Стандарт-кост жүйесі: өндіріс шығындарын нормалау және өнімнің өзіндік құнын есептеу


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Стандарт - кост жүйесі

Орындаған: Жакенова Ж. Е.

Тексерген: Искакова М. С.

Семей 2015 жыл

Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалдаған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйеліәдістерін талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адмдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндкгі элементтер мен баптар бойнша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырылады және түрлі жағдайдағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады .

Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындарының есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды. Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ, норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорында тап осындай нұсқа өте жие кездеседі және ол басқарушы есеп деп аталады.

Стандарт - кост жүесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шын мәнінде, ол бөлістік, тапсырыстық, бөлшектік (детальдық) жай (процесстік) және басқа да өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өнімнің өзіндік құнын шығару әдістерімен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен алғанда, стандарт-кост жүйесі машина жасау кәсіпорында қолдау үшін әзірлеген. Алайда бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. Одан басқа, стандарт-кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдалануы мүмкін.

Стандарт - кост жүйесінің негізгі ерекшелігі мынадай: өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндіріскте жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Одан басқа, арнай шоттарды қолдана отырып, нақты жұмсалған шығындар мен стандарттық өзіндік құнның арасындағы айырманы көрсетеді. Сөйтіп, стандарт- кост жүйесі шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларды әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі шығындарды есепке алуды көздейді. Стандарт-кост жүесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады.

Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсеткендей, олардың басым көпшілігі стандарт-кост жүесін толық көлемінде пайдаланбайды: олар аяқталмаған өндірістің қалдығын бағалау үшін пайдаланбайды, бухгалтерлік есеп жүйесінде стандарттық құны бойынша калькуляция баптары (материалдар, жалақы және т. б) калькуляцияланбайды. Көптеген фирмалар шығындар стандарттыры мен стандарттық калькуляцияны шығарылған өнімнің негізгі номенклатурасы үшін ғана әзірлейді. Соның өзінде, бұл стандарттар көбіне тек натуралдық өлшемдермен ғана белгіленеді.

Стандарт- кост жүйесінің жұмыс істеуі негізіне фирманың өзі белгілеген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар (нормалар мен нормативтер) топтамасы жатады. Барлық стандартты үш топқа бөлуге болады:

- теориалық стандарттар -бұл кез келген фирманың ұмтылыс жасайтын идеалы немесе жетілдірілген стандарты;

- ағымдық стандарттар - стандарт белгілеген мерзіміне өндіріс шығындары мөлшерін көрсететін стандарттар;

- базистік (негіздік) стандарттар - өндіріс процесінде болған өзгерістерге дейін жылдан жылға өзгермейтін стандартттар.

Материалдарға, энергия тарифтеріне, қызметтерге жасалған баға өзгерістері базистік стандарты өзгертпейді, ол тек қана стандарттық өзіндік құнмен нақты құнның арасындағы ауытқуды анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
Дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу: шығындарды жіктеу және директ-костинг пен стандарт-кост жүйелері
Стандарт-кост әдісі негізіндегі шығындарды есептеу жүйесі
Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік және нормативтік әдістері
Өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
Кәсіпорын шығындарын жіктеу және өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістері
Туроператорлық қызмет шығындарын есептеу және туристік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Курстық жұмыс: Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеу
Өндіріс пен іске асыру шығындарын жоспарлау, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау: Триумф ЖШС мысалында
Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнын есептеу, талдау және азайту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz