Жануарлардың систематикасы, құрылыс ерекшелігі, таралуы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған:Каримова. Н. А

Тексерген:Тугамбаева. С. М

Тобы:БЛ-409

Жоспар

1. Қояндар. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы

2. Шошқа. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы

3. Құндыздар. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы

4. Соқырлар. Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюімен дамуы

Қояндар тұқымдасы (Leporidae)

Қояндар тұрғылықты, жыл бойы белсенді аң. Ағашты - бұталы өсімдіктері мол, олар маңызды қорек қоры, аймақтарда мекендейтін 43 түрді біріктіреді. Тұқымдастың таралу аймағы отряд ареалына сай келеді. Дене тұрқы 25-74 см. 2 тұқымдасқа жататын 60 түрі бірігеді. Қоянтәрізділер қарапайым насекомқоректілерден шыққан. Ең ежелгі қазбалары жоғары палеоценен белгілі.

Қоянтәрізділердің кәсіптік маңызы зор (терісі, жүні, түбіті, еті пайдаланылады) . Қоян тәрізділерде жыртқыш тістері жоқ және күрек тістері өз тістерінен кең диастемамен бөлінген. Құлақтары ұзын, бас сүйегіне жабысқан, бұлар көздерінен алшақ артқа қайырылған, алдыңғы аяқтары қысқа болып келеді. Барлықтарымен жүреді ал артқы аяқтары керісінше ұзын, табаны жерге тиеді. Аяғының табаны қалың түкпен қапталған, олар ешқашан жалаңаш болмайды. Сау тістері ашық және әр уақытта өсуде болады. Жүні жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес. Тұқымдасқа денесінің мөлшері орташа. Кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, орманға зиян келтіреді. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар.

Аққояндар тұқымдасы кіші тұымдастардан тұрады, нағыз тиіндер, суырлар, ала тышқан, саршұнақ. Қазақстанда осылардың барлығы кездеседі.

Аяғы қысқа, бармағында сәл бүгілген тырнағы бар. Бірінші түрлердің алдыңғы аяқтарының бармақтары жетілмеген, ал екіншісінікі кейде тіптен болмайды. Түкті жамылғысы өзгермелі, ағаш кемірушілердікі қалың, жұмсақ және үлпілдек. Жүнінің түсі сұр, кейде қара және жирен түсті. Суырлар Еуразия және Солтүстік Америкада санаулы таралған. Олардың жеке өкілдері тундрада және суптропиктерде кездеседі. Азияттық ұзын құйрықты саршұнақ америкалық ұзын құйрықты саршұнаққа жақын.

Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Ақ қоянның саны жылда өзгермелі болады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян - қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 - 53 см, салмағы 1, 5 - 2, 5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны - өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 - 9 көжектен табады.

Ор қоян - қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 - 69 см, салмағы 3, 5 - 5, 8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 - 9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.

Шошқалылар тұқымдасы (suidae) .

Зоологиялық жүйелеуде шошқалар сүтқоректілер класына, жұптұяқтылар отрядына, бұдыртүстілер отряд тармағына, шошқа тәрізділер (Suedae), шошқа тұқымдасқа (Sus Scrofa) жатады. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Аяқтарында жан бармағы жақсы жетілген 4 бармақты. Жыртқыш тістері үлкен, жоғарғы тістері бүгілген, азу тістері дөңестеу.

Асыранды шошқалар жер шарында кең таралған жабайы шошқа тұқымдастарға (Suedae) жатқызылады. Шошқа тұқымдастар бес туыстан:тапалтақ шошқалар, сүйелді шошқалар, ормандық шошқалар, шашаққұлақ шошқалар, асыранды шошқалардың жабайы түрі және асыранды шошқалардан (Sus Scrofa) құралады.

Шошқалар кең таралған күйіс қайырмайтын хайуанаттарға жатады, олар кез келген азықпен қоректенеді. Шошқа өте ежелгі қолға үйретілген хайуанат болып табылады.

Шошқаның көп ұрықты болуы-айрықша маңызды шаруашылықтың белгісі.

Шошқа шаруашылығы қызметінің нәтижесі бір аналыққа шаққанда торай санымен өлшенеді. Көптөлділік оқыс жағдайларды есептемегенде барлық аналықтың берген төлінің орта көрсеткішімен өлшенеді. Көптөлділік потенциалдық және шынайылық болып бөлінеді. Потенциалды көптөлділік деп-қалыпты дамыған және барлық ұрықтанған аналық клеткаларының (олар

25-тен 35-ке дейін) пісіп жетілуіндегі ұрықтардың қалыпты дамуының нәтижесіндегі торайлардың алынуын айтамыз.

Шынайы көптөлділік потенциалдықтың 50-60 пайызы болып келетін тірі туған торайлардың санымен өлшенеді. Зерттеушілер аналық шошқадан 16-20, ал орташа алғанда 158 жыныс клеткасы бөлінеді деп есептейді. Олардың тек 0, 6-13% ғана ұрықтанады да, қалғандары ұрықтанбайды. Шошқалардың қалыптасқан тұқымқуалаушылық көптөлділік деңгейін өз мөлшерінде ұстау үшін аналықты қалыптасқан нормаға сай азықтандыру керек. Төлдің ірілігі мегеженнің жасына және тұқым ерекшелігіне байланысты. Яғни 12-15 торай туғанда олардың тірілей салмағы 1200 г-нан 1035 г ғана төмендейді. Жаңа туған торайдың 1/120-1/250 аналықтың салмағын құрайды. Шошқа шаруашылығы мамандарында мынадай ойлар бар, яғни тірілей салмағы төмен торайлар туғаннан соң өліп қалады, себебі олар физиологиялық ауытқумен туады деген. Әрине, бұл ой теріс деп есептелінеді. Себебі, торайлар салмағы 0, 8 кг-нан төмен болғанның өзінде ағзаның бүкіл жүйесі біркелкі істейді, тек бұлшық еттері дамымайды. Буаздылықтың оныншы күнінде буаз аналықтардың қанының сары-суында альбумин құрамының көбеюі. Американ зерттеушілері Д. Целлер мен Н. Хэбуер аналық шошқаның көптөлділігі орташа былай болатынын анықтаған; ұсақ 5-6 торайлы, орташа 6-7 торайлы, ірі 7-8 торайлы. Торайдың туған кездегі тірі салмағы олардың ары қарай өсуінде үлкен маңызға ие. Зерттеулерге қарағанда салмағы 800 г болатын торай, аналықтардың 9-12 торайлар болатын ұяларында 10-12%-ға дейін кездеседі.

Жабайы шошқалардың түрлері

1. Шашаққұлақ шошқалар - Африкада, Мадагаскар аралдарында мекендейді. Бұл жануарлардың реңі ашық қызғылт, арқасын бойлай ақ жолақ өтеді, тұмсығының үстінде ақ сойдақ тістері болады және құлағының ұштары ұзын түкті шашақпен ұшталады. Бұл оларды танып білуге қажетті негізгі белгілер. Шашаққұлақ шошқалар қалың бұталы, орман тоғайлы жерлерде жүреді. Ашық егістікке шығып, жүгерінің, жүзімнің, ананастың екпежерлерін жойып жібереді. Олар негізінде өсімдікпен қоректенеді, бірақ жануартекті азықты, өлексені де жейді. Топтасып жүреді. Оның мегежіні бір рет торайлайды.

2. Сүйелді шошқалар - тұмсығының үстінде болатын теріден түзілген үлкен сүйелдері үшін осылай аталған. Сүйелдер көздің астында, көз қиығында, көз аралықтарында, астыңғы жақсүйек жиегінде орналасады. Сойдақ тістері де үлкен болады. Өте ірі жануар; тұрқы 145-190 см, биіктігі 65-85 см, тірілей салмағы 50-150 кг. Сүйелді шошқалар Сахараның оңтүстігіне таман Африкада таралған, қалың бұта мен саваннада мекендейді. Олар тропиктік ормандарда болмайды. Топтасып тіршілік етеді( үйірде 17-18 бастан) . Шөппен қоректенеді және жайылған кезде тізерлеп қимылдайды. Жыл бойы торайлайды. Буаздық кезеңі 3-4 торай туады.

3. Үлкен ормандық шошқа - жабайы шошқалардың ішіндегі ең ірісі. Оның тұрқы 155-180 см, биіктігі 110 см, құйрығының ұзындығы -30 см, тірілей салмағы 250 кг. Үлкен шошқаның жалпақ танауы, үлкен басы жалпақ болады. Құйрығы ұзын, ұшы шашақтанып бітеді. Бұл жануарлар Экваторлық Африкадағы тропиктік орманды мекендейді. Тұқымтопта аталығы, аналығы және 3-4 торайлары болады. Шөппен, жапырақтармен, қоректенеді. Жыл бойы торайлайды.

4. Шақа доңыздар - кескіні басқа шошқалардан ерекше болып келеді. Оның басы кішкене, құлақтары шұнтиған, арқасы дөңес, аяқтары ұзын және жіңішке, қысқа құйрығының ұшында шашағы болмайды. Олар батпақты орман мен қалың құрақты шағын тұқым топ құрып немесе жеке дара тіршілік етеді. Шақа доңыз жақсы жүзеді. Жапырақтарды, өсімдіктердің өркендерін жейді. Бір туғанда 2 торай туады.

5. Тапалтақ - жабайы шошқалардың ішіндегі ең кішкенесі. Оның тұрқы 95 см артпайды, биіктігі 30-40 см. Басы қысқа сүйірленіп келген кішкене, құлақтары онша үлкен емес, аздап артқа қарай жантаяды немесе тік тұрады. Құйрығы өте қысқа, артқы аяқтарында тек үш саусақ қана болады. Сойдақ тістері онша жетілмеген. Арқасында, сегіз көз аймағында ерекше безі бар, оның иісі жағымсыз, май тәрізді сұйықтыққа толық қапшық. Қауіп төнген шақта сұйықтықты шашады, сонда тап берген жауына шегінуге тура келеді.

6. Доңыз(жабайы шошқа) - ең көп таралған түр. Оны бүкіл Еуропада кездестіруге болады. Доңыз Тынық мұхитының аралдарында, Африканың солтүстігінде, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың бірқатар жерлерінде тіршілік етеді. Олардың 25- тен астам түр тармақтары бар. Тұрқы -130-175см, биіктігі 100см дейін жетеді, тірілей салмағы - 60-150 кг. Доңыздың тұмсығы алға созылыңқы басы өте үлкен болады, құлағы ұзын, жалпақ. Көзі кішкене, собағында талпақтануы орналасады. Доңыз бір тәулікте 6 кг тамақ жейді. Буаздық кезеңі 124 - 140 күн. Аналығының тірі салмағы 250 кг, 4-6 торай туады.

Доңыз - кәсіптік және аулауға тұрарлық аң, асыранды шошқалардың ата тегі болып табылады.

7. Сақалтай доңыз - мөлшері бойынща жабайы доңызбен шамалас. Сақалтай доңыздың езуінен тұмсығына дейін қоршайтын ұзын қыл ақшыл өңді сақал тәрізді өседі. Сақалтай доңыз көбінесе Индонезия аралдарында өмір сүреді. Тропиктік ормандарда жүреді. Жыл бойы көбейеді(2-8 торай туады) .

Құндыз тұқымдасы (Castoridae)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар систематикасы
Оқу-дала практикасы
Теңіз жануарлары
“Зоология” курсының кіріспесі
Ақ күзен Сары күзен. Шұбар күзен
Сілеусіндер. Бархатты мысық. Жанаттар Систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюі мен дамуы
Жыртқыштар отрядына жалпы сипаттама
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz