Агроландшафттардың биологиялық және технологиялық жер пайдалануындағы салыстырмалы талдау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ Тақырып: Агроландшафттың биологиялық және технологиялық жер

саласындағы салыстырмалылығы.

Орындаған: Уалиева Г. Р

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Топ: АГ-213

2015жыл

Жоспар.

I Кіріспе.

II Негізгі бөлім.

2. 1 Агроландшафттың биологиялық және технологиялық жер

саласындағы салыстырмалылығы.

2. 2 Агроландшафттық жер саласы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

2. 1 Агроландшафттың биологиялық және технологиялық жер

саласындағы салыстырмалылығы.

Ландшафттар арасында ең көп таралған ауыл шаруашылық ландшафттары. Дүние жүзінде жалпы құрылық бетінің 11% территориясын егістік жерлерге тиісті. Егістік жерлерге қолдан егілген, немесе антропогендік себептен пайда болған шалғындар және табиғи жайылымдар. Жайылымдар табиғи кешен болғанымен оған өте күшті антропогендік қысым байқалады. Жайылымдар мен антропогендік шалғындар құрлық бетінің шамамен 26% құрайды.

Кеңес үкіметі кезіндегі географиялық әдебиетте Ф. Н. Мильковтың ауыл шаруашылық ландшафттардың жіктелуі кең таралған. Ф. Н. Мильков бойынша ауыл шаруашылық ландшафттары экономикалық-географиялық жерді пайдалану типтері түсінік пен табиғи ландшафттар арасындағы байланыстыратын буын қызметін атқарады. Егістік жер, бақ, шалғын, жайылым өзінің экологиясымен және өз-өзін регуляциялау дәрежесімен бір-бірінен шұғыл айырықша бола отырып, ұзақ уақыт бойы қайталанатын шаруашылық ықпалға ұшырайды. Әртүрлі типтегі шаруашылықта пайдалану формалары түрінде көптеп қайталанатын адамның ландшафттық кешендерге ықпалы, ол кешендерде тұрақты генетикалық белгілердің қалыптасуына алып келеді. Адамның ауыл шаруашылық іс-әрекетенің түріне қарай ауыл шаруашылық ландшафттарды егіншілік бау-бақша және жайылымды-шалғындық басты түрлерге бөлуге болады. Ауыл шаруашылық ландшафттың егістік типінің ерекшілігі жыл сайын топырақ бетінің жыртылуы, минералды тыңайтқыштарды қолдану, қолдан жасалынған агрофитоценоздарды жасау. Кейбір аудандарда жер жыртылуы нәтижесінде ескі егін жерлердің бұрынғы табиғи топырақ түрлері жаңа қасиеттерге ие болады. Көптеген ауыл шаруашылық ландшафттардың топырақтары адам игерген соң шірінді қабаты төмендейді, топырақтың өнімділігі төмендейді. Бірақ сонымен бірге дұрыс агротехника шаралар пайдаланған жағдайда топырақ шіріндісі және өнімділігі белігілі бір дейңгейге дейін түсіп, жаңа мәдени ландшафттың заттың биологиялық айналымына сәйкес деңгейнде тоқтайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының егістік жерлерінде антропогендік қысым өте жоғары, мұндай кешендерде барлық табиғат компоненттері өзгертілген. Ұзақ жылдар бойы бұл ландашфттарда өсімдік жамылғысы түбегейлі өзгертілген, топырақтың құрамына минералды тыңайтқыштардың элементтері қосылады. Жылдан жылға топырақтың жыртылуына байланысты оның механикалық құрамы, суғарыллатын егін кешендерінде топырақ құрамындағы су режимі күшті өзгереді. Жер асты суларының деңгейі көтеріліп оның химиялық құрамы да өзгереді.

Жыртылған жерлердің жер бедерінің нано- және микропішіндері, кейбір жерде, әсіресе террасаланған жерде жер бедерінің мезопішіндері өзгеруде. Тау беткейіндегі жайылым кешендерінде малдың бас санын көбеюіне байланысты шөптесін жамылғысының тығыздығы төмендеп әртүрлі гравитациялық процестер күшеюде. Гравитациялық процестер топырақтың су және механикалық эрозияның жылдамдығын күшейте отырып келешекте топырақ жамылғысын кедейлетіп, яғни қүнарлы емес жерлер пайда болуына алып келеді.

Осы көз қарастан ауыл шаруашылық ландшафттар - агроландшафт, ал суғарылатын жерлерді табиғи-техникалық геожүйелер деп аталатын түсініктер пайда болады. Агроландашфт жасалма кешен, суғару, тыңайтқыштар пайдалану, жер бедерін өзгерту т. с. с әртүрлі әдістерімен оның табиғи өнімділігін көтеру осы табиғи-техникалық геожүйеніні ұйымдастырудың басты мақсаты.

2. 2 Агроландшафттық жер саласы.

Агроландшафтың жер саласы, жалпы алғанда - құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Агроландшафт жер саласы Қазақстан Республикасында дербес сала болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңымен реттеледі.

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалануындағы кемшіліктер және оларды жою жолдары
Украинада жер кадастрын жүргізу: Жер кодексі, өзгерістер және салыстырмалы талдау
Қазақстанда жер салығының экономикалық мәні, есептелу тәртібі және жер қатынастарындағы рөлі: Германия мен Италия тәжірибесімен салыстырмалы талдау
Саясаттанудың негізгі парадигмалары: салыстырмалы талдау
Кәсіпкерлік түрлері: салыстырмалы талдау
В.А. Вагнердің зоопсихологияға қосқан үлесі және салыстырмалы психологияның биологиялық әдісі
Инновациялық оқытудың салыстырмалы-психологиялық және педагогикалық-технологиялық ерекшеліктері
Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Кәсіпкерліктің түрлері: салыстырмалы талдау
Утилитаризм және деонтология: салыстырмалы философиялық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz