Тахеометрлі түсіріс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
СӨЖ
Тақырыбы: Тахеометрлі түсіріс
Орындаған:Раимбеков Ә
Тексерген:Аубакирова С. М
Семей 2015-2016 ж
Жоспар:
1. Кіріспе
Тахеометрлік түсіріс
2. Негізгі бөлім
А) Тахеометрлік түсіріс
Б) Электрондық тахеометр
3. Қортынды
Кіріспе
Тахеометриялық түсіріс - жер бедері қимасы 0, 5 - 2, 0 м кезінде, әдетте 1:500 - 1:5000 масштабтарда тахеометр арқылы орындалатын топографиялық түсіріс. Тахеометриялық түсірістің пландық және биіктік негізін геодезиялық тірек жүйесі пункттерін тірек ететін теодолиттік және нивелирлік жүрістер құрады. Егжей-тегжейлі түсіру теодолиттік жүріс пункттері арасында жүргізілетін тахеометриялық жүрістер нүктелерінен жасалады. Рейкалық нүктелердің пландық орны және биіктіктері стансадан полярлық әдіспен анықталады. Қазіргі кезде автоматты және электронды тахеометрлер бар, олар горизонталь арақашықтық пен биікайырымдарды тікелейөлшеуге мүмкіндік береді. Егжей-тегжейлі түсіру кезінде әрбір стансада абрис жүргізіледі, онда стансалар, рейкалық нүктелердің нөмірлері, алқаптардың контурлары, жергілікті заттар және атаулары көрсетіледі. Өлшеулердің сандық нәтижелері тахеометриялық журналда жазылады. Стансаларда алынған мәліметтердің нәтижелерібойынша камералық жолмен түсірілген жергілікті жердің топографиялық планы жасалады. Тахеометр автоматтарды қолданғанда жергілікті жердің топографиялық планытікелей стансада жасалады. Тахеометр (грек. tachyc, tacheos - шапшаң және …метр) - тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады. Тахеометрлер дөңгелектік, номограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып ажыратылады
Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь, бұрышты горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометрдің құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады.
Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Қазіргі заманғы электронды тахеометрлер тек техникалық сипаттамалары және конструкциялық ерекшеліктерімен ғана ерекшеленіп қоймай, ол әр түрлі салада қолданылумен ерекшелінеді. Сондықтан тахеометрлерді арнайы бір тапсырманы шешуге байланысты талдауға болады. Бұл кезде оның дәлдігі мен өлшеу қашықтығы айрықша рөл атқарады. Мысалы, көп кездесетін далалық жұмыстардда жай механикалық тахеометрлер қолданылады. Ал кейбір күрделі жағдайларда, мысалы мұнай құбырының автомагистральдарын жүргізу кезінде жарық шағылыстыратын құрылғыны автоматты түрде іздеп табатын роботтандырылған тахеометрлер қолданған өте тиімді.
Жай тахеометрлердің бұрыштық өлшеу дәлдігі 5’’-6’’, ал сызықтық өлшеу үшін 3мм+3 ррм болады. Тахеометрмен өлшеу қашықтығы 500-1000 м-ден аспауына қарамай, кейде одан да алыс қашықтықтарды өлшеуге тура келеді. Сондықтан бүгінгі де дәлдігі 2 мм+2ррм 3000-4000м қашықтықты алатын қашықтық өлшеуіш ең нәтижелісі болып табылады. Бұл параметрлер болашақта барлық тахеометрлер үшін стандарт болуы керек.
Көптеген тахеометр модельдерінің ішкі реттейтін бақылаушысы бар, ол пернелер тақтасымен басқарылады. Пернелер тақтасы сандық немесе әріптік сандық болуы мүмкін. Кейбір тахеометр моделінің екі жағындада пернелер тақтасы бар. Пернелер тақтасының саны (10-нан 30ға дейін), тахеометрдің мүмкіндігіне байланысты.
Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлінеді:
- Жай электронды тахеометр;
- Орташа класты э. т. ;
- Сервожетекпен жабдықталған(роботталған) тахеометрлер.
Жай э. т. - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі - 5’’-6’’, ал арақашықтікі 3-5 мм құрайды. Бір призма бойынша арақашықтықты өлшеу 1100-1500 м құрайды.
Екінші типті э. Т. Орташа класты аспаптар жатады(Leica, Nikon, Trimble) . Бұл тахеометрлер жай тахеометрлерге карағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды орындауға қатысты есептеу бағдарламасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі кластық, дәлдікке байланысты 1’’-тан 5 ‘’-қа дейінгі аралықты құрайды.
Тахеометрлердің үшінші типіне сервожетекпен қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуға болады. Бұл аспаптар арнайы шығылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%-ға дейін арттырады.
Дәстүрлі оптикалы-механикалық аспаптарға сай, бұл тахеометрлер үш бағытта жіктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz