Сапа менеджмент жүйесін – білім беру жүйесіне қолдану жайлы ақпарат


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Баяндама

Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесін - білім беру жүйесіне қолдану

Орындаған: Азамат Қажыбай

Тексерген: Жумашбекова С. К.

Семей 2015

Сапа менеджменті жүйесімен білім беру жүйесін байланыстыру екеуінің методологиясын ұштастыру арқылы біршама жетістікке қол жеткізуге болады деп нақты айта аламын . Қазақстан Республикасының президенті Н. А. Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:

Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Қазіргі таңда менеджмент саласындағы сапа жүйесіне арналған орыс тілінде бірнеше оқулықтар, мақалалар, методологиялық нұсқаулықтар жарық көрген. Ал біздің еншімізде 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты В. Киянскийдің басшылығымен «Сапа менеджменті - бәсекеге қабілет философиясы» атты мемлекеттік тілдегі оқулығы жарық көрді.

Ал ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСИ 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.

2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда. Олар:

1 деңгей - Сапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;

2 деңгей - Құжаттандыру тәртібі (20), институт стандарттары (6) ;

3 деңгей - Институт бөлімшелерінің ережелері (29), нұсқаулықтар (11) ;

4 деңгей - Сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы - 154) ;

5 деңгей - Нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары) .

Жоғарғы басшылықтың міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін үрдістік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдауды.

Жоғарғы басшы барлық жауапкершілік жетістігі университеттің қалыптасуы мен дамуына жұмсалатындығын түсінеді де әр түрлі деңгейдегі қызметтің тұрақты мониторингімен қамтамасыз етеді және оның тіршілік әрекетінің барлық үрдістерін жақсарту бойынша іс - шаралар енгізеді. Басшылық тұтынушыны толық түрде қанағаттандыруға негізделген ұсынылған қызметтердің сапасын көтеру бойынша құрамдарды тартуға үгіттейді.

ЖОО білім беру үдерісіндегі сапа менеджменті жүйесі үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру мақсатында мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:

1. Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы болуға талпыну.

2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару құрылымын жетілдіру, себепті механизмдерді енгізу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
3. Материалды-техникалық базаны және институттың инфрақұрылымын тұрақты түрде жетілдіру.
4. ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес институттағы сапа менеджментінің барлық үрдісін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.

5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы - мемлекет, әр түрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі - институт оқытушылары мен қызметкерлері.
6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету, Қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.

7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің көлемін кеңейту.
8. Институт мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.

9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.

Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі

Педагогика ғылымының тұрақты дамуына аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени-экономикалық кеңістікте еркін бағытталатын, жиынтық ресурстарды қолдану тиімділігін арттыра білетін және оны қолдану мен арттырудың жаңа, тиімді әдістерін таба білетін білікті еңбек ресурстарының қолда болуын талап етеді. Осыдан келе, бүгінгі таңда жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлауға жаңа мағына бере отырып - ұйымның және қоғамның бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз ету қажет.

Жаңа технологиялық және ұйымдық революцияның әсерімен қоғамның даму моделі түбегейлі түрде өзгерді. Жалпы сұраныстағы өнімді сапалы өндіру мен қызмет көрсету, сапаны жалпы басқару білімі мен технологиясына көшуде. Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа салаларға қалыптасушы ретінде әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.

Қазақстандық ауыл шаруашылығын жоғары білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететін ЖОО алдында келесідей маңызды және қиын міндеттер тұр:

тұтынушының күтіміне сай сапалы қызмет көрсетуді үйрену;

жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлау қызметінің сапасын тұрақты деңгейде ұстау және оны үнемі жетілдіруге үйрену.

Қызмет көрсету саласында бастапқы мәнді тұтынушының талабына бағытталған шаралар кешенін қамтитын басқару қызметі иемденіп отыр. Тұтынушы талаптарын анықтайтын және қызмет сапасының талаптарға сәйкестік дәрежесін бағалайтын сапа менеджмент жүйесі қажет етіледі. Мұндай жүйені енгізу және оның тетіктері арқылы басқаруға жүйелі ықпал етуге негізделе отырып, сапаны қамтамасыз ету арқылы мамандарды даярлаудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге, сонымен қатар қолда бар кадрлық, материалдық-техникалық, ақпараттық және қаржылық әлеуетті тиімді қолдануға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ЖОО-да білім беру үдерісінің сапасын басқару жүйесінің өзектілігі жөнінде Президентіміз Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» деп айтылған сөздердің астарынан көрініс тапты. Мұнда Үкіметке тапсырылған басты міндеттердің ішінде «халықаралық және техникалық стандарттарды тез арада және кең мағынада енгізу» мәселесі қойылды.

ЖОО-ның білім беру үдерістерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін ЖОО-ға сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалды:

- «кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» түсініктерінің білім беру үдерістерінде алатын орнын анықтау;

- «қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін анықтау арқылы қажетті ресурстарын даярлау үдерісіне тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;

ЖОО-ның білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет.

Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысында келесі әдістерді қолдану ұсынылады: интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-конструктивтік, модулді, эксперт-аудиттік және т. б.

Жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде білім беру үдерісін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру:

- «қажетті ресурстар» түсінігінің және оның сыртқы бәсекелестік ортаға қарсы тұру мен даму қабілеттіліктерінің мәнін айқындау;

- «білім беру үдерісіндегі сапа менеджмент жүйесі» түсінігі білім беру мақсатындағы кез келген басқарма жүйесін сапамен қамтамасыз ету және жақсарту, басқару, жоспарлау;

- ЖОО-да сапа менеджмент жүйесін қалыптастыруды қазіргі заманғы көзқарастармен жүйелендіру;

- Білім беру үдерістерінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі моделін құру.

ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандартының ISO 9001 сериясының талаптарына, Жалпы сапа менеджменті (Total QM) ұстанымдарына және Еуропалық қор моделіне негізделеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын, ұйым үшін сапаны басқарудың ең тиімді жұмыс моделі болып Жалпы сапа менеджменті моделі, басқаша айтқанда TQM (тотальді менеджмент жүйесінің принциптері) болып табылады.

Педагог мәртебесі

Мақсаты: Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру.

Мақсатты индикаторлар:

Педагогтің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақыға жетеді

Педагогтердің 70%-ы ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету

педагог кәсібінің беделін арттыру

кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру

Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтермен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді.

Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету

2011 жылдан бастап:

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ТжКБ және ЖОО-лар үшін ағылшын тілінің педкадрларын даярлау қамтамасыз етілетін болады;

Көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау базалық пән циклінде шет тілі бойынша кредиттер көлемін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламаларына үш тілде сабақ беретін педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер енгізіледі;

Педагогтерді, оның ішінде шағын жинақты мектептер (бұдан әрі - шжм) үшін даярлау бағдарламасы, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Семей мемлекеттік педагогикалық институты) жоғары мектеп үшін мұғалімдерді мақсатқа сай даярлауға (екі дипломды білім бойынша кадрлар даярлау, мысалы, математика-физика-информатика) арналған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық менеджмент: проблемалары мен даму болашағы
Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару
ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Сапа менеджментінің принциптері
Педагогикалық менеджмент маңызы
Сапа менеджменті жүйесі
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Сапаны басқару концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz