Стресс, домбығу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: СТРЕСС. ДОМБЫҒУ

Орындаған: Көкенаев. М. М

Тексерген: Нуркенова М. К

Семей. 2015жыл

Жоспар:

1. Стресс синдромы, этиологиясы

2. Дерттенуі, патологиялық өзгерістер

3. Домбығу туралы

4. этиологиясы

5. . Қолданылған әдебиеттер тізімі

Стресс - өте күшті әсерлі тітіркендірушілердің әрекетіне немесе сыртқы ортаньщ әртүрлі бүлдіруші әсерлеріне жауап ретінде туындайтын организмнің ерекше бір жай-күйі.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

  • үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
  • төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
  • әлсіреу - бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, науқасқа үзіліске уақыт келегенін байқатады.

Оның бірінші белгілері :

• алаңғасарлық;

• жоғарғы қозғыштық;

• жиі шаршау;

• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;

• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;

• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;

• естің нашарлауы;

• кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін;

• қуаныш негізінің толық жоғалуы.

Стресстің Этиологиясы. Әр сипаттағы бүлдіруші факторлар (стресс әсерлер - шамадан тыс жүктеме, инфекциялар, уланулар, т. б. ) әсерлерінен организмнің стресс синдромына ұшырайтынын Г. Селье дәлелдеді. Бұл жай- күй басқа мал түрлеріне қарағанда сиырлар мен бұзаулар, шошкалар арасында недәуір жиі байқалады. Ол жануарларды жылдың ыстық кезінде тасымал- дағанда (тасымаддау стресі), ауаның ылғалдылыгы тым жоғары болғанда, ашыққанда, мал тұрағын жиі-жиі алмастырғанда, малдарды топтастыру, күту, азыктандыру жэне пайдалану, төлдерді баптап өсіру ережелері бұзылғанда туындайды.

Патоморфологиялық өзгерістер. Ми мен ішкі секрецш бездерінде дистрофиялық өзгерістер, қанның азаюы байқалады талақ пен лимфалық түйіндер атрофияға, ішек-қарын мен тыныс мүшелері кілегейлі қабықтары қанталауларға, катарлы қабынуға ұшырайды, қандағы эозинофильдер мен лимфоциттер саны азаяды, жаңа туған төлдерде, сонымен қатар, тимус көлемі кішірейеді (атрофия) .

Диагноз алдын ала деректерді ескере отырып, клиникалык (ми мен жұлын қызыметінің бұзылуы), гематологиялық (эозин фильдер мен лимфоциттер санының азаюы) және патоморфологиялық өзгерістер (бүйрек үстілік бездегі, гипофиздегі және гипоталамустағы, лимфалық мүшелердегі дистрофиялық - атрофиялық) бойынша тұжырымдалады. Жіті өтетін инфекциялық аурулардан (аусыл, топалаң, пастереллез, т. б. ), пироплазмоздардан, уланулардан жэне ыстық соғудан ажырату қажет.

Домбығу дегеніміз организмдегі тұз-су алмасу процесінің бұзылуынан тканьде сұйықтың көп жиналуынан, немесе зақымданудан, қабынудан дененің пішіні мен көлемінін үлкеюі. Ангионевротикалық домбықпалар - ерін, мұрын, қас-қабақ және ауыздың шырышты қабығынын, ісінуі кездеседі. Созылмалы инфекциялық аурулар, салқын тию, дәрі-дәрмек, тамақ және микробты аллергиялар да қоздырушы факторлар боп табылады. Солардың бірі - Квинке домбығуы ерін тканьдерінің ісінуімен байқалса, Малькерссон - Розенталь синдромында ерінмен бірге бет нервісінің қабынуы және тіл бетінде қатпарлар (бүкпе) пайда болуымен ерекшеленеді

Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.

Қатерсіз ісіктер тобына : дәнекер тоқымасының ісіктері - фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.

Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.

Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.

Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.

Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбығу және стресс
Стреске анықтама, этиологиясы,кезеңдері,жіктелуі. Домбығу. Домбығу этиологиясы
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Стресс жайлы мәлімет
Домбығу этиологиясы турлері даму механизімі. Стресстің анықтамасы, кезеңдері, жіктелуі даму механизмі
Стресс.Этиологиясы,жіктелуі,кезеңдері, даму механизмі және патогенезі
Стресс. Ісіну немесе домбығу
Стреске анықтама
Стресс жайлы
Домбығу және стресс аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz