Стандарттаудың экономикалық мәселелері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырып: Стандарттаудың экономикалық мәселелері

Тексерген: Рахимова Ш. М.

Орындаған:Алтынбеков М. А.

Семей-2015

Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Стандарттаудың қағидалары

ә) Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізге алынатын стандарттары

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Стандарт - бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:

Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.

Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді.

-көшірме жұмысының көлемін азайту;
-техникалық архиватордағы сақталатын құжаттар көлемін иазайту;
-стандарт жобасына сәйкес жобаларды өндіруге арналған шығындарды азайту;
-жаңадан шығарылатын техникалық құжаттарды келістірудің және бекітудің уақытын қысқарту жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.

Уақыт кезеңіне байланысты экономикалық тиімділіктің мына түрлерін ажыратуға болады:

-жылдық;

-стандарт қызметін уақыты аралығында шығарылған стандартталған өнімдерді өндірудің барлық жылдарындағы.

Стандарттаудың қағидалары

Стандарттау белгілі бір ереже-қағидаларға сүйенеді. Стандарттау сапасын, үнемділігін, қолданылуын, сәйкестігін және өзара алмасуын, қауіпсіздік талаптарын өнімдердің көптүрлілігін басқару бойынша, сондай-ақ өзара қызықтыратын басқа да сұрақтар бойынша әрбір жақтың пікірін ескере отырып келісімге келу үшін өнімдерді даярлайтын, әзірлейтін және қолданатын барлық мүдделі жақтардың өзара ұмтылыстарына негізделуі қажет.

Халықаралық стандарттауда пәтуа (консенсус) термині қоланылады, ол мүдделі жақтардың көпшілігінде мәнді мәселелер бойынша қарсылықтары жоқтығын сипаттайтын, барлық жақтардың пікірін ескеру және сәйкес келмейтін көзқарастарды жақындату болып түсіндіріледі. Консенсуста толық бірауызды шешім болмауы мүмкін.

Стандарттарды даярлаудың пайдалылығын әлеуметтік, техникалық, экономикалық қажеттілігі және қолданудағы жарамдылық тұрғысынан бағалауға болады.

Нормативтік құжаттарды даярлағанда жобалардың аяқталу кезеңінде және қабылданған халықаралық және аймақтық стандарттарды, ЕЭК БҰҰ құжаттарын және басқа халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, қажет болса, басқа елдердің ұлттық стандарттарын есепке алу керек.

Кейбір қағидаларды бөліп айтуға болады:

- Өнімдерді даярлайтын, әзірлейтін, жеткізетін және тұтынатын жақтардың мүдделерін теңдестіру (негізгі мәселелер бойынша консенсус) .

- Жүйелілік және кешенділік. Жүйелілік - бұл әрбір объектіні одан да күрделі жүйенің бөлшегі ретінде қарау, мысалы: банка ыдыс (тара) ретінде транспорттық ыдыс - жәшіктің бөлігі, жәшік контейнерге кіреді, контейнер транспорт құралына салынады. Кешенділік - күрделі жүйенің барлық элементтерінің сәйкестігі.

- Стандарттың динамикалық және озық дамуы. Ғылыми-техникалық прогрестің өсуінің өзгеруімен қатар стандарттар болып жатқан өзгерістерге бейім болуы қажет және қалып қоймауы керек.

- Тиімділік - нормативті құжаттарды қолдану экономикалық және әлеуметтік пайда беруі қажет.

- Қауіпсіздікті, сәйкестікті және өзара алмасуды қамтамасыз етуге жағдай тудыратын стандарттарды даярлаудың басымдылығы.

Стандартқа қойылатын талап - оның сертификаттаудың мақсаттары үшін жарамдылығы.

- Үйлесімділік - халықаралық саудада кедергі келтірмейтін стандарттарды даярлау.

- Тұжырымдаманың анықтығы - норманы екі түрлі мағынада түсіндіру нормативтік құжатта маңызды қателік бар екенін көрсетеді

Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізге алынатын

стандарттары

1. Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер ҚР-ның заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.

2. Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.

3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.

4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар ҚР-ның мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.

5. Мемлекеттік стандарттарда мыналар қарастырылады:

1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;

2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;

3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

4) терминдер мен анықтамалар;

5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;

7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;

8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

9) менеджмент жүйесiн енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Стандарттау ұғымы, стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Халықаралық стандарттау
Стандарттау сертификаттау,метрология туралы ұғым
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
Стандарттаудың экономикалық мәселелері жайында
Халықаралық стандарттау ұйымы
Стандарттарды мемлекеттік қадағалау
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz