Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау" туралы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"
Тобы:Эл-417
Орындаған:Аней. Н
Тексерген: Есенбекова. З. Ж
Семей 2015
Жоспар
1. Кәсіпкерлік
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
3. Кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерлік азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. (Рамазан л_х) . Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
Бірлескен кәсіпкерлік - екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
Жеке кәсіпкерлік -кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік - көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.
Жалған кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Кәсіпкерлік түрлері
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия тағы басқа жабдық - тұтынушылармен ара қатынасты орнату.
3. Келесі кезек өндіріс факторлары.
а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу.
б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі, жеке қасиеттері т. б. ескерілуі керек.
6. Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
7. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
8. Бастапқы капитал:
1) жиналған қор;
2) несиеге ақша алу;
9. Өндірістік істің қорытындысы.
Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда - жалпы түсім алудағы өндірістік және комерциялық шығындар. Жалпы пайда-бұл салық төлегенге дейінгі пайда.
10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды төленгеннен кейін қалған пайда - таза пайда деп аталады.
11. Кәсіпкерліктің финанс жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады.
Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер х100%.
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл-инновациялық кәсіпкерлік, яғни тәуекелдік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым сыйымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәукелдік, тиімділікке кепілдік болмауы мүмкін.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі-тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады.
Тауар биржалары мынадай қызмет атқарады:
- сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді,
- баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлар мен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу-сату операцяларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингтік талдау жасау қажет. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Қаржылық кәсіпкерлік . Саудалық кәсіпкерлікке әлде қайда жақын түрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi, оның негiзiнде сатып алу-сату жатады. Бiрақ, мұнда ақша, валюта, бағалы қағаздар сиқты ерекше тауарлар айналымға түседi .
Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыру ақшалық (қаржылық) көзердi керек етедi. Шикiзат пен материаларды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн түрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әлде бiр Кәсіпкерлік мен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз.
Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi -бiр Кәсіпкерлік -операцияның басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, сондықотан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн Кәсіпкерлік менге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған қарай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында отандық валютадағы жеткiлiктi мөлшерден қаржы көздерiн ұстап отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырасады. Одан әрi Кәсіпкерлік мен белгiлi -бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны пайыз алу аясында банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады. Мiне, осындай, сондай-ақ көптеген басқа жағдайларда ақша көздерiнiң рыногы пайда болады. Онда ақша, заем сату және сатып алу, валюта айырбастау жүргiзiледi. Осындай рынокте өз Кәсіпкерлік iн жүргiзетiн және қарыжылық Кәсіпкерлік операциясын жүргiзу есебiнен пайда табатын қаржылық iскер жұмыс iстейдi .
Қаржылық iскерлiктiң негiзгi мазмұны мен принцитi схемасы мынадай:
Кәсіпкерлік мен ақша көздерiн (ақша, шетелдiк валюта, бағалы қағаздар) оның иесiнен ақшалай соммаға (Дф) сатып алады. Содан соң сатып алынған ақша көздерi сатып алушыларға Дф-дан асып түсетiн Дт-ға сатылады. Дт мен Дф -ның арасындағы айырмашылық қаржылық Кәсіпкерлік меннiң тапқан пайдасы болып есептелiнедi.
Кәсіпкерлік пен несиелiк iскерлiктi жүзеге асыру барысында салымның кейiннен қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, депозиттiк пайыз түрiнде салым салушыларға белгiлi-бiр сыйлық төлеу үшiн өзiнiң ақшалай салымын (Дс) пайдаланады. Бұдан соң ақшалар несие түрiнде депозиттен жоғары несиелiк пайыз үшiн берiледi.
Несиелiк (Дт) және депозитивтiк (Дф) несиенiң арасындағы айырмашылық қаржылық iскер -несие берушiнiң тапқан пайдасы болып табылады .
Әрине, бұл жерде қаржылық iскерлiктiң барынша жалпы ортақ сызбасы көрсетiлiп отыр. Шындығында мұның барылығы өте күрделi. Қаржы көздерiн операциялай бiлу- қаржылық шаруашылық және заң жүйесi бойынша арнаулы бiлiмдi қажет ететiн өте жауапты және iлкiлiмдiлiктi iс.
Қаржылық iскерлiк Қазақстанда қалыптасу және бастапқы даму кезеңiн бастан кешiруде. Тiптi қазiрдiң өзiнде коммерциялық банктер өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан жабылып қалуда. Алайда, соған қарамастан, мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, кәсiпорындарды акционерлендiру, жеке Кәсіпкерлік тiң пайда болуы мен дамуы және осы жанғаруларға байланысты акцияларды, басқа бағалы қағаздарды (мысалы, купондар) сатып алу-сату операцияларының кең етек жаюы, несиелiк қарым -қатынастар мен валюталық операциялардың кеңiнен жүргiзiлуi қаржылық Кәсіпкерлік тi дамыту үшiн нақты негiз бола алады.
Делдалдық Кәсіпкерлік . Қарастырылған кәсіпкерлік тiң өндiрiстiк, коммерциялық (саудалық) және қаржылық түрлерi iскерлiктiң тағы бiр түрi делдалдық кәсіпкерліктi дүниеге әкеледi. Бұл кәсіпкерлік өндiрiстiк, сауда-коммерциялық, қаржы-несиелiк сияқты әр түрлi салаларда жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшелiгi -мұнда кәсіпкерліктiң материалдық-заттай элементi болмайды.
Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi- осы операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу. Бұл жерде кәсіпкерліктiң дәнiн себушi-делдал әкелетiн ақпарат . Сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi тауар сатушының жағында түратын делдал оларды iскерлiк бiтiмнiң аясына әкелiп қосады. Сондықтан да делдалдық Кәсіпкерлік тiң принциптi схемасы байланыстардың саны және мәнi жағынан аса күрделi емес .
Делдал-Кәсіпкерлік меннiң мақсаты - тауар мен қызмет көрсетудiң мөлшерi және оларды сатудың шарты (бағасы жеткiзулi және тағы басқа), сондай-ақ оларға деген сұраныстың деңгейi туралы ақпарат алу. Сондықтан да ақпарат делдалдық кәсіпкерліктiң басты факторы болып табылады. Өндiрушiден немесе тауар және қызмет көрсетушiден ақпарат алу, ақы төлеу (Дф) арқылы жүргiзiледi.
Алайда, көбiнесе ақпарат үшiн ақы 0-ге тең болады (Дф0), өйткенi өндiрушi немесе сатушы өз тауары мен қызметiн өткiзуге мүдделi, сондықтан да ол ақпаратты тегiн беруi мүмкiн.
Сатушының немесе өндiрушiнiң ақпаратын (И) алған делдал тауар немесе қызметтi сату үшiн сатып алушыны iздейдi. Сонымен бiр мезгiлде ол сатып алушы үшiн тиiмдi сатып алу шарттары мен аталмыш тауарға сұраным туралы сатып алушылардың ақпаратын алуға ұмтылады. Мұндай ақпарат бергенi үшiн сатып алушы делдалдан ақша (Дф) сұрауы мүмкiн оның (Дф) маңызы да 0-ге теңелуi мүмкiн. Өйткенi, егер сатып алушы белгiлi бiр тауарды сатып алуға мүдделi болса, онда ол бұл ақпаратты делдалға тегiн бере алады.
Делдал сатып алушының ақпаратын алғаннан кейiн сатып алушының ниетi және сатып алудың шарты туралы сатушыға хабарлайды. Мiне, осылай iскерлiк бiтiм- сауда - саттық жүргiзу үшiн екi жақ та (сатушы және сатып алушы) жеткiлiктi дәрежеде мәлiмет алады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz