Негізгі құралдарды жалдаудың есебі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру әдістемелік нарықтық қатынастырға сай жасалуы туындап отыр. Нарықтық экономикаға дамыған сайын олармен бірге өндірістер, кәсіпорындар, компаниялар, банктермен шаруашылық серіктіктер бірге дамуда.
Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде көптеген субъектілер жекешелендіріп негізгі құралдар Акционерлік қоғаммен және шаруашылыққа қарады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс салаларында, сонымен қатар өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет ететін және де жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар. Оларға жататындар: ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланбаған негізгі қорлар, негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады.
Егерде осы негізгі қорлардың бағасы нарықтық экономикада сатып алу құнымен көрсетілсе, оладың бағалануы инфляция коэфиценттеріне байланысты болады.
Қазақстан Республикасында қазіргі жағдайда халықаралық тәжірбиедегі негізгі құралдардың есепке алынуының жетік әдістері енгізілуі қолға алынған. Соған сәйкес негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін бухгалтерлік есептің № 6 «негізгі құралдарды есепке алу» стандартына сәйкес жүргізіледі. Осы стандартта негізгі құралдардың амортизациялық тозу сомасын есептеу әдістері көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты «Контал» ЖШС - да негізгі құралдардың есебі мен талдауын ұйымдастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді қарастыру қажет:
- өндірісті басқаруды ұйымдастыру, басқару құрылымын және кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық кәсіпкерліктерін зерттеу;
- негізгі құралдардың есебін жүргізуді қарастыру;
- талдау жүргізу әдістемесінің мәнін және ролін анықтау.
Бұл жұмыста өндірістің меншікті негізгі құралдардың есебі сонымен бірге оның аудитін, оған қоса толығымен өндірістің талдауын жасалынған.
Қазіргі заман талабына сай меншікті негізгі құралдырадың есепке лауда компьютерлендіру жүйесі толығымен қарасытырлған.
І бөлім ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1 Өндірісті басқарудың құрылымы және технологиялық процестердің
қысқаша сипаттамасы
Завод 2002 ж. ашылған, 2003ж. 5 наурыз айынан жұмыс істейді. Завод «Контал» ЖШС мақта өндірісімен айналысады. Сонымен қатар жеке шаруа қожалықтарының өсірген өнімін қабылдап өңдейді.
Мақтадан шит, линт-улпа (улюк) мақта талшығын өндіріп шығарады. Шитті Арай, Сана т. б. май шығаратын фирмаларға өткізеді. Линт-улпа бұл шет елдің фирмаларына өткізіледі. Бұдан бинт т. б. заттар өндіріледі. Орналасқан жері ОҚО, Мақтарал ауданы.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.
Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз фирмалық атауы жазылған банкілері болады.
Серкітестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеріге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
Серкітестіктің өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді.
Серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
Серіктестік заң актілерімен және құрылтай құжаттарымен тыйым салынбаған қызметінің кез келген қызмет түрін жүзеге асыра алады.
Серіктестіктің лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабілеті тиісті лицензия алған сәттен бастап пайда болады және заң актілерімен белгіленген тәртіпте оның алып қойылған, қолданылу мерзімі біткен немесе жарамсыз деп танылған кезінен бастап тоқтатылады.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 53069787 теңгені құрап, қатысушылардың салымдарын біріктіру жолымен құрылады, мемлекеттік тіркеу мерзіміне толық құрылған.
Қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері төмендегідей: Серіктестіктің мүлкі оның қатысушыларының салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.
Серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.
Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгертілуі мүмкін.
Серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі.
«Контал» ЖШС-нің жабдықтаушылары бұл түрлі шаруа қожалықтары мен жергілікті фермерлер. Олардың саны 500-ден астам. Қазіргі кезде келесідей жабдықтаушылармен тапсырыс берушілермен жұмыс істейді:
- Балт коттон гроуп
- ВТК КАМАЗ
- ООО Агролайн авто
- ООО Атон импекс
- ТОО «Арай»
- ОАО «КазАгроФинанс»
- ЧП «Рустембеков»
- ТОО «Конойл»
ЖШС "Контал" мақта өңдеу зауытындағы негiзгi өндiрiс процессiн келесiдей сызбамен көрсетуiмiзге болады.
Сызбы 1 Мақта талшығын өндiрудiң негiзгi өндiрiс процессi
Кәсіпорынның әрбір бухгалтері келесідегідей қызмет атқарады:
- материалдық бухгалтер негізгі құралдармен тауарлы - материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді. Материалдық бухгалтердің қызметіне өндірістік шығындар есебі мен дайын өнімдер есебін жүргізу жатады;
- есеп айырысу бухгалтері жұмысшылар мен қызыметкерлердің ақысы бойынша есеп айырысудың есебін, жинақтаушы зейнет ақы қорына аударымдар, әлеуметтік салықтарды есептеу кәсіподақтық жарнамалар есебін жүргізеді;
- екінші есеп айырысу бухгалтері касса операцияларын қадағалау, есеп айырысу шоттарына ақшалы қаржыларын апару және әкелу, есеп беруші тұлғалар мен есеп айырысу операцияларын бақылау, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебін жүргізу жатады.
Кассир - бұл бухгалтердің көмекшісі ретінде жұмыс атқарады, яғни ол жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған жұмыс үшін оларға еңбек ақысын кассадан береді. Оны кассалық шығыс ордеріне тіркейді.
«Контал» ЖШС - ны мақта өндіруге шығарылған кәсіпорын, сондықтан өндірістік есеп шоттарында мақта өндіруге кеткен шығындар жинақталады. Жылу қуатының өндіруге кеткен шығындарына өндіріс процесінде пайдаланылған табиғи қорлар құны кіреді. Табииғи қорларға шикізат, материалдар, отын, энергия, негізігі құралдар, еңбек құралдары т. б. жатады.
Жоспарлау, есептеу, талдау кезінде шығындар пайда болу орындарында топтастырылады. Негізгі өндіріс және қосалқы шаруашылықтар деп өнімнің өзіндік құнына кіру тәсіліне байланысты шығындар тура және жанама болып бөлінеді. Статьялар бойынша шығындары топтастыру кезінде, тура шығындар элементтері келісімінде, ал жанама шығындар кешендік статьялар, ал жанама шығындар статьялар түрінде құрылады. Материалдарға жұмсалатын шығындардан қайтарылатын шығындар құны алынады.
«Контал» ЖШС - ның бухгалтериясында есептің құрылу негіздері міндетті есеп беруді жасауды және кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ай - сайынғы нәтижесін дер кезінде шығаруды дұрыс жүргізу мақсаты мен бөлінеді. Табельдермен екі бухгалтер айналысады: біріншісі еңбек ақыны есептейді, ал екіншісі негізгі құралдардың қозғалысын және амортизациясын есептеу мен айналысады.
Материалдық столда екі бухгалтер отырады - олардың бірі тауарлы -материалдық құндылықтардың түсуін және жабдықтаушылар қызметін есепке алса, екіншісі ішкі тауарлы - материалдық құндылықтардың ішкі қозғалысы мен есептен шығарылуын есепке алады.
Кассир касса есебін жүргізеді, касса айналымдарын жауып, оны №1, №7 журнал - ордерлерде жүргізеді. Мақта пайдаланушылар мен есептеу бухгалтер мен жіберілген мақтаны есептейді. Әрбір айдың 15 - ші санына табыс пен пайда туралы тоқсанның аяғында әлеуметтік - сақтандыру қорлары бойынша есеп берушілік жасалады. Осы мерзімге №2, 1, 11 журнал - ордерлер, бас кітап, статистикалық және салықтық есеп берушіліктері жасалады және бас бухгалтермен тексеріледі.
Қоғамның үздіксіз экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми техникалық прогресті жеделдету, соның ішінде негізінде өндірістің тиімділігін арттыру халық шаруашылығының барлық саласында басқару прогресін жетілдіре түсуді қажет етеді. Басқару өндірістің маңызды бөлігі болып саналады, қоғамдық еңбек жүйесіндегі өзіндік ерекшелігі бар қызметтің бір түрі. Өндірісті басқару процесі барысында ұжымды шешім қабылдау - басқарудың аса маңызды элменттерінің бірі болып саналады.
Директор - өндірістік қорлардың сатылуына, материалдық және қаржылық ресурстарға, жұмысшылар жағдайының жақсаруына және т. б. жауап береді.
Бас инженердің атқаратын қызметіне өндірістік экономика - бөлімінің, өндірістік техника білімінің және бас механиктің жұмыстарын қадағалау жатады.
Директордың орынбасарына кәсіпорынның есеп бөлімі, шаруашылық бөлімі және басқа да бөлімдер жауапты болады.
Жөндеу жұмысы бойынша директордың орынбасары жөндеу цехтарының, қабылдау бөлімінің және де басқа да цехтардың қызметінің үздіксіз болуына жауап береді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материялдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материялдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лобороториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға(ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылды. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын обьектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материялдық жағыдайын жасайды(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) .
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтыніға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық (Ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдықщаруашылық, денсайлық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиеселі және онң балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізге құралдар, жалға алынған негізгі құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген баға мен сатып алуына болады. Оларды 121-ші «Жер», 122 «Үйлер мен ғимраттар», 123 «Меншік және құрал жабдықтар, өткізгіш қондырғылар», 124-ші «Көлік құралдары», 125-ші «Басқа да негізгі құралдар» шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтаржы жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттың құрмына қарай негізгі құалдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындарды (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ (жер учаскелерін, егістік үшін падаланылатын жер өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
Келтірілген негізгі құралдардың әр қайсысының құрамына енетіндер:
Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құні. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объектілер болып саналады.
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндалақтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әр бір тұрған үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әр бір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және потенциялдардан трансформатор жайына дейін мүліктік объект болып табылады.
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әр бір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соңғы тиісті заттарды, аспаптарды, оршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады. ;
Күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылужәне электр энергиясын өндіретін генератор -машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары.
Жұмыс машиналар мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппарттар және құрал-жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлар, қондырғылар және лабороториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді ретеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабороторияларда пайдаланатын приборлар мен аппаратуралар.
Есептеу техникасы - процестердіжылдамдату және автаматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар.
Басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аспаптар және басқа құрал жабдық .
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. әр бір объкт өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік обект болыптабылады.
Құрал сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымалы және басқа материалды сақтауға арналған сыйымды заттар.
Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әр бір объект - мүліктік объект бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар.
Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер.
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысынжақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
Басқа да негізгі құралдар- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т. б. шығындарынан тұрады.
Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандығы негізгі құралдардың бастапқа немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны - бірін бірі жақсы білетін және мәмліге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өз ара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бғаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құны - негізгі құралдардың бастапқы және болжамған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.
1. 2. Кәсіпорынның қаржы - экономикалық қызметін талдау.
Экономикалық талдау кәсіпорын дәрежесін көп жақты күрделі, үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу болмайды және үлкен еңбек шығынының уақытын талап етеді. Кез - келген кәсіпорынның негізгі мақсаты үлкен көлемдегі пайданы аз шығын жұмсап алу болып табылады. Бұл үшін кәсіпорынның қызметін сипаттайтын және талдау жолымен осы көрсеткіштердің ішкі және сыртқы факторлар әсерін, экономикалық әдістердің сәйкестігін қолдану үшін негізгі көрсеткіштерді білу қажет. Сол себептен қоғамдық ғылымдардың сараптау процесінің объективті нәтижесі болып табылады. Дербес ғылымдарды талдауды бөлу қажеттілігі пайда болады.
Сонымен экономикалық талдау - бұл бүкіл шаруашылық жұмыстарын жақсатудағы резервтерді ашудың негізгі құралы. Өңдеу кезінде анықталған ақпараттарды зерттеу және жіктеу және талдау, талданып отырған объектіні жан-жақты және терең түсінуге мүмкіндік береді.
Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдауға бөлінеді. Күрделі өндірістің шаруашылық қызметі зерттеудің негізінде кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің барлық жұмыстарын сипаттайтын техника -экономикалық көрсеткіш арасында өзара байланыс кешені бар. Экономикалық ақпарат жүйесіне базаланады. Талдаудың сапалы және сенімді болуы, есепті материалдардың сапасына тәуелді болады. Сапалы көрсеткіштер өнеркәсіптің өндірісінің, кәсіпорынның қызмет жағдайын және оның тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер сипаттайды.
Нарықты қатынас жағдайында «Контал» ЖШС - ның шаруашылық қызметін басқару үшін, олардың жұмыстарын жоспарлау, есеп және есеп қисаптарын ұйымдастыру, жұмыстарын ынталандыру немесе бағалауды жүзеге асыратын экономикалық көрсеткіштер жүйесі қабылданады. Бұл жүйе кәсіпорынның және сапалық жұмыс істейтіндігін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштердің жиынтығынан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz