Сумен, бумен емдеу әдістері жайлы



І Кіріспе
1.Су және бу терминдеріне жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Физиотерапия түрлері
2.2.Судың хирургияда пайдасы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
Бу — заттың газдық фазасы өзінің [сұйық фазасы|сұйық (қатты) фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады. Термодинамика тұрғысынан “Бу” және “газ” терминдері бір-біріне пара-пар. Химиялық таза заттар Буының мынадай түрлері бар: қаныққан бу (қанығу температурасы мен қанығу қысымы кезіндегі бу, басқаша айтқанда, заттың буы өзінің сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болатын күйі және оның қасиеттері тек температурамен ғана анықталады); қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда темп-расы қанығу темп-расынан жоғары болатын бу, яғни тығыздығы қаныққан будан кем болатын бу); аса қаныққан бу (берілген темп-радағы қысымы қанығу қысымынан үлкен болатын бу). Булар мынадай түрлерге бөлінеді:
Аса қызған бу - берілген қысымда темп- расы қанығу темп-расынан жоғары болатын бу.
1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
3. О. Д. Дайырбеков, Б. Е. Алтынбеков, Б. К. Торғауытов, У. И. Кенесариев, Т. С. Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. «Ғасыр-Ш», 2005 жыл
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: «Мектеп» баспасы", 2003.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Минсистрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Факультет: аграрлық
Кафедра:ветеринариялық санитария

БӨЖ

Тақырыбы: Сумен, бумен емдеу әдістері

Орындаған: Мукатаев Е.Б.
Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Тобы: ВС-303

Семей 2015

Жоспар
І Кіріспе
1.Су және бу терминдеріне жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Физиотерапия түрлері
2.2.Судың хирургияда пайдасы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Су -- сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су -- бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
Бу -- заттың газдық фазасы өзінің [сұйық фазасысұйық (қатты) фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады. Термодинамика тұрғысынан "Бу" және "газ" терминдері бір-біріне пара-пар. Химиялық таза заттар Буының мынадай түрлері бар: қаныққан бу (қанығу температурасы мен қанығу қысымы кезіндегі бу, басқаша айтқанда, заттың буы өзінің сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болатын күйі және оның қасиеттері тек температурамен ғана анықталады); қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда темп-расы қанығу темп-расынан жоғары болатын бу, яғни тығыздығы қаныққан будан кем болатын бу); аса қаныққан бу (берілген темп-радағы қысымы қанығу қысымынан үлкен болатын бу). Булар мынадай түрлерге бөлінеді:
Аса қызған бу - берілген қысымда темп- расы қанығу темп-расынан жоғары болатын бу.
Атомдық бу - үлгінің құрамына кіретін заттарды атомдарға ыдырайтындай дәрежеде қыздырған кездегі күйі.
Қаныққан бу - сұйықтықпен немесе сондай химиялық құрамды қатты денемен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын бу.
Қыздырғыш бу - ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.
Өткір бу - қыздырылатын сұйықтыққа тікелей жіберілетін қыздырғыш бу.
Негізгі бөлім
Физиотерапия -- табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.
Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.
Ең көп әдістер электрмен емдеуге кіреді (электр өңірін, тұрақты, айнымалы, үздіксіз және үзік электр токтарын, айнымалы электмагнитті өңірін қолдануымен бірге әдістер):
- амплипульстерапия
- диадинамотерапия
- гальванизация
- дәрілік электрофорез
- электростимуляция
- флюктуоризация
- интерференцтерапия ж.б.
Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленулерді қолданатын әдістер кіреді. Су және бальнеологияемдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды қолдануға негізделген. Жылумен емдеуге жылытылған парафинның, озокерит, балшықпен емдеу, құмның, құрғақ ауаның жылуын организмге беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді. Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапия, вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді.

Физиотерапияның қолданылуы физиотерапиялық шаралар перифериялық, аймақтық және орталық қан айналымын жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға, бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әректтеріне негізделген. Физиотерапияны тынышсыз жағдайларда, ісіп қызару үрдісінде, организм қатты жүдеген кезде, инфекциялық ауру асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары бар кезде, қансырау және қанауға бейім жағдайларда, жүрек ауруларында, аорта және ірі тамырлардың аортасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды. Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерінде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен үйде жасалынады.
Негізінен судың пайдасы хирургияда кеңінен қолданылады . Хирургияық аспаптарды микробтардан тазарту үшін ыдысқа құйылған суды жарты сағаттай қайнатады . Қайнату уақыты су бүлкілдеп қайнай бастағаннан есептелмек . Судың қайнау ыстылығын арттыру үшін қайнатқышқа көмір қышқылды натрийдің екі проценті ерітіндісін қосады. Ал көмірқышқылды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сумен, бумен емдеу туралы ақпарат
Сумен, бумен емдеу әдістері. Сумен емдеудің негізгі тәсілдері
Сумен, бумен емдеу әдістері туралы мәлімет
Сумен, бумен емдеу әдістері туралы ақпарат
Сумен,бумен емдеу әдістері жайлы ақпарат
Сумен, бумен емдеу
Стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау мен залалсыздандырудың заманауи тәсілдері
Сумен, бумен емдеу әдістері
Емдеу мекемесіндегі тазарту түрлері, тазарту жиһаздарын өңдеу. Стерилизация туралы түсінік
Ампулалардағы, флакондардағы, шприц-тюбиктердегі шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдері. Стерильдеу тәртібін бақылау. Герметикалығын тексеру
Пәндер