Тудың патологиялық кезінде акушерлік көмек көрсету туралы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тудың патологиялық кезінде акушерлік көмек көрсету
Тексерген:Муратбаев Д. М
Орындаған:Бабарханова М
Жоспар:
- Шешек туралы жалпы түсінік
- Емі
- Әр малға тағайындалатын ем.
- Пайдаланылған әдебиеттер
Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады. Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі) . Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады. Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі. Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар) ; 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы) ; 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді) ; келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы) ; 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады [1, 2, 3, 4] . Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады. Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.
Емі. Ауырған жануарларды тез арада құрғақ, жылы қоражайға оқшаулап, кұнарлы, жеңіл қорытылатын жемшөп береді. Суаратын суға йодты калий қосады. Қосалқы инфекциялардың асқынбауы үшін антибиотиктер мен химио-терапевтикалық дәрілер қолданады. Ауруы тым асқынып кеткен малды сояды. Шешек шықкан сиырдың желінін қүрғақ, таза ұстайды. Қабыршақтарын жібіту үшін стрептоцид майы, синтомицин майы, мырыш майы, бор майы сияқты бейтарап жақпа майлар қолданылады. Сүтін ақырын сауып алады, Ойылған жерлерін құрғатып және антисептакалық сұйықтармен ( йод тұнбасы, Буров сұйығы ) сүртеді. Кілегейлі қабықтарды антисептикалық және бырыстыратын ерітінділерімен шаяды. Басқа мал түліктерін де шешек шыққанда осы тақілеттес емдейді. Терідегі шешек шыққан жерлеріне мырыш, бор, йодоформ жақпа майларын жағады. Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады. Рационға А витаминін, каротині бар азықтар (сәбіз, балық, майы, шөп ұны) қосады.
Соңғы жылдары қойды егу үшін кейбір елдерде әлсіретілген вирус штаммдарын торша өсіндісінде өсіріп, иммунділігі жоғары вакциналар даярлай бастады. Иракта РМ/65 штаммынан, Тунис пен Румынияда Перего мен Фанар штаммдарынан даярлаған вакциналар қолданылады.
Шошқаның табиғи өз шешегі кезінде жасанды иммунитет қалыптастыру мақсатымен ауру зілсіз жеңіл өткен жануарлардан детрит қабыршақтарын жинап, скарификатормен тырналған терісіне тамызып егеді.
Тауықты шешекке қарсы 2 түрлі вакциналармен егеді: көгершін шешегінің вирусынан даярланған және тауық шешегінің әлсіретілген вирусынан даярланған. Көгершін шешегінің НД штаммынан даярлаған вакцинаны 1-1, 5 айға толған құсқа егеді. Иммунитет 3 аптада қалыптасып, балапанда 3 ай, мекиенде 10 айға дейін сақталады. Әлсіретілген Әзірбайжандық 27-АШ штаммынан алынған құрғақ эмбрион вакцинамен тауықты, қырғауылды егеді. Иммунитет 15-20 күнге қалыптасып, балапанда 4 ай, ересектерінде 9-10 ай сақталады.
Дауалау және күресу шаралары. Шешектің алдын алу үшін ветеринариялық-санитариялық шарларды қатаң сақтау қажет. Жаңадан әкелінген малды карантинде ұстап, алысқа айдағанда басқа малмен жанасуына жол бермеу керек, шешек егілген адамның 14 күнге дейін малды күтіп, жанасуына болмайды. Сау емес шаруашылықтағы барлық мал егілуге тиіс.
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы, 1993ж. (230-234б) .
Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж. (115-117б) .
Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж. (200-205б) .
Қасымов Е. И., Лесова Қ. А., «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (235 б) .
Жамансарин Т. М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (249 б) .
«Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А. А. Конопаткина- М. Колос, 1993ж. (140б) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz