Сұйық және Газ тәрізді отындарға арналған оттықтар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАӨЖ
Тақырыбы: Сұйық және Газтәрізді отындарға арналған оттықтар
Орындаған: Семейхан. А.
Топ: ТЭ-317
Тексерген:Шалаганова. А. Н.
Семей2015ж
Жоспар
- Кіріспе
- Жану теориясының жалпы сұрақтары
- Сұйық және газ тәрізді отынды жағу
- Отынның техникалық сипаттамалары және оларды қазанда пайдалану тиімділігі
- Отынды жағудың экологиялық мәселелері
- Сұйық және Газтәрізді отындарға арналған оттықтар
Кіріспе
... жалғасыСұйық отын (жидкое топливо) - іштен жану қозғалтқыштарында (автомобиль, танк, авиация, ракета т. б. ) отын ретінде қолданылатын органикалық заттардың жанармаймен қоспасы. Сұйық отынның ең кең тараған түріне мұнай өнімдері: керосин, бензин, мырыш, сонымен бірге спирттер және басқа да көмірсугектер жатады. Отынның элемениарлы құрамын және отынның жанғыш құрамдарының жануының, жиынтықты реакциясының материалды балансын білгеннен кейін, барлық шамаларын есептеу жолымен анықтауға болады Сұйық түрдегі күлді әкету кокстың жану процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Көмірқышқыл газынан СО 2 басқа отынның жану кеңістігіне көміртек тотығыда СО да түседі. Көміртек тотығының бірінші өнімі жоғарда айтылған. Ал қызған көміртек қабатының нәтижесінде, көмірқышқыл қос тотығы алынады. Сұйық отынның жануы кезіндегі жалынның үш фазасы бар: сұйық, қатты, газтәрізді. Жану жылдамдығы (жанғыш газдардың жануындағыдай) мыналардан: қоспа түзушілігінен, алдын ала болатын аэрация дәрежесінен, жану камераларының температурасынан, жалынның даму шартынан және жалынның турбуленттік дәрежесінен тәуелді. Қыздырылған көміртек бөлшектерінің арқасында факел ашық түсте болады. Сұйық және газ тәрізді отынды жағудың тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін газ-мазутты оттық пен мазут бүркігіштерінің құрылымына қойылатын талаптар. Газды және мазутты жағардағы ескерілетін техникалық қауіпсіздік ережелері Сұйық отынды факелді процесте жағу үшін, оны алдын-ала бүркіп алу керек. Оның себебі, бүркілмеген отын жанбайды.
Оттықта сұйық отынды бүріккіштің көмегімен шашыратады, содан сұйық отын жақсы буланып, тез жануға мүмкіндік алады. Қазіргі кезде жылу энергетикасында бүріккіштердің әр түрлі конструкциялары кеңінен тараған. Олар: механикалық, булық, ауалық болып үш түрге бөлінеді; Механикалық бүріккіштердің жұмыс істеу принципті, цилиндірлі камерада сұйық отынды ортадан тепкіш әдісімен бүркуге негізделген
Жану теориясының жалпы сұрақтары
Жанудың химиялық реакцияларының кинетикасы. Отынның біртекті және әртекті жануы. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және жану жылдамдығының әртүрлі физика-химиялық шамаларға тәуелділігі. Аррениус заңы. Тізбекті реакциялар. Жанғыш қоспалардың өздігінен тұтану және тұтату процестері. Қатты отынның өзіндік тұтануы. Тұтанудың концентрациялық шекаралары.
Заттың және жылудың ағынмен берілуі. Турбуленттік. Диффузия мен жылу берілудің жану құбылыстарының интенсивтілігіне әсері. Изотермиялық және изотермиялық емес турбулентті ағын. Жанғыш қоспалардағы жалынның таралуы. Жалынның таралуының тіке жылдамдығы. Жалынның таралу шегі. Жалынның турбулентті таралуы.
Сұйық және газ тәрізді отынды жағу
Біртекті газ қоспасының жануы. Ламинарлы және турбулентті диффузиялык жану. Жанудың тұрақтануы. Сұйық отынның жануы. Тамшы отынның жануы. Сұйық отынды тозаңдату. Сұйық және газ тәрізді отындарды жағатын ошақтар мен оттық қондырғылары. Жануды үдету әдістері. Мазут және газ тәрізді отындарды жағатын ошақтардың құрылымына қойылатын талаптар. Сұйық және газ тәрізді отынды жағудың тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін газ-мазутты оттық пен мазут бүркігіштерінің құрылымына қойылатын талаптар. Газды және мазутты жағардағы ескерілетін техникалық қауіпсіздік ережелері.
Отынның техникалық сипаттамалары және оларды қазанда пайдалану тиімділігі
Отын түрлері және құрамы. Отынның жану жылуы және келтірілген сипаттамалары. Қатты, сұйық және газ отындардың негізгі қасиеттері және техникалық сипаттамалары. Отынды жағу тәсілдері. Қатты отынды жағуға дайындау. Тозаң дайындау жүйелері. Көмір ұнтақтайтын диірмендер, жұмыс қағидасы, құрылымдары және қолдану аймақтары. Тозаң дайындау жүйелерінің басқа элементтерінің құрылымы, жұмыс қағидасы, міндеті. Көмір тозаңының сипаттамалары. Табиғи газды және мазутты жағуға дайындау сүлбелері.
Отынның жануы. Тотықтырғыш. Жану құбылысының заттық теңестігі. Ауа мен жану өнімдерінің көлемдері. Ауа артықтығын анықтау. Ауа мен жану өнімдерінің энтальпиясы. Қазандық қондырғының жылулық теңестігі. Отынды пайдалану тиімділігі. Қазандағы жылу шығындарының сипаттамалары. Қазандық қондырғының пайдалы әсер коэффициенті
Отынды жағудың экологиялық мәселелері
Түтін газдарының улы заттары және сыртқы ортаны зиянды тозаңданған газ шығуларынан қорғау. Түтін газдарындағы шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК және ШРШ) . Түтін газдарындағы NO х және SO х . Түтін газдарындағы улы компоненттердің концентрациясын едәуір төмендеуін қамтамасыздандыратын ошақтық және жану қондырғыларының құрылымы
Сұйық және Газтәрізді отындарға арналған оттықтар
. Сұйық отынды, шаң тәрізді отындар сияқты, камералық оттықтарда жағады. Сонымен, берілген оттықта сұйық отыннан басқа, шаң тәрізді отын да жануы тиіс. Бұл жағдайда шаң тәрізді отынды жағу үшін, оны қайтадан жобалап, онда күлге арналған шұқырақ (воронка) және сұйық шлакқа арналған түптеме қарастырылуы керек. Егер оттық тек ғана сұйық отынды жағуға негізделген болса, онда оған жазық горизонтальді түптеме жасайды, бұл жағдайда шлакты(қатты отын қалдығы) оттықтан шығарудың қажеті жоқ.
Сұйық отынды факелді процесте жағу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz