Нефте банкі аақ-ның қаржылық сенімділігін бағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ ... ... ... ... ...5
1.1. Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мәні мен мәселелері ... ...5
1.2. “НЕФТЕ БАНК” Ашық Акционерлік Қоғамы қызметіне сипаттама ... ..8
1.2.1. Ұйымның есептік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Ұйымның қаржылық тұрақтылықты талдау ... ... ... ... 14
1.3.1. Ұйымның мүлкін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3.2. Ұйымның қаржылық ресурстарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.3.3. Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау ... ... ... ... ... .23
1.4. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдау ... ... ... ... 27
1.4.1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдаудың әдістемесі ... 27
1.4.2. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторларды талдау 35
1.5. Қаржылық тұрақтылық ұйымның қаржылық күйінің ... ... .40
1.5.1. Ұйымның техника.экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... 40
1.6. Концептуалды Сызба нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ...52

2. «НЕФТЕ БАНКІ» ААҚ.НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ... ... ..55
2.1. Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
2.2. Есепті орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
2.2.1. Кіріс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.2.2. Шығыс ақпараттар ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
2.3. Бағдарламалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ..65
2.3.1. Бағдарламалық жабдықтау құрылымы ... ... ... ...69

3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МҮМКІН БОЛАТЫН САЛА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
3.1 Банк қызметіндегі басқарудағы ақпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынды есептеу ... ... ... ... ... ... ... .72
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциалық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ...82

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, әғни тапсыпырыс берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып есептелетін “ақпараттық экономикаға” ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің “ҚР-ның ақпараттандыру заңын” қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда пайдаланып жүрген телекоммуникациалы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдындағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелері есептеу техникасыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) – экономиканы басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымынның ақпараттық жүйесіне негізделгеннен экономикадағы ақпараттық жүйесі кіреді – бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді, өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызған ақпараттық жүйе.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – банктің қаржылық сенімділігін оқып-үйретуде жалпы банктің, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпарат жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Казахстанская Правда, 11 октября 1997 года.
2. Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
3. Мақышев С.Б. ''Комерциялық банктер операциялары'', Алматы: ФиС, 1996. – 5,3 б.б.
4. Лаврушина О.И. ''Банковские операции'', М.: Инфор М, Банковское дело, часть I, 1995.
5. Ширинская Е.Б. ''Операции комерческих банков'', М.: Финансы и Статистика, 1995.
6. Усоскин В.М. ''Современный коммерческий банк'', М.: Возраждение, 1994.
7. Қадырбаев А.Г. ''Финансовые услуги коммерческих банков РК(Регион. аспекты)'', Алматы: Банковская деятельность, 2005.
8. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Бизнестегі ақпарат жүйелері'', Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
9. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Экономикадағы ақпарат жүйелері'', Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
10. Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі''.- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.
11. Программа Информатизации Казахской ССР на 1991-1995 годы и на период до 2005 года (Постановление Кабинета Министров Казахской ССР №474 от 18 августа 1991 года).
12. Постановление Правительства Республики Казахстан № 492 от 4 апреля 2000 года "О развитии единого информационного пространства в Республике Казахстан и создание ЗАО "Национальные информационные технологии"
13. Указ Президента Республики Казахстан № 359 от 14 марта 2000 года "О государственной программе обеспечения информационной безопасности Республики Казахстан на 2000 - 2005 годы"
14. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения ЭИС. - М.: Финансы и статистика, 2000
15. Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.- Киев, 1998
16. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1995
17. Неверова Е.Г. Технология проектирования баз данных и знаний. - Алматы, Институт развития Казахстана, 2000
18. Ульман Джеффи Д. Введение в системы баз данных. - М, 2000
19. Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.
20. Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.
21. Когаловский М.Р. Технология баз данных на персональных ЭВМ. –М.: Финансы и статистика, 1992. – 85 с.
22. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет в коммерческих банках. – М.: Финансы и статистика, 1996. – 306 с.
23. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. – М.:Инфра – 1996.- 432 с.
24. Банковское дело Учебник для ВУЗов, Колесников В. И., Кроливецкая Л. П. и др. Под ред. В. И. Колесникова и Кроливецкой Л. П. – М.: Финансы и статистика, 1995, -469с., стр.6, 18, 131.
25. Системы управления базами данных и знаний: Справочное издание / А.Н.Наумов, А.М.Вендров, В.К.Иванов и др. / Под ред. А.Н.Наумова. - Москва:Финансы и статистика, 1991, -352с.
26. Банковское дело: Учебник / Под ред. Г.С.Сейткасымова. - Алматы: Каржы-Каражат, 1998, - 576с.
27. Годовой отчет АО " Нефте Банк " за 2006г.
28. Экономическая документация "Информационные системы АО "АТФ Банк".
29. Информация с сайта "АО "Нефте Банк" в Internet.

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1. КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ ... ... ... ... ...5
1.1. Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мәні мен мәселелері ... ...5
1.2. “НЕФТЕ БАНК” Ашық Акционерлік Қоғамы қызметіне сипаттама ... ..8
1.2.1. Ұйымның есептік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Ұйымның қаржылық тұрақтылықты талдау ... ... ... ... 14
1.3.1. Ұйымның мүлкін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14
1.3.2. Ұйымның қаржылық ресурстарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . .19
1.3.3. Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау ... ... ... ... ... .23
1.4. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдау ... ... ... ... 27
1.4.1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдаудың әдістемесі ... 27
1.4.2. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторларды талдау 35
1.5. Қаржылық тұрақтылық ұйымның қаржылық күйінің ... ... .40
1.5.1. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... 40
1.6. Концептуалды Сызба нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ...52

2. НЕФТЕ БАНКІ ААҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ... ... ..55

2.1. Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

2.2. Есепті орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..59

2.2.1. Кіріс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

2.2.2. Шығыс ақпараттар ... ... ... ... ... ... . ... ... .61

2.3. Бағдарламалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... 65

2.3.1. Бағдарламалық жабдықтау құрылымы ... ... ... ...69

3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МҮМКІН
БОЛАТЫН
САЛА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.72

3.1 Банк қызметіндегі басқарудағы ақпараттық жүйесін тұрғызуға кететін
шығынды есептеу ... ... ... ... ... ... ... .72

3.2 Ақпараттық өнімді коммерциалық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 79

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..81
Қолданылған Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...82

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең
күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк
саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі
банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық
ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, әғни тапсыпырыс
берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк
проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін
тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға
негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып
есептелетін “ақпараттық экономикаға” ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған
ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда.
Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің “ҚР-ның ақпараттандыру заңын”
қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда пайдаланып
жүрген телекоммуникациалы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады
және де оның алдындағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда
ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына
айналады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелері есептеу техникасыз қолмен
жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып
жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) – экономиканы басқаруға қажетті ақпаратты
жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымынның ақпараттық жүйесіне
негізделгеннен экономикадағы ақпараттық жүйесі кіреді – бұл экономика
бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды,
мәліметтерді, өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы
ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызған ақпараттық
жүйе.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – банктің қаржылық
сенімділігін оқып-үйретуде жалпы банктің, оның элементтері және нақты
операциялары мен келісім шарттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге
негізделген.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен,
қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпарат жүйесінің деңгейін бағалаудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ

1.1. Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мӘні мен мӘселелері

Қазіргі заман жағдайларында ұйымның нақты қаржылық жағдайын дұрыс
анықтау шаруашылық субъектілерінің өздеріне ғана емес, сондай-ақ көптеген
акционерлер, әсіресе – болашақ потенциалдық инвесторлар үшін орасан зор
мәнге ие. Әсіресе бүгін мемлекеттік емес көздерден ірі инвестициялар қажет.
Алайда, іскерліктің дамуына еркін қаражат қосқысы келетін және қоса
алатындар, ұйымдардың сенімділігі, қаржылық тұрақтылығына сенімді болуы
керек, шынымен де олардың дамуы нақты табыс әкелетініне көзі жетуі қажет.
Сондықтан да бүгінгі таңда ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдай білу мен
инфляция жағдайларын ескере отырып, олардың қаржылық жағдайларының
өзгеруіне негізді болжамдар жасай білу аса маңызды.
Ұйымның қаржылық жағдайы – бұл капиталдық айналым процесінде оның
жағдайын және шаруашылық субъектісінің белгілі уақыт кезінде өздігінен
дамуға қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Жабдықтаушы, өндірістік, өтімдік және қаржылық қызметінің барысында
капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражат құрылымы мен оларды
қалыптастыру көздері, қаржылық ресурстардың қолда бары мен қажеттілігі және
соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы, оның сыртқы көрінісі ретінде
төлем қабілеттігі өзгереді.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз (дағдарыс алдындағы) және дағдарыста
болуы мүмкін. Ұйымның уақытылы төлем жасау, кеңейтілген негізде өз қызметін
қаржыландыру, болжанбаған шайқалыстарды өткізу және қолайсыз жәйттерде
өзінің төлем қабілеттілігін қолдау қабілеті оның тұрақты қаржылық жағдайы
туралы және керісіншесі де туралы куәландырады.
Ұйым қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, төлем қабілеттігін
сақтау мен өзіндік өндіріс жағдайын жасау мақсатында кірістің шығыстан
асуын тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін капиталдың иілгіш құрылымы болуы
қажет, оның қозғалысын ұйымдастыра білу керек.
Сондықтан, ұйымның қаржылық тұрақтылығы – бұл субъектінің қызмет ету
мен даму қабілеті, мүмкін деңгейіндегі тәукел шегінде оның тұрақты төлем
қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылғына кепіл болатын, ішкі және
сыртқы ортада өзгеріп отыратын өзінің активтері мен пассивтерінің тепе
теңдігін сақтау қабілеті.
Ұйымның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы ұйымның өндірістік,
коммерциялық және қаржылық қызметінің қорытындыларына байланысты. Егер
өндірістік және қаржылық жоспарлар табысты орындалса, онда бұл ұйымның
қаржы жағдайына жақсы әсер етеді. Керісінше, өнімді өндіру мен сату бойынша
жоспардың орындалмауы нәтижесінде, оның өзіндік құны өседі, табыс сомасы
азаяды және соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы мен төлем
қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан, тұрақты қаржылық жағдайы кездейсоқ
жәйт емес, ол ұйымның шаруашылық қызметінің қорытындыларын айқындайтын
барлық факторлар кешенін білікті, сауатты басқарудың нәтижесі.
Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуы
мен өндіріс қажеттіліктерін керекті ресурстармен қамтамасыз етуге жақсы
әсер етеді. Сондықтан қаржы қызметі шаруашылық қызметінің құрамдас бөлігі
ретінде ақша ресурстарын жоспарлы түрде түсуі мен жұмсалуын қамтамасыз
етуге, есептік дисциплинаның орындалуына, жеке және заемдік капиталдың
рационалдық прпорцияларына жетуі мен оның тиімді пайдалануға бағытталуы
тиіс.
Ұйымның қаржылық қызметінің басты мақсаты бір стратегиялық шешім –
кәсіпорын активтерінің ұлғаюына жинақталады. Ол үшін ол тұрақты түрде төлем
қабіліттігі мен рентабелдігін, сондай-ақ баланстың активі мен пассивінің
оптималдық құрылымын ұстап тұруы қажет.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың негізгі мәселелері мыналардан
тұрады:
1. Қаржы қызметіндегі кемшіліктерді уақытылы анықтау мен жою және
ұйымның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігін жақсартудың
резервтерін іздестіру.
2. Шаруашылық қызметінің нақты жағдайы мен жеке және заемдік
ресурстардың қолда барына қатысты болашақ қаржы нәтижелерін, экономикалық
рентабелдігін болжау, ресурстарды әр түрлі пайдалану варианттарында
қаржылық жағдайдың моделдерін әзірлеу.
3. Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен ұйымның қаржылық жағдайын
нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды әзірлеу.
Қаржылық жағдайды талдаумен ұйымның басшылары мен тиісті қызметтер ғана
айналыспайды, сонымен бірге ресурстарды пайдаланудың тиімділігін зерттеу
мақсатында инвесторлар, несие беру жағдайларын бағалау мен тәуекел деңгейін
айқындау үшін – банктер, жеткізушілер – төлемдерді уақытылы алу үшін, салық
инспекциялары – қаражаттың бюджетке түсу жоспарының орындалуын қадағалау
үшін. Соған сәйкес талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі талдауды ұйым қызметтері жүргізеді және оның нәтижелері ұйым
қызметінің қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау және болжау үшін
пайдаланылады. Оның мақсаты – ақша қаражатын жоспарлы түрде түсуін
қамтамасыз ету және ұйымның жақсы қызмет етуі үшін жағдай тудыру, көп
табысқа қол жеткізу мен банкрот тәуекелін болдырмау үшін өзінің жеке және
заемдік қаражатын орналастыру.
Сыртқы талдауды инвесторлар, материалдық және қаржылық ресурстарды
жеткізушілер, бақылаушы органдар жарияланатын есептілік негізінде жүзеге
асырады. Оның мақсаты – мол табысқа қол жеткізуді және шығын тәуекелін
болдырмауды қамтамасыз ету үшін қаражатты тиімді орналастыру мүмкіндігін
белгілеу.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін негізгі ақпарат көзі –
бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығыс туралы есептер, ақша қозғалысы туралы
есеп, баланстың жекелеген баптарын ашатын және бөлшектейтін бастапқы және
аналитикалық есеп мәліметтері.

1.2. “НЕФТЕ БАНКІ” АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА

1.2.1. Ұйымның есептік саясаты

Бухгалтерлік есептіліктің стандартында есептік саясат - бухгалтерлік
есептілікті және қаржылық есепті, олардың принциптері мен негіздеріне
сәйкес жүргізу мен ашу үшін субъект басшысы қабылдайтын әдістердің бірлігі
ретінде түсіндіріледі. Есептік саясаттың мәселелері - ұйымның бухгалтерлік
есебін шынайы жүргізілуін қамтамасыз ететін әдістерді әзірлеу; банктің
шаруашылық-қаржылық іс-әрекеті туралы толық және шынайы ақпараттың берілуін
қамтамасыз ету; мүдделі пайдаланушылардың осы ақпаратпен қамтамасыз ету;
ішкі бақылау жүйесін әзірлеу болып табылады.
“Нефте Банкі” ААҚ-ның есептік саясаты Директорлар кеңесімен бекітіледі.
Есептік саясатты қалыптастыру банк іс-әрекетінің ерекшеліктері есебімен
әлемдік шеңберде Қазақстандық есеп стандарттары негізінде құрылады. “Нефте
Банкі”ААҚ-ның есептік саясаты есептіліктің мынадай негізгі принциптері мен
есептеудің сапалы сипаттары қаржылық есептілікті түсінікті, маңызды,
шынайы, бейтарап, байқағыш, салыстырмалы, шынайы берілуі арқылы көрінеді.
Қаржылық есептер қаржылық мәліметтерді олардың экономикалық сипаттарына
сәйкес көлемді кластарға топтастыра отырып банк операцияларының қаржы
нәтижелерін көрсетеді. Бұл көлемді кластар қаржылық есептіліктің
элементтері деп аталады. Қаржы жағдайын бағалаумен тікелей байланысты
элементтер – ол активтер, міндеттемелер және жеке капитал болып табылады.
Кіріс пен шығыс туралы есептегі көрсеткіштерді өлшеумен байланысты
элементтер - кіріс пен шығыс болып табылады.
Бағалау – ақша сомаларын айқындау әдісі, ол бойынша активтер мен
міндеттемелер қаржы есептерінде танылып және ескерілуге тиісті. Қаржы
есептерінде бағалаудың әр түрлі деңгейдегі және түрлі үйлесімдердегі әр
түрлі негіздердің қатары пайдаланылады. Оларға бастапқы, дисконттелген,
ағымдағы және баланстық құн, сондай-ақ реализация құны кіреді.
Банктің қаржы есептілігі – банкте жүзеге асырылатын аналитикалық және
синтетикалық бухгалтерлік есептілік мәліметтерінің негізінде жасалады.
Қаржы есебін берудің нысандары “Банктердің қаржы есептілігі” БЕ
Қазақстандық стандарты – 21 сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкімен айқындалады.
Қаржы есептілігі өтімділік пен төлем қабілеттілігі, сондай-ақ банктің
талаптары мен міндеттемелеріне сай тәуекел деңгейіндегі пайдаланушылардың
мүдделерін қанағаттандыруға тиіс. Қаржы есептілігінің нысандары:
бухгалтерлік баланс, қаржы іс-әрекетінің қорытындылары туралы есептер,
капиталдағы өзгерістер туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп,
есептік саясат пен түсінік жазба.
Бағалы қағаздардың есепке алынуы мынадай категориялар бойынша
жүргізіледі: сатуға арналған бағалы қағаздар, сатуға жарамды қағаздар,
өтеуге дейін ұсталатын бекітілген кірісі, қазынашылық міндеттемелер,
өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, сондай-ақ капиталға инвестициялар. Банк
бағалы қағаздарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, үлесті және борышты
бағалы қағаздар деп жіктейді. Бағалы қағаздар бойынша есептеулер мен
сыйақылар ай сайын есептеу әдісі бойынша айдың соңғы күні жасалады. Сатып
алынған бағалы қағаздар бойынша жеңілдік (сыйлықақы) амортизациясы олардың
иелігі кезеңі үшін бірегей жүзеге асырылады және сыйақы алумен байланысты
кіріс шоттарында көрінеді.
Шетелдік валютадағы операциялардың есепке алынуы банк мүлік пен
қызметтерді шетелдік валютаға сатып алғанда және сатқанда, сомалар шетелдік
валютада белгіленген кредиттер, депозиттерді алғанда немесе бергенде,
активтерді шетелдік валютаға алмастырып сатып алғанда немесе сатқанда,
корреспондент шоттар бойынша операциялар жасағанда жүргізіледі. Баланстағы
бастапқы тану кезінде шетелдік валютадағы активтер мен міндеттемелер
операция жүргізілген күнге, нарықтық бағам бойынша, теңгеде көрінеді. Содан
кейінгі кезеңдерде шетелдік валютадағы ақшалай ставкалар қайта бағаланады.
Қайта бағалаудан болған бағамдық айырма шетелдік валютаны қайта бағалаудан
болған кіріс пен шығыс ретінде көрінеді.
Несие операцияларының есепке алынуы әрбір несие алушыға және әрбір
бөлек заем бойынша ашылатын бөлек жеке шотта жүргізіледі. Заемнің негізгі
бағасы ресурстардың өзіндік бағасы ескеру мен банктің болжалды табысы,
несиелердің жеделділігі, кредиттік тәуекелдің деңгейі, заем алушының төлем
қабілеттілігі, пайыз ставкалар деңгейінің және өзге факторлар есебімен
қалыптастырылады. Сыйақы ставкасы бекітілген немесе бос болуы мүмкін.
Заемдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Кепілдік мүліктің есепке алынуы кепілдік шартына сәйкес кепіл құнын
көрсете отырып меморандум шоттарында жүзеге асырылады. Егер кепілдік мүлік
ақша болып табылса, меморандум шоттарында кепіл есебі жүргізілмейді. Кепіл
құжаттары кассалық сақтау қоймасында сақталады.
Банк міндеттемелерін есепке алу. Банк ішкі депозиттік саясатқа және
депозиттік операцияларды жүргізудің жалпы талаптарына сәйкес депозиттерді
тартуды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есепте депозиттер ақшаның шотқа түскен
кезінде көрінеді. Тәуекелден сақтану үшін депозитті пайдаланғаны үшін
процент кредит үшін берілген проценттен төмен болуы керек. Депозиттер
бойынша міндеттемелер бухгалтерлік есепте қандай валютада алынса, сол
валютада көрінеді.
Кассалық оперциялардың есепке алынуы банкте ҚР Ұлттық Банкінің Басқарма
Қаулымен 2001 жылғы 3 наурызда бекітілген № 58 “ҚР-ның екінші деңгейлі
банктердегі және ҚР-ында операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың кассалық операцияларды жүргізу ережесіне” сәйкес жүргізіледі.
Сейфтік операциялардың есепке алынуы ҚР-ның нормативтік-құқықтық
актілері мен банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Сейфтік сақтау
бойынша қызметтер дербес сейфті жалдау шартымен ресімделеді.
Негізгі құрал-жабдықтардың есепке алынуы “Негізгі құрал-жабдықтарды
есепке алу” 6 - бухгалтерлік есептіліктің Қазақстандық стандартына сәйкес
жүзеге асырылады. Негізгі құрал-жабдықтардың есепке алынуы ортақ Бас
банкте, банктің филиалында жүргізіледі. Негізгі құрал-жабдықтар банктің
балансына меморандум шоттарында баланстық құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құрал-жабдықтар тұрғын үй қорының ғимараттары, жеңіл автомобильдер
мен ҚР-нан тыс жерлерден әкелінген өтеусіз мүліктен басқасы, ҚҚС-сыз
бастапқы құны бойынша балансқа есепке алынады. Активтердің пайдалы қызметі
мерзімінде амортизацияланған сомасын жүйелі түрде шығынға жазу үшін банк
құнды тікелей шығынға жазу әдісін пайдаланылады.
Материалдық емес активтердің есепке алынуы 28 - бухгалтерлік есепке
алудың Қазақстандық стандартына сәйкес жүргізіледі. Ол Бас банкте
орталықтандырылған түрде есепке алынады, автоматты түрде негізгі қорлар
бастапқы құн бойынша модулде көрінеді.
Материалдық қорларды есепке алу “ТМҚ есепке алу” 7 - бухгалтерлік
есепке алудың Қазақстандық стандартына сәйкес жүргізіледі. ТМҚ Бас банкте
орталықтандырылған түрде есепке алынады. Материалдық қорлардың өзіндік
құнын бағалау орташа алынған құн әдісі бойынша жасалады.
Қарапайым жалды есепке алу “Жалды есепке алу” 17 - бухгалтерлік есепке
алудың Қазақстандық стандартына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес
жүргізіледі. Жалға берілетін активтер “жалға берілуге арналған” негізгі
құрал-жабдықтар бабы бойынша балансқа енеді. Банк қарапайым жалға
қабылдаған негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу баланстан тыс жүргізіледі.
Дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу “Дебиторлық берешек
және оны ашу” бөліміне сай 5 – бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық
стандартына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Дебиторлық берешекті есепке алу төлем түрлері бойынша аналитикалық
шоттар бөлігінде жүргізіледі. Банк ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық
базасына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес дебиторлық берешектің
жіктелуін жүргізеді және қажетті провизялардың сомасын айқындайды.
Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-
құқықтық актілері мен банктің құрылтайшы құжаттарына сәйкес реттеледі.
Резервтік қор ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес
қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сай құрылады және акционерлерге
дивидендтерді төлегенге дейін қалыптасады. “Таратылмаған кіріс” шоты
салыстырмалы болып табылады (кіріс пен шығыс), сома акционерлерінің жалпы
жиналысының шешімі бойынша таратылады.
Салықтарды есепке алу орталықтандырылған түрде, Бас банк филиалдың
шотына жатқызып, кейінен филиалдың субкорреспондент шотын шығынға жазумен
қатар жүзеге асырылады. Банк салықтардың мынадай түрлері бойынша:
• Корпоративтік табыс салығы;
• Жеке табыс салығы;
• Қосылған құнға салық;
• әлеуметтік салық;
• жер салығы;
• көлік құралдарына салық;
• мүлік салығы;
• жер учаскілерін пайдаланғаны үшін ақы;
• қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық жинақ;
• қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы;
• сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ақы.
Кіріс пен шығысты есепке алу “Кіріс” – 5 және “Банктердің кірісі мен
шығысы” – 22 бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық стандартына және
банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Кіріс пен шығыстарды есепке
алу орталықтандырылған түрде Бас банкте, есептеу прнципінің негізінде
филиалдар бөлігінде жүзеге асырылады. Банктік қызметтен түскен кіріс пен
шығыс сыйақы, роялти, дивиденттер, қызмет көрсетуден кіріс пен шығыс,
тауарларды және басқа активтерді сатудан кіріс пен шығыс түріндегі кіріс
пен шығысқа жіктеледі. Жағымды және жағымсыз бағамдық айырмадан кіріс пен
шығыстар банктің балансында ашық көрсетіледі. Банктің кірісі мен шығысы
арасындағы айырма банктің есептік жыл үшін қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі деп танылады.
Баланстан тыс шоттар баланс шоттарында есепке алынбайтын техникалық
объектілерді, сондай-ақ қосымша есепке алуды және бақылауды қажет ететін
активтерді есепке алу үшін арналған. Баланстан тыс шоттардағы есепке алу
екінші жазбаны қолданбай, құжаттарда көрсетілген бағамен немесе шартты
бағамен жүргізіледі.
Бұл есептік саясат 2004 жылғы қаңтардан бастап күшіне енді және тиісті
өзгертулер мен толықтыруларды еңгізгенге дейін қолданылады.

1.3. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

1.3.1. Ұйымның мүлкін талдау

Ұйымның экономикалық потенциалын бағалауға кәсіпорын қызметінің
ауқымдылығы мен сенімділік деңгейін сипаттайтын активтер құны кіреді,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының индикаторларын есептеу үшін база қызметін
атқарады.
Баланс активтерінің құрам динамикасы мен құрылымын талдау кәсіпорын
мүлкінің барлығының және оның жекелеген түрлерінің абсолюттік және
салыстырмалы өсуінің немесе азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Активтің өсуі (азаюы) кәсіпорын қызметінің кеңею (қысылуы) туралы
куәландырады. Қаржылық есептіліктің ең маңызды элементі болып табылатын
активтерді талдау кезінде, олардың бары, құрамы, құрылымы және онда болған
өзгертулер зерттеледі. Жалпы алғанда активтер құрылымының және оның
жекелеген топтарының талдануы олардың тиімді орналасуы туралы ой
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Активтердің ұлғаюы кәсіпорын жұмысын жақсы
сипаттайды, себебі оның әрі қарайғы дамуын растайды.
Алайда, кәсіпорын мүлкі құнының ұлғаю себептерін талдай отырып,
инфляция әсерін ескеру қажет, оның жоғары деңгейі баланстық есептің
номиналдық мәліметтерінің нақты мәліметтерінен ауытқуларға әкеледі. Отандық
тәжірибеде негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнын қалыптастыру кезінде
ғана инфляциялық процесстердің есепке алынуы жүзеге асырылады.
1-кесте
2004-2006 жылдардағы “Нефте Банкі” ААҚ-ның
негізгі құрал-жабдықтарының динамикасы (мың теңге)

Негізгі құрал-жабдықтардың 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж.
атауы
сомасы үлесі сомасы үлесі сомасы үлесі %
% %
Жер, ғимараттар, құрылғылар 42623 65,6 143219 65,2 145101 65,2
Жалға берілуге арналған - 10487 4,8 - -
негізгі құрал-жабдықтар
(Алматы қ. пәтерлер)
Компьютерлік жабдықтар 4773 7,4 13121 6,0 19850 8,9
Кеңсе жиһазы 6292 9,7 11774 5,4 15449 6,9
Көлік құралдары - - 2913 1,3 2913 1,3
Байланыс құрылғылары және UPS 2006 3,1 8893 4,1 11256 5,1
Басқа топтарға қосылмаған 8995 13,8 29159 13,3 28092 12,6
амортизацияланған активтер
(сейфтер, кілемдер,
кондиционерлер, шамдар,
сағаттар, сүреттер)
Негізгі құрал-жабдықтардың 64934 100 219566 100 222661 100
барлығы
Амортизацияланған шегертулер 21420 42551
Негізгі құрал-жабдықтардың 64934 198146 180110
барлығы (амортизацияны
есептемегенде)
Материалдық емес активтер 1469 4601 10900
(амортизацияны есептемегенде)
Есептелген амортизацияны 66403 202747 191010
есептемегендегі негізгі
құрал-жабдықтар және
материалдық емес активтер
сомасының барлығы

1-кестеден көретініміз, 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негізі
құрал-жабдықтардың және материалдық емес активтердің сомасы есептелген
амортизацияны есептемегенде үш есеге көбейген 66403 мың теңгеден 202747 мың
теңгеге дейін. Бұл банк филиалының ашылуына байланысты. 2006 жылғы негізгі
құрал-жабдықтардың сомасы (219566 мың теңге) 2005 жылмен (222661 мың теңге)
салыстырғанда ұлғаюы аса көп емес, ескі компьютерлерді жаңаға ауыстырғанға
және жалға беруге арналған құрал-жабдықтардың жоқтығына байланысты.
Реттелген активтер бойынша амортизацияны есептеу кезінде банк негізгі құрал-
жабдықтарды бірыңғай шығынға жазу әдісін қолданады.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен орналастыруын талдау
үшін мындай аналитаикалық кесте жасалды.

2-кесте

2005-2006 жылдардағы “Нефте Банкі” ААҚ балансы активтерінің құрамы мен
орналасуы

Көрсеткіштер 2005 ж. 2006 ж. өзгерістер, Тармақ-тар
(+,-) дағы
құрылым
өзгерістер
і
сомасы жеке Сомасы жеке сомасы жеке
үлес үлес үлес
салмағы салмағы салмағы
% % %
1 2 3 4 5 6 7 8
Активтердің 1304752100,0 1996848100,0 +692096+53,0 0
құны, барлығы
Оның ішінде:
1.1.Ұзақ 202747 15,5 191210 9,6 -11537 -11,1 -5,9
мерзімді
активтер,
олардың
ішінде:
а) негізгі 202747 15,5 191210 9,6 -11537 -11,2 -5,9
құрал-жабдықта
р және
материалдық
емес активтер
б) қаржылық - - 200 0,01 +200
салымдар
1.2. Ағымдағы 110200584,5 180563890,4 +714533+64,8 +5,9
активтер,
олардың
ішінде:
а) өндірістік 110200584,5 180563890,4 +714533+64,8 +5,9
қорлар
б) аяқталмаған- - - - - - -
өндіріс
Кәсіпорынның 1304752100,0 1996648100,0 +691896+53,0 0
өндірістік
потенциалының
құны

2-кестеден көретініміз, активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасы, есептік жыл ішінде 692069 мың теңгеге немесе 53,0% ұлғайды.
Екінші әдістеме бойынша айқындалған, өндірілген капиталдың құны, талданып
отырған кәсіпорында 2005 жылы 1304752 мың теңгені құрады, 2006 жылы –
1996648 мың теңгені құрады, дәлірек алсақ 691896 мың теңгеге немесе 53,0%
ұлғайды. Баланс активтерінің жалпы құнында өндірістік капиталдың үлесі 100%
құрады, дәлірек алсақ өндірістік тағайындаудың мүлік коэффициенті 1 тең, ол
қалыпты күйге сәйкеседі.
Кестенің мәліметтері бойынша, банктің ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді активтері арасында қаражатты бөлу соңғылардың 2005 жылы 84,5-тен
2006 жылы 90,4-ке дейін ұлғаю жағына қарай өзгерді.
Бұл банк жұмысының жақсыға қарай өзгергенін көрсетеді, ол оның дамып
келе жатқандығын растайды. Активтерді талдау кезінде, олардың қалай
орналастырылғаны және есепті жылы неге көп назар аударылғандығы,
кәсіпорынның өндірістік потенциалының, оның негізгі құрал-жабдықтарының,
мүлік мобильдігінің жағдайын анықтау қажет. Ол үшін ең бастысы кәсіпорынның
өндірістік потенциалының өлшемін білу қажет, оны анықтау бойынша арнайы
әдебиетте әр түрлі көзқарастар кездеседі. Осылайша, бір әдістеме бойынша
оның құнына негізгі құрал-жабдықтардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған
өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы жануарлардың құны кіреді.
Екінші әдістеме бойынша кәсіпорынның өндірістік потенциалын
айқындайтын активтердің құрамына, жоғарыда келтірілген әдістемеге қоса
аяқталмаған капитал салымдары және құрылғының жабдық құны қосылады. Бұл
әдістеме кәсіпорын мен оның материалдық-техникалық базасының даму процесін
айқынырақ сипаттайды. Өндірістік тағайындаудың мүлік коэффициентінің
оптималдық мәні 0,5 көп. Көрсеткіш мағынасының күрделі шекарасынан
төмендеген жағдайда, егер есептік кезеңдегі кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижелері өзінің жеке капиталы есебінен ондай активтерді толтыруға
мүмкіндігі болмағанда, өндірістік тағайындаудың мүлкін ұлғайту үшін ұзақ
мерзімдік заемдік қаражатты тартуға болады.

3-кесте
2005 – 2006 жылдардағы “Нефте Банкі” ААҚ-ның
мүліктік жай-күйін бағалау

№ Көрсеткіш атауы 2005ж. 2006 ж. ауытқулар Оптималд
рс ық мән
абс. абс.
+,- %
1 Өндірістік тағайындау 1,0 0,9 -0,1 90 =0,5
мүлкінің коэффициенті
2 Активтердің мобильдік 0,8 0,9 +0,1 112,5 =0,5
коэффициенті
3 Мобильдік және 5,4 9,4 +4 174,1 =0,5
иммобилизацияланған
қаражаттың ара қатынас
коэффициенті
4 Нақты құн коэффициенті 0,17 0,11 -0,06 64,7 =0,5
5 Негізгі 1,16 0,15 -0,1 93,8
құрал-жабдықтардың
белсенді бөлігінің
үлесі

Есептелген мәліметтерден көргеніміз, өндірістік тағайындаудың мүлік
коэффициентінің мәні оптималдық мәннен асады, ол банктің өндірістік
потенциалын жақсы жағынан сипаттайды.
Активтердің мобильдік коэффицентінің мәні 2005 жылғы 0,8-ден 2006
жылғы 0,9-ға дейін ұлғайған, ол банк активтерінің жалпы құнындағы ағымдағы
активтер үлесінің жоғарылауын білдіреді, дәлірек айтсақ, қарыздарды өтеу
үшін қаражаттың ұлғаюы.
Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер арасындағы ара қатынас мобилдік
және иммобилизацияланған қаражаттың ара қатынас коэффициентімен
сипатталады. Банктің мәліметтері бойынша ол ұлғаю тенденциясына бейім және
2006 жылдың аяғына 9,4 құрайды, 0,5-тен кем емес мәндегі оптималдылылық
талаптарын қанағаттандырады.
Банктің материалдық-техникалық базасын сипаттайтын негізгі құрал-
жабдықтардың нақты құнының коэффициенті активтердің жалпы құнындағы негізгі
құрал-жабдықтарының төменгі үлесін көрсетеді. Банк өндірістік кәсіпорын
болмағандықтан, ол үшін негізгі құрал-жабдықтардың белсенді бөлігінің
үлесінің төмендеуі аса маңызды емес.

1.3.2. Ұйымның қаржылық ресурстарын талдау

4-кестенің мәліметтерінен көрініп тұрғандай, банктің жеке капиталының
өлшемі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 120,8% өскен, ал 2006 жылы 2005
жылмен салыстырғанда 145,3% өскен, ол жарғылық капиталдың, өткен жылдардағы
таратылмаған таза кірістің және таратылмаған табыстың өсуімен байланысты.

4-кесте
2005-2006 жылдардағы “Нефте Банкі” ААҚ-ның жеке капиталының динамикасы

Көрсеткіш атауы2004 ж.2005 ж.2006 ж.Ауытқулар
20052004 20062005
абс. абс.
Жарғылық 629036 913305 +303536193.3 +284269142.2
капитал 325500
Қосымша капитал2333 2333 2333 - - - -
Резервтік қор 23244 60834 0 +37610 262.0 - -
өткен жылдардың6034 6035 158525 +1 100.0 +1524902626.8
таратылмаған
таза табысы
Негізгі 611 2073 0 +14621 339.3 - -
құрал-жабдықтар
ды қайта
бағалаудан
түскен
таратылмаған
кірісі
Қайта бағалау 0 499 0 +499 - - -
резервтері
Таратылмаған 27957 150592 162895 +122635538.7 +12303 108.2
табыс
Жеке капиталдың385659 851402 1237058+465743220.8 +385656145.3
барлығы

“Нефте Банкі” ААҚ-ның жұмыс уақытында банк акцияларының бес эмиссиясын
тіркеді және төледі: 1995 жылғы наурыз – 10 миллион теңге; 1995 жылғы қазан
– 90 миллион теңге, 1997 жылғы наурыз – 86 миллион, 1999 жылғы қараша – 214
милион теңге, 2004 жылғы маусым – 600 миллион теңге.
01.01.2005 ж. Жағдай бойынша нақты төленген жарғылық капитал тіркелген
1 000 000 мың теңгеге 913305 мың теңгені құрады. Жарғылық капиталдың ұлғаюы
2005 жылғы 4 тоқсандағы қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің қорытындылары
бойынша банктің таза кірісінің бөлігі 11279 мың теңге сомасында - әрбір
акционердің үлесіне тең болуына, сондай-ақ банк акционерлерінің 720 мың
теңге сомасында акцияларды сатып алу есебінен болды. Банк өз акцияларын
сатып алған жоқ. 01.01.2005 жылға сатылмаған акциялардың қалдығы 86695
дананы құрады.
2006 жыллы қосымша капитал бойынша қозғалыстар (акциялар бойынша
сыйлықақылар) болған жоқ. Банктің резервтік капиталы бойынша қозғалыс
жүргізілген жоқ. 01.01.2005 жылға шот бойынша қалдық 150000 мың теңгені
құрады. Резервтік капитал белгіленген нормаларға – жалпы жарияланған
капиталдың 15% сәйкеседі.
Егер “Нефте Банкі” ААҚ-ның жеке капиталының құрылым динамикасын
қарастырсақ, онда 1-сүреттен көрініп тұрғандай, жарғылық капиталдың үлесі
2006 жылы 89%-дан 2006 жылы 74%-ға дейін азайған, таратылмаған таза
табыстың үлесі 7%-дан 13%-ға дейін ұлғайды.
Осылайша, банктің жеткілікті жеке капиталының мөлшері мен кредиторлар
мен дебиторлардың мүдделерін қорғауға арналған резервтік қоры бар.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 3 маусымдағы № 213 Қаулымен
бекітілген, екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық
нормативтерге сәйкес, коммерциялық банктер жеке капиталының
жеткіліктілігінің оптималдық коэффициенттерін ұстануға тиісті. Мұндайда
берінші деңгейдің капиталы: төленген жарғылық капитал; қосымша капитал;
таратылмаған таза кіріс (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен
қалыптасқан қорлар, резервтер) сомасы ретінде есептеледі; материалдық емес
активтерді; өткен жылдардың залалы; ағымдағы жылдағы шығыстан ағымдағы
жылдағы кірістің асуын алып тастағанда. Екінші деңгейдің капиталы: ағымдағы
жылдың шығысынан ағымдағы жылдың кірісінің асу мөлшері; негізгі құрал-
жабдықтардың және бағалы қағаздардың қайта бағалау мөлшері; тәуекел
есебімен өлшенген активтер сомасының 1,25% аспайтын сомадағы ортақ
резервтердің (провизиялардың) мөлшері, бірінші деңгейдегі капиталдың
сомасынан 50% аспайтын сомада жеке капиталға қосылатын субординирленген
банктің борышы сомасы ретінде есептеледі.
Банктің субординирленген борышы – бұл банктің қамтамасыз етілмеген
міндеттемесі, мынадай талаптарға сәкеседі:
1. ұсынушыға депозит не міндеттеме болып табылмайды;
2. банк талаптары бойынша, онымен бірге аффилиирленген тұлғаларға
кепілдік қамыздандыру болып табылмайды;
3. мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) өтеуге жатпайды;
4. банк жойылған кезде соңғы кезекте қанағаттандырылады (акционерлер
арасында қалған мүлікті тарату алдында).
Жеке капиталға қосылатын субординирленген банктің борышы, өтеуге
дейін тарту мерзімі 5 жылдан асатын, субординирленген борыш.
Көрсетілген пруденциалдық нормативтерге сай банктің жеке
капиталының жеткіліктілігі екі коэффициенттермен сипатталады:
• бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомадағы бірінші деңгейдегі
капитал үлесінің шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі
және бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасында бірінші деңгейдегі
капитал үлесінің шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі
банк активтер мөлшеріне екінщі деңгейдегі капитал бөлігінің жеке
капитал есебіне қосылатын және екінші деңгейдегі капиталдың бөлігін
жеке капитал есебіне қосылатын бірінші деңгейдегі капитал қатынасымен
(k1);
• арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылған, тәуекел деңгейі
бойынша өлшенген, шартты және мүмкін міндеттемелер, сондай-ақ екінші
деңгейдегі капитал есебіне қосылмаған, жинақталған ортақ резервтер
бөлігінде және банктің жеке капиталының есбіне қосылмаған, екінші
деңгейдегі капиталдың бөлігі, жеке капиталдың активтер сомасына
қатынасымен (k2).

5-кесте
2006 жылы “Нефте Банкі” ААҚ жеке капиталының жеткіліктілігінің талдауы

Көрсеткіштер 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. норматив
Капиталдың жеткіліктілігі,
оның ішінде
-1-деңгейдегі жеке 0.54 0.35 0.5 Min 0.06
капиталдың жиынтық
активтерге қатынасы
- банктің жеке капиталының 1.02 0.81 0.89 Min 0.12
тәуекел деңгейі бойынша
өлшенген активтерге қатынасы
Бір заем алушыға тәуекелдің
ең үлкен мөлшері, оның
ішінде
-банкпен ерекше қатынастағы 0.01 0 0 Max 0.10
тұлғалар үшін
-байланыспаған тұлғалар үшін0.18 0.17 0.20 Max 0.30
Банктің ағымдағы өтімділік 1.48 1.09 1.11 Min 0.20
коэффициенті (банктің өтімді
активтерінің талап еткенге
дейінгі міндеттемелерге
қатынасы)
Банк инвестицияларының 0.17 0.28 0.24 Max 0.50
негізгі құрал-жабдықтар мен
басқа қаржылық емес
активтерге ең көп мөлшері
(жеке капиталына қатысты
инвестициялар
мөлшерінің негізгі
құрал-жабдықтар мен басқа
қаржылық емес активтерге
қатынасы)

5-кестеден көретініміз, дербес бақылау көрсеткіштеріне сай капитал
жеткіліктілігінің коэффициенттері банкпен орындалады. Жиынтық активтерінің
өсу компоненттерінің бірі Банктің негізгі құрал-жабдықтарының өсімі болып
табылады. 9-кестенің мәліметтерінен көретініміз, есептелген амортизация
есебінсіз негізгі құрал-жабдықтардың сомасы 2006жылы 222661 мың теңгені
құрады, ол 2005 жылғы 1,4%-ға көп және 2004 жылғы көрсеткіштен 3, 4 есеге
көп.

1.3.3. Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қысқа мерзімді перспектива
позициясынан алғанда контрагенттер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер
бойынша уақытылы және нақты көлемде есептеулер жүргізе алатындығын жалпы
түрде сипаттайтын өтімділік пен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерімен
бағаланады. Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің мәнін ашайық. Өтімділік -
ұйымдастырушы активтердің міндеттемелерін өтеу деңгейі ретінде айқындалады,
олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкеседі.
Мұндай айналыс қаншалықты тез жүргізілсе, соншалықты ұйымның төлем
қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі соған тәуелді болады. Өтімділік
көрсеткіштері ұйымда өтімділік немесе аса өтімділік мәселелерінің бар-
жоқтығын көрсетеді және басшылар, акционерлер мен кредиторлар үшін маңызды,
себебі өтімділік коэффициенттері ұйымдардың өздерінің міндеттемелерін өтеу
мүмкіндігін көрсетеді.
Өтімділік деңгейін өлшеу үшін “Нефте Банкі” ААҚ-ы ағымдағы өтімділік
мен қысқа мерзімдік өтімділік коэффициенттерін қолданады. Ағымдағы
өтімділік коэффициенті талап еткенге дейінгі міндеттемелердің орташа айлық
мөлшеріне қатысты өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық мөлшерінің
қатысы ретінде. Қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті талап еткенге дейінгі
міндеттемелерді қосқанда, үш айдан аспаған тарту мерзімімен
міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне қатысты, өтімділігі жоғары
активтерді қосқандағы өтемі үш айдан артық емес бастапқы мерзімімен
активтердің орташа айлық мөлшеріне қатысы ретінде есептеледі.
Іскерлік белсенділікті бағалау, өтімділікті бағалауға толықтыру болып
табылады, ол оның қаражатының айналыс жылдамдылығын көрсетеді және ұйымның
төлем қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Іскерлік белсенділікті бағалау
жеке капиталдың және ағымдағы активтердің жинақталу коэффициенті арқылы
білінеді, олар мынандай есептеледі:
Айналым қаражатының жылдамдығы = өнімжеке капитал қаражатын сатудан
кіріс
Ағымдағы айналым активтерінің жылдамдылығы = өнімағымдағы активтердің
қаражатын сатудан кіріс
Төлем қабілеттілігі ұйымның қаржылық тұрақтылығының белгісі мен
негізі ретінде көрінеді. Бұл талап, ұйым өзінің өндірістік қажеттіліктерін
төлеу мүмкіндігі барлығын көрсету керек, сондықтан мұндай жағдайда тұрақты
жағдай индикаторы ретінде ақша ағымының реттелген балансы танылады. Қазіргі
уақытта шаруашылық субъектілерінің ақшалай ағымдарының реттелмегендігі,
олардың тұрақсыз жағдайының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Осындай себептерді анықтаған және мәселені құраған кезде, өндіруші-
ұйымдардың төлем қабілетсіздігі екі негізгі факторлардың нәтижесінде
туындауы мүмкін екендігі байқалады - өнімді тұтынушының төлем
қабілетсіздігі немесе бұл өнімді сатумен байланысты күрделі қиындықтар. Өз
кезегінде факторларға әр түрлі, ішкі және сыртқы себептер әсер етеді.
Негізгі сыртқы себептерге тұтас алғанда, елдегі экономикалық жағдайдың
тұрақсыздығы, шаруашылық іс-әрекетті құқықтық қамсыздандырудың
реттелмегендігі, салық саясатының жетілмегендігін жатқызуға болады.
Ұйымдардың төлем қабілетсіздігінің ішкі факторлары, әдетте олардың
барлық немесе жекелеген бөліктеріндегі (маркетинг, техникалық саясат,
қаржылық саясат) басшылардың біліксіздігі және менеджменттің тиімсіздігінен
туындайды.
Ұйымдардың тұрақты жағдайы көбінде, қызметкерлер қоры және осы нақты
ұйымның мақсаттары мен мәселелеріне сәйкестігімен айқындалады.
Бұдан басқа, шаруашылық субъектісінің тұрақты нарықтық жағдайы оның
тауарлар мен қызметтер нарығындағы орны, ролі, деңгейі мен қатысуына
байланысты. Өзінің тұтынушысын таппаған тауарды нарыққа ұсынған бірде бір
өндіруші тұрақты әрекет етуге қабілетті бола алмайды. Ұйымның беріктік және
тұрақтылыққа ұмтылысы нарықты, оның сегментациясын, ұсынылып отырған
тауарға қажеттілікті айқындауды, бәсекелестерді талдау мен бағалауды (егер
ондай болса), оның бәсекелесу қабілеттілігін айқындайтын тауар
параметрлерін бағалауды, тауар нарығындағы тұғырлықты зерттеу мен бағалауды
қажет етеді. Тауарға сұраныс пен дефициттің барлығы мен сақталуы ғана
өндірісті ұйымдастыруға, оның сақталуы немесе дамуына бастама болып
табылады.
Мынадай нәрсені де ескерген жөн, қазіргі уақытта көптеген ұйымдар
басынан өткеріп жатқан және бір қатар көрсеткіштер (мысалы, дебиторлық және
кредиторлық берешектің, олардың құрылымының және ара қатынасының бағасы)
бойынша айқындалатын төлем қабілетсіздігінің дағдарысы тұрақсыз жағдайдың
себебі болып табылады деп саналады. Осы көрсеткіштерді жақсартса,
тұрақтылыққа қол жететін секілді. Алайда, ұйымның төлем қабілетсіздігін
сақтаған кезде бақылау күніне техникалық төлем қабілеттілікке қол
жеткізудің әдістері бар. Мұндай жағдайда, төлем қабілетсіздігі, ұйымның
тұрақсыз жағдайының себебі емес, белгісі деп айту орынды. Ағымдағы
активтердің сомасы ағымдағы міндеттемелер мөлшерінен жоғары ұйымды төлемге
қабілетті деп санауға болады, осы жағынан Банк Нефте ААҚ-ның активтері,
міндеттемелерінен 1237058 мың теңгеге жоғары. Бұдан басқа, төлем
қабілеттілігі ағымдағы міндеттемелердің кірістілік коэффициенттері арқылы
білінеді (өнімді, (жұмысқызметті) сатудан кіріс ағымдағы міндеттемелердің
орташа қалдықтары). Банк Нефте ААҚ-ның өтімділігі мен төлем
қабілеттілігін бағалайық.

6-кесте
2005-2006 жылдардағы “Нефте Банкі” ААҚ-ның өтімділігі мен төлем
қабіліттілігін бағалау

№ Көрсеткіш атауы 2005 ж. 2006 ж. Өсім темптері
абсолют. шартты
+,- +,-
1 Ағымдағы өтімділік 0,84 0,9 -0,06 107,7
коэффициенті
2 Қысқа мерзімдік өтімділік 1,18 1,12 -0,08 93,2
коэффициенті
3 Жеке капиталдың жинақталу 0,33 0,36 -0,03 109,0
коэффициенті
4 Ағымдағы активтердің 0,28 0,27 -0,01 96,4
жинақталу коэффициенті
5 Ағымдағы міндеттемелердің 0,67 0,73 -0,06 108,9
кірістілік коэффициенті

Есептелген коэффициенттердің талдауы мынадай пікір қалыптастыруға
мүмкіндік береді:
• ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 0.84-тен 0.9-ға дейін нормасы
0.3 бола тұра 0.06 тармаққа ұлғайды, ол банкте жеңіл сатылатын
активтердің барын көрсетеді;
• қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің мәні 0.06 пунктке азайды және
0.4 нормасында 1.12-ні құрады. Бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді
өтеудің жақсы мүмкіндігі бар екенін көрсетеді;
• жеке капиталдың жинақталу коэффициентінің мәні 0.36 құрады және 0.33
құраған өткен жылдың коэффициентімен салыстырғанда 0.03 пунктке
жылдамдығы артты. Бұл жылдамдық ұйым акционерлерінің қаражатын
пайдаланудың тиімділігінің артуына көз жеткізеді.
• Ағымдағы активтердің жинақталу коэффициентінің мәні 0.24-ден 0.28-ге
дейін 0.01 пунктке өзгерген, бірақ осы коэффициенттің мәні де осында,
себебі ағымдағы активтердің жинақталу коэффициенті дербес және оны
оптималдық деңгейде ұстау қажет. Ағымдағы активтердің айналым
жылдамдығын сипаттайды;
• Ағымдағы міндеттемелердің кірістілік коэффициентінің мәні 0.73-тен
0.67-ге дейін 0.06 пунктіне ұлғайған. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді төлем
қабілеттілігін сипаттайды.
Осылайша, 2006 жылы “Нефте Банкі” ААҚ-ның өтімділігі мен төлем
қабілеттілігінің көрсеткіші 2005 жылмен салыстырғанда ұлғайған, Банктің
өскен табысымен, ағымдағы активтермен байланысты, дәлірек айтсақ Банктің
жаңа қызметтерінің нәтижелілігі артты.

1.4. ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН ТАЛДАУ

1.4.1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдаудың әдістемесі

Экономикалық талдау әдісі – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық,
статистикалық, есептік және басқа әдістерін қолдана отырып ұйым қызметін
кешенді, өзара байланысты зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi
Қаржы тәуекелі және оны басқару
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі
Коммерциялық банктің тартылған ресурстары
Альянс Банк
Банктік қадағалау басқармасы
Жұмыстың нәтижесін бағалау мәселесі
Пәндер