Энергетикалық қондырғыларды реттеу әдістері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: ЭҚ реттеу әдістері

Орындаған: Серікқан Е. Е.

Топ: ТФ-205

Тексерген: Нургалиев Д. Н.

Семей 2015

Лекция 7. Энергетикалық қондырғыларды басқару үшін ЭВМ-ді қолдану.

Дәрістік сабақтың мазмұны:

  1. ЭВМ негізінде энергетикалық қондырғыларды автоматтандыра бақылау және басқару міндеттері.
  2. Энергетикалық қондырғыларды басқару және бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің жіктелуі.
  3. Энергетикалық қондырғыларды басқару және бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің функциялары.
  4. Энергетикалық қондырғыларды басқарудың негізгі процестерін алгоритмдеу.
  5. Реттеудің жабық контурында ЭВМ-ді пайдаланып энергетикалық қондырғыларды басқару.

1 - Ядролық реактор қуаттарының өсуімен және активті аймақ өлшемдерінің артуымен және энергия кернеуінің жоғарылауымен бақыланатын және реттелетін параметрлердің саны артады.

Қарапайым құралдар (көрсететін құрылғылар, өздігінен жазып отыратын құралдар (самописцы), дыбыстық және жарықтық сигнализаторлар және сандық көрсеткіш тақта) көмегімен көптеген параметрлер санын бақылау және талдау, сонымен қатар өте аз уақыт ішінде (көбінесе секундтар) шешім қабылдау іс жүзінде мүмкін емес. Кейбір жағдайларда оператор қауіпсіз экплуатациялық шарттарды қамтамасыз ету үшін қабілетсіз болып, оның қателік әрекеттері ықтималдығы артады. Бұл жағдайдан шығу жолы, информацияның көп ағымын өңдеу үшін жылдам әрекет етуші ЭВМ-ді қолдану болып табылады.

ЭВМ негізінде құрастырылған басқару жүйелері реактордың активті аймағында жүретін процестерімен оңтайлы басқаруды жүзеге асыруға және сонымен қатар көптеген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

ЭВМ енгізімінің кезеңдері. Қазіргі кезде ЭВМ негізінде басқару және бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін жасап шығару мен енгізу ЭВМ және жергілікті автоматты қондырғылармен адам арасындағы басқару функцияларын біртіндеп қайта бөлу арқылы бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең:

  • Барлық ұқсас автоматты қондырғылар өздерінің орнату құрылғыларымен сақталынады;
  • ЭВМ ақылшы функциясында қолданылады. Кеңестер операторға ұсыныстар түрінде жасақталады;
  • Орындаушы механизмдерімен басқару командасы бойынша басқару тетігімен жүзеге асырылады;
  • Адам жіберілмейтін кешіктіруді енгізген кезде жылдам әрекет етуші басқарылатын әсер етулердің орындалуы (мысалы, АЗ сигналдары) автоматиканың жергілікті қондырғысына жүктеледі.

Екінші кезең:

  • Автоматика және қорғаныстың жергілікті қондырғылары сақталынады;
  • Сол жергілікті қондырғылардың орнату құрылғыларына машина командалары әсер еткен кезде ЭВМ-ге сондай басқарудың функциясы жүктеледі;
  • ЭВМ жарғылар құрастырады және негізгі технологиялық параметрлерге бақылау, сонымен қатар активті аймақтың қуаттын бөлуді жүргізеді;
  • Атқарушы механизмді қолдық басқару сақталады;
  • ЭВМ процестерді басқару бойынша операторға кеңестер тудырады.

Үшінші кезең:

  • Қуатты бөлуді теңестіру функциялары ЭВМ-ге жіберіледі; яғни машина стержен-жұтыпалғыштарды басқару сигналдарын құрастырады;
  • Жылдам өзгеретін процестердің өтемақысы, сонымен қатар АЗ үшін ұқсастық жүйелер сақталады.

2 - ББАЖ классификациясының бірнеше критерилері белгілі. Нысанды басқару (орталықтандырылған бақылау, кеңесші режимінде басқару, тұйық контурда басқару) бойынша шешілетін міндеттер деңгейін алатын критерийі үшін көбінесе ядролық реакторлардың ББАЖ техникалық құралдары классификациясында пайданылады.

Басқару нысаны қиындығының артуына сәйкес критерий үшін басқарылатын әсер етулер мен бақыланатын параметрлер саны алынуы мүмкін.

Төменгі деңгей белгілері кез келген жоғарғы деңгей белгілерін ашады және толықтырады деген қорытындыдан тұратын иерархиялық принципі бойынша орынды классификация ұсынылады. Бұл классификация әртүрлі кластағы жүйелерде орындалатын функциялар болғандықтан, кейбір жағдайларда қайта жабылуы мүмкін белгілі бір шамада шартты болып келетінін атап өткен жөн. Бірақ осындай ББАЖ классификациясы бағдарламалар мен алгоритмдерді өңдеуді, жүйелердің құрылымын жинақтау мен таңдауды жеңілдетеді, ұқсас жүйелер жасауда экономикалық шығындарды азайтатын болғандықтан, жаңа жүйелер жасаған кезде іс жүзінде маңызды болады.

3 - ББАЖ функциясын таңдау ядролық реакторда, энергетикалық қондырғыларда және басқару мақсатында процестер талдауына негізделеді. Талдау нәтижесінде келесілері анықталуы қажет:

  • Процестің үйлесімділік ықтималдығы және үйлесімділік критерийі;
  • Жұмысшы басқару функцияларын орындай алмайтын жағдайларда автоматтандырылуы керек технологиялық процестер аумағы;
  • Басқаруы жұмысшыға жүктелуі мүмкін технологиялық процестер аумағы;
  • Автоматтандырылған қондырғылардың қатысынсыз тек жұмысшы басқара алатын технологиялық процестер аумағы.

Осыдан кейін барлық категориялардың басқару функцияларын анықтауға болады. Келесі, жұмысшының қатысуынсыз орындалмайтын міндеттер үшін жүйенің ақпараттық функцияларын анықтау қажет, яғни операторға мағлұмат үшін жіберілетін немесе шешім қабылдау үшін қажетті осы ақпараттың көрсетілім формасы және жалпы көлемі. Барлық басқару функциялары классификацияланған (үйлесімділік функциялары, және т. с. с. ) болуы қажет.

Функция жүйелерін анықтаған кезде сонымен қатар автоматтандырылған басқару және бақылаудың орталықты дәрежесін анықтау қажет, яғни ЭВМ және операторға барлық функцияларды жүктеу, таңдау әлде жергілікті автоматты қондырғы қалдыру.

Одан әрі жүйені орындау олардың маңыздылығы мен тез

Содан кейін негізгі сандық бағаларды алу қажет:

  • Әрбір басқарушы және ақпаратық функциялар үшін талап етілген жүзеге асуының жылдам әрекеті;
  • Әрбір функцияларды жеке және басқарудың барлық функцияларды жүйемен автоматты жүзеге асыруының жоқтығы рұқсат етілетін максимал уақыт аралығы;
  • Жүйеге сол немесе басқа функциялардың орындалу сенімділігі бойынша болжамды талаптар.

ЭВМ көмегімен кез келген кірістік параметрлерді өлшеу уақыттың дискретті моментінде шығарылады. Үздіксіз функцияларды уақыттың дискретті моментінде өлшенген сол функция мәндерімен ауыстыру қателіктердің туындауына алып келеді. Бұл қателік неғұрлым аз болса, өлшеу үлгілері соғұрлым жиі алынады. Алайда, тым жиі есептеулер ЭВМ-нің жылдам әрекетіне негізсіз жоғары талаптар қойылуына алып келеді.

Тетіктер сұрауының жиілігін есептеу кезінде келесі екі тәсілдер қолданылады: реактордың неғұрлым керекті параметрлері үшін кез келген уақыт моментінде өлшеудің максимал жіберілетін абсолюттік қателіктер мәні критерийіне негізделген және барлық қалған параметрлер үшін бақылау қателіктерінің орташаквадраттық бағалары критерийіне негізделген.

4 - Алгоритмдердің жалпы сипаттамасы. ББАЖ барлық алгоритмдерін екі топқа бөлуге болады: арнаулы және жалпы математикалық қамтамасыз ету алгоритмдері. Төменде тек бірінші топ алгоритмдері қарастырылатын болады, оларға: ядролық реактор параметрлерінің орталықтандырылған бақылау, апаттық және ескерту сигналдар анализі, реактордың активті аймағындағы энергия бөлінуді бақылау, энергия бөлінуді басқару алгоритмдері жатады.

Ядролық реактор параметрлерінің орталықтандырылған бақылау алгоритмі автоматты жинақтаудың орындалуына және бақылау тетігінен және параметрлердің ауытқу дабылдарынан түсетін ақпаратты бастапқы өңдеуге, сонымен қатар ББАЖ-дің негізгі функциялық міндеттері үшін бастапқы ақпаратты беруге арналған.

Орталықтандырылған бақылау алгоритмі циклды машинамен орындалатын операциялар жиынтығын көрсетеді. Осы операциялар жиынтығы көмегімен берілген уақыт аралығында тетіктерден сауалнама, параметрлерді жарғымен салыстыру, тетік көрсеткіштерін сызықтандыру, параметрлер мәндерін басып шығару, параметрлердің жарғыдан ауытқуы туралы дабылдама және ЭВМ жадына ақпараттарды жазу жүзеге асырылады.

Реактордың активті аймағындағы энергиятаралудің өріс анализі алгоритмі активті аймақтың барлық көлемінде дискретті орналасқан энергиятаралудің аймақішілік тетіктер көмегімен өлшем нәтижелерінің негізінде үшөлшемді энергиятаралуды қалыпына келтіру үшін арналған.

ББАЖ қызмет атқаруының жалпыланған алгоритмі. Жалпыланған алгоритм - жеке алгоритмдер арасындағы өзара байланысты көрсетеді, жалпы математикалық жүйені қамтамасыз ету құрылымын және нақты уақытта барлық есептерді орындау кезіндегі ақпараттар ауқымын ұйымдастыру құрылымын анықтайды.

Детекторлардан ақпарат ЭВМ-ге тікелей немесе ББАЖ жергілікті қосалқы жүйелері арқылы түсуі мүмкін. Бірінші жағдайда ЭВМ детекторларды сұрастыру ұйымдары бойынша операциялармен және кірістік ақпараттарды бастапқы өңдеуімен жүктеледі. Екінші жағдайда ЭВМ жұмыс істеу режимі тиімдірек, бірақ жабдықтарының шығындары көбірек.

Детектолардың әрбір тобы бойынша ЭВМ жадында бақыланатын параметрдің ауқымды мағынасы құрастырылады. Ауқымдар параметрлердің өзгеруін бақылауды жүргізу үшін және, дәл солай, кейінгі есептеулер үшін де қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбодетандерлік агрегаттарды сығылған газ энергиясы үшін пайдалану
Компрессорлық станцияның сипаттамасы және жұмысы. Мұнай айдау
Турбодетандерлік агрегаттарды сығылған газ энергиясы үшін пайдалану жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Бу қондырғысын автоматтандыру
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Өнеркәсіпті басқару жүйесі және еңбекті ұйымдастыру
Қазандық қондырғыларынан шығатын шуды есептеу
Электрлі энергетиканы дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz