Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі
Тексерген: Абдуллина. Г. К
Орындаған: Дүйсембинова. Г. Д
Семей 2015ж
Өзіндік сана - адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы. Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.
Тұлганың ішкі әлемі, оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді. Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген. Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В. В. Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп, жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды. Б. Г. Ананевтің Л. С. Рубенштейннің, А. Н. Леоньтевтің т. б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған. Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады. Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И. С. Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда, ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.
Өзіндік сананың табиғаты жайлы, оның қалыптасуы, қызметі мен механизімдері жайында А. Н. Леонтев қарастырған . Оның айтуынша, өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің ) мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады. Г. А. Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.
С. Л. Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе, өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі - басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды, алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды. Сондай-ақ С. Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады. Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады. Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады. Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады. Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады. В. С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:
-өзінің ұқсастығының санасы
-өзінің «Менінің» санасы
-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы
-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.
И. И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:
-өзін-өзі тану
-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас
-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу
Бұл аталған компоненттер И. С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді. Оның пікірінше, «Мен» бейнесі -бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан, 3 компоненттен тұрады:
1 танымдық (когнетивті)
2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)
3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)
Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен, біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған. (В. Джеймс, В. М. Бехтеров, В. А. Ядов және т. б)
Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі көмектеседі.
Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.
Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып, адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.
Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді. Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші, ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға көптеген өзгерістер енгізді. Яғни, қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарыланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарылату мен білім беру үрдісінде жеткіншектер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерін дамыту болды.
Білім беру үрдісінде жеткіншектердің тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу - қазіргі таңда ауқымды мәселе. Өйткені, жеткіншектердің тұлғасының өзіндік сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары жеткіншектердің болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет. Сондықтанда, жеткіншектердің тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің психологиялық ерекшелiктерiн ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырып, дәріптейік.
Сонымен қатар, кеңес психологиясында тұлғаның жалпы құрылымындағы өзіндік сана-сезім оның психикалық іс-әрекетінің күрделі интегративтік қасиеті ретінде қарастырылады. Бір жағынан, ол тұлғаның белгілі бір кезеңдердегі дамуын анықтайтын сияқты болса, екінші жағынан, мінез-құлықты іштен реттеуші ретінде көрінеді. Өзіндік сана-сезім тұлғаның үздіксіз дамуының ішкі шарты бола отырып, тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлқы түрлері мен сыртқы ықпал арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. «Тұлғаны психикалық тұрғыдан зерттеу мәселесі тұлғаның психикалық қасиеттерін - ерекшеліктерін, темпераменті мен сипатын - зерттеумен аяқталмайды, ол тұлғаның өзіндік сана-сезімін ашып көрсетумен аяқталады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz