Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы:Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі

Орындаған:Оспанов А

Тексерген:Сагандыков С. Н

Тобы:АГ-213

Семей 2015

Жоспар

1. Арамшөптермен күресу

2. Зерттеу әдістері

3. Зерттеу нәтижелері

4. Қорытынды

1. Ауылшаруашылық өнімдерін арттыра өңдеудің елеулі қорларының бірі - арамшөптермен күресу . Егіс алқабын арамшөп басу нәтижесінде жылда 10-12-ден 25-30% дейін өнім шығын болуда [1. 2] . Бұл мәселенің өзекті және едәуір маңызды екендігінің куәсі.

Кілтті сөздер: арамшөп, егу мөлшері, дән, ресурсты үнемдеу технологиясы.

Тіршілікке жоғары бейімділікке ие арамшөптер, өсуге қажетті негізгі түрткіжайт-тар үшін, мәдени дақылдармен бәсекелесте басымдылық көрсетуде. Олар топырақтан ылғалдың басым бөлігін сініреді, мәдени дақылдарды көлеңкелейді, сондай-ақ енгізіл-ген тыңайтқыштардың элементтерінің едәуір бөлігін пайдаланады.

Арамшөптерден келетін шығын, шетел мамандарының есебі бойынша, аурулар мен зиянкестерден келтіретін шығын жиынтығына жақындайды, тек су және жел эрозиясының шығынынан кемдеу екен [3] . Арамшөптерді жоюға егіншіліктегі бүкіл еңбек шығынының 30%-на дейін жұмсалатынын есептеулер анықтады. Осы айтылғандардың бәрі қазіргі егіншілікте арамшөптерге мұқият бақылау жүргізілуі қажет екендігін және мұны барлық жер пайдаланушылар маңызды міндет екен-дігін ескерулері қажет.

Қазіргі таңда бірқатар себептерге байланысты елімізде негізгі ауылшаруа-шылық дақылдарының егістіктерінде арам-шөптердің басымдылығы сақталуда. Егістікті ластанушы арамшөптердің ішінде басым бөлігі мынадай залалдыларға келеді: тал-шықты сүттіген (Euphorbia virgata), қалуендер (Cirsium arvense), танаптық шырмауық (Convolvulus arvensis), кәдімгі қарасұлы (Avena fatua), тауық тарысы (Еchinochloa crus galli), көк итқонақ (Setaria virides) және қазіргі кезде 2, 4 Д тобына төзімді түрлер, айталық иіссіз түймедақ (Matricaria inodora), кәдімгі жусан (Artemisia absinthium), қызығылт у кекіре (Acroptilon repens) кеңінең тарала бастады [4] .

Зерттеулеріміздің мақсаты - Қазақстанның солтүстік құрғақ далалы айма-ғында топырақты негізгі және тұқым себер алдындағы өңдеулерді азайту (минималдау) технологиясын қолданғанда арамшөптермен күресудің кешенді шараларын әзірлеу.

Зерттеулерге мындай міндеттер жүк-теледі:

- топырақты негізгі және тұқым себер алдындағы өндеуді азайту технологиясын қолданғанда, арамшөптердің түрлік құрамы-ның сипатын анықтау;

- жаздық бидай егістігіндегі арамшөп-тердің зияндылық шығынын анықтау;

- топырақты негізгі және тұқым себер алдындағы өндеуді азайту технологиясын қолданғанда, арамшөптермен күресудің әр-түрлі шараларының агроэкономиялық тиім-ділігін анықтау.

Кілтті сөздер: Минималды технология, нөлдік технология, өңдеу, арамшөптер, күресу, кешенді шаралар

Зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеулер төрт танапты дақыл алмасу ауыспалы егісінде дақылдардың мынадай кезектесуінде жүргізілді: ас бұршақ - арпа қоспасы - жаздық бидай - ноқат (асбұршақ) - жаздық бидай. Арамшөптермен күрес: ас бұршақ - арпа қоспасынан кейін, орналасқан жаздық бидай егістігінде төмен-дегідей сұлбасы жүргізілді:

1. Агротехникалық - 22-25 см терең қопсыту, ерте көктемде БМШ-15 тырмалау, тұқым себер алдында культивациялау, жаздық бидайды, жебе табанды Джон-Дир егіс кешенімен, әр гектарға 2, 8 млн. өнгіш тұқы-мын себу;

2. Кешенді - егін жиналғаннан кейін танапты РЧ-4 чизельді қопсытқышымен өңдеу, егін себер алдында Ураган форте гербицидінің 2 л/га енгізу, жаздық бидайды жебе табанды Джон-Дир егіс кешенімен, әр гектарға 3, 5 млн. өнгіш тұқымын себу;

3. Химиялық - егін себер алдында Ура-ган форте гербицидінің 2 л/га енгізу, жаздық бидайды анкерлі шүмекті тұқым сепкішпен, әр гектарға 2, 8 млн өнгіш тұқымын себу.

Зерттеу нәтижелері

Ылғалдануы бойынша 2008-2009 ауылшаруашылық жылдары шамалы құрғақ-тау болды. Өсінді кезеңде (маусым-тамыз) 115, 1 мм жауын-шашын түсті. Бұл көпжыл-дықпен салыстырғанда (134 мм) 13 мм кем.

2009-2010 ауылшаруашылық жылдары өте құрғақ болды, жауын-шашын мөлшері 286, 4 мм, ал 2010-2011 жылдар жайлы болып, жауын-шашын мөлшері 392, 2 мм құрады.

Тәжірибе механикалық құрамы орташа саздақты қарақызыл-қоңыр орташа қуатты топырақта жүргізілді. Топырақтың қарашіріндісі 3, 8-4, 1% арасында. Топырақтың орташа сапалылығы (бонитеті) 34-ке тең. Бұл топырақтың тығыз қабатының тепе-теңдігі салыстырмалы төмен, су өткізгіштігі жақсы және бір метр топырақ қабатында ең төмен су сыйымдылығында 178, 9 мм сіңімді ылғал ұстай алады.

Тәжірибе жоғары тілімінің топырағы жеңіл гидролизделінетін азоттың төмен мөлшерімен, жылжымалы фосформен орташа және калиймен жоғары мөлшерде қамтамасыз етілуімен сипатталынады.

Топырақтың тығыздығы құнарлылық-тың түрткіжайты іспеттес. Тығыздық тепе-теңдігі, көптеген танаптық дақылдар өсіруге, оңтайлығы жақын топырақтарға, топырақты механикалық өңдеу, ең алдымен егістікті арамшөптерден тазартуда, яғни фитосани-тарлық рөл атқарады. Бұдан басқа топырақ-тың тығыздығы белгілі бір деңгейде арамшөп-тердің түрлеріне әсер етеді, себебі арамшөп-тердің түрлері топырақтың жырту қабатының жайласуын әртүрлі сезінеді.

Бізідің тәжірибемізде жаздық бидайды себер алдында нұсқалар арасында топырақ-тың тығыздығы бойынша, арамшөптермен химиялық күресу амалынан басқа, елеулі айырмашылықтар байқалмады: арамшөптер-мен күресу амалы бойынша 0-20 см топырақ қабатында көлемдік массасы 1, 16 г/см3 шегінде болды, кешенді тәсіл нұсқасында - 1, 19 г/см3 . Арамшөптермен күрес тек гербицидтермен жүргізілген нұсқада өңдеу қабатының көлемдік массасы 1, 22 г/см3 болып, егін сепкенге дейін арамшөп тұқым-дарының жаппай өсуіне мүмкіндік туғызды.

Арамшөптердің санына және түрлік құрамына топырақтың ылғалдану күйі елеулі әсер етеді. Ал, ол өз кезегімен арамшөптермен күресу тәсіліне тәуелді. Одан басқа топырақта ылғал жинау мәдени дақылдарының арамшөп-термен бәсекелесу мүмкіндігін арттыруда үлкен мәнге ие. Егін сепкенге дейінгі топырақтағы ылғал қоры тек күзгі-қысқы түскен жауын-шашынның есебінен қалып-тасты. Топырақты терең өңдеу нұсқасындағы қар қалындығы орташа есеппен үш жылда 14, 8 см және 24, 6 см болды. Арамшөптермен күресуді химиялық тәсілмен жүргізілген нұсқада қар қалыңдығы 27, 9 см жетті. Бұл нұсқадағы қосымша қардың жиналуына егін жинағаннан кейінгі қалған егіс паясы мен арамшөптер себепкер болды.

Тұқым себер алдындағы арамшөптер-дің өнуіне және одан әрі олардың дамуы көбінесе топырақта ылғалдың болуымен бай-ланысты. Топырақтың тереңінен ылғалдануы және өнімді ылғал қоры арамшөптермен кешенді күресу тәсілінде байқалды және сәйкес 82, 3 см және 100, 1 мм, ал басқа нұсқаларда ол 76, 2 см және 85, 2 мм аспады.

Тәжірибе танабында арамшөп басуы-ның аралас түртегі қалыптасты: қосжарнақты көпжылдық арамшөптерден танаптық қалуен, танаптық шырмауық, талшықты сүттіген, біржылдық астық тұқымдастардың ішінде кәдімгі қарасұлы және тауық тарысы, мысыққұйрық, қосжарнақтылардан - кәдімгі жабысқақ басым болды. Тұқым себер алдын-дағы өңдеулерді өткізу алдында тәжірибенің нұсқалары бойынша орташа есеппен үш жылда арамшөптердің жалпы саны 36, 7-38, 7 дана/м2, яғни арамшөп басуының орташа деңгейіне сәйкес және де азжылдықтар басым болады. Айталық, жаздық бидайды себер алдында азжылдық арашөптердің саны - 28, 4-29, 9 дана/м 2, ал көпжылдықтар - 8, 2-9, 4 дана/м2 . Азжылдықтардың көпжылдықтарға арақатынасы 1:3, 0-1:3, 6.

Қолдынылған шаралардың нәтижесін-де жаздық бидайдың егістігін жинар алдында егісті арамшөп басуы күрт төмендеді және тәжірибе нұсқаларында 4, 6-9, 6 дана/м2 болды. Бұл зияндылықтың экономикалық шегінен көп төмен. Тәжірибе нұсқауларында орташа есеппен арамшөптердің жойылуы 71, 8-86, 6 % болды.

Арамшөптердің толығырақ жойылуы агротехникалық күрес тәсілдері нұсқасында байқалды. Бұл нұсқада егінді жинар алдында арамшөптердің бастапқы санынан 24, 8% сақталды. Бұл көптеген зерттеушілердің, арамшөптерді тек механикалық өңдеумен толық жоюға мүмкін емес деген тұжырымдамаларын дәлелдей түседі. Көпжылдық арамшөп болсын, азжыл-дық арамшөп болсын, қайсысы болмасын кешенді күресу тәсілінде тез және тиімді жойылды.

Көпжылдық арамшөптерге бақылау жүргізуге, азжылдықтарға қарағанда басқаша амалды таңдау қажеттілігін білдіреді.

Топырақты өңдеу арамшөптермен күресу мәселелерін белгілі бір деңгейде шешуге көмектесетіндігі сөзсіз. Бірақ мұнда, көпжылдық шөптердің басыңқылануы шама-лы, топырақ шаңданады, өсімдік қалдықтары жойылады да, эрозиялық үдерістердің дамуына әкеледі.

Астық тұқымдас және жалпақ жапы-рақты арамшөптердің егістікті тазалаудың айтарлықтай тиімді тәсілі болып глифосат негізіндегі гербицидтерді қолдану саналады.

Бұл дәрмектер жаппай жойғыштық әсерге ие. Астық дақылдарын нөлдік технологиясы өсіргенде гербицидтердің арамшөптерді жоюына қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді. Бұл гербицидтер тамыр жүйесіне жақсы жылжиды, топырақта тез ыдырайды және кейінгі дақылдарға теріс әсері жоқ. Ол көмірсуларының өсімдікте жылжу заңдылығы түсінігіне сәйкес келеді. Көмірсулары - өсімдіктердің қыстап шығуына көмектесетін, сондай-ақ өсу-даму кезеңінде өркендердің, сабақтардың және тамырлардың өсуін жеделдететін қуат көзі. Нөлдік технологияда жаздық бидайдың тұқымын себер алдында глифосат негізіндегі гербицид-терді қолдану егістіктің арамшөп басуын, топырақты дәстүрлі технологиямен өңдеген-дегі арамшөп басуының деңгейін төмендетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ өңдеудің «нөлдік» технологиясының теоретикалық негізі жайлы
Ландшафтқа бейімделген егіншілік жүйесінің биологиялық және техникалық сәйкестігі
Бидай өнімдерінің сақтау технологиясы
Инерциялы ротордың параметрлерін таңдаудың өндірістік зерттеулері
Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері
Ылғалды сақтау ресурстары технологиясы
Майлы зығырды өсіру технологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері
Қазақстан жеріне интенсивті технологиялар негізінде сүдірлі жерлерді дайындаудың қарақұмық өніміне келтіретін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz