Реляциялық есептеу тілдері



Жоспар:

І. Негізгі бөлім

1. Реляциялық есептеу тілдері
2. Реляциялық алгебра тәсілімен қатынастарды өңдеу
3. Реляциялық мәліметтер базасы қатынастарының қасиеттері

ІІ. Қорытынды

III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Реляциялық

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.
Даталогиялық үлгіні сақталу ортасына байланыстыратын болсақ, онда физикалық деңгейдегі мәліметтер үлгісін қолдануға тура келеді. Бұл үлгі қолданылатын сақтау құрылғыларын, жадыдағы элементтердің орналасу
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. О.Камардинов «Информатика». Алматы-2006.
2. А.Жапарова «Информатика». Алматы-2006.
3. Дейт К.Дж. «Введение в системы баз данных», Киев-1998.
4. Бралиева Н.Б, Байшоланова Қ. С. «Ақпарат жүйесінің технологиясы». Алматы-2004.
5. Айдарханов М.В. «Методологии и современные информационные технологии создания баз данных автоматизированных управляющих систем». Алматы-1998.
6. Инчин А.С. «Система управления база данных». Москва-2006.

Жоспар:

І. Негізгі бөлім
1. Реляциялық есептеу тілдері
2. Реляциялық алгебра тәсілімен қатынастарды өңдеу
3. Реляциялық мәліметтер базасы қатынастарының қасиеттері
ІІ. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Реляциялық

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды
және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі
деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті
болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын
жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер
үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын
логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл
үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың
мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік
саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің
біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де,
ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат
қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық,
техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың
инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі
даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.
Даталогиялық үлгіні сақталу ортасына байланыстыратын болсақ, онда
физикалық деңгейдегі мәліметтер үлгісін қолдануға тура келеді. Бұл үлгі
қолданылатын сақтау құрылғыларын, жадыдағы элементтердің орналасу тәсілін,
мәліметтердің элементтері арасындағы логикалық қатынастарды жүзеге асыру
әдістерін анықтайды.
Даталогиялық деңгейдегі мәліметтер үлгісінің негізінен үш түрі бар:
• Реляциялық;
• Желістік;
• Иерархиялық.
Реляциялық үлгілер Мәліметтер базасын тұрғызуда кең қолданылады. Ол
тек МББЖ-ны қолдап қана қоймай, әрі МБ-ны жобалаудағы аралық көмекші үлгі
орнына қарастырылады.
Реляциялық үлгі мультиүлгілік жүйені тұрғызудағы виртуальді үлгі
орнына қолданылады. Реляциялық үлгілерде ақпараттық бірлікке домендер,
атрибуттар, қатынастар жатады.
Атрибут – ақпарат бірлігінің элементі болып, және ол қандай да бір
мәндерді иемденеді.
Реляциялық МБ-ның қатынасы шектеулі шарттарды сақтау арқылы екі
өлшемді кесте түрінде беріледі. Себебі ол адамға түсінікті, қарапайым.
Реляциялық МБ-ның нобайы келесі құрамаларды қамтиды:

мұндағы А – атрибуттар атының жиыны;
R – қатынастар атының жиыны;
Dom – атрибуттардың доменге енуі;
Rel – қатынастар құрылымының сипаты;
V(s) – МБ-дағы шектеулер жиыны.
Реляциялық МББЖ-дағы қатынастарға амалдар қолдану тілдері реляциялық
есептеу мен реляциялық алгебра тілдерінен тұрады.
Реляциялық есептеу тілдері предикаттарды есептеуге негізделген. Олар
қолданушыларға МБ-ға қажетті сұраныстарды жазу ережелерінің жинағын
көрсетеді. Сұраныстарда керекті нәтиже туралы ақпарат қамтылады. Сұраныс
негізінде жаңа қатынастардың қалыптасуы арқылы МББЖ керекті нәтижені
береді.
Реляциялық алгебра тілдері реляциялық алгебраға негізделген.
Қатынастарға қолданылатын амалдардың тізбегін сәйкес ретте көрсете отырып,
қажетті нәтиже алуға болады. Сол себепті де реляциялық алгебра тілдері
амалдық деп есептелінеді.
Нәтижелі қатынастарды қанағаттандыратын қасиеттерді сипаттау, яғни
декларативті ыңғай математикалық логика әдістеріне негізделген.
Қарапайым тілдегі сөйлемдерді мағынасы бойынша ақиқат және жалған деп
ажыратуға болады.
Реляциялық есептеуде көбінесе математикалық логиканың келесі ұғымдары
қолданылады:
• конъюнкция (және) - , дизъюнкция (немесе) - , инверсия
(емес) - , туындайды - ├ , импликация - →, =, ≠, ,
, =, = , ┤ - қажетті белгілеріндегі логикалық таңбалар мен
байланыстар;
• Айнымалылар мен тұрақтылар таңбасы. Реляциялық есептеудің тілдік
конструкцияларында оларға атрибуттар аты мен айнымалылар және
тұрақтылар сәйкес келеді;
• Термдер, яғни кез келген айнымалылар мен тұрақтылар, аргументтері терм
болатын функциялар;
• Аргументтері терм болатын формула-предикаттар, мұндағы предикат ұғымын
түсіну үшін келесі анықтаманы қарастырамыз: ішкі жиын п-орынды
қатынас немесе А-ның предикаты деп аталады, егер А1=А2=...=Ап болып,
ал А1хА2х...хАп – А жиынының декарттық п-дәрежесі, яғни Ап болса;
• Формулалар, яғни қарапайым формулаларға жалпылық кванторды (all)
немесе бар болу кванторын (some) қолдану нәтижесі. Дәлірек айтқанда
(all) кванторы, яғни таңбасы кез келген немесе барлық деген
жазуды білдірсе, ал (some) кванторы, яғни таңбасы бар болу
мағынасын білдіреді.
Мысалы, немесе жиыны үшін ,,1,→ белгілеріне
қатысты амалдар төмендегі кесте бойынша анықталады.
Реляциялық есептеу тілдері қолданушыларға МБ-ға сұраныстарды жазу үшін
ережелер жиынтығын береді.

х у
0 0 0 0 1 1
0 1 0 1 1 1
1 0 0 1 0 0
1 1 1 1 1 0

Реляциялық есептеудің алғашқы тілі ALFA Коддтың өңдеуі арқылы
қалыптасты. Соңғы уақыттарда реляциялық МББЖ-да IBM фирмасы өңдеген SQL
(Structure Query Language) тілі кеңірек қолданылып жүр.
Қатынастарға амалдар қолдану барысында алгебралық түрдегі жазуларды
немесе реляциялық МББЖ тіліндегі тілдер жазуларын қолдануға болады.
Қатынастарға қолданылатын амалдарға: декарттың көбейту, бірігу,
қиылысу, бөлу, айырмашылық, проекция қосылу, таңдау жатады. Қатынастарға
осы амалдарды түгел жасау мүмкіндігі реляциялық МББЖ-ның тиімділігін
анықтайды.
Декарттық көбейту амалын қарастырайық. Айталық, әр түрлі схемадағы
бастапқы қатынастар қарастырылсын. Декарттық кеөбейту амалы жүзеге
асырылғанда нәтижелік қатынастардың құрамына енген атрибуттардың саны
бастапқы қатынастардың құрамындағы атрибуттардың қосындысына тең болып, ал
нәтижелік қатынастар кортежінің саны бастапқы қатынастар кортежінің
көбейтісіне тең болады. Ондағы бастапқы F1,F2 қатынастарынан F – нәтижелі
қатынасы алынады:
F1 x F2 = F.

ОҚЫРМАНДАР
Аты-жөндері
Балашов Қ.
Шаденов Е.
ӘДЕБИЕТТЕР
Оқулықтар Алған мерзімі
Информатика 02.01.01
Физика 04.01.01
Ағылшын тілі 08.01.01

Тіркеу парағы
Аты-жөндері Оқулық Алған мерзімі
Балашов Қ. Информатика 02.01.01
Балашов Қ. Физика 04.01.01
Балашов Қ. Ағылшын тілі 08.01.01
Шаденов Е. Информатика 02.01.01
Шаденов Е. Физика 04.01.01
Шаденов Е. Ағылшын тілі 08.01.01

Бірігу амалы бірдей құрылымдағы бастапқы екі қатынас үшін орындалады.
Айталық, Y1 және Y2 қатынастары берілсін. Ал Y – нәтижелік қатынас болсын,
яғни:

ТАҒАМДАР
Аты Құны
Нан 25 тг.дана
Сүт 40 тг.л
Ет 290 тг.кг
Тұз 20 тг.кг
Қант 80 тг.кг
КИІМДЕР
Аты Құны
Көйлек 1500 тг.дана
Қалпақ 500 тг.дана
Орамал 1000 тг.дана
Кеудеше 750 тг.дана

ТАУАРЛАР
Аты Құны
Нан 25 тг.дана
Сүт 40 тг.л
Ет 290 тг.кг
Тұз 20 тг.кг
Қант 80 тг.кг
Көйлек 1500 тг.дана
Қалпақ 500 тг.дана
Орамал 1000 тг.дана
Кеудеше 750 тг.дана

Қиылысу амалы орындалғанда, екі қатынастарда да бар корьеждер
қамтылады. Егер R1, R2 қатынастары берілсе, онда R қатынасы олардағы бірдей
ұқсас қатынастардан тұрады:

СТУДЕНТ
Аты-жөні Пән Баға
Асқаров М. Тарих 3
Жұмабаева Н. Тарих 5
Сәрсекова Р. Тарих 5
Омаров Е. Тарих 3
Тілегенов А. Ағылшын тілі 5
Өмірзақов А. Тарих 3

СТУДЕНТ
Аты-жөні Пән Баға
Асқаров М. Физика 3
Жұмабаев Н. Тарих 5
Сәрсекова Р. Тарих 5
Тілегенова А. Ағылшын тілі 5
Өмірзақов А. Тарих 3

СТУДЕНТ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер үлгілері
Кинопарк 7 Ақтөбе деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
«Интернет ресурстары» мәліметтер қорын құру
Құрылыстағы сметаның орындалуын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Мәліметтер үлгілері жайлы
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Деректер талдаушысы
Пәндер