Ірі қара малының гигиенасы жайлы ақпарат



1. Ірі қара мал шаруашылығы
2. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
3.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды-далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7–10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар):
1) тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;
2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;
3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т.б. технологиялық тәсілдердің жинағы – малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғый төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процесстерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.
1. Барабаш А.Ф. Практические советы по содержанию крупного рогатого скота.-М.: ООО «Издательство АСТ», Донецк: «Сталкер», 2002.
2. М.С. Садуақасов Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы (ІІ)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған: Мұқанова.А.Е
Тексерген: Садуақасов М.С.

Семей 2015

Жоспар:

1. Ірі қара мал шаруашылығы
2. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
3.Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды-далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7 - 10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар):
1) тұқымдық - мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;
2) Өнімдік - ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;
3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т.б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғый төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процесстерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.
2. Қолда тұрғызып ұстау. Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде (комплекстерде) ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.
Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғарғы ветеринариялық-санитарлық талаптар қойылады. Ірі көмплекстерге ірі қара малдарының кейбір бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай бейімделе алмай өнімділік көрсеткіштерін төмендетіндігі тәжірибеде дәлелденген. Ондай жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік шулардың пайда болуы, қозғалыстарының аз болу, біркелкі типті азықтандырудың нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер етіп, сүтінің азаюына апарып соғады.
Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды (қораның біріктірілуі, құрлыс материалдарының шығынының кемуі, технологиялық процесстерінің-вентиляция, канализация, жарықтандыру - жүйелерінің қысқаруы, қора бөлшектерінен тарайтын жылудың азаюуы т.б.) әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азайып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктердің жиі жіберілуі кездеседі.
3. Жайып ұстау жүйесі - кезінде малдар жылдың барлық мезгіліндерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.
Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке (қабырғасыз төбелі қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар өз еркімен кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.
Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғый жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шыбындықтар маңайына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар, байлауыштар, азық, су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.
Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының физикалық, химиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Ірі қара малының гигиенасы жайлы
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Ірі қара малдың гигиенасы
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара мал гигиенасы жайлы
Пәндер