Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)

Орындаған: Нұрланқызы Г.

Топ: Е-413

Тексерген: Оралбекова Б. С.

Семей-2015

Әр халықгың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де ерекшеліктер болады. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады

Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген үғымды пайдаланбағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтгі», «Еңбек - өмірдің түтқасы, тіршіліктің көзі», «Еңбек түбі - береке», «Үнемшілдік - сараңдық емес», «Ескі киімді балтағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл қазақтардың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту жүзеге асты.

Қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасы-нан еңбекті бағалауға, уақытты үтымды пайдалануға, үнемшілдікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дүрыс көзқарас калыптастырут, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу болған деуге толық негіз бар.

Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы - үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапат-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.

Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан. Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлт жандылықты, отан сүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылады. Осыған орай белгілі педагог-ғалым К. Оразбекова «Иман және инабат» еңбегінде: «Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты - бай тарихи тәжірибеге сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни, адамның белсенді бет-бағдарын қалыптастыру» , - деген тұжырым жасайды. Сонымен, халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиелік негізі ретінде - ата-ананы, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға қайыр қылу, әдептілік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, тектілік сияқты және т. б. қасиеттер кең байтақ өлкемізде ғасырлар бойы буыннан буынға жалғасын табуда.

Осылайша, бала мінез-құлқының негізін қалыптастыруда, оның бойына рухани-адамгершілік сезімін, инабаттылық, әділеттілік, шыншылдық тәрізді адамдық абзал қасиеттерді егуде отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ осы жағымды қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту ең алдымен отбасындағы тәрбие арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осымен байланысты «Тәрбие -табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық.

Отбасында ата-анасы және өзге де отбасы мүшелері баланың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда баланың бойына жас кезінен ұлттық сана-сезім мен рухани-адамгершілік құндылықтардың негізін орнықтырудың маңызы өте зор. Себебі бала жасынан қалыптасқан мінез, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас қағидалары көбінесе есейгенде де сақталынады. Сондықтан әр адам өзінің ар-намысын, қадір-қасиетін жоғары ұстап, өзін-өзі тәрбиелей білуі керек. Өзін-өзі тәрбиелеуге әр адамның жақсы қасиет пен талғамға үйренуінің негізінде өз бойындағы бағалы адамгершілік қасиеттерін жетілдіруі жатады. Олай болса, «моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында адамгершілік, әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, сөйтіп адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу болып саналады» . Осымен байланысты ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби адамның бойына кішіпейілділік, қайырымдылық, шешендік, қанағаттылық, жомарттық және т. б. ізгі қасиеттерді негіздеуде тәрбие мәселесіне зор мән берген. Бұл ретте ол «тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз… Тәрбиелеу кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі. ., сөйтіп, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан дүниесін баурап алатындай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді », - деген тұжырым жасайды. Сонымен қатар, ұлы ойшылдың жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесін негіз етіп алудың маңыздылығы турасындағы ой-пікірлерінің орны айрықша. Соған орай ұлы ойшыл: «Енді біз жақсы адамгершілік сапалар туралы, сондай-ақ, осылардың негізінде туатын және мораль саласында ең абзалы болып табылатын нәрсеге қарай ойымызды сілтейтін мінез-құлық нормалары туралы әңгімелегеніміз жөн» , - дейді. Сондай-ақ, ұлы ойшыл әр адамның жеке-дара тұлға болып қалыптасуы үшін екі әдісті - ерікті түрде және күштеу арқылы тәрбиелеуді ұштастыра қолдануды талап етеді. Яғни, ол: «Күштеу арқылы тәрбиелеу және ерікті түрде тәрбиелеу тәлім-тәрбие алушы адамдар болмысының мәніне байланысты, бұлар өзінің аумағы мен күшіне қарай дараланып отырады… Ерікті түрде тәрбиелеу өнері өте-мөте көп күшті керек етеді. Күштеп тәрбиелеу өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал мұның мәнісі, басқасын былай қойғанда адамның өмірдегі арманы болып табылатын бақытқа жеткізерлік белгілі бір іс-әрекет жасау… деген сөз», - деп пайымдайды.

Қазақ халқының ұлы ойшыл философы Абай Құнанбайұлының (1845-1904жж. ) поэтикалық шығармалары мен «Қара сөздері» педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ұлы ойшыл өзінің бүкіл саналы өмірі мен шығармашылық күш-қуатын адамды жеке тұлға етіп қалыптастыруға, адамдық қасиеттерді биіктетуге, адамды түбірінен жаңартып, оның рухани дүниетанымын байытуға, жетілдіруге сарп етті.

Адам мәселесі ұлы ойшыл шығармаларындағы негізгі рухани-әлеуметтік мәселе болып табылады. Ол адамның жеке тұлға ретінде әлеуметтік тұрғыда жетілуіне ықпал ететін алғышарттардың қатарында - «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды » атап көрсеткен. Толыққанды, жетілген адам - адамгершілігі мол, білімді, еңбекқор, сабырлы, имандылығы мен ұяты жоғары, қанағатшыл болуға тиіс дейді. Ол халықты осындай қасиеттерді өз бойларына дарытуға шақырып, жалпыадамзаттық ізгілік пен рухани-адамгершілікке үндеді.

Ұлы Абай адамды биікке көтерді, оны толық жетілген адам дәрежесіне жеткізуді мақсат етті. Ойшыл-дана сомдаған «Толық адам» келбеті немесе оның жүрек тәрбиесі туралы ой қозғауы - қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық тәрбиесі мен халық даналығынан бастау алған. Осылайша, ұлы ойшыл адам бойындағы адамгершілік, ақыл тәрізді қасиеттерді аса жоғары бағалаған. Ойшыл қоғам мүшелерінің адамгершілік мінез-құлқына талдау жасап, адамды оның жоғары деңгейдегі сана-сезіміне, өз ел-жұртына көрсетер қызметіне қарай бағалау керектігін атап көрсетеді. Оның адамгершілік мәселесі туралы толғаныстарына терең үңілетін тұс - қазіргі кезең. Еліміздің барлық саласында түбегейлі жаңарулар болып жатқан бүгінгі күндерде ұлы ойшылдың әлеуметтік ой-пікірлерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі мәні өте зор.

Ұлы Абай өзінің бүкіл саналы өмірінде «Адам бол!» деген этикалық қағиданы ұстанып, қалың қауымды адамгершілікке, адамшылыққа, ізгілікке үндеді. Адамның өмірінің соңына дейін шын мағынасында адамдық қасиетін жоғалтпай, өз халқына адалдығын сақтап, адамзатты құрметтеуі - бүгінгі таңда да көкейтесті мәселе. Ойшыл үлгі етіп ұсынған адам болудың жолы әрқашан, қай қоғамда да өзінің мән-мағынасын жоғалтпайтын қағида болып табылады.

Ұлы Абайдың жастарды халқымыздың әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.

Мәніне, осылайша, өскелең ұрпақтың жадына тәрбие қағидаларын дарыту отбасында ең алдымен ата-анасының ыстық махаббаты мен мейірімінен, шынайы қамқорлығынан басталады. Яғни, адамға, қоршаған ортаға, Отанға деген қымбат қасиет бала жүрегінде отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды. Сондықтан да мұны «Отан - отбасынан басталады» деп түйіндейді халық даналығы. Жас балдырғандарға адамгершілік пен борыштың, арлылық пен намыстың мәнін жете ұғындырудың маңызы зор. Өйткені борышқа деген саналы көзқарасы қалыптасқан, ар-намысы берік жас ұрпақ ғана кейін өзінің Отан алдындағы, халық алдындағы парызын адал орындап, адамзат бақыты мен ел игілігі үшін қызмет ететіні сөзсіз. Біздің міндетіміз-отбасындағы әрбір баланың жадына «Қазақстан - менің Отаным» деген қастерлі сезімді егу болып табылады.

Отбасының жеке тұлғаның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуындағы орны мен рөлі жайында кеңестік педагогика ғылымы саласында әртүрлі пікірлер орын алғаны белгілі. Көрнекті педагог А. С. Макаренко: «Жақсы да, жаман да семьялар болады. Семья ойдағыдай тәрбиелейді деп кепіл болуға болмайды. Семья қалай тәрбиелесе, солай тәрбиелесін деп біз айта алмаймыз. Семьялық тәрбиені біз ұйымдастыруға тиіспіз және мемлекеттік тәрбиенің өкілі ретінде бастапқы ұйымдастырушы мектеп болуға тиісті. Семьяларға мектеп басшылық етуге тиісті» , -деп өскелең ұрпақты қалыптастыру ісінде отбасына қарағанда мектеп жетекшілік рөл атқаруы керек деген ұйғарымды ұсынды. Ал, педагог-ғалым В. А. Сухомлинский: «Мектеп, семьяны, әсіресе шешені толық дәрежеде алмастыра алмайды . . . Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы. Ол - адамның өз қабілетін ашып, еңбекті сүйіп, онда жасампаз бола білуінде де және қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында да, басқа адамды сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналармен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере алады» , - деп тек отбасымен бірлескенде ғана мектеп ізгі қабілет-қасиеттері бойында тоғысқан жеке тұлғаны тәрбиелей алады деген тұжырымға келді. Демек, жас ұрпаққа мектеп, ата-ана және әлеуметтік ортаның өзара сабақтаса отырып, мақсатты түрде рухани-адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастыруының маңызы зор. Себебі ұлы ақын Абай Құнанбайұлы тұжырымдағандай: «адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар, нақыл сөздер,адамгершілік
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Отбасы тәрбиесінің негізі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Отбасындағы тәрбие дәстүрлері
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz