Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім министрлігі

Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

№1СӨЖ

Тақырыбы: 1. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері.

Дайындаған:Қонысбай А. С.

Тексерген: Шаяхметұлы Қ.

Топ: ҚЯ-413

Семей 2015

Жоспар:

1. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері.

2. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі.

3. Түркі тілдерінің дамуындағы Хун дәуірі.

1. Көне түркі жазуының шығу төркініне де айтылғандар тұрғысынан қараған жөн. Белгілі ағылшын түркологы Герард Клосон «Түркі руникалық жазуының шығуы» атты мақаласында бүл жазу VI ғасырда өмір сүрген Истеми қағанның бұйрығы бойынша Согд-Иран жазулары үлгісінде қалыптасқан болу керек деген жорамал айтады.

Түркі халықтарының тарихы тым әріден басталғанымен, олардан біздің заманға жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VII ғасырынан басталады, соның өзінде де қағазға жазылған мол материал түрінде емес, мола басына қойылған ескерткіш қүлпы тастарға қашалып жазылған жазба түрінде жетті. Мүндай нүсқа ғылымда эпитафия деп аталады. Эпитафиялық жазбаның алғашқы түрі XVII ғасырда казіргі Тува автономиялык республикасы, Хакас автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған. Оны алғаш байқап, ғылым әлеміне паш еткен Швед армиясының капитаны Филипп-Иоганн Страленберг.

Бұл жазба табылған жерінін атымен Енисей ескерткіші деп те аталады. Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург университетінің профессоры П. Мелиоранский Енисей ескерткішін түркі тілі жазба ескерткішін түркі тілі жазба уақыты VІ-VІІ ғасырлар болу керек десе, Л. Р. Кызласов, И. В. Комушев, И. А. Батманов, А. Н. Кононов сиякты біраз ғалымдар ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді. Бүдан кейін 1889 жылы Сібір елкесін зерттеуші Николай Михайлович Ядринцев/1842-1894/ Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан белгісіз жазуы бар екі құлпытас табады. Кейінде айқындалғандай, Орхон жазуы деп аталып кеткен бүл нүсқаның бірі-түркі ханы Мағиланға /Білге қаған/ екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған тарихтық биографиялық ескерткіштер болған.

Түркі тілінің руникалық жазуын 1893 жылы алғаш танып окыған Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен /1842-1927/. Алдымен Томсен жазудың оңнан солға қарай жазылғанын айқындайды. Содан соң жазбада барлығы 38 әріп, яғни таңба, барлығын аныктайды. Үшінші кезекте дыбыстардың дауыстысы мен дауыссыз түрлерін, олардың қалай орналасатынын ашуды кездейді.

Зерттеулер нәтижесінде қүлпы тастарды жырдың авторы және оны жаздырушы Иоллығ-тегін деген ақын екендігі айқындалды. Иоллығ-тегін Білге ханның /Магилан/ баласы, Білге хан мен Күлтегін-Елтеріс ханның балалары. Білге хан болған да, Күлтегін оның әскер басы батыры болған. Білге 734 жылы, Иоллығ хан 739 жылы дүние салған.

Орхон-Енисей жазбалары деген жалпы атаумен топталған эпитафиялық нүсқалар қүрамына Отанымыздың әр түрлі аймақтарынан табылған бірсыпыра ескерткіштер енеді. Мысалы, Енесей езені бойындағы, Тува АССР-і мен Хакас автономиялық облысы және Краснояр аймақтарынан табылған Талас, Турфан, Лена, Байкал т. б. деп аталатын ескерткіштер де осы топқа жатады. Орхон ескерткіші деп аталатын нүсқалар да Онгин, Күлтегін, Могилян, немесе Білге қаған, Тоникук, Қүтлуг қаған, Күлі-шор, Мойын-шор, Суджи, Иха-Асхед, Хойто-Тамир ескерткіштері дейтін бірнеше жазулардан құралады.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы айтылған біраз пікірлер бар. Мысалы, әйгілі түрколог, академик В. Радлов кене түркі жазба ескерткіштерінің тілін үш түрлі диалектіге бөледі: оның бірі- кене солтүстік диалектісі, екіншісі-оңтүстік диалектісі/мүны автор үйғыр тілі деп те атайды/, үшінші-аралас диалект. Бүлардың біріншісіне Күлтегін, Могилан, Тоныкек, Онган т. б. ескерікіштердің тілдерін жатқызған. Екіншісіне-үйғыр тілінде жазылғаи ескерткіштер тілі, үшіншіге солтүстік пен оңтүстік диалектісінің араласуынан туған Манихей ескерткіші, Алтын жарық т. б. ескерткіштер тілдері жатады. Автор әр диалектіге тән фонетикалық, грамматикалық ескерткіштерді талдайды. Радлов жіктеуі жазудың сипатына, дыбыстық, морфологиялық белгілерге негізделген.

Көне түркі ескерткіштерінің грамматикалық қүрылысын зерттеумен белгілі кеңес түркологы а. Н. Кононов та айналысты. Ол езінің 1980жылы жарык көрген «Грамматика языка тюрксқих рунических памятников ҰІ-ІХ в. в. » атты еңбегіңде кене түркі жазба ескерткіштерінің табылу, оқылу тарихына шолу жасай келіп, оны түрге жіктейді, шығу теркінін, оның тілінің фонетика-грамматикалык қүрылысының зерттелу тарихына тоқталады және өз тарапынан ескерткіштің дыбыстық, грамматикалық сипаттарына жан-жақты талдау жасайды.

Жазба ескерткіште барлығы 38 таңба бар, оның 8-і дауысты. Дауысты дыбыстар қазірдегі тілдердегі сияқты жуан-жіңішке, еріндік-езулік, келте-созынды, ашық-қысаң дауыстылар болып белінеді. Дауысты дыбыс жүйесінің қазірдегідей ерекшелігі- сезде кебінесе таңбаланбайды, оның барлығы дауыссыз дыбыстар тіркесінен сезіледі. Бүл -орхон-енисей жазуының консонанты жазу болғандығын байқатады.

Көне түркі дәуіріне қатысты жазба нұсқалардың екінші түрі көне үйғыр жазуы деп аталады. Бүл жазуды ғалымдар екі түрге беліп қарайды. Оның алғашқысы Селенг және Суджи ескерткіштері деп аталатын кене үйлер қабырғасына, тасқа жазылған эпитафиялық жазбалар, екіншісі-алдыңғыдан қомақтырақ, қағазға жазылған Манихей ескерткіші мен Будда, христиан діндерін уағыздайтын діни және юристік мазмүнды жазба нүсқалар. Бүлар кейбір еңбектерде табылған жердің атымен Турфан, немесе Шығыс Түркістан жазбалары деп те аталады. Кене үйғыр жазуы да негізінен соғды әліппесіне негізделеді.

2. Түркі халықтарының, олардың тілдерінің тарихын зерттеген ғалымдар:М. Н. Кастрен, В. Бартольд, В. Радлов, П. Мелиоранский т. б. түркілердің ру-тайпа болып даму тарихын алты кезеңге бөліп қарайды. Олар: І. Алтай дәуірі. 2. Ғүн дәуірі. З. Көне түркі дәуірі. 4. Орта түркі дәуірі. 5. Жаңа түркі дәуірі. б. Кеңес дәуірі.

1. Алтай дәуірі. Бұл-ғылымда айқындалып жетпеген, өмір сүрген дәуірі де нақты емес, ете көне дәуір. Бүл атауды қолданушылар біздің заманымыздан көп бүрыңғы көне заманда түркі түқымдары монғол, түңғыс-манжур, жапон, корей халықтарымен бірлікте болған, бүлардың тілдері де езара туыстас, теркіндес тілдер.

Түркологияда Алтай дәуірі «алтай тілдері» теориясы еткен ғасырдың орта кезінен бастап қалыптасты. Оны қалыптастырушылар неміс ғалымдары В. Шотт және М. Кастрен. Бірақ бүл екеуінің теориясына түрткі болған түжырым әріректен, XVIII ғасырдан басталады. І-Петр заманында болған швед соғысында түтқындалып, үзақ жылдар бойы Сібір елкесінде Швед армиясының офицері Таберт Страленберг 1730 жылы Стокгольмде «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбек жариялайды. Осы еңбегінде Страленберг түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері ' ол бабта бір негізден тараған туыстас, төркіндес тілдер дейді де, оларды «Алтай тілдері» деген атаумен атайды. Жоғарыда талған неміс ғалымдары Страленбергтің осы пікірін теориялық жақтан терендете түсіп және аталған тілдер қүрамына угро-фин, самоди тілдерін де қосып, оларға «Орал-Алтай тілдері» деген атау береді. Кейініректегі зерттеушілер бүл топқа, /семьяға/ жататын тілдер үстіне корей, жапон тілдерін де қосып жүр. /Е. Поливанов, Г. Рамстед/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын зерттеу
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz