Медициналық психологияның даму тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Медициналық психологияның даму тарихы
Тексерген: Абдуллина Г. К.
Орындаған: Мухаметкалиева Е. ПХ-315
Семей 2015 ж.
Жоспар:
- Медициналық психологияның пайда болуы, тарихы
- Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері
Медициналық психология жалпы психологияның саласы болып табылады. Бұл салада ауру адамның психологиясын, дәрігердің психологиясын және олардың қарым-қатынасын зерттейді. Ауырған адамның ішкі мұшелері мен жүйке-жүйелеріндегі өзгерістерден басқа оның психикасындағы болатын ерекшеліктердің психоз деңгейіне жетпейтіндігі білінеді. Мысал ретінде, ауырған ересек адамның көңіл-күйінің нашарлауын немесе жұқпалы аурумен ауырған баланың мазасыздануын айтуға болады. Сонымен қатар, кез-келген ауырған адамның психикасы өзгереді. Екінші жағынан көптеген аурулардың негізінде психикалық фактордың басқарушы роль атқаратыны белгілі. Бұл ауруларға артериалдық гипертония, диабет, қарындағы жара және тағы басқа психосоматикалық аурулар жатады. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында өткір де, таусылмайтын күрес әртүрлі мектеп өкілдері арасында ғасырлар бойы жүріп жатыр. Енді көбірек таралған тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ортаға тәуелділігін есепке ала отырып, емдеуді ұсынған. Кейін феодализм кезінде де, буржуазиялық қарым-қатынас заманында да, тұлға туралы әртүрлі теориялар пайда бола бастады, олар адамның жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктердің туа пайда болу және өзгермейтіндігін дәлелдеуге тырысты. З. Фрейд ілімінің идеялық бұлағы Э. Гертманның (1842-1906) «Бейсаналылық философиясы», яғни интуициялық қабілеттілік, басқа авторлармен негіздеген, мысалы А. Бергсон. Фрейдтің алғашқы шәкірттерінің бірі А. Адлер пікірі бойынша тұлғаның қалыптасуындағы негізгі саналар пайда болған толымсыздық сезімі мен әр адамның өзін - өзі жетілдіруге деген талпынысынан бастау алады, сонымен қатар жоғарғы тұлға идеясын басшылыққа ала отырады. Бірнеше деңгейлерге дейін модификацияланған психоанализ ілімі қазіргі таңда медициналық және психологиялық негізінде психосоматикалық медицинаның негізі болып табылады. Соңғы кезде психосоматикалық бағыт медицинада кеңінен таралған. Ол патологиялық процесстің нақты бір органның немесе жүйесінің төңірегімен шектеліп қалатын өткеннің механикалық көзқарастарына қарсы шыққан. Бірақ осы кезге дейін клиникалық жағдайдағы патология психосоматикалық қарым - қатынас туралы нақты бір көзқарас қалыптаспаған, әртүрлі бағыт өкілдері психосоматика туралы өз ұстанымдарында қалып отыр.
Соңғы 10 жыл ішінде психология мен психиатрияға біраз елдерде экзистенционализмнің әсері біршама сезіледі, оның негізін салушы неміс оқымыстысы - философы М. Хайдегер (1927) деп айтуға болады. Сәйкесінше оның көзқарастарын толықтырып дамытқан А. Маньковский, Э. Гитраус, Л. Бинсвангер, адам өзінің психикасымен жасалған белгілі «эскизді» әлемде өмір сүреді, оның өзінің «концепциясы» болады, адам өзі үшін дәл сол шетті, сол «терезені» ашады, ол оның тұлғалық табиғатына сәйкестендірілген болу керек. Жеке адамдар әлемге санадағы тесік арқылы қарайтындай, әркім өзінің санасы арқылы. Сондықтан да кез келген индивидуум өзінің қоршаған ортасын өзінше қабылдайды. Әсіресе әйгілі сусуретшілер мен музыканттар, ақындар мен өнертапқыштардың «санасыздағыны тесіп», терезелері ерекше болып келеді. Өзіндік тұлғаның «эскизі» шеті оның өзіндік санасын анықтайды. Экзистенциалистердің көзқарасына сәйкес өзіндік сана үздіксіз даму - көріну және пайда болу үстінде болады. Тұлғаның ішкі әлемін түсіну, ал керек жағдайда қайта қалыптастыру және реконструкция оның экзистенциалистік анализдің негізгі міндеті болып табылады.
Қазіргі медициналық психология өзінің қызу дамуында. Қызығушылық тек науқас адамның жүріс тұрысы мен дәрәгермен қарым-қатынасынының байланысы емес, әр түрлі ауруларды алдын алу, психологиялық профилактикасы, психигигиенаға байланысты сұрақтар қатысты.
Медициналық психологияның дамуына келесі пәндер үлкен әсер еткен - ол психиатрия, неврология, нейрохирургия, психотерапия, эксперименталдық психология, тифлопсихология, сурдопсихология және т. б.
Медициналық психологияның мақсаты мен міндеттер психиатриялық, неврологиялық, соматикалық клиниканың қажеттіліктерімен анықталады.
Медициналық психологияның ежелгң кездегі дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі Гиппократ болса, XIX ғасырда орыс физиологтары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов үлес қосқан. Ал орыс психиатры В. М. Бехтерев Ресейде 1885 жылы алғашқы эксперименталдық-психологиялық лабораторияны ашқан. Оның шәкірттері мен ізбасарлары медициналық психологияның дамуында жаңа кезеңнің басталуына жол ашады.
XVII ғасыр - Декарт ғасыры рефлекс туралы ұғымдардың, Гоббс философиясының материалистік бағыты, Локктың материалистік эмпиризмнің пайда болуымен мінезделеді. Ғылым негізіне көзқарас емес, тәжірибе қойылады. Детерминизм идеясы медицинаға ене бастайды. Лепуа истерияны ми қызметінің бұзылуымен және осы аурудың пайда болуы эмоцияның рөлімен түсіндірді. Ол истерия тек қана әйелдерде емес, ер адамдарда да кездеседі деп нақты көрсетті. Алайда ол кезде демонология әлі байқалса да, бірті-бірте жоғала бастады. Танымал дәрігер және химик Гепперт меланхолияның 7 формасын бөліп көрсетіп, кейбір формаларында жынның әсерімен басқа тілде сөйлеу пайда болады деп тқжырымдады. Ван Гельмонт жан ауруының дамуына катты шайқалыстардың рөлін көрсетті. Сонымен байланысты ол психоздарды емдеу үшін науқыстарды мұздай суға салу керек деді. Анатом Сильвий (Делебой 1614-1670) «ақыл-ой ауруын кім емдей алмаса, ол дәрігер деп есептелмейді» деген формуланы алға тартты. Ол жан ауруымен ауыратын адамдарды моральды әсер арқылы емдеу жағдайларының көптігі туралы мәлімдеді. Тағы бір танымал анатом Вилизия (1621-1675) прогрессивті параличтің айқын бейнесін көрсетті. Ол мидағы психикалық қызметтердің локализациясы теориясы мен психиатриядағы неврологиялық бағыттың негізін салушы. Бірінші патологоанатомиялық монография авторы Бонет жан ауруларын «диалектикамен» емдеу бағытының өкілі болды. Ол психология сұрақтарын да қарастырды. Сол уақыттағы жан ауруын емдеу құралы болып инсценировка пайдаланылды. Луситанус «Жандандыратын практика» кітабында сондай жағдайлардың мысалдарын жазды. Өзін кінәлі сезінетін науқасқа періште киімін киген адамды жіберіп, оның кінәлі емес екендігіне көзін жеткізді. Әрине, ондай амалдар медициналық психологияны төмен өнімділікке әкелді, бірақ дәрігерлердің ондай белсенділігі назар аударуға тұрарлық. XVII ғасырда жан-жақты ғалым Закхиас (1584-1659) еңбектерінде соттық психопатология мен экспертиза туындап, медициналық психологияға маңызды материал берді. XVIII ғасырдың Франциядағы психиатриялық көмектің ұлы реформаторы Пинель өзінің «Жан аурулары туралы трактатында» психологиялық ауруханада басшы болып: дәрігер, администратор және психолог, ал дәрігер мен психолог бір адам бойында жинақталса тіптен жақсы болатындығы туралы жазылған. Ал ертерек Англияда психиатриялық ауруханада жан ауруымен ауыратын адамдарға гуманды қарау принцип реформасы қабылданды. XIX және XX ғасыр басындағы медициналық психология. Медициналық психология тарихы медициналық ғылымның, бірінші орында психиатрияның, психологиялық зерттеулердің және ми туралы ілімдердің жинақталуымен тығыз байланысты. XIX ғасырда медициналық психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуына негіз болған бірнеше еңбектер жарияланды. 1818 жылы танымал дәрігер және анатом Рейл «Жан ауруларын емдеуде психикалық методтар» атты зерттеуін жариялады. Бұл еңбектің медициналық психологиядағы негізгі мәні - психотерапия методтарын қолдану. «Медицина және тәрбиелеу» мәселесіне арналған жұмыстар да Рейлге жатады. 1834 жылы танымал невролог Фридрейч «Дәрігерлік және соттық психология әдебиеттеріне жүйелі нұсқау» еңбегін жариялады. Дәрігерлік психологияға арналған бөлімінде психология, психопатология, психиатрия және психотерапия мәселеріне арналған 3469 жұмыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz