Былғары шикізатын сақтау


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Былғары шикізатын сақтау

Орындаған: Оразбеков С.

Тобы : ТК - 321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды

Кіріспе

Стандарттар аң терісі-үлбір шикізатының бірнеше ұқсас түрлеріне немесе біреуіне қойылады. Олардың мазмұнына байланысты құрлымы болады және негізгі үш бөлімнен тұрады: техникалық талаптар; қабылдау тәсілі және зерттеу әдісі; қаптау, таңбалау және тасымалдау.

МЕМСТ-тың бірінші бөлімінде сапасын талап ететін шикізат белгілерінің сипаттамасы мен түрлерінің атауларын, құрайды, сәйкес көрсеткіштер бойынша (өлшеміне, сортына, ақауларына, жүнді жабынның биіктігіне, бояуына және т. б) сорттау тәсілдерін құрайды.

Екінші бөлім шикізатты қабылдау тәсілін және олардың сапасының бақылау әдісін құрайды.

Үшінші бөлімде қаптау, таңбалау және тасымалдау тәсілдері түсіндіріледі немесе қандайда бір шикізат түрлерін таңбалау және қаптау бойынша кәзіргі МЕМСТ-ға сәйкес нұсқау беріледі.

Шикізатты сақтау қысқа уақытты немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

Негізгі бөлім

Бір айдан артық емес шикізаттың сақталуы қысқа уақытты деп саналады. Қалбырлаудың құрғақ әдістеріндегі терілер үшін ұзақ сақтаудың шекті ұзақтығы 2 жылдан аспауы керек, ал қалбырлаудың дымқылтұздалған және қышқыл тұзды әдістеріндегі терілер үшін -1, 5 жыл (екі қысқы және бір жазғы маусым)

Толық майсыздандырылмаған, толық кептірілген, теріжегішпен немесе қара күйенің дернәсілімен зақымдалған, бактериалық зақымдануға күдікті терілер ұзақ сақталмайды, оларды алдыңғы кезекпен қайта өңдеуге жібереді.

Дымқыл тұздалған қалбырлаудың шикізатын жылдың суық уақытында 4-10 0 С -ден жоғары емес температурада, ал қалған уақытта-шикізатты сақтауға арналған бөлмені +5 0 С -ден артық емес температураға дейін салқындату шартында ғана ұзақ сақтауға жібереді. Дымқыл тұздалған ит терісін ұзақ сақтауға жинамайды.

Аң терісі-үлбір шикізаттын сапасының стандартты градациялары, қалбырлау әдістері, түрлері бойынша жеке жинастырады. Шикізаттың аздаған қорында қалбырлаудың әр түрлі әдістер мен түрлердің терілерін араластырмай, бір неше кряжалардың, түстердің, өлшемдердің, ақаулар топтарының және сұрыптарының терілерін біріктіруге жол беріледі. Төмен есептелген терілерді осы түрдің қалған шикізатын жеке сақтайды (төмен есептегендерге 25% және одан аз есептеумен терілер, ал қаракөл-13% және одан аз есептеумен жатады) .

Қымбат бағалы түрлердің терілерін ілгіштерге іледі және сөрелерге орнататын, жабық фанер жәшіктерге, картон қораптарға салады. Қымбат емес түбітті түрлердің терілерін, мысалы, қоянның, зорманның, ұсақ кеміргіштердің терілерін және түбітті шикізатты еденнен 10см кем емес биіктікпен сөрелерге сақтауға орналастырады. Бұл кезде терілерді штабелдерге жаяды немесе алдын ала орамаларға байлайды және қаптарға салады және жеке секцияларға (ұяшықтарға салады) .

Теңіз аңының дымқылтұздалған терілерін полиэтилен пакеттерге салып, сақтауға бөшкелерге орналастырады. Құрғақ қалбырлау шикізатының барлық түрлерін сақтау әр түрлі конструкциялы контейнерлерде жүзеге асырылады.

Қойма бөлмесінің аудандары жетіспеушілігінде тас төселген аудандарда қалқа астында стандартты емес қой терісін сақтауға жол беріледі. Бұл кезде шикізатты штабельдерге 20см -ден кем емес биіктікті сөрелерге қояды және брезентпен жабады. Атмосфералық жауын шашыннан шикізатты қорғау үшін, қосымша құрал ретінде полиэтилен жабындыны қолдануға жол беріледі.

Шикізатты жәндіктер мен зақымданудан сақтау үшін, қолдану бойынша нұсқауларына сәйкес, хлорофосты, дихлофосты немесе басқа инсектицидтерді қолдана отырып шикізаттың және цех бөлмесінің алдын-алу және мәжбүрлі (жәндіктер пайда болған жағдайда) дезинсекциясын жүргізеді.

Сақтауға жинаудың барысында дымқылтұздалған және қышқыл-тұздалған қалбырлаудың шикізатын аздап тұздайды. Қойдың терісін фартукты немесе ашық әдіспен жаяды және әр бір теріні парадихлорбензол немесе натрий гексафторсиликаты-антисептиктермен бірге натрий хлориді қоспасымен тұздайды.

Құрғақ қалбырлаудың шикізатына сақтауға салар кезде нафталин немесе парадихлорбензол себеді: тығыз құрғақ шикізат-тері ұлпасы мен қылшық жағынан, құрғақ тұздалған және ашыған-құылшық жағынан. Түбіттің құнды түрлерін сақтауда қапшықтарға немесе қағаз пакеттерге оралған инсекцидтерді қолданады.

Дымқылтұздалған және қышқыл-тұзды қалбырлаудың түбітті тері шикізатын сақтауда тоңазытқышты қондырғымен бөлмедегі температура 0-5 0 С болуы керек; тоңазытқышты қондырғысыз -20 0 С-ден жоғары емес; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-80%, 70%-дан төмен ылғалдылықты шикізаттың штабелдерін қатты тұздалған ерітіндіге батырылған қапшықпен жабады.

Тығызқұрғақ және құрғақ тұздалған, сондай-ақ ашытылған қалбырлаудың шикізатын сақтау кезінде тоңазытқышты қондырғымен бөлмедегі температура 0-10 0 С болуы керек, тоңазытқышты қондырғысыз 10-25 0 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-65%.

Қойманың әр бір бөлмесінде температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын бақылайды; психрометр көрсеткіштерін жазда күнделікті, жылдың басқа уақытында аптасына 1-2 рет журналға жазады.

Ауаның төмендеген салыстырмалы ылғалдылығында бөлмедегі еденді су себе отырып, ыл, алдандырады. Көгерген бөлмені кептіру үшін құрғақ ауарайында желдетеді. Ауаның жоғарлаған температурасында тоңазытқышты қондырғысыз бөлмелерді таңғы сағаттарда желдетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тері шикізатын өндіру
Үлбір не үлбір шикізаттарын консервілеу. Құрғақ кептіру(тұзсыз) әдісі
Тері шикізатын өндіру туралы
Тері шикізатын өндіру туралы ақпарат
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Үлбір шикі заттарын консервілеу әдістері. Құрғақ кептіру (тұзсыз) әдісі
Тері шикізатын өндіру жайлы
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Агроөнеркәсіптік кешен
Тері шикізатын өндіру жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz