Махмұд Қашқари


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Махмұд Қашқари (XI ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат - түрк» («Түркі сөздерінің жинағы «) атты еңбектің авторы. Толық аты - жөні - Махмуд ибн әл - Хұсейін ибн Мұхаммед. Туған жері - қазіргі Қырғыстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы ( кей деректі Шу бойындағы ) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдини саяси орталықтарының бірі -Қашқарға ауысқаң. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмұд Қашқари - түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, граматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологясының негізін салды. Оның осы тілдері салыстырмалы түрде зертеу тәсілі бүкіл, Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

Түркі жұртының бай тархы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық «Диуани лұғат ат - түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсінді, тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, ғаламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаядық деректерін, түркі халықтардың байырғы жарларын, мақал - мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашқари өмір жолы
Топтастырушы сөздіктер
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы (1030-1090)
Түркі тілдерінің жіктелуі туралы ақпарат
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Махмұд Қашқари өмірі
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтер
Қос тілді сөздіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz