Қазақстан құрылыс экономикасында бетонның алатын орны және оның даму перспективалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
Құрылыс материалдары өндірісінде ресурстарды үнемдеу
СӨЖ
Қазақстан құрылыс экономикасында бетонның алатын орны және оның даму перспективалары .
Орындаған: Тексерген:
ПСМ-219 тобының студенті Жетекші: Окасов А. Р.
Заманбек Р. Ш. (жетекшінің Т. А. Ж. )
(қолы)
(бағасы) (күні) (бағасы) (күні)
Семей 2015
Мазмұны:
- Кіріспе
- Ауыр бетон.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әр түрлі құрылыстық конструкцияларды тұрғызу үшін, соның ішінде зауытта дайындалған, қазіргі кезде де және алдағы уақытта да негізгі материал бетон болып табылады. Қазір бетонның түрі өте көп: ауыр және жеңіл бетон, конструкциялық және жылуоқшаулағыш, жол және гидротехникалық, ұялы және ірі кеуекті, ыстыққа төзімді және сәндік, радиоактивті әсерден және химиялық коррозиядан қорғайтын бетон, керамзит бетон, шлактыпемзабетон, аглопоритбетон, күлдібетон, термолитбетон және тағы басқалар. Бұлардың атауларының бәрі бетондағы қолданылатын толтырғыштардың түріне байланысты, ал қасиеттері көбінесе толтырғыш қасиеттерімен анықталады. Толтырғыштардың бетон араласпасы мен бетонға әсерін білу арқылы ғана олардың қолданылу аясын рационалды түрде таңдап немесе техникалық талаптарының бетонға сәйкестігін біліп толтырғыштарды жүйелеуге болады. Қәзіргі таңда құрылыс сапасына көбірек көңіл бөлінуде. Сапа- техника- экономикалық категория. Құрылыстағы бетон маркасынан (беріктіктің орташа көрсеткіші) классқа (берілген қажетті беріктікті қамтамасыздандырылған) ауысуы сапаның нақты мысалы. Осы ауысуға байланысты бетонның біртектілігін жоғарылату экономикалық тұрғыдан жігерлендіреді. Бетонның біртектілігі толтырғыштың біртектілігіне мен сапасына тәуелді, сондықтан курста жоғары сапа мен технологиялық сенімділікті қамтамасыз ететін толтырғыштарды байыту технологиясына ерекше көңіл бөлінеді. Толтырғыштар - белгілі бір түйіршікті құрамдағы бетонның құрамдас бөлігі болып табылатын, яғни тұтқыр зат және сумен араласқанда бетон түзетін табиғи немесе жасанды материалдар. Толтырғыштардың бағасы бетонды және темірбетонды конструкциялардың бағасынан 30-50 % жетеді. Сондықтан да толтырғыштарды меңгеру, дұрыс таңдай білу, олардың рационалды түрде өндіруі мен пайдаланылуы халық шаруашылықта маңызы бар.
Ауыр бетон.
Бетон, құйматас - белгілі бір мөлшерде алынатын шебеннен, құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т. б. ), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т. б. ) кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады. Бетон (французша beton, латынша bіtumen - тау шайыры) құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т. б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 - 2500 кг/м3), жеңіл (1800 - 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді. Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т. б. ) болып ажыратылады. Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады. Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Ауыр бетон - тығыздығы 1800-2500 кг/м3 аралығында болатын, белгілі бір пропорцияда алынған, минералды байланыстырушы зат, су, толтырғыштардан және қажет болған жағдайда қосылатын арнайы қоспалардың мұқият араластырылып нығыздалған массасы қатаю нәтижесінда пайда болатын жасанды тас материал. Аталған компоненттердің қатаюға дейінгі араласын бетон араласпасы деп атайды. Қолданылатын байланыстырушы зат түріне байланысты бетондардың жіктелуі:
- Цементті (цклинкерлі цемент негізінде жасалған портланцемент, шлакопортландцемент, пуцоланды порландцемент және т. б. ) ;
- Автоклавта қатаятын силикатты негіздегі бетон (әкті- құмды, әкті-шлакты және т. б. ) ;
- Гипсті бетон (гипсті және гипсоцементті-пуцоланды негіздегі байланыстырушы заттар) ;
- Асфальтобетон (битумды байланыстырушы зат негізінде) ;
- Полимерцементті бетон және полимербетон (синтетикалық смола негізінде) ;
Қолданылу мақсатына қарай бетоннның түрлері:
- Конструкциялық - ғимараттың жүк көтеруші бетон және темірбетон конструциялары үшін (іргетас, бағаналар, балкалар, плиталар және т. б) ;
- Гидротехникалық - бөгеттер, шлюздар салу және арықтардың бетін қаптау ушін және т. б. ) ;
- Ғимараттың оқшаулағш жеңіл қабырғалары және жабындары үшін қолданылатын бетон) ;
- Жолға арналған бетон (әртүрлі мақсаттағы долдар жасауға арналған) ;
- Арнайы бетондар - химиялық төзімді, отқа төзімді, әсемдік, аса ауыр, полимербетон және т. б.
Цемент. Аур бетон үшін мына цемент маркалары пайдаланылады:
- Бетон маркасы М100 М150 М200 М300 М400 М500 М600
- Цемент маркасы М300 М300 М400 М400 М500 М500 М600
Белгілі бір бетон маркасын алу үшін қолданылалтын цемент маркасы ұсынылған маркадан жоғары болса, микротолтырғыштарды - ұсатылған тау жыныстарын (әктас, доломит және т. б. ) және өндіріс қалдықтарын (домендік және отындық шлак, күл және т. б. ) пайдаланған дұрыс. Бетонның араласпасының дұрыс ұстасуына және қатаюына кедергі жасайтын зиянды қоспалары (сульфаттар, минералды және органикалық қышқылдар, майлар және т. б. ) жоқ суды пайдаланады. Ауыр бетонға арналған ұсақ толтырғыш ретінде түйірлерінің өлшемі 0, 14 пен 5 мм аралығында болатын табиғи құм қолданылады. Табиғи құмдар өзендік, теңіздік және таулы болып бөлінеді. Өзендік және теңіздік құм түйірлерінің беті тегіс, ал таулы аймақтардағы құм түйірінің беті бұдыр болып келеді. Сондықтан, таулы аймақтардың құмдары бетон араласпасындағы жақсы ілінісуді қамтамасыз етеді. Бірақ, олардың құрамында өзендік және теңіздік құмдарға қарағанда көп мөлшерде зиянды қоспалар болады. Жасанды құмдар қатты тау жыныстарын ұсату, үгіту нәтижесінде және металургиялық шлактардан алынады . Ұсаьылған құмның өзіндік құны жоғары, сондықтан, оны ұсақ табиғи құмды байыту үшін қосады.
Түйірлерінің өлшемі бойынша құмдар 4 фракцияға бөлінеді:
- үлкен (10мм, мұндай түйірлер болмауы керек) ;
- орташа (5-10мм, 5% көп емес) ;
- ұсақ (0, 14-5мм) ;
- өте ұсақ (0, 14-тен кіші, 10% көп емес) ;
Бетонға арналған ірі толтырғыштар : гравий және щебень. Гравий -өлшемдері 5-70 мм болатын, тау жыныстарының табиғи жағдайда үгілуінен пайда болған түйірлердің араласы. Щебень - ірі тау жыныстарын, кірпіш, бетон қлдықтарын үгіту нәтижесінде пайда болатын, өлшемдері 5-70мм жиынтығы. Өлшемдеріне байланысты ірі толтырғыштар келесі фракцияларға бөлінеді: 5-10, 10-20, 20-40, 40-70мм. Бетонның негізгі қасиеттері. Қысуға беріктік бетонның негізгі механикалық қасиеті болып табылады. Бұл көрсеткіш, алынған бетон араласпасынан дайындалған стандартты куб пішінді бетонды сынаққа дейін нормальді жағдайда (температура 15-20 0С, ауаның салыстырмалы ылғалддылығы 90% кем емес) 28 тәулік сақтап, сынау арқылы анақталады. Қысуға беріктігі бойынша бетон маркалары: М200, М250, М300, М350, М400, М500, М600, М700, М800.
Бірқатар конструкцияларды бетондау кезінде, бетонның иілуге беріктігін білген дұрыс. Мысалы, жолға арналған бетон. Ол үшін бетон балкаларды сынайды. Бетонның иілгіштікке беріктігі қысуға беріктігіне қарағанда 10 . . . 20 есе төмен болады. Иілгіштікке беріктігі бойынша бетон маркалары: Pf 5, Pf 10, Pf 15 … Pf 50. Темірбетон үшін көбінесе М200 және М250 маркалы бетонды, алдын-ала кернеуленген темірбетон үшін М300-М500 қолданылады. М100 және М150 негіздер және басқада ірі монолитті конструкциялар жасау үшін қолданылады.
Тығыздық. Ауыр бетон тығыз материал болып есептелмейд. Бетон құрылымындағы кеуектер араласпа құрамында болған судың булануы және тығыздау кезінде ауа көпіршіктерінің толық жойылмауы нәтижесінде пайда болады. Бетон тығыздығы араласпаның түйіршіктік құрамын мұқият таңдағанда, су/цемент қатынасын азайтқанда, су қажеттілігін азайтатын пластификаиорлар пайдаланғанда және дұрыс тығаздағанда артады. Тығыздығы жоғарылаған сайын бетоннның беріктігі, аязға төзімділігі, су өткізбеушілік және коррозияға төзімділігі артады.
Су өткізбеушілік қасиет. Қалыңдығы 200мм асатын тығыз бетон су өткізбейді. Бұл көрсеткіш белгілі бір қысыммен әсер ететін судың бетон қалыңдығы арқылы өтіп кетпеуімен сипатталады. Осыған байланысы бетон маркалары 12-ге бөлінеді: В2, В4, В6, В8, В10, В12, В14, В16, В18, В20, В25, В30. сәйкесінше бетон 0, 2, 0, 4 . . . 3 МПа қысыммен әсер ететін суға төтеп бередеі. Бетонның су өткізбеушілік қасиетін пластмас пленка, тығыздаушы қоспалар қосу арттырады. Ең тиімді тәсіл, ісінетін цемент қолдану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz