Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар. Аналықтардың бедеулігі. Олардың жіктелуі .

Орындаған:ҚоңырбекБ. Б Тексерген : Мухамадиева Н. Н

Семей қаласы 2015

Жоспар

  1. Жатырдыңайналыптүсуі.
  2. Туғаннан кейінгі жатырдың орнына келмеуі(жатырдың субинволюциясы)
  3. Бедеулік анықтама?
  4. Туа біткен бедеулік?
  5. Бедеуліктің түрлерін анықтау?

Жатырдың айналып түсуі

Бұл патология туудан кейінгі алғашқы сағаттарда кездеседі . Себептері: ауруға әкеп соқтыратын себептері: малды буаз кезінде дұрыс азықтандырмау, мционның болмауы және еденнің алдыңғы жағы көтеріңкі болуы. Аталған себептер бүкіл организімнің еттерін босатады. Төлденгеннен кейін жатыр өзуақытында бұрынғы қалпына келмейді. Клиникалық көріністері: жатыр түскен мал мазасызданып, жиі-жиі күшенеді де зәр мен нәжісін шығарады. Жатырдың түсуін анықтау қиын емес. Жыныс ернеуінен шудың қалдығыменқоса қанталаған жатыр салбырап тұрады. Емдеуі: жатырдың орнынасалудағы барлық шараларды қолданады. Сиыр күшенбес үшін 1-1, 5 л 400 спирт ішкізеді немесе сакралды анестезия жасайды. Жатырды шудыңқалдығынан, кірден тазартады, дизенфекциялық ерітінділермен жуады (калий перманганаты, риванол 1:100, фурацилин 1:5000) . Жатырдың сірліқабатының новокаиннің 1%-дық 100 мл ерітіндісін, жатыр етіне окситоциннің 40 ӘБ егеді. Жатырды стерилденген орамалмен алдынантүбіне дейін тығыздап орайды. Одан кейін жатырды ихтиол майымен майлап, жыныс ернеулеріне жақын жерден бастап, жамбас қуысына итеріп салады. Жатырды слып болғаннан кейін оның қыртыстарын қолмен жазады. Балықмайына араласқан антибиотиктерді енгізеді. Жатырды бекіту үшін төменгіаталған тәсілді қолданады. Болаттан немесе қоладан жасалған 12 мм шегетәрізденген 3 штифтерді дайындайды. Дайындалған бар ыдыста сақтайды немесе пайдланар алдында 700спиртпен ылғалданған мақтамен сүртеді. Жыныс ернеулерін бекіту алдында дизенфекция жасап, штифті енгізетін жерлерін йодтың ерітіндісімен залалсыздандырады. Сол қолмен жыныс ернеулерінің екі жағын қысып ұстап, штифті оң қолға алып, алақанмен басып жыныс ернеулерінің еніне енгізеді. Жыныс саңылауларының шетінен 3, 5-4 см керіалады. Қалған штифтерді стерилді бинтпен орап, сарпайдың жоғарғы бұрышында аяқтайды. Жыныс ернеулерін жақындастыру үшін бинтті тартыпбайлайды. Күшенудің алдын-алу үшін жатырға тағы да сакралды анестезия жасайды. Аталған тәсілмен бекітілген жатыр малдың физеологиялық нәжіс, зәр шығаруына және дәрі-дәрмектерді енгізуге кедергі жасамайды. Малдың ұлпасына бекітілген штифтерді 1-2 тәулікке қалдырады, ал фиксация

жасаған 53кезде материялды алып, йодпен сүртіп күйдіреді. Әрі қарайжасалатын ем жатырдағы потологиялық процестің дамуына байланысты болады.

Туғаннан кейінгі жатырдың орнына келмеуі (жатырдың субинволюциясы) Ол туғаннан кейінгі жатырдың белгілі уақытта өзінің бұрынғы қалпына келмеуі. Жатыр қуысында лохий жиналады. Себептері: жатыр еттерінің босансуына соқтыратын факторлар: малды дұрыс азықтандыру, рационда минералды заттардың жетіспеуі, мационның болмауы және басқа жағдайлар. Клиникалық көріністері мен анықталуы: жатыр субинвалюциясы малдың жалпы жағдайын өзгерте қоймайды. кейбір жағдайларда ғана септикалық улануға соқтырады. Ауруды дер кезінде емдесе жазылып кетеді. Сонымен қатар жатыр субинвалюциясы ұзаққа созылған эндомеритке айналады. Эндометриттің өрбу сатысына байланысты көпке дейін мал қысырлыққа ұшырайды. Жатыр субинвалюциясын анықтау үшін мына көріністерге назарсалады: 17 күнге дейін жатырдан лохий бөлінеді, оның консистенциясы жабыспақ, иісі сасық, сұр түсті болады. Жатыр мойны бұзаулағаннан кейін20-30 күнге дейін ашық болады. Жатырды тік ішек арқылы тексергенде, оның созылыпқұрсақ қуысында жатқанын байқайды, жатыр жиырылмайды, ішінде сұйық бар екні, туғаннан кейін 10-15 күнге дейін орта жатыр артериясының соғысы байқалады. Емдеу:малдың жалпы жағдайынжақсартуға, жатыр тонусын арттыруға бағытталады. Ол үшін стимуляция жасайтындәрі-дәрмектер қолданады, оған АСД- 2, уыз, карбохалин, прозерин жатады, ал жатырды жиырылтуға малдың етіне немесе тері астына питуитрин, окситоцин, карбохолин қолданып, шарана суларын ішкізеді және 1%новокаин ерітіндісі мен антибиотик, акситоциннің қосындысын қанға жібергенде жақсы нәтиже береді.

Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай, төл береалмай қалуы, бағып -күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс. Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі. А. Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған: 1. Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы, инвазиялық және індетті аурулар. 2. Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі, персистенттік сары дене, эндометриттер, анофродезия, нимфомания, ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы. 3. Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы, күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.

Н. Ф. Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары. Ал П. А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А. П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші, брақ мал организмінде морфологиялық, қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.

Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау, эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық факторлар, туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды. Ірі қара малында туа біткен бедеуліктің төменгі түрлері кездеседі: инфантилизм, фримартинизм, гермофродитизм, туа біткен жыныс мүшелерінің кемтарлығы. Фримартинизм - құбылысы көбнесе егіз төл дамығанда біреуі еркек біреуі ұрғашы болғанда кездеседі, өйткені құрсақ қуысында төлдердің даму кезінде гормондары араласып ұрғашы төлде еркек төлдің гормоны басым болғандықтан, туғаннан кейін ұрғашы төлдің жыныс мүшелері аномалияға ұшырап, шүртекейі-клиторы шамадан тыс дамып, бұқа тәрізді болады. Бұндай таншалар төл-ұрпақ беру қаблетінен айырлады, сондықтан оларды семіртіп, сойып алған дұрыс болады. Инфантилизм-жас малдың жыныс мүшелерінің дамымай қалуы және жыныстық қызметінің байқалмауы, аналық және аталық бездерінің гипоплязиясы. Гермофродитизм-бұл өзгерістер сирек кездеседі, жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың ұлпасының бірдей дамуы, кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.

Кәріліктен болған бедеулік

Сиырларда кәріліктен болған бедеулік 12-14 жасқа келгенде жыныс аппаратындағы дегенеративтік өзгерістермен сипатталады. Кәрі сиырлардың аналық жыныс бездері қызмет еткенмен, жатырының бездерінің қызметтері6-7 бұзаулаған сиырда төмендей бастайды, сонымен эмбрионның дамуына қолайсыз жағдай туындайды, көбнесе эмбрион өліп қалады. Бұқаларда кәріліктен болатын бедеулік кезінде шәуетінің сапасы төмендеп кетеді және жыныс рефлекстері байқалмай қалады, кейде нашар байқаладыда күйлеген ұрғашы малды ұрықтандыаалмай қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас малды мал басын көбейтуге тек физиологиялық жетілгеннен пайдаланып, 6-7 бұзаулағанға дейін шаруашылықта пайдаланады.

Алиментарлық бедеулік

Алиментарлықбедеулік азыққұрамының сапасыздығымен қатарағзаға түсетін кейбір улы заттардыңәсерінен және кейбір минералдызаттардың жетіспеуінен болады. Мал өнімділігінбелгілі денгейге дейінкөтеру үшін, мал организмінминералды заттарменқажетті мөлшерде қамтамасыз ету керек. Дегенмен, іс-тәжірибеде бұндай жағдайдыжасауоңайбола бермейді. Осы тұрғыдан алғанда бедеулігі 40-70%-ға дейінгі алиментарлы себебтерге байланыстыекені әдебиеттегі мәліметтерден белгілі. патогенезіне тоқталатын болсақ, ең біріншіден ірі қара малын дұрыс бағып-күтпеу -гипофизарлық жүйеқызметі, бүйрек үстібездердің, , тоның аяғы морфологиялық өзгерістергеәкеліп соқтырады. ФСГ - мен ЛГ- түзелуі бұзылса, жыныс циклы толықсыз өтіп, аналық малұрықтанбай, ұрықтанғанның өзінде зигота жатыр клегей қабатына телінбей қалады. (Паничи, 1972) . Малға берілетіназық мөлшерінің жетіспеушілігі, немесе кейбір заттардыңартық мөлшерде болуы бауырды зақымдандырады, , эндометриттің дамуына және бауыр аурынашалдықтырады. Қанқұрамындакетонды денелер көбейіп, аналық организмінде зат алмасуы бұзылады. Қанда кетонды денелермөлшерікөбейіп, жоғарылайды бұл құбылыс салдарынан сиырлардың ұрықтануымүлдем болмауы мүмкін. (И. И. Афанасьев, 1972) . Қазіргі жағдайда сиырлардың алиментарлы бедеулікке ұшырауында негізгі рөл атқарушы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабыну мен өтетін аурулар.аналықтардың бедеулігі олардың жіктелуі
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Жатыр аурулары
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді
Шошқаның обасы
Жасына байланысты балалардың ауыз қуысының сілемейлі қабығының құрылым ерекшеліктері
Туғаннан кейінгі инфекциялық аурулар
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz