Арамшөптердің жіктелуі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ Тақырып : Арамшөптердің жіктелуі.

Орындаған: Уалиева Г. Р.

Тексерген: Сағандыков С. Н.

Топ: АГ-213

2015 семей

Жоспар

І Кіріспе

1. 1 Арамшөп туралы түсінік.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Арамшөптердің келтіретін зияны.

2. 2 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.

2. 3 Арамшөптердің жіктелуі.

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Арамшөп - егістік жерлерде өніп-өсіп, ауы шаруашылығына зиян келтіретін дала өсімдігі. Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына жатады. Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі. Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды. ССРО-да арамшөптің 1500 түрі кездеседі. Республикамызда жиі ұшырасатын арамшөптер: қара сұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт қалуен, сары қалуен т. б

Арамшөптердің келтіретін зияны. Жергілікті жағдайға барынша бейімделіп алған арамшөптер мәдени өсімдіктердің қоректік заттары мен ылғалдың асыл қорын алып, олардан гөрі тезірек өсіп жетіледі. Олардың ірі жапырақтары мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп жарық түсірмейді. Арамшөптер топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды пайдаланады да, мысалы, оларды күріш өсімдігіне аз қалдырады, нәтижесінде олардың өнімін 15 . . . 20 процент кемітеді. Ал егістік қалуен көген тамырлары арқылы 1 гшектар жерден 67 кг азот, фосфор және 160 кг калий, ал шайқурай 1 ц құрғақ зат құрау үшін 623 ц су пайдаланады. Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, тіпті бір жылдық жалпақ жапырақты арамшөптер, егер олар шаршы метр жерге 100 . . . 200 түптен келетін болса, топырақтан әр гектарға шаққанда 60 . . . 140 кг мөлшерінде азт, 20 . . . 30 кг фосфор мен 100 . . . 140 кг калийді сіңіреді. Бұл шама сол жерге егілетін бидайдыңгектарынан 30 центнерден астам түсім беруіне жеткілікті болар еді. Мәдени өсімдіктер топырақ бетіндегі әр грамм жасыл масса үшін 3, 20 гр су жұмсаса, центнерден астам түсім беруіне жеткілікті болар еді. Мәдени өсімдіктер топырақ бетіндегі әр грамм жасыл масса үшін 3, 20 гр су жұмсаса, ал арамшөптер-6, 57 грамм немесе екі есе көп жұмсайды екен. Арамшөптердің дақылдарға көлеңке түсіруі оның өсіп-жетілуініңең соңғы кезеңінде де зиянды. Күн сәулесі түспеген өсімдіктердің дәні нашар толысады, ол әлжуазданып, өсімдік пен оның тұқымындағы қоректік заттардың мөлшері азаяды. Арамшөптер тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты топырақтың терең қабатындағы су қорын мәдени өсімдіктерден әлдеқайда бұрын, әрі көп мөлшерде алып, оларға өте қолайсыз жағдай туғызады. Міне сондықтан да арамшөптермен күрес-ол ылғал үшін күрес. Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша азайту немесе танаптардан оларды толық жою, ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіруіне жұмсалатын шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени дақылдың қорегін, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.

Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері .

Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі - олардың тұқымдарытопырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы. Оны А. Н. Киселев пен Г. А. Чесалиннің зерттеулері анық дәлелдеді. Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1, 5 см, ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады. Көпжылдық арамшөптер әр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор, өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бүршіктер болады. А. И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп, оның ұзындығы 76 метрге, салмағы 1003 грамға жетеді екен, ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сәйкес көрсеткіштері 5997 дана, 170 метр және 690 грамға тең. Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп-өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді. Арамшөптер ауылшаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі. Ол тиімді болу үшін, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау, оларды жоюға әкеп соғады, ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді. Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік немесе аңыздық, тұрғын үй, қора-қопсы маңында өсетін сыпырынды және шабындықтар мен жайылымдықтарда өсетін арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Алайда, мекендейтін орны бойынша арамшөп өсімдіктерінің осы үш тобыныңарасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетікен құлан далада, жайлауда және тіпті аңыздарда да өсе береді. Алабота, гүлтәжі-тұрған үй маңында және ауылшаруашылық дақылдарының егісінде де кездеседі. Арамшөптер өсімдіктерінің биіктігіне қарай жоғарғы қабаттың (қалуендер, ащы жусан тағы басқалар), мәдени өсімдіктермен бір биікте орналасқан орта қабаттың арамшөптері (шомыр, қарасұлы) және төменгі қабаттың (кәдімгі казтабан, егістік қанатжеміс, кәдімгі жұмыршақ) болып үш топқа бөлінеді. Төменгі қабаттың арамшөптері көлеңкеге төзімді. Кейде даму жағынан қалыс қалған орта қабаттың арамшөптері төменгі қабатта өседі (итқонақ, кәдімгі гүлтәжі) . Олар көлеңкелікке (қараңғылыққа) нашар төзеді және тұқымдық өнімділігін күрт төмендетіп, күшті әлсіреген жағдайда болады. Арамшөптердің барлық жерге тарауы және олармен қарсы күресудің қиыншылығы, олардың тірі қалуы мен таралуына мүмкіндік беретін биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Арамшөптерге тән қасиет олардың жоғарғы өсімталдығы. Мысалы, жусанжапырақ тұқымдары бір өсімдіктен 5000 дана, алабұта 200 мың, қызылша гүлтәжі 500 мың, сарықурай 730 мың тұқым бере алады. Астық тұқымдас ауылшаруашылық дақылдардың бір өсімдігі әрі кетсе 2000 дана дән береді. Яғни арамшөптердің олармен салыстарғанда 2, 5 еседен 37 есеге дейін өсімталдығы анықталған. Көптеген арамшөптер тұқымдарын жан-жаққа тез тарата алатын қабілеті бар. Мысалы, күрделі гүлді арамшөптердің ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыздың, тікенді сарысояудың-тікендері мен ілгешектері. Қарасұлының бұратылған иінді қылтанағы дымқылданғанда жазылады да, құрғағанда бұралып шиырланады, сонымен дәннің орын ауыстыруына, жылжуына жағдай туады. Мұндай елеусіз орын ауыстыру тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді. Арамшөптердің басты ерекшелігі тұқымдардың біркелкі еместігі, шұбалаңқы көктеуі. Сондықтан да егісті себу алдында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөп көктері толығынан жойылмайды.

Арамшөптердің жіктелуі.

Егістік жердерде өніп-өсіп, ауылшаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында дакездеседі. Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі. Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды. Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30пайызын пайдаланады. Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады. Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді. Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады (қырықбуын, сарғалдақ, қара меңдуана, үйбидайық, кәдімгі қарамықша), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. . Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді. Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А. П. Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен. Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады. Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды. Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі және жоғарғы температуралар тағы басқа) өте төзімді келеді.

Арамшөптерді агробиологиялық топтар бойынша жіктеудің өндірістік мәні бар, сондықтан ол ең көп таралған. Қоректену тәсілі бойынша барлық арамшөптер паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Паразитті деп өсімдік иесі арқылы коректеніп өмір сүретін арамшөптерді атайды. Бұлар фотосинтез процесін жүргізуге бейімділігін жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтанда ограникалық заттар мен суды басқа өсімдік иелерінен сору арқылы алады. Өсімдік иесінің қай мүшесінен коректік заттарды алуы бойынша парзитті арамшөптер екіге бөлінеді. Егер, қоректік заттарды өсімдік иесінің сабағынан алатын болса, онда оларды сабақ арқылы коректенетін паразитті арамшөптер дейді.

Паразитті арамшөптер -деп басқа өсімдіктер арқылы қоректенеді. Егер арамшөптер қоектік заттарды өсімдіктің тамырына жабысып алатын болса, жартылай паразитті арамшөптерде фотосинтез құбылысы толық жүреді, сондықтан күнбағысқа жабысып өсетін сұңғыла темекімен, томатпен, сорамен де арамсояудың 30-дан астам түрі бар. Паразит арамшөптерге жөргемшөп (арамшырмауық) жатады. Арамшөптің жөргемшөп карантинді арамшөп болғандықтан оны міндетті түрде жою Күнбағыс сұңғыласы сұңғыла тұқымдастарға жататын бір жылдық паразитті Бір өсімдік 100…. . 140 мыңға дейін тұқым бере алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арамшөптер және олардың жіктелуі
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Шөпжойғыш пестицидтер- гербицидтер
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Қызғылт укекіре күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Синантропты өсімдіктердің жіктелуі
Түйін бактерияларының препараттарын алу технологиясы
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz