ҚР бюджет- салық саясаты. ҚР әлеуметтік саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақрыбы : 1. Мемлекеттің ақша, несие саясаты. 2. ҚР бюджет- салық саясаты.

3. ҚР әлеуметтік саясаты.

Орындаған: Өмірбеков К

Тексерген: Габдуллина Л. Б

Семей 2015

Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясяты -бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

  • Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
  • Экспанцондық ақша-несиесаясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды.

Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді.

Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған) :

  • несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
  • коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған) :

  • нарықтағы операциялар;
  • міндетташық і резервтік талаптар;

несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар

Ақша-несие саясаты :

- қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;

- ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;

- ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) ;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;

5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.

БЮДЖЕТ-САЛЫҚ (ФИСКАЛДЫҚ) САЯСАТЫ - бұл макроэкономикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық проблемаларды реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары.

Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары бар:

  • Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп отыру;
  • Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
  • Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу.

БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША

  1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты
  2. Дискрециялық емес салық саясаты

ҚР ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ- адамдар өмірімен байланысты, халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі.

Қамтитын аумағы:

  • табысты реттеу;
  • жұмыспен қамту;
  • әлеуметтік қамсыздандыру саясаты;
  • білім беру;
  • денсаулык сақтау аяларындағы саясат;
  • тұрғын үй саясаты, т. б.

Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған.

Әлеуметтік саясаттың мақсаты - кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ТӨРТ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық саясатының экономикалық мазмұны
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық саясаты
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты Фискалдық саясаттың міндеттері
ҚР салық жүйесінің құрылуы және экономикалық тұрғыдағы мәні
Салықтық құқықтық нормалар
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz