Эрозияға қарсы және дефляцияға қарсы іс-шараларды талдау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Эрозияға қарсы және дефляцияға қарсы іс-шараларды талдау
Орындаған:Төлетаева А. С
Тексерген:Сағандықов С. Н
Тобы: АГ-213
Семей-2015ж
Жоспар:
Кіріспе
1. Эрозияға қысқаша анықтама
2. Жел және су эрозиялары
3. Эрозияға қарсы және дефляцияға қарсы іс-шараларды талдау
Пайдаланылған әдебиеттер
Эрозия - құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 50 млн га құнарлы жер тозып бітті. Эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20-40% төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілүі топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
Жел және су эрозиялары
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. “Эрозия” - термині латынның “erodere” - “бұзу” деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз - топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0, 5-2, 0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-1700 жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.
Қалыпты эрозия - орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында болады. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия - табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.
Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдық.
Жазықтық эрозия - тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.
Сызықтық эрозия - тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция - топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.
Ирригациялық эрозия - суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер азғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдауы да жүреді.
Өндірістік эрозия - пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай құбырларын салу кезінде байқалады.
Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.
Шамадан тыс мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия - ауыршаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті - биологиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ-да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1млрд доллар шығын әкеледі.
Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы - топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.
Топырақты эрозиядан қорғау.
Топырақтың эрозиясымен күресу - егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі - шаруашылық ұйымдастыру жұмыстары. Бұл - территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізеді.
Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденеңдеп жырту, ал өте биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады.
Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттарды жасау да жатады. Дефляциға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-мелиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден, эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А. Т. Болотов, В. В. Докучаев, Н. М. Сибирцев, т. с. с. үнемі атап көрсеткен.
Эрозиямен күресу жолдары:
1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетінәсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы - мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.
Эрозияға қарсы және дефляцияға қарсы іс-шараларды талдау
Шығыс Қазақстандағы эрозиялық процесстердің ішінен желді және сулы эрозия қатты байқалынады. Жер бедерінін ерекшелігі мен жер климатының жағдайларына байланысты Шығыс Қазақстанның аумағының бірден үш бөлігі эрозия жағынан қауіпті болып табылады. Егістіктердің көбісі арнайы эрозияға қарсы іс-шаралардың қолдануына тіреніп отыр.
Эрозияға қарсы іс-шаралардың негізінде агротехникалық шаралар жатыр, олар желді және сулы эрозияларды минимумға дейін тусіреді.
Су эрозиямысен күресу- ол агротехникалық іс-шаралардың жиынтығы, оның ішіне топырақтың топыраққа қарсы өңдеуі, ауылшаруашылығының дақылдарының себуі-тік және көлдененнен. Бұл топырақтың ағып кетуіне деген тұрақтылықты жоғарлатады және ағымды жалтаққа қарай 5-3, 5 мәртеге қысқартады. Топырақтың негізгі өңдеуі қаншаға терең орындалса, жауын-шашындардың ылғалы жақсырақ сінеді. Бірақ, егістік қабатының қуаттылығы көп жерлерде терең жер жыртуды талап етпейді. Бұл жағдайда топырақты тереңдетіп және көкжиекке байланысты қосымша жазық тегістеу керек.
Ылғалдың қосымша жинақталуы үшін судігерлерді арнайы ЛОД-10 шұнкыр пайда болғызатын құралмен шұнқырлайды, судігердін опырылуын кәдімгі ұзын қайырмалы соқамен өңдейді де, алдындағы корпусын кесіп алып тастайды немесе бағанның мөлшерімен кеседі. Ең жақсы нұсқа болып екі перпендикулярды бағытта жасалатын валиктардың даярлауы болып саналады. Сонымен қатар судіргінін үзіп-үзіп бороздалауы қолданылады, олар егістіктен соң 308м қашықтық арасында бір біріне қарама-қарсы бороздаларды 25-27 см тереңдігінде кесіп даярланады. Үстіде айтылып кеткен шаралар су үстінің және ылғалдың қосымша жинақтауының мәселелерін азайта отырып, табысты болып табылады.
Қарды ұстау кезенінде және қардың еру кезенінде топырақтың ылғалын жоғарлатуы өте манызды рөл атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz