Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласынынң шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзі

Орындаған: Ахмадиева Н. А.

Топ:ПХ-315

Тексереген:Омарбаева С. Т.

Семей-2015ж.

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 Бұқар жырау

2. 2 Ш. Құдайберді ұлының «Ұждан » әңгімесі

2. 3 Абайдың «он төртінші»қара сөзі

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ХVІІІ ғасыр - қазақ халқы үшін ең бір қиын кезең болды. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай шабуыл жасады. Қалмақтардың шабуылына төтеп бере алмаған қазақ халқы ата жұртын тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихта қалды. Бұқар шығармалары осындай қиын-қыстау кезеңде туып, қазақ әдебиетінде өзіндік өрнекпен сақталып қалды.

Бұқар Қалқаманұлы 1668 жылы Баянауылда дүниеге келіп, 1781 жылы Далба тауында дүние салған әйгілі жырау, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың ақылшы, кеңесшісі болған. Сондықтан ол Абылайға батыл тіл қатып, оған «Абылайшам», «Абылайша» деп еркін сөйлеген. Бұқар өзінің «Ей, Абылай» деген толғауында:

Ей, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде -

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің.

Әбілмәмбет төренің

Қызметінде тұр едің, -

деп, Абылайды он бір жасынан білетінін тілге тиек еткен.

Бұқар шығармаларында жақсылық пен жамандық , достық пен қастық, адалдық пен арамдық туралы баса жырланған. «Жар басына қонбаңыз» толғауында:

Жаманмен жолдас болсаңыз

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа серт етер, -

деп, жақсылық пен жамандықты психологиялық параллелизм арқылы салыстыра суреттесе, «Алыстан қызыл көрінсе» толғауында:

Айтқан сөзге түспеген

Жаман емей немене,

Сұрағанда бермеген

Сараң емей немене,

Кісі ақысын көп жеген

Арам емей немене, -

деген жолдармен жамандықтың белгілерін тарқатып айтқан.

Шәкәрім - қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол - заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.

Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын ашып, айқындап айтып, халқының алдында серт беріп, былай дейді:

Адамдық борышы ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Өлеңдерінің аты

Ар- ұят туралы

өлең жолы

Мазмұны
№: 1.
Өлеңдерінің аты: «Жастарға»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Арсыз, ғайбат, өтірік ынсапсыздық - Бұлардан бой тасалап ақталалық !

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Неде болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қастасалық.

Мазмұны: Арсыздықтан, арамдықтан, ғайбаттылықтан, өтіріктен бой тасалау, яғни бұлардан аулақ болу.
№: 2.
Өлеңдерінің аты: «Ашу мен ынсап»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Ал, ақылдас, бәрі бар,

Дайын қылдым бәрін де:

Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де.

Біз тұрғанда Арамның

Дәм бола ма нәрінде?

Қайғы емес қой Наданның

Тығылғаны әр інге.

Мазмұны: Ұят, Ар, Сақтық, Рахым адамдар арасында орын алғанымен, арамдық та қалыспайтыны.
№: 3.
Өлеңдерінің аты: «Анық пен танық»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,

Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.

Арсыз, арам, асығыс, айлакестік, -

Мұның бәрі шайтанның досы болмақ

Мазмұны:
Асығыстық, арамдық, арсыздық, айлакестік шайтанның досы болып есептелетіндігі.
№:
Өлеңдерінің аты:
Ар- ұят туралыөлең жолы:
№: 4.
Өлеңдерінің аты: «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса.

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда да болса.

Мазмұны: Арыңды сату арқылы тамақ табу.
№: 5.
Өлеңдерінің аты:

«Партия адамдары»

Ар- ұят туралыөлең жолы:

Мықты байлар, бек жақсы осынықыл,

Арды тастап, қу менен сұмға тығыл,

Ел зарлатып зорлықпен мал жиып ең,

«Арам жемтік -азығы иттің» деп біл.

Мазмұны: Байлар арды тастап, елді зарлатып, мал жиғаны.
№: 6.
Өлеңдерінің аты: «Талап пен ақыл»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Ар демек -адамшылық, намыс деген,

Арың кетпесжағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып, алыс деген.

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

Ұят күшті өлімнен - дегендей -ақ.

Мазмұны:

Ұяттың өлімнен күшті екенін, арды адамшылдық, намысқа жатқызуы.

№: 7.
Өлеңдерінің аты: «Бостандық таңы атты»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Бостандықтаңыатты, қазағым, көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Ар түзелер адамның адамдық санасын

Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын.

Мазмұны: Арды жақтаушы адамның тәрбиесін алу.
№: 8.
Өлеңдерінің аты: «Шошыма, ойым, шошыма»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Мазмұны: Ар үшін адамдық керектігі, сол адамдықтың арқасында ертеңін ойлап, адал еңбек ету.

Абайдың он төртінші қара сөзі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзін оқып шығып, талдау жасау
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Доспамбет жыраудың толғаулары
Қожаберген жырау
Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Базар Жырау Оңдасұлының шығармашылығы
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz