  • Семинар-тренингті өткізу.
  • Семинар-тренингке қатысушылармен кері байланыс орнату.

Семинар-тренингті өткізу кезеңдері

Кез келген семинар-тренинг бірнеше бөлімде жүргізіледі. Бірінші бөлім - дәстүрлі кіріспе бөлімі. Кіріспе бөлімінде қатысушылармен танысу, тренинг ережелерін бекіту және қатысушылардың күтетін нәтижелерін айқындау шаралары жүзеге асырылады.

  1. Қатысушылармен танысу.

Семинар-тренингке қатысушылармен танысуды интерактивті ойындар түрінде жүзеге асыруға болады. Мысалы , қатысушыларға шағын доп немесе алма беріледі. Допты бірінші болып алған қатысушы өзі туралы айтып береді, содан кейін қолындағы допты (алманы) келесі қатысушыға лақтырады. Допты қағып алған келесі қатысушы дәл алдындағы әріптесі сияқты өзі туралы айтып береді, сөйтіп, танысу шарасы ең соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.

  1. Ережелерді бекіту.

Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі. Тренингтің бастапқы кезеңінде бекітілген ережелер қатысушылардың жұмыс күні бойындағы тәртібін айқындайтын басты құжат. Мысалы, ең қарапайым ережелердің бірі - «қалта телефондарының даусын сөндіріп қою» ережесі.

Ережелерді жазу шарасын «ой ашар» («мозговой штурм») әдісімен жүзеге асыруға болады. Әрбір қатысушы қабылдайтын ережелерге қатысты өз пікірін білдіреді.

  1. Күтілетін нәтижелерді айқындау.

Семинар-тренингке қатысушылардың тренингтен күтетін нәтижелерін айқындап жазып қоюдың маңызы өте зор. Бұл жұмыс күнінің қорытындысын шығару үшін және қатысушылармен кері байланыс орнату үшін ең қажетті құрал.

Күтілетін нәтижелерді жазу шарасын да «ой ашар» («мозговой штурм») әдісімен жүзеге асыруға болады. Әр қатысушы өзінің семинар-тренингтен не күтетіні туралы айтады.

  1. Семинар-тренингтің оқыту кезеңі

Семинар-тренингтің оқыту бөлімінде тікелей тақырыпты пысықтау жұмысы жүргізіледі. Тақырыпты тиімді меңгерту үшін тренер оқыту бөлімін бірнеше сессияға, ал семинар тақырыбын құрылымдық бөлімдерге, яғни тақырыпшаларға бөліп алғаны дұрыс.

Мысалы: «Команданы жасақтау» семинар-тренингі.

1-сессия. Командалық жұмыстың негіздерін үйрету.

  • Шағын топтан командаға қадам.
  • Командалық жұмыстың негізгі үш талабы.
  • Команданың тиімді құрылымы.
  • Команда басшысына қойылатын талаптар.
  • Тиімді жұмыс істейтін команда.
  • Команда жұмысына кедергі болатын жайттар.

2-сессия. Команда мүшелерін жұмылдыру мен жұмысқа жігерлендіру әдістерін үйрету.

  • Пәрменді жұмылдыру.
  • Ақшалай жігерлендіру
  • Моральді жігерлендіру
  • Натуралды түрде жігерлендіру
  • Патернализм
  • Ұйымдастыру әдісімен жігерлендіру.
  • Басқару ісіне тарту арқылы жігерлендіру.

3-сессия. Команданың өмірлік циклімен таныстыру

Өсу кезеңі. Кері кету кезеңі.

  • Балалық шақ - Тоқмейілсу.
  • Ұлғаю - Тоқырау.
  • Көркею - Тоқтау.
  1. Семинар-тренингті қорытындылау бөлімі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
Инновациялық оқыту туралы
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.Белсенді оқыту әдістемелеріне мысал арқылы талдау
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы мәлімет
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері туралы
Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері туралы
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz