Компьютерлік желілердің құрылуының жалпы прициптері туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Компьютерлік желілердің құрылуының жалпы прициптері

Орындаған: Толеуханова Б. Т.

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Семей 2015

Мазмұны

1. Желі түсінігі

2. Желі құрудың принциптері

3. Желілік қосымшалар

4. Желінің коммуніикациялық тораптарына

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Желі - бір-бірімен байланысқан программалық және аппараттык компонеттердің күрделі жүйесі. Аппараттық құралдардың ішінде компьютерлерді және коммуникациялық құралдарды бөліп қарастыруға болады. Программалық компонентгер желілік қосымшалар мен операциялык жүйелерден тұрады. Қазіргі уакытта желіде әртүрлі типтегі компютерлер мен олардың сипаттамалары желінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ кейінгі кездері коммуникациялық құралдар да (кабельдік жүйелер, қайталамалар, көпірлер, бағыттамалар т. б. ) аз роль ойнамайтын болды. Олардың қиындықтарын ескеріп, құнын және басқа да сипаттамаларын желінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы жұмыстарды шешетін кейбір кұрылғыларды компьютер деп те атауға болады. Нәтижелі жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер қолданылады, олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол, желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды шешуге арналған.

Желіге көптеген компьютерлерді қосу үшін, АRРАNET желісі тораптарының байланыс тәсілін анықтайтын, кейбір ортақ ережелер жиынын (мәлімет алмасу реті, мәлімет формасы) -протоколды жасау қажет болды. 1971-72 жылдары АRРАNET желісіне арналған бірегей протоколмен жұмыс аяқталды. Бұл протоколға Network Соntrol Program (NCP) аты қойылды. Протоколды құру желіге арналған қолданбалы программалар жасауға түрткі болды.

Осындай программалардың алғашқыларының бірі, жобаға қатысушылар арасында өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік берген электрондық почта еді. Интернеттің пайда болуы әртүрлі құрылымдағы бірнеше жекелеген компьютерлік желілерді АRРАNET негізінде жалғау мүмкіндігінен туған идея төңірегінде болатын. NCP протоколында АRРАNET желісінен басқа қандайда бір желінің байланыс механизмі қарастырылған жоқ-ты. Сонымен қатар желілерді біріктіре отырып, байланыстың уақытша үзілуін немесе қосылған желі бөліктерінің істен шығуын ескеру қажет еді. Бұл жағдайда желі бөлігі қалыпты жұмысын жалғастыруы керек. Осыған орай, жаңа желі құрудың негізгі принциптері ойластырылды:

• жекелеген желілердің интернетке қосылуы үшін ешқандай қосымша өзгерістер енгізілмеуі қажет;

• егер интернеттегі пакеттер белгіленген жерге жеткізілмесе, онда бірнеше уақыттан кейін қайтадан жіберілетін кепілдіксіз жеткізудің негізгі принципі бойынша берілуі керек;

• желілерді қосу үшін пакеттер ағымын жоғары деңгейге дейін жеңілдететін арнайы құрылғы маршрутизатор қолданылуы тиіс;

• жалғанған желілер бір ғана орталықтан басқарылмауы қажет.

АRРАNET пен Интернетті құруда негізгі мақсат ресурстарды бөлуді қамтамасыз етудің қажеттілігі болды. Екі компьютерді жалғау олардың функцияларын көшіруге қарағанда тиімдірек еді. Дегенмен файлдар алмасу, шалғайдан тіркелу және электрондық почта сол кезде, ойлағандағыдан анағұрлым зор нәтиже берді. Мысалы, электрондық почта қолданушылар арасындағы байланыстың тіптен басқа тәсілін қолдануға мүмкіндік берді және жобамен бірігіп жұмыс істеу аясын өзгертті. Айта кету керек Интернеттің негізгі концепциясы желілік құрылғылармен жұмыс істеуге арналған бірнеше қосымшалар құру емес, жаңа қосымшаларды қажет ететін ортақ инфрақұрылым жасау болды.

Интернет көлемінің өсуі маршрутизаторлардың мүмкіншілік қабілетін өзгертуді қажет етті. Алғашқыда интернеттегі маршрутизаторлар жұмыс істеп, маршрутизаторлардың бірегей алгоритмі болды. Сол уақытта хосттар саны өсіп, аталған алгоритмнің кеңеюіне мүмкіншілік болмады, сондықтан да ол аймақ ішінде қолданылатын IGP протоколы мен барлық аймақты байланыстыру үшін қолданылатын ЕGР протоколы кіретін маршруттаудың иерархиялық моделіне ауыстырылды. Протоколдар дизайны жүйе талабына қарай (бағасы, конфигурация жылдамдығы, ақауларды сезгіштігі, аймақтануы) IGP-ң әртүрлі версияларын қолдануға мүмкіндік берді. Маршрутизаторларға қойылатын талаптар тек маршрутизация алгоритмдерін ғана емес, сонымен қатар маршрутизация кестесінің көлемімен де анықталады. Маршрутизацияның иерархиялық моделін құру қазіргі интернет желісі құрылымына ықпал жасады.

Желілік қосымшалар - бұл желілік операциялык жүйелер мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программлар комллексі. Солардың ішінде почталық программаларды, ұжымдық жұмыс жүйесін, желілік мәліметтер қорын т. б. . атауға болады. Желілік операциялық жүйелердің даму барысында желі қосымшаларының кейбір функциялары операциялық жүйенің кәдімгі функцияларына айналады. Желіге қосылған барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөлуге болады:

  • жұмыс станциясы;
  • желі серверлері;
  • коммуникациялық тораптар.

Жұмыс станциясы (wогкstаtіоn) - бұл желіні қолданушылар жұмыс атқаратын, желіге қосылған дербес компьютер. Әрбір жұмыс станциясы өз

операциялық жүйесін қолданады және өздерінің жергілікті файлдарын өңдейді. Әйтсе де бұл жағдайда колланушының желі ресурстарын пайдалануына мүмкіндігі бар. Жұмыс станциясының үш типін айтуға болады:

  • жұмыс станциясы жергілікті дискімен;
  • дискісіз жұмыс станциясы;
  • шалғайдағы жұмыс станциясы;

Дискілі жұмыс станциясында (қатты немесе жұмсақ) операциялық жүйе осы жергілікгі дискіден жүктеледі. Дискісіз станция үшін операциялық жүйе файлдық сервер дискісінен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптеріне орналастырылған арнайы микросхема арқылы қамтамасыз етіледі.

Шалғайдағы жұмыс станциясы - бұл жергілікгі желіге телекоммуникациялық арналар байланысы арқылы косылған станция (мысалы телефон желісі арқылы) .

Желі сервері - бұл, желіге қосылған және желіні колданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолдалылатын мәліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-не дегенсұранысты өңдеу, т. б. жұмыстарды атқаратын компьютер.

Файлдық сервер - желіні қолдамушылардың мәліметтерін сақтайтын және осы мәліметтерді колданушылардың қолдануына мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілі кеңістік болады. Файлдык сервер колданушылардың мәліметтерді бір уақытта қолдануын камтамасыз етеді. Сонымсн қатар келесі функцияларды атқарады:

· мәліметтерді сақтау;

· мәліметтерді архивтеу;

· әртүрлі қолданушылар жұмыс атқаратын мәліметтерді өзгерту келісімі;

· мәліметтерді жеткізу.

Мәліметтер қорының сервері ~ моліметгер қоры файлдарын баскаратын, өңдейтін және сақтау функцияларын орындайтгын компьютер. (МҚ) Мәліметтер қоры сервері келесі функцияларды орындайды:

· мәліметтер қорының тұтастығын, толықтығын, көкейтестілігін корғай отырып сақтау;

· МҚ сұраныстарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ нәтижелерді жұмыс орнына өңдеуге жіберу;

· МҚ қолдануға автоматтандырылған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қолданушылар есебін және енгізу жүйелерін қолдау, қолданушылар мүмкіндіктерін шектеу;

· басқа орында орналасқан, таратылған МҚ қолдау, МҚ. басқа серверлерімен байланысы.

Қолданбалы программалар сервері - қолданушылардың қолданбалы программаларын орындауға арналған компьютер.

Коммуникациялық сервер - енгізу-шығарудың кезекті порттарына, жергілікті желінің колданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер. Коммуникациялық сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап, бөлшектенген модем жасауға болады. Коммуникациялық серверге қосылған қолданушы бұл модеммен тіпті модем жұмыс орнына жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.

Мүмкіндік сервері - шалғайдағы тапсырмаларды өңдей алатын белгіленген компъютер. Шалғайдағы жұмыс орнындағы программалар осы серверде орындалады. Шалғайдағы жұмыс орны клавиатурадан қолданушы енгізген командаларды қабылдайды, ал орындалған тапсырма нәтижесі, кайтарылады.

Факс сервер - жергілікті желіні қолданушыларға мәліметтерді жіберу және факсимилді мәліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтердің қосымша көшірме сервері - жұмыс станцияларында және файлдық серверлер орналасқан мәліметтер көшірмесін кайта қалпына келтіруді, сақтауды және құруды шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде файлдық серверлердің бірі қолданылуы мүмкін. Айта кету керек аталған сервер типтерінің бәрі бір ғана белгіленген компьютерде функция атқара алады.

Желінің коммуніикациялық тораптарына келесі кұрылғылар жатады:

· қайталамалар (повторитель) ;

· коммутаторлар (көпірлер, мосты) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілердің құрылуының жалпы прициптері
Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру
Синхрондық цифрлық иреархиясы,SDH желілерінің функционалдық модельдері
Желіні дамыту проблемалары
ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
ENRC корпорациясы үшін радиорелейлі жүйелер негізінде резервтік радиоарна құру
Сымсыз байланыс жүйелері
Компьютерлік қауіпсіздік және компьютерлік жүйенің бұзылуы
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz