Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері жайлы



1. Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық.педагогикалық сипаттама.
2. Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары
3. Психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен — бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының араындағы айырмашьшықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік- жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері

Дайындаған: Балериан Е.Е
Пх-415
Тексерген: Бураханова А.Т

СЕМЕЙ 2015ж

Жоспар:
1. Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.
2. Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары
3. Психологиялық ерекшеліктері

Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Бұл жаста 15-17 жаста адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен -- бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының араындағы айырмашьшықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік- жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі. Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттьшықтарға байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік сипаттамалар биологияльгқ та, әлеуметтік-мәдени де де шарттарға байланысты түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес, тәртіп болып саналатын болса да, олар жастық шақ аяқгалған соң, енді өзгерістер болмайды екен деген ұғымды білдірмейді.
10 жастағы бала салмақгы, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншьшық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыкқа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетіту болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді:
а) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезені;
ә) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің
негізгі процестері жүзеге асырылады;
б) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезен жасөспірімдік шаққа дейінгі кезенге сәйкес келеді, ал пубертаттық -жасөспірімдік кезенге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең -жастық шаққа сәйкес келеді.
Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Жоғары сынып оқушылары Неге деген сұракқа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғьшықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс -- өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік Меннің бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз -- өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу -бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы мен әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуы
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктер
Кәсіби жоспарларды таңдауға негізделген ақпараттанудың сатысы
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту
Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарына тұлғалық ерекшеліктерінің әсерін қарастыру
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Пәндер